3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының мүдделерін өлшемдердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғау және отандық және импортталатын өнімдердің, процестердің (жұмыстардың) және қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз ету;
- ауруларды диагностикалау және емдеу, еңбек жағдайының және адамдар тұрмысының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезінде дұрыс өлшемдер нәтижелерін қамтамасыз ету;
- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өнімдердің, қызметтердің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастыруға әкелетін іс-әрекеттерді болдырмауды қамтамасыз ету;
- саудадағы техникалық бөгеттерді жою;
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, республикадағы техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптау және кодтау жүйесін дамыту;
- техникалық реттеу саласында және өнімдер мен процестерді қамтамасыз ету бойынша техникалық заңнама жасау.
ҚР Үкіметінің 2006.06.11. № 470е Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Стандарт- тау, мет- рология және сер- тификат- тау жүйе- сін же- тілдіру | Астана қаласында Эталондық орталықты пайдалануға беру және ұстау. Республи- каның физикалық шама бірліктерінің ұлттық эталондық базасын құ- ру, оның ішінде: мем- мекеттік эталондар құру үшін: электрлі кернеу, температура, рН, электрлі сыйымды- лық, тұрақты электр тоғының күші, сұйық- тықтың тығыздығы, сұйықтың сынуының, кинематикалық тұтқыр- лығының көрсеткіші, электрлі кедергі, метрологиялық аттес- тация және эталондық жабдықтардың метроло- гиялық аттестация бағдарламаларын әзір- леу, сатып алу, үйре- ту, жеткізу, іске қо- су, пайдалануға беру, әзірлеу. Қолда бар мемлекеттік эталондар- ды сүйемелдеу және оларға қызмет көрсету, оның ішінде: мемлекет- тік эталондарды мем- лекетаралық және ха- лықаралық деңгейге салыстыру жүргізу жә- не ұйымдастыру; эта- лондарға қызмет көрсе- ту эталондық кешендер- ді қосымша жарақтан- дыру және жаңғырту. Салыстыру зертханала- рын және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету, қорша- ған орта жағдайын бақылау және сауда- коммерциялық операция- лар кезінде пайдала- нылатын өлшеу құралда- рына арналған салыс- тыру жұмыстарын ұйым- дастыру, оның ішінде салыстырмалы және қо- сымша жабдықтарды жет- кізу, көмекші жабдық- тарды монтаждау, іске қосу - тексеру. Өлшем құралдарының салмағы, қысымы және температу- расы бойынша зертхана- аралық салыстырулар нәтижелерін тексеру мен калибрлеуін ұйым- дастыру және жүргізу. Халықаралық деңгейге сәйкес келетін өлшем зертханаларын және өл- шем құралдарының климатикалық және механикалық сынақтар, электрлі қауіпсіздігі, электрлі магниттік өзіндік құны бойынша сынақтар жөніндегі өлшеу зертханаларын және мемлекеттік сынақ орталығын құру, оның ішінде: халықаралық талаптарға сәйкес өлшеу зертханаларын аккредиттеу және білікті персоналды дайындау, өлшем құралдарын сынаудың мемле- кеттік орталығын құру. Стандарттарды талдау және жүйелендіру. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің Өнімдерді және процес- терді бақылау және сынау әдістеріне стан- дарттардың негізін қалайтын мемлекеттік стандарттарды әзірлеу. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды сатып алу. Техникалық- экономикалық ақпарат- ты сыныптау мен код- таудың жүйесін жасау және дамыту. ТЭЗ сы- ныптау және кодтау жө- ніндегі депозитарий- дің қызметін ұйымдас- тыру; Техникалық рет- теу саласындағы тех- никалық регламенттер- дің халықаралық модел- дер және нормативтік құқықтық актілер жоба- ларын әзірлеу және сараптау, оның ішінде: техникалық регламент моделдерінің талдауы мен сараптамасы; тех- никалық регламент моделінің жобасын әзірлеу; техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу. Алдын ала тексеру бойынша ескертулерді жойғаннан кейін зертханаларды қайта тексеруді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкес келуіне алдын ала тексеру және бағалау үшін ILAC сарапшыларын тарту. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Индустрия және сау- да минис- трлігі |
ҚР Үкіметінің 2006.06.11. № 470е Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Түпкілікті нәтиже:
- мемлекеттік эталондарды құру үшін кемінде 10 бірлік санда эталондық жабдық сатып алу;
- эталондарға қызмет көрсету, халықаралық семинарларда кемінде 7 маманның біліктілігін арттыру, жабдыққа сервистік қызмет көрсету, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық үшін қосымша жабдықты сатып алу, жеткізу, жөндеу, іске қосу-тексеру;
- салыстыру зертханаларын құру және өлшеу құралдары үшін салыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- кемінде 14 метрологиялық қызметтердің өлшеу құралдарын салыстыру мен калибрлеудің нәтижелерін зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргізу;
- климатикалық және механикалық сынақтар, электр қауіпсіздігі, электрлі магниттік бірлесуі сынақтары бойынша сынақтық зертханаларды ұйымдастыру және жарақтандыру, сынақтық, өлшеу
және қосымша жабдықты сатып алу, өлшеу зертханаларының кемінде 3 зертханаларды өлшемдердің нәтижелерін әлемдік рынокта тануға аккредиттеу үшін сараптамалық қорытынды алуы және халықаралық талаптарға сәйкес кемінде 30 маманды оқыту;
- мемлекеттік стандарттарды талдау мен жүйелендірудің нәтижесінде кемінде 100 мемлекетаралық стандарттарға (МЕМСТ-тарға) қосылу;
кемінде 120 негіз қалаушы мемлекеттік стандарттарды, өнімдер мен процестерді бақылау мен сынау әдістерінің стандарттарын қоса ала отырып, әзірлеу;
- ТЭЗ он жіктеуіштерін жүргізу, Техникалық-экономикалық ақпараттарды мемлекеттік жіктеушілер депозитарийінің қалыпты жұмыс істеуін қолдау;
- бұрын басталған техникалық реттеу саласындағы 8 нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және техникалық регламенттің мемлекетаралық модельдерінің 1 жобасын әзірлеу, Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеске Қазақстанның Техникалық реттеудің
мемлекетаралық модельдеріне қосылуы туралы дауыс берудің 5 бюллетеньдерін ұсыну.
үш зертхананы халықаралық деңгейде аккредиттеу;
Түпкілікті нәтиже:
- Эталондық орталықтың технологиялық жабдығының үздіксіз және апатсыз жұмыс істеуі;
- эталондармен кемінде 50 % өлшем түрлерін (жалпы өлшем түрлері - 17) қамтамасыз ету;
- Қазақстанды Өлшемдердің-қаттылықтың бір түрі бойынша өлшемдер мен салмақтардың халықаралық бюросының бастапқы салыстырулар деректер базасына қосу;
- азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жағдайын және сауда-коммерциялық операцияларды бақылау кезінде пайдаланылатын өлшем құралдарының кемінде 30 % салыстыруларын қамту;
- метрологиялық қызметтердің салмағы бойынша - кемінде 20%, қысымы бойынша - кемінде 10%, температурасы бойынша - кемінде 15 % зертханааралық салыстырулармен қамтамасыз ету;
- кәсіпорындардың электрлі өлшемдер саласында кемінде 80 % сынақтық базамен, халықаралық талаптарға сәйкес кемінде 0,002 % зертханаларды аккредиттеумен қамтамасыз етілуі;
- мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға көшу үшін жағдайлар жасау, 2005 жылмен салыстырғанда мемлекеттік стандарттардың 43%-дан 54%-ға дейін үйлесімдендіру деңгейін арттыру;
- техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіштерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- техникалық заңнаманы Саудадағы техникалық бөгеттер бойынша ДСҰ туралы келісімнің ережелеріне сәйкестендіру, сол арқылы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне жағдай жасау.
қазақстандық сәйкестік сертификаттарын халықаралық деңгейде тану үшін негіз жасау;
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- Эталон орталығын ұстауға шығындар айына орташа алғанда - 12,5 млн.-нан 15,2 млн. теңгеге дейін;
- эталондарды құруға шығындар, эталонның орташа құны 10 млн.-нан 110 млн. теңгеге дейін;
- 1 эталонды ұстауға шығындар, жылына орташа алғанда - 2 499,0 мың теңге;
- салыстыру зертханаларын құруға шығындар, 1 салыстыру зертханасының орташа құны 1 млн.-нан 35,0 млн. теңгеге дейін;
- зертханааралық салыстыруларды жүргізуге шығындар, бір салыстыруды жүргізуге орташа алғанда 500,0 мың теңге;
- өлшеу зертханаларын және мемлекеттік сынау орталығын құруға шығындар, оның ішінде 1 маманды орташа алғанда дайындауға - 700 мың теңге, 1 өлшеу зертханасын аккредиттеуге орташа алғанда - 4 млн. теңгеге дейін.
- 1 негізін қалаушы мемлекеттік стандартты әзірлеуге шығындар - 958,1 мың теңге; стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы НҚ-ны сатып алу орташа алғанда - 18,6 мың теңге;
- ТЭЗ мемлекеттік жіктеуіштерін өзектендіруге шығындар орташа алғанда - 1 бірлікке 415,7 мың теңге;
- 1 нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге шығындар орташа алғанда 1 000,0 мың теңге, техникалық регламенттің мемлекетаралық модельдерінің 1 жобасын сараптауға орташа алғанда - 1 000,0 мың теңге.
1 зертхананы аккредиттеуге арналған орташа шығын 4 333,0 мың теңге;
Уақтылығы:
- жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес.
Сапа:
- халықаралық стандарттарға көшуді жүзеге асыратын отандық кәсіпорындардың сын-пікірлері;
- отандық бәсекеге қабілетті өнімдердің көлемін ұлғайту;
- тұтынушыларды отандық өнімдердің сапасымен және қауіпсіздігімен қанағаттандырудың дәрежесі;
тұтынушыларды шамалар мен салмақтарды өлшеудің дәлдігімен қанағаттандырудың дәрежесі.
өнім қауіпсіздігін сынау және бағалау нәтижелерінің шынайылығы мен дәлдігін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
338-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 175011 мың теңге (бір жүз жетпіс бес миллион он бір мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 12-бабы;
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы, "Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 28 және 29-баптары, "ТМД елдері шеңберіндегі келісімдер мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылғы 22 маусымдағы № 540 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Құрылыс саласын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін, қазіргі заманғы мемлекеттік нормативтермен, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрылысы салынатын ауылдық аймақ үшін әлеуметтік инфрақұрылымдардың негізгі объектілерінің құрылысына арналған үлгілік жобалармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді, сонымен катар жобалық ұсыныстарды, үдемелі материалдарды, инженерлік жабдықтарды және тұрғын үй-азаматтық және өнеркәсіптік
құрылыстағы технологияларды пайдалана отырып, жобалық ұсыныстар, техникалық шешімдер әзірлеу және қайта әзірлеу;
құрылыс саласын мемлекеттік тілдегі мемлекеттік нормативтермен қамтамасыз ету;
ТМД елдерінің өзара мүдделері бар объектілерді жобалау және салу үшін нормалардың талаптарына үйлестірілген стандарттарды, мемлекетаралық нормаларды және ережелерді, біздің заңнамалық базамызға бейімделген нормативтерді сатып алу;
тұрақтылық, беріктік, жарылыс-өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету проблемалары бойынша іздестіру, жобалау, салу үшін жалпы техникалық нормативтік құжаттар базасын қалыптастыру.
сметалық-нормативтік құжаттаманы жетілдіру және сметалық нормалардың нормативтік базаларын кеңейту;
әртүрлі табиғи-климаттық және сейсмикалық жағдайлары бар аудандарға арналған қазіргі заманғы үлгілік жобаларды және басшылыққа алатын құжаттарды әзірлеуді аяқтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Сәулет, қала құ- рылысы және құ- рылыс қызметі саласын- дағы нор- мативтік-техника- лық кұжаттар- ды жетіл- діру | Сметалық-нормативтік құжаттардың жинағын әзірлеу, сондай-ақ "SA№A-2001" бағдарла- малық қамтамасыз етуді кеңейту және толықты- ру: - құрылыс жұмыстарына сметалық бағалар мен бағалауларының жинақ- тары (№ 44 жинақ); - жабдықты монтаждау бағалауларының жинақтары (7 жинақ); нұсқаулықтары мен ережелері бар іске қосу-жөндеу жұмыстарын (№ 1, 3, 4, 6, 7, 9) бағалауыштар; - құрылыс үшін жобалық жұмыстарға арналған бағалар жинақтары (9 жинақ); - іріленген сметалық нормалар жинақтары (Лифтер жинағы); - Материалдарға, бұйымдар мен құрастырмаларға арналған сметалық бағалар жинақтарына толықтырулар мен өзге- рістер әзірлеу (2 жи- нақ); - Құрылыс және монтаж- дау жұмыстарына СНиР жинақтарына толықтыру- лар мен өзгерістер әзірлеу (2 жинақ); "SA№A-2001" бағдарла- малық қамтамасыз ету- ді кеңейту және толық- тыру. Сәулет-қала құрылысы қызметін реттеуге арнаған нормативтік- техникалық құжаттаманы жасау: - қоғамдық тамақтану кәсіпорыны; - Қазақстан Республи- касы шекара маңы өңір- лерінің көршілес мем- лекеттермен өзара іс- әрекет бойынша әдіс- темелік ұсынымдар; - Қазақстан Республи- касы елді мекендері- нің бас жоспарларды жоспарлау жөніндегі әдістемелік нұсқамала- ры; - Қазақстан Республи- касының аумағында бас жоспарларды әзірлеу- дің орташа құны баға- ларының жинағы. Үдемелі материалдар- мен, инженерлік жаб- дықтармен және тұрғын үй-азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс- тағы технологияларды қолдана отырып, норма- тивтік құжаттарды, жо- балық ұсыныстарды, техникалық шешімдерді әзірлеу: - Ғимараттар мен има- раттардың өрт қауіп- сіздігі оқу құралы; - гидротехникалық има- раттардағы жүктемелер мен әсер етулер (тол- қынды, мұзды және ке- мелерден); - құрылыс үшін инже- нерлік-геологиялық іздестірулер. Жұмыстар өндірісіне техникалық талаптар; топырақты құрылыс материалдарын іздес- тіру. Жұмыстарды орындаудың жалпы ережелері: - қарапайым үлгідегі және жалға берілетін- дердің төзімді сипат- тарына сәйкес келетін гофрирленген қабырға- лары бар дәнекерлік екі таврлық пішіндер- дің сортаменті; - Карметкомбинаттың табақ металлпрокаты- нан жасалған тегіс және гофрирленген қабырғалары бар эконо- микалық дәнекерлік екі таврлық белтемір- лерді жасауға техника- лық жағдайлар. Жалпы талаптар: - болат құрастырмалар- ды жасау кезінде ҚТ бойынша үлгілік нұс- қаулық; - құрылыс мұнара кран- дары үшін кран асты жолдарын пайдалануды және қайта базалауды орнату жөнінде нұсқау- лық. Орта және ірі ауылдық елді мекендердегі, сондай-ақ II В және III В, ІVА және IV Г, І В, III қала үлгісін- дегі кенттердегі құры- лыс үшін үлгілік жоба- ларды әзірлеу. Сейсмикалық белсенді- лігі 7-8 баллға артқан климатикалық аудандар- да: - 200 оқушыға арналған мектеп-интернат; - босанатын бөлімі бар 180 төсек-орындық көп кәсіпті аурухана; - 60 төсектік және ауысымға 100 келіп ке- тетіндерге туберку- лезге қарсы диспансер; - 60 төсек-орынды пер- зентхана; - мектептер үшін 200 -250 оқушыға арналған 100 орынды жатын кор- пус. Мемлекеттік тілдегі нормативтік-техникалық құжаттарды қамтамасыз ету: - ұйымдық-әдістемелік және жалпы норматив- тік-техникалық құжат- тар; - құрылыс құрастырма- ларына және бұйымдары- на нормативтік құжат- тар. Мемлекетаралық келі- сімдер бойынша орын- далатын Құрылыс норма- лары мен ережелерін (ҚНмЕ) қайта әзірлеу: "Тұрғын үй ғимарат- тары", "Жылу, желдету және ауа баптандыру"; "Ішкі су құбыры және ғимарат кәріздері" және "Тұрғын үй ғима- раттары" ҚР ҚНмЕ оқу құралдарын әзірлеу. МНТКС жоспары бойынша айқындалатын мемлекет- аралық нормативтік- техникалық құжаттарды сатып алу. | 2006 жыл | Қазақстан Республи- касы Индустрияжәне сау- да минис- трлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: сметалық-нормативтік құжаттардың 28 жинағын қайта әзірлеу, "SA№A-2001" бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңейту және толықтыру;
сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы 4 нормативтік-техникалық құжаттар:
кемінде 8 бірлік нормативтік-техникалық құжаттарды, оның ішінде 6 бірлік жаңа тақырыптар бойынша әзірлеу.
әлеуметтік инфрақұрылым объектілері құрылысының 21 үлгілік жобаларын әзірлеуді аяқтау;
30 бірлік нормативтік-техникалық құжаттардың мемлекеттік тілдегі аудармасы;
3 ҚНмЕ-лерді қайта әзірлеу және 2007 жылға ауысатын Қазақстан Республикасының ҚНмЕ-леріне оқу құралдарын әзірлеу;
МНТКС шеңберінде 10 бірлік санда мемлекетаралық нормативтік-техникалық құжаттарды сатып алу;
Түпкілікті нәтиже: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді жетілдіру, Еуростандарттарға сәйкес келетін құрылыс өнімдерінің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір нормативтік-техникалық құжатты әзірлеудің құны 850-ден және 1700 мың теңгеге дейін, бір үлгілік жоба - 4 300 мың теңге. Денсаулық сақтау, білім беру объектілерін жобалау және құрылысы кезінде мемлекеттік шығындарды оңтайландыру, оңтайлы жобалық шешімдерді алу.
Уақтылығы: бекітілген тақырыптық жоспарға сәйкес.
Сапа: дамыған елдердің техникалық регламенттеріне сәйкес келетін құрылыстағы мемлекеттік нормативтерді қолданысқа енгізу, республиканың құрылыс кешенін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін және сауда-экономикалық қатынастардағы тосқауылдарды болдырмайтын мемлекетаралық нормалармен және стандарттармен қамтамасыз ету, үлгілік жобалардың мемлекет пен халықтың жан жақты шығындар деңгейін азайту және әлеуметтік инфрақұрылымдардың көптеген объектілерін жобалау мен құрылысына негізсіз шығыстарға жол бермеу мәселелеріндегі мүдделерін қорғауды болжайтын жаңа буынын әзірлеу.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 338-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
338-1-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
015 «Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Теміртау
қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға берілетін
нысаналы даму трансферттері» деген республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 335000 мың теңге (үш жүз отыз бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Экономиканың басымды секторларындағы пилоттық кластерлерді құру және дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 663 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысының 9-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Металлургия» кластері шеңберінде индустриялық аймақты құру жолымен жаңа өндірістерді құру есебінен металлургия және металды қайта өңдеудегі өндірістің тұрақты өсуі үшін.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарлама) аты | Бағдарламаны (кіші бағдарлама) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 015 | | Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға берілетін нысаналы даму трансферттері | Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі және Қарағанды облысының әкімдігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижесі: Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.
түпкілікті нәтиже: Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Металлургия» кластері шеңберінде индустриялық аймақты құру жолымен жаңа өндірістерді құру есебінен металлургия және металды қайта өңдеудегі өндірістің тұрақты өсуі үшін Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық паркті пайдалануға беру.
Қаржылық-экономикалық тиімділік:
металлургия және металды қайта өңдеудегі өндірістің тұрақты өсуі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес түпкі өнімдердің экспортына бағытталған жаңа өндірістерді Қазақстанда; металлургия саласында бірлескен кәсіпорындарды құру мен дамыту.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
339-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Жаңа технологияларды құру және дамыту"
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 130000 мың теңге (бір жүз отыз миллион теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Экономиканың басым секторларындағы пилоттық кластерлерді құру және дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату және өңдеуші өнеркәсіпте жаңа өндірістер құру үшін анағұрлым перспективалық бағыттарды айқындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өңдеуші өнеркәсіптер мен пилоттық кластерлер салалары қатарының даму бағыттарын айқындау бойынша маркетингтік және конъюнктуралық зерттеулер жүргізу; өңдеуші өнеркәсіптің тиісті салаларының қатарына, олардың даму, кеңейту немесе әртараптандыру мәніне анықталған басымдықтарының технологиялық зерттеулер жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жаңа техноло- гияларды құру және дамыту | Мынадай бағыттар бой- ынша негізгі тапсырма- ларды орындау: 1. Анағұрлым перспек- тивалық бағыттар жә- не "Маркетингтік-тал- дамалық зерттеулер орталығы" АҚ мен "J.E. Austin Associates Іnс." американдық кон- салтингтік компанияның бірлескен зерттеулері- нің нәтижесінде айқын- далғандар санынан ба- сым кластерлерді одан әрі дамыту бойынша өн- дірістер құру үшін конъюнктуралық, марке- тингтік және техноло- гиялық зерттеулер жүр- гізу. 2. Жұмыс қорытындылары бойынша алынған талда- малық есептерді олар- ды орындау сапасын ба- ғалауды алу үшін жібе- ру. | 2006 жылғы 2-4 тоқсан- дар | ҚазақстанРеспубли- касының Индустрияжәне сау- да минис- трлігі |