Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.12.04 ж. № 1317; 2005.08.02. № 120; 2005.10.02. № 126; 2005.02.06. № 549;
2005.02.06. № 552; 2005.25.07. № 773 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 30 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі туралы epeжe;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң аумақтың органдары - мемлекеттік мекемелерінің тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне бес, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi құрылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң және оның қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметі комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
7) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
5. Мыналарға:
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң төрағасына үш, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.08.02. № 120 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі (бұдан әрi Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеті мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тiркеу қызметi комитеті, Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, Құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттiң атынан түсуге құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен министрдің бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Министрліктің штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Министрлiктiң құрылымын, штат санын, материалдық-техникалық қамтамасыз ету шарттарын министр белгiлейдi.
6. Министрліктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 45.
7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесi;
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрліктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке кәсіпкерлiк субъектілерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс келтiретін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктің функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртіппен:
ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың қалыптастырылуын қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:
ұлттық заңнаманы дамытуды;
заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыруды, заңнаманы талдауды, жетiлдiрудi, жүйелеудi, нормативтік құқықтық кесiмдердiң заң сараптамасын жүргізуді;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және жасасуды құқықтық қамтамасыз етудi, шетелдiк құқықтық көмек берумен байланысты iс-шараларды үйлестiрудi;
Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгізудi;
халыққа құқықтық көмек ұйымдастыру мен заң қызметтерiн көрсетудi;
зияткерлiк меншік құқықтарын қорғауды;
қылмыстық жазалардың және тергеу изоляторларында уақытша оқшаулаудың орындалуын;
заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен онымен жасалған мәмілелердi, нормативтік құқықтық кесiмдердi, азаматтық хал актілерiн мемлекеттік тiркеудi, азаматтарды, жылжитын мүлiк кепілдігін есепке алуды және тiркеудi, Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды, олардың жеке куәлiктерi мен төлқұжаттарын дайындауды және бepудi;
мемлекеттің мүлiктік құқықтарын қорғауды;
сот-сараптамасы қызметін, анықтау мен әкiмшілік iс жүргiзудi ұйымдастыруды;
бағалау қызметiн ұйымдастыруды;
ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 қаулысымен 2) тармақша толықтырылды
2) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
заң жобалау жұмысын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң, Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеудi;
халықаралық шарттардың, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердiң жобаларын заңдық сараптауды жүргiзудi;
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша Үкiметтiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн ресми түрде түсiндiрудi;
заңнаманы жүйелеудi, нормативтік құқықтық кесімдердiң мемлекеттік есебiн жүргiзудi, құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн құруды;
шетел мемлекеттерiмен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау және оларды жасасуды ұйымдастыруды; зияткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауды және жасасуды;
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мемлекеттiң құқықтық мәселелер жөніндегі мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етудi;
мемлекеттiң мүлiктік құқықтарын қорғауды ұйымдастыруды;
заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестірудi;
халықаралық шарттарға сәйкес шетелдiк мемлекеттердiң соттық тапсырмалары мен қолдау хаттарын орындауды;
Қазақстан Республикасы мен шетелдiк мемлекеттердiң заңнамаларын үйлестiру, бiрiздендiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргізуді;
шетелдiк мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды орындаумен байланысты iс-шараларды үйлестірудi;
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң мемлекеттік тiзілiмiн жүргiзу және мемлекеттік органдардың тiркелген нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң тiзбесiн көпшілiктің назарына ұсыну үшiн жариялауды;
Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасасылған заем шарттарын заңдық сараптауды;
аумақтық әдiлет органдарының қызметіне олардың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыруды;
өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік құпияларды қорғауды және жұмылдыру жұмысын қамтамасыз етудi;
орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың, әкiмдiктер мен әкiмдердiң нормативтік құқықтық кесiмдерiн мемлекеттік тiркеудi;
азаматтар мен заңды тұлғалардың Әдiлет министрлігінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;
өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
11. Министрлiктiң:
жалпы ұлттық мемлекеттік даму стратегиясын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
өз құзыретiнiң шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
Министрлiктiң құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыруға;
орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмдiктерде мемлекеттік тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық кесiмдердi тексеруді жүзеге асыруға;
заң жобалау, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен консультацияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың оның iшінде шетелдiктердің мамандары мен сарапшыларын тартуға;
заңнамада көзделген жағдайларда заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізуге;
заңнамада белгіленген тәртiппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
өзiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
3. Министрлiктің мүлкi
12. Министрлiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Әдiлет министрлігінің мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптастырылады және негiзi және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны теңгерiмде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
13. Министрлiктің мүлкi республикалық меншiкке жатады.
14. Министрлiктiң өзiне бекiтілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке заңда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелік ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру
15. Министрлiк, оның органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары әдiлет органдарының бiрыңғай жүйесін құрайды.
Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын вице-министрлерi, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрі болады.
16. Министр Министрлiктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
ҚР Үкіметінің 2005.08.02. № 120 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Осы мақсатта министр:
Министрлiктiң құрылымын бекiтедi, сондай-ақ вице-министрлердiң, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктер ауқымын белгілейдi;
қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретіне жатқызылған адамдарды қоспағанда, заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiн, Министрлiктiң комитеттерi басшыларының орынбасарларын, облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық әдiлет органдарының, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi аумақтық органдарының, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын, аудандық, қалалық және қалалардағы аудандық аумақтық әділет органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлiкті білдiредi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы атақтар бередi;
Министрлiктiң аумақтық органдары, сондай-ақ Министрлiктiң қарамағындағы ұйымдар басшылары кесiмдерінің күшiн жояды, не толығымен, не бөлігінде тоқтата тұрады;
заңнамада белгіленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнде айрықша жағдайлар режимiн енгiзедi;
мемлекеттік тiркеуге жататын, бiрақ одан өтпеген мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiн жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа шағымданады;
әділет органдары орындауға мiндетті кесiмдердi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндетті кесiмдер шығарады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген жағдайларда заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгiзедi.
18. Министрлiктiң министрдің жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi министр бекiтедi.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.08.02. № 120 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тiзбесi
1. Ақмола облысының Әдiлет департаментi
2. Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi
3. Алматы облысының Әдiлет департаментi
4. Атырау облысының Әдiлет департаментi
5. Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi.
6. Жамбыл облысының Әдiлет департаментi
7. Батыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi
8. Қарағанды облысының Әдiлет департаментi
9. Қызылорда облысының Әдiлет департаментi
10. Қостанай облысының Әдiлет департаментi
11. Маңғыстау облысының Әдiлет департаменті
12. Павлодар облысының Әдiлет департаментi
13. Солтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаменті
14. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаменті
15. Астана қаласының Әдiлет департаментi
16. Алматы қаласының Әдiлет департаментi
17. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаментi Ақкөл ауданының Әдiлет басқармасы
18. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Аршалы ауданының Әдiлет басқармасы
19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Атбасар ауданының Әдiлет басқармасы
20. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Астрахан ауданының Әдiлет басқармасы
21. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Бұланды ауданының Әдiлет басқармасы
22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Егіндiкөл ауданының Әдiлет басқармасы
23. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Ерейментау ауданының Әдiлет басқармасы
24. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаментi Еңбекшiлдер ауданының Әдiлет басқармасы
25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаменті Есіл ауданының Әдiлет басқармасы
26. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әділет департаментi Жарқайың ауданының Әдiлет басқармасы
27. Қазақстан -Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаментi Жақсы ауданының Әдiлет басқармасы
28. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаментi Зерендi ауданының Әдiлет басқармасы
29. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаментi Қорғалжын ауданының Әдiлет басқармасы.
30. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаментi Степногор қаласының Әділет басқармасы
31. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаментi Сандықтау ауданының Әдiлет басқармасы
32. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаменті Целиноград ауданының Әдiлет басқармасы
33. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаменті Шортанды ауданының Әділет басқармасы.
34. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаменті Щучье ауданының Әділет басқармасы
35. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақмола облысының Әдiлет департаментi Көкшетау қаласының Әдiлет басқармасы
36. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Ақсу ауданының Әдiлет басқармасы
37. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаменті Алакөл ауданының Әдiлет басқармасы
38. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Балқаш ауданының Әдiлет басқармасы
39. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Жамбыл ауданының Әдiлет басқармасы
40. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Еңбекшiқазақ ауданының Әдiлет басқармасы
41. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаменті Ескелдi ауданының Әдiлет басқармасы
42. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаменті Iле ауданының әдiлет басқармасы
43. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаменті Қарасай ауданының Әдiлет басқармасы
44. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Қаратал ауданының Әдiлет басқармасы
45. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Кербұлақ ауданының Әдiлет басқармасы
46. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Көксу ауданының Әдiлет басқармасы
47. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Райымбек ауданының Әдiлет басқармасы
48. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Панфилов ауданының Әдiлет басқармасы
49. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Сарқант ауданының Әдiлет басқармасы
50. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Талғар ауданының Әдiлет басқармасы
51. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Ұйғыр ауданының Әдiлет басқармасы
52. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Қапшағай қаласының Әдiлет басқармасы
53. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Текелi қаласының Әдiлет басқармасы
54. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Алматы облысының Әдiлет департаментi Талдықорған қаласының Әдiлет басқармасы
55. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Әйтеке би ауданының Әдiлет басқармасы
56. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Алға ауданының Әдiлет басқармасы
57. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаменті Байғанин ауданының Әдiлет басқармасы
58. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Ырғыз ауданының Әдiлет басқармасы
59. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Қарғалы ауданының Әдiлет басқармасы
60. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Қобда ауданының Әдiлет басқармасы
61. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Мәртөк ауданының Әдiлет басқармасы
62. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Мұғалжар ауданының Әдiлет басқармасы
63. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Темір ауданының Әдiлет басқармасы
64. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Ойыл ауданының Әдiлет басқармасы
65. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Хромтау ауданының Әдiлет басқармасы
66. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Шалқар ауданының Әдiлет басқармасы
67. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Ақтөбе облысының Әдiлет департаментi Ақтөбе қаласының Әдiлет басқармасы
68. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаментi Жылыой ауданының Әдiлет басқармасы
69. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаментi Махамбет ауданының Әдiлет басқармасы
70. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаментi Исатай ауданының Әдiлет басқармасы
71. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаментi Қызылқоға ауданының Әдiлет басқармасы
72. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігi Атырау облысының Әдiлет департаментi Индер ауданының Әдiлет басқармасы
73. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаментi Мақат ауданының Әдiлет басқармасы
74. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаменті Құрманғазы ауданының Әдiлет басқармасы
75. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Атырау облысының Әдiлет департаменті Атырау қаласының Әдiлет басқармасы
76. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Абай ауданының Әдiлет басқармасы
77. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Аягөз ауданының Әдiлет басқармасы
78. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Бесқарағай ауданының Әдiлет басқармасы
79. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Бородулиха ауданының Әдiлет басқармасы
80. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Әдiлет департаментi Глубокое ауданының Әдiлет басқармасы