«Бензин әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қазандағы № 1015 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ел экономикасының мұқтаждықтары үшiн бензиннiң қажеттi қорын құру мақсатында және 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулы қолданысқа енгізiлген сәттен бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль бензинін (ЕурАзЭҚ СЭҚ TH коды - 2710 11 410 0 - 2710 11 590 0) әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді әкетуге тыйым салуды енгізгені туралы хабардар етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |