«Авиациялық отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 850 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ел экономикасының мұқтаждары үшiн авиациялық отынның қажеттi қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қолданысқа енгiзiлген сәтiнен бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде осы қаулы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн мерзiмдiк декларациялау рәсiмi бойынша бұрын ресiмделген, сондай-ақ арнайы кедендiк режимге орналастырылатын:
реактивтi отынды (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0);
өзгелерiн (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 250 0) қоспағанда, авиациялық отынды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан авиациялық отынды әкетуге тыйым салуды енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |