7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
тікелей нәтиже: шамамен 400 бірлік кемелерді жіктеу және куәландыру;
Кемелерді жіктеу, куәландыру, техникалық және экологиялық бақылау қауіпсіздігі жөнінде кеме қатынасы тіркелімі ережелерін әзірлеуге техникалық тапсырма дайындау; «Кеме қатынасы тіркелімі» мемлекеттік мекемесін сервермен (1 д.), пайдаланушының жұмыс станцияларымен (20 д.), тасымалды компьютермен (1 д.), принтерлермен (13 д.), мониторлармен (21 д.), көбейту аппаратымен (1 д.), автокөлікпен (1 д.), кеңселік жиһазбен (22 комплект) қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: кеме қатынасы процесіне қатысатын кемелердің және басқа да инженерлік құрылыстардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 кемеге жіктеу мен куәландыру жүргізу үшін орташа шығын шамамен 39,3 мың теңгені құрайды;
Кемелерді жіктеу, куәландыру, техникалық бақылау және экологиялық қауіпсіздігі жөнінде кеме қатынасы тіркелімі ережелерін әзірлеуге техникалық тапсырма дайындау жөніндегі орташа шығындар 5674,0 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: белгіленген мерзімде кемелерді, басқа құрылыстар мен объектілерді техникалық куәландыру.
Сапасы: флоттың авариясыз жұмыс істеуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
168-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Транспорттық деректер базасы және тасымалдар қауіпсіздігі
қарқыны мониторингінің ақпараттық талдау жүйесін құру»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 329441 мың теңге (үш жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабы, 6-бабы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 1-бабы, 5-бабы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 566 қаулысыменмақұлданған Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 маусымдағы № 801 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2008 жылғы кезеңге дейінгі мемлекеттік көліктік саясатының тұжырымдамасы,, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1351 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының транзит-көліктік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы, «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысымен бекітілген «Көліктік логистика» пилоттық кластерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспардың 9, 10, 11-тармақтары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2003 жылғы 16 қазандағы мәжіліс хаттамасы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік басқару және бақылау органдарын ғылыми және жобалық ұйымдардың, отандық және сыртқы тасымалдаушылардың, және халықаралық ұйымдардың нақты және жедел республиканың транзит-көлік әлеуетін қолдану мен жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымы объектілері эксплуатациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар транзиттік және мемлекет аумағы арқылы өтетін жүктердің (тауарлар) қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Мемлекеттік басқару және бақылау органдарын, ғылыми және жобалау ұйымдарын, отандық және шетелдік тасымалдаушыларды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарды республика транзит-көлік әлеуетінің бар болуы, жай-күйі және қолданылуы туралы шынайы және жедел ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымы объектілерін қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ мемлекет аумағы арқылы тасымалданатын, соның ішінде транзиттік жүктердің (тауарлардың) қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Транс- порттық деректер базасы және та- сымалдар қауіп- сіздігі қарқыны монито- рингінің ақпа- раттық талдау жүйесін құру | Техникалық құралдарды сатып алу: Сервер - 3 бірлік; компьютер - 102 бірлік; Smart card-қа дерек енгізу құрылымы - 114 бірлік; Спутниктік 2 дауысты каналды VSАТ терминалы және деректерді беру каналы - 25 бірлік. Үздіксіз қоректендіру блоктары - 25 бірлік. Сіsсо маршрутизаторы - 25 бірлік. Құжаттар үшін штрих кодтар сканеры - 114 бірлік. Жазылымдарды оқу құры- лымдары - 125 бірлік. Принтерлер - 73 бірлік. POC terminals - 232 бірлік. Smart card-қа арналған прин- терлер (+кодтандыру құрылымы) - 41 бірлік. Swish жүйелі комму- таторы - 25 бірлік. Көлік дерекқоры мен тасымалдау қауіпсізді- гі динамика мониторин- гінің ақпараттық жүйе- лерін енгізу, әзірлеу және дамыту. Процессинг қызметі. Лицензиялық бағдарла- малық қамтамасыз етуді сатып алу: DВ2 UDВ Еnterprise Edition - 1 бірлік. OS UNІХ - 1 бірлік. Wedshere Studio Site Developer User LIС - 1 бірлік. РОS terminal-мен жұмыс істеу үшін SDК - 4 бірлік. Smart card -пен штирх кодтармен, радио белгілермен жұмыс істеу үшін SDК - 4 бірлік. Әкімшілер мен жүйені пайдалану- шыларды оқыту - 232 қызметкер. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: осы дерекқорды пайдалану жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында, темір жол көлігінде, су көлігінде, әуе көлігінде Қазақстан Республикасының аумағындағы транзиттік тасымалдар туралы ақпаратты жинау және өңдеу.
Есептеу техникасын алу: принтер - 73 бірлік; сервер - 4 бірлік; жұмыс станциялары - 102 бірлік; желіаралық қорғау экрандары - 2 бірлік; маршрутизаторлар - 43 бірлік; екі дауыстық арнасы және бір деректер беру арнасы бар спутниктік терминал - 43 бірлік; үздіксіз қоректендіру көздері - 43 бірлік. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу: DВ2 UDВ Еnterprise Edition - 1 бірлік. Әзірлеушінің қолданбалы бағдарлама пакеті - 1 бірлік. Спутниктік хабтан серверді орналастыру орнына дейін бөлінген желіні орнату. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және дамыту. Жобаны көбейтіп, таратуды енгізу. Әкімшілерді және бағдарламаны пайдаланушыларды оқыту - 232 қызметкер. Процессинг қызметі.
Соңғы нәтиже: Осы қорды министрлікте құру Қазақстан Республикасының аумағындағы 43 өткізу бекеті арқылы автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын, көлік кешенінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты белгілеу жөнінде негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдауға қажетті шынайы ақпаратты жедел, оn-Lіnе режимінде алуға мүмкіндік береді. Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің посттарында автоматтандырылған жұмыс орындарын құру. Каботажды тасымалдарды анықтау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
көліктік бақылау комитеті посттарының жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру (бір терезе қағидаты, бақылаудан өту талоны) бақылауды жүргізу уақытын 3 сағаттан 45 минутке дейін қысқартуға қол жеткізеді. Автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылау мен есепке алуды автоматтандыру, «адами факторды» ең аз шамаға келтіру, шекаралық бақылау рәсімін жеңілдету, инфрақұрылымды халықаралық стандарттарға келтіру бақылау жүргізу уақытын 25 минутқа дейін қысқартады. Қазіргі уақытта барлық өткізу бекеттерінен деректерді жинақтау (жинақ, талдап-өңдеу) 10-нан 14 жұмыс күніне дейін созылады. Рәсімдерді толық автоматтандыру ақырғы есептік нысандарды алу уақытын 2-3 күнге қысқартуға әкеледі.
Тасымалдаушыларға қызмет көрсету (бір терезе қағидаты) уақытын қысқарту; есептерді өңдеу уақытын қысқарту.
Уақтылығы: жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес және жасасқан шарттарға сай.
Сапасы: көлік дәліздерінің жүктелуі туралы жедел ақпаратты алу, автотасымалдаушыларға қызмет көрсетудің сапасын жақсарту. Каботажды тасымалдарды 50%-ға жою. Салмақтық жүктемеге 50% автоматтандырылған бақылау жасау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
169-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын
орындаудың сапасын қамтамасыз ету»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 167192 мың теңге (бір жүз алпыс жеті миллион бір жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Жол саласының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қамтамасыз ету, қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жөніндегі орындалған жұмыстардың және қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылауды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жол- құрылыс және жөндеу жұмыс- тарын орын- даудың сапасын қамтама- сыз ету | Республикалық маңызы бар автомобиль жолда- рын салу, қайта жаңар- ту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жөніндегі орындалатын жұмыстардың және қол- данылатын жол-құрылыс материалдарының сапа- сын бақылауды жүзеге асыру үшін штат саны 112 адам жол-құрылыс және жөндеу жұмыста- рының орындалу сапасы жөніндегі мемлекеттік мекеме құру және ұстау. Жеткізу шарттарына сәйкес конкурстық негізде мемлекеттік мекемені ұстауға, жол- құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу және қолданылатын материалдардың сапасы жөніндегі жол зертха- наларын тексеруге, ат- тестатаудан өткізуге, құрастыруға, жұмысқа дайындауға арналған шығындар, арнайы автокөлік құралдарын, химикаттарды, сынауық- тарды, қосалқы және жинақтауыш бөлшектер- ді, ұйымдастыру ісі техникасын, компьютерлерді, жиһазды сатып алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: ұзақтығы 131 км қайта жаңартылған учаскелерді және ұзақтығы 2210 км жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ ауыспалы жобалар бойынша қайта жаңартылған учаскелерді пайдалануға енгізуге арналған жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының және қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын қамтамасыз ету.
Соңғы нәтижесі: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын, сондай-ақ қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыру арқылы автомобиль жолдары қызметінің нормативтік мерзімін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 км сапасын бақылауды жүргізу үшін шығындар орташа есеппен 7270 теңгені құрайды.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес белгіленген мерзімде орындалудағы жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын ұдайы бақылау.
Сапасы: құрылыс нормаларына және ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 169-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
169-1-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Алматыметроқұрылысы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»
018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2500000 мың теңге (екі миллиард бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көліктік инфрақұрылымды дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Алматыметроқұрылысы» АҚ Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы үшін кенүңгілеу жабдығымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарл ама коды | Кіші бағдарл ама коды | Кіші бағдарламаның атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | «Алматыметроқұрылысы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту | Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы үшін кенүңгілеу жабдығын сатып алуүшін «Алматыметроқұрылысы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту. | 2-4 тоқсан | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы үшін кенуңгілеу жабдығын сатып алу
Соңғы нәтиже: Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын дамыту;
Уақытылығы: техниканы сатып алу жоспарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
170-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Жүйелі ішкі авиатасымалдарды субсидиялау»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 9-бабы; «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы; «Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы № 915 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалалармен әуе бойынша қосу, орташа статистикалық тұтынушылар үшін әлеуметтік маңызы бар рейстер бойынша авиакөлік қызметтеріне қол жеткізілімдігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: орташа статистикалық тұтынушы үшін жүйелі ішкі авиатасымалдарға авиакөлік қызметтеріне қол жеткізілімдігін субсидиялау көлемін кезең-кезеңмен төмендетуге бағытталған икемді тариф жүйесін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Жүйелі ішкі ав- иатасы- малдарды субси- диялау | Қазақстан Республика- сының Үкіметі бекіт- кен Ережелерге сәйкес ішкі авиабағыттар бойынша жүйелі авиатасымалдарды субсидиялау: Астана-Тараз-Астана; Астана-Семей-Астана; Астана-Жезқазған- Астана; Астана-Петропавл- Астана; Астана-Қостанай- Астана; Астана-Өскемен- Астана; Астана-Павлодар- Астана; Астана-Талдықорған- Астана; Астана-Қызылорда- Астана. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалаларымен қосатын 9 авиабағыт бойынша авиакөлік қызметтерін қамтамасыз ету.
Соңғы нәтижесі: ішкі бағдарғыларда тұрақты жолаушылар ағынын қамтамасыз ету және орташа өлшенген жолаушылар тиелімін 59% дейін ұлғайту, соның ішінде:
Астана-Тараз-Астана - 72%
Астана-Семей-Астана - 56%
Астана-Жезқазған-Астана - 28%
Астана-Петропавл-Астана - 30%
АсТана-Қостанай-Астана - 64%
Астана-Өскемен -Астана - 80%
Астана-Павлодар-Астана - 30%
Астана-Талдықорған-Астана - 50%
Астана-Қызыл-Орда-Астана - 84%.
Қаржы-экономикалық тиімділік: жоспарлы жүктеме есебінен бір авиабағытқа субсидияның орташа жылдық көлемі 66,0 млн. теңгені құрайды.
Уақтылығы: уәкілетті органдар бекіткен кестеге сәйкес тұрақты рейстерді 9 авиабағыт бойынша жүзеге асыру.
Сапасы: жолаушыларға қызмет көрсету ережесіне сәйкес сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
171-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Су көлігі инфрақұрылымын дамыту»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 160690 мың теңге (бір жүз алпыс миллион алты жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: теңіз және ішкі су көлігі кемелеріне қауіпсіз және үздіксіз қызмет көрсету үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін су көлігі инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су көлігін дамыту және функциялауды қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ Каспий теңізі Түпқараған шығанағының жағалау айдыныңда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Су көлігі инфрақұ- рылымын дамыту | «Маңғыстау облысы Түпқараған шығанағын- да кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру» жобасын бекітілген технико-экономикалық дәйектемеге сәйкес (2005 жылғы 16 мамырдағы № 164-І ТЭД жобасына экономикалық зерттеу бұйрығы) іске асыру. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Маңғыстау облысы Түпқараған шығанағында кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру бойынша жұмыс көлемін орындау:
жалпы ауданы 153,76 шаршы метр навигациялық мұнараны;
жалпы ауданы 28,8 шаршы метр КҚБЖ ОБ контейнерін;
жалпы ауданы 15,14 шаршы метр АДЭС контейнерлік модулін;
жалпы ауданы 2,25 шаршы метр метеостанция мачтасын;
жалпы ауданы 2,25 шаршы метр толқын өлшеуішті салу.
Соңғы нәтиже: су көлігі инфрақұрылымын дамыту үшін объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісі кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес.
172-қосымша. ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
173-қосымша
215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне көлік инфрақұрылымын дамытуға берілетін
нысаналы даму трансферттері»
деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 37586777 мың теңге (отыз жеті миллиард бес жүз сексен алты миллион жеті жүз жетпіс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертіс өзеніне салынатын көпір құрылысының жобасы бойынша Қарыз туралы 1997 жылғы 12 наурыздағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 мамырдағы Заңы; «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы; «Ертіс өзеніне салынатын көпірдің жобасын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 тамыздағы № 1212 қаулысы; «Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін автомобиль жолдарын қалпына келтіру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.22.11. № 1103 Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
N п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 028 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне көлік инфрақұ- рылымын дамытуға беріле- тін нысаналы даму транс- ферттері | Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық- сметалық құжаттамаға сәйкес мынадай іс- шаралар бойынша «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республика- сы Үкіметінің № 1228 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес сома шегінде автомобиль жолдарын дамытуға бағытталған мақсатты трансферт- терді аудару: Астана қаласында жаңа әкімшілік орталығында автомобиль жолдарын салу; Астана қаласында А. Иманов және Л.Гумилев көшелері ауданындағы көлік айырымын салу (ТЭН-ге 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 2-693/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында № 13 көшеден № 12 көшеге дейінгі учаскеде Манас көшесін салу; Астана қаласында № 12 көшеден № 19 көшеге дейін Манас көшесінің учаскесін салу; Астана қаласында Республика даңғылы мен Бараев көшесінің қиылысында көлік айырымын салу; Астана қаласындағы № 12 көше мен Гастелло көшесінің қиылысында көлік айырымын салу (2005 жылғы 2 маусымдағы № 7-295/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Сарыарқа көшесі учаскесінде солтүстік айналма жолындағы көлік айырымына дейін 3 учаске - эстакаданың басынан Угольная көшесімен қиылыстағы екі деңгейлі көлік айырымының соңына дейін Бөгенбай даңғылын жаңарту; Астана қаласында Есіл өзені арқылы өтетін К-1 автожол көпірімен Сол жағалаудың орталығы - Абылай хан даңғылы магистральды автожолын (№ 12, № 13 көшелерінің магистральды автожолы) салу; Астана қаласында № 4 көшеден № 23 көшеге дейін Сарыарқа көше- сінің учаскесін салу; Астана қаласында М-2 жаңа көпірді салу (2005 жылғы 24 маусымдағы № 2-368/05 мемлекеттік сарапта- маның қорытындысы); Алматы қаласында Сайын көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында көлік айырымын салу (2004 жылғы 15 қазандағы № 7-452/2004 мемлекет- тік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласында Сейфуллин және Жансүгіров көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында көлік айырымын салу (2005 жылғы 4 қарашадағы № 7-563/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласында Рысқұлов даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында көлік айырымын салу (ТЭН-ге 2005 жылғы 15 қараша- дағы № 7-575/05 мем- лекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласында Рысқұлов даңғылы мен Кудерин көшесінің қиылысында көлік айырымын салу (ТЭН-ге 2005 жылғы 10 қараша- дағы № 7-569/05 мем- лекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласында мет- рополитеннің бірінші кезегін салу, соның ішінде: құрылыс үшін жабдықтарды сатып алу (2004 жылғы 5 ақпан- дағы № 7-3/04; 2004 жылғы 31 желтоқсанда- ғы № 7-588/2004 мем- лекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласында шағын құрылыстардың ықшам аудандарында автомобиль жолдарын салу (2005 жылғы 2 маусымдағы № 7-294/05; 2005 жылғы 3 маусымдағы № 7-300/05; 2005 жылғы 23 мамырдағы № 7-261/05; 2005 жылғы 3 маусымдағы № 7-301/05 мемлекеттік сараптамалардың қорытындысы); Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында Ертіс өзені арқылы өтетін көпір салу. Астана қаласында К-3 жаңа көпірін салу (инвестицияларды негіздеу жөніндегі мемлекеттік сараптаманың 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 2-721/04 қорытындысы); Астана қаласында автожол көпірімен (2 ДУ 800 магистральды жылу трассасы) Сол жағалаудың орталығы - Абылай хан даңғылы магистральды автожолын салу (жұмысшы жобасына арналған мемлекеттік сараптаманың 2003 жылғы 22 мамырдағы № 2-237/03 қорытындысы); Астана қаласында әуежайдан № 19 көшеге дейін Гастелло көшесін салу; Астана қаласындағы Есіл өзенінің жағалауындағы көшенің құрылысы (2006 жылғы 16 қазандағы № 2-548/06 мемлекеттік сараптама қорытындысы). | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Көлік және ком- муникация минис- трлігі, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері |