Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 5 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары белгіленсін.»;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесінде:
7-тармақтағы «90» деген сандар «50» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1, 2, 3-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2005 жылғы 15 қарашадағы
№ 1036 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін,
мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары
СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуішi | Тауардың қысқаша атауы* | Баж ставкасы (1000 кг үшін доллар- мен) |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | Жеңіл дистилляттар және өнімдер | 64,9 |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін; өзге де мақсаттар үшін |
2710 19 310 0- 2710 19 490 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар |
2710 19 510 0**- 2710 19 550 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
2710 19 610 0- 2710 19 690 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын | 43,3 |
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген.
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетілетін,
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
1-қосымша
Мұнайдан әзірленген тауарлардың тізбесi
СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуішi | Тауардың қысқаша атауы* |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | Жеңіл дистилляттар және өнімдер |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар: қайта өңдеудің ерекше процестері үшін; 2710 19 110 0 кіші қосалқы позицияда көрсетілгендерден басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін; өзге де мақсаттар үшін |
2710 19 310 0- 2710 19 490 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар |
2710 19 510 0**- 2710 19 690 0 | Ауыр дистилляттар: сұйық отын |
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлығы үшін келтірілген.
** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетілетін,
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
2-қосымша
200__ жылғы _____ айындағы мұнайға арналған
бағалар мониторингінің нәтижелерi
Күні | URALS (MED) ($/баррель) | Cю (URALS (MED) орташа мәні) | BRENT (DTD) ($/баррель) | Cб BRENT (DTD) орташа мәні) | C BRENT (DTD) (URALS (MED) орташа мәні) |
| min | max | min | max |
| | | | | | | |
Сатылатын шикі мұнайдың нарықтық бағасы «URALS (MED)», BRENT (DTD) күнделікті түзетулерінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады.
URALS (MED) «min» - биржадағы бір күн бұрынғы «URALS (MED)»
ең төменгі нарықтық бағасы;
URALS (MED) «mах» - биржадағы бір күн бұрынғы «URALS (MED)»
ең жоғары нарықтық бағасы;
BRENT(DTD) «min» - биржадағы бір күн бұрынғы «BRENT (DTD)»ең
төменгі нарықтық бағасы;
BRENT (DTD) «mах» - биржадағы бір күн бұрынғы «BRENT (DTD)»
ең жоғары нарықтық бағасы;
С = (Сю + Сб)/2=____АҚШ доллары,
мұнда,
С - шикі мұнайдың күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
Сю - биржадағы бір күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгі және ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
Сб - биржадағы бір күн бұрынғы «BRENT (DTD)»ең төменгі және
ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
Ц = (С+С1+...+ Сn)/n х 7,5=____АҚШ доллары,
мұнда,
Ц - мониторинг кезеңіндегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бір тонна үшін);
Сn - мониторинг кезеңі ішіндегі мұндай түзетулер жарияланған күндердегі шикі мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы;
n - мониторинг кезеңі ішіндегі түзетулер жарияланған күндердің саны;
7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициенті.
Мониторинг кезеңінде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бір) баррель үшін____АҚШ долларын, бір метрикалық тонна үшін____АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы
№ 5 қаулысына 4-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетілетін,
мұнайдан жасалған тауарларға
кедендік баж ставкаларын
есептеу ережесіне
3-қосымша
СЭҚ ТН бойынша тауардың жіктеуішi | Түзету коэффициенті | К |
2710 11 110 0- 2710 11 900 0 | 1,2 | 0,5х(0,35+0,4)/2х1,2=0,225 |
2710 19 110 0- 2710 19 290 0 |
2710 19 310 0- 2710 19 490 0 |
2710 19 510 0*- 2710 19 550 0 |
2710 19 610 0- 2710 19 690 0 | 0,8 | 0,5х(0,35+0,4)/2х0,8=0,15 |
* ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа