Мемлекеттік астық ресурстарының көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 34 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттiк астық ресурстарының көлемi мен құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 4-1/302 бұйрығын қараңыз
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың көлемі:
мемлекеттік азық-түліктік астық резерві 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерінде;
мемлекеттік жемдік астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейінгі мөлшерде;
мемлекеттік тұқым ресурстары 100000 (бір жүз мың) тоннаға дейінгі мөлшерде;
мемлекеттік сатылатын астық ресурстары 550000 (бес жүз елу мың) тоннаға дейінгі мөлшерде бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | Д. Ахметов |