Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1281 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 желтоқсандағы № 1474-53 қаулысына 5-қосымша.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 қаңтардағы № 43-3 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы шекара әскерлерінің әскери бөлімдерін, оқу орындарын, мекемелерін азық-түлікпен және асханалық-ас үйлік жабдықпен қамтамасыз ету нормалары.
3. «Тылдық қамтамасыз ету түрлері бойынша нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 265-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Республикалық ұлан туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы № 2671 заң күші бар Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1673 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормаларының 2-бөлімінің 1-9 нормалары.