«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 509л Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 207-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
1) тармақшада:
"сот сараптамасын жасау үшін:" деген сөздерден кейін "айдау аппараты - 18 бірлік," деген сөздермен толықтырылсын;
"электрондық таразы - 18 бірлік," деген сөздерден кейін "дискреттілігі 10-4 120 грамға дейінгі таразы - 2 бірлік, 2 кг-ға дейінгі таразы - 5 бірлік, 30 кг-ға дейінгі таразы - 21 бірлік," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "бейнефонографиялық қондырғы үшін жиынтықтағы STS-Н216 дыбыс дабылдарын енгізу және алу құрылғысы - 2 бірлік, бейнефонографиялық қондырғы үшін акустикалық дабылдарды талдау мен шудан тазарту аспаптық кешенін бағдарламалық қамтамасыз ету - 2 бірлік;" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада:
"тауартану сараптамасы үшін:" деген сөздерден кейін "геодезиялық құрал - 1 бірлік, лазерлі рулеткалар - 19 бірлік," деген сөздермен толықтырылсын;
"амплификатор - 2 бірлік" деген сөздер "амплификатор - 4 бірлік, гельқұжаттандыру жүйесі - 2 бірлік, гельқұжаттандыру жүйесінің аппараттық бөлігі - 2 бірлік, трансиллюминатор - 2 бірлік," деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) жарылыс-техникалық сараптама үшін: жарылыс орындарындағы жұмыстарға арналған Бернштайн аспаптарының жиынтығы - 6 бірлік, "Крон-ВВ" үлгісіндегі жарылғыш заттар буының газ талдауышы - 1 бірлік, "Крон-В" үлгісіндегі жарылғыш заттардың газ талдауышын бағдарламалық қамтамасыз ету - 1 бірлік, жарылғыш заттарды жұқа қабатты хроматографиялауға арналған пластиналар - 22 бірлік, жарылғыш заттар пластиналарын жұқа қабатты хроматографиялауға арналған айқындау камерасы - 17 бірлік, хроматографиялық жарылғыш заттардың сәуле түсіргіші - 6 бірлік, әмбебап бүріккіш - 17 бірлік;
7) жол-көлік оқиғаларының сараптамасы үшін: ЖКО жөніндегі сарапшының автоматтандырылған жұмыс орны - 17 бірлік, "Автосараптама" бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - БҚ) - 17 бірлік, "ЖКО сараптамасы" БҚ - 17 бірлік, "SХ автокаталогы" БҚ - 17 бірлік.";
2) көрсетілген қаулыға 221-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
"1-ИК Фурье спектрометрін," деген сөздерден кейін "120 грамға дейінгі таразы - 1 бірлік," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |