2) манипулятор-крандарды;
3) басқару кабинасымен бiрлесiп жер үстіндегi рельс жолдарымен қозғалатын жүк таситын электр арбаларды;
4) тек арқанға асылған немесе электр магнитті iлгекпен жұмыс iстеуге арналған экскаватор-крандарды;
5) тальдердi (электр немесе қол жетегi бар);
6) барлық тұрпаттағы шахталық көтергіш қондырғыларды (клетті, скиптi, бадьялы) және арналымдарды (адам, жүк, жүк-адам), барлық тұрпаттағы жүкшығырларын (өтімділiк, монтаждық, иiнтiректiк);
7) ауыспалы жүк ұстау органдарын (жүк көтергiш электр магниттерiнiң iлгектерi, грейферлерi және т.с.с.);
8) алмалы-салмалы жүк ұстау тетiктерiн (сым арқандары, ұстауыштар, траверстердi және т. c.c.);
9) алып жүретiн сауыттарды;
10) электр және гидравликалық лифтiлердi;
11) қабатаралық және тоннельдiк эскалаторларды;
12) барлық түрлер мен типтiк көлемдегi арқалық крандарды, тельефтердi.
10. Қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен өткiзгіш құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу және пайдалану
15. Қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен өткiзгіш құбырларды жобалау, дайындау (жекелеген элементтерiн, детальдарын, бөлшектерiн қоса алғанда), монтаждау (өндiрiстi, объектiнi пайдалану кезеңiнде), жөндеу (техникалық диагностикалау, куәландыру, ағымдағы, жоспарлы-алдын ала, күрделi), соның iшiнде:
1) 0,7кг/см2 астам қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттарды;
2) 0,7кг/см2 астам қысыммен сығымдалған, сұйытылған және ерiтiлген газдарды тасымалдау мен сақтауға арналған баллондарды;
3) температурасы 50оC болған кездегi қысымы 0,7кг/см2 асатын сұйытылған газдарды тасымалдау мен сақтауға арналған цистерналар мен бөшкелердi;
4) оларды босату үшiн кезең-кезеңмен 0,7кг/см2 жоғары қысым құралатын сығылған, сұйытылған газдарды, сұйықтықтар мен сусымалы денелердi тасымалдауға және сақтауға арналған цистерналар мен сауыттарды;
5) 14 кВт және одан жоғары қуатпен орнатылған тұрақты, поршеньдiк және айналмалы сығымдаушыларды;
6) мотор отыны ретiнде көмiрсутектi газды пайдаланатын автокөлiктің газ баллондық аппаратурасын;
7) қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгіш құбырларын;
8) бекiтпе-реттеушi аппаратураны және сақтандыратын қондырғыларды, тiкелей және жанама әрекеттегі газ қысымдарын реттеуiштердi.
16. Пайдалану (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, алдын алу, жұмысқа дайын күйінде ұстау, технологиялық жабдықтың техникалық жай-күйін бақылау, қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау және жою, газды қабылдау, құю, төгу, сақтау және босату):
1) оттегі станцияларын;
2) газ толтыру станцияларын (бұдан әрi - ГТС);
3) газ толтыру пункттерiн (бұдан әрi - ГТП);
4) баллондардың аралық қоймаларын (бұдан әрі - БАҚ);
5) жылжымалы автоцистерналарды, автомобильге газ толтыру станцияларын (бұдан әрі - АГТС) және автогазқұю станцияларын (бұдан әрi - АЗҚС);
6) қысыммен жұмыс iстейтiн өткiзгiш құбырларын (технологиялық).
11. Минералдық шикiзатты өңдеу (кеңiнен таралған
пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда)
17. Кендi, пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық-химиялық, химиялық, металлургиялық тәсiлдерi және өндiрiс қалдықтарын кәдеге асыру:
1) шикiзатты (руда және техногендік минералдық түзілiмдер) ұсату, елеу және сұрыптау, ұсақтау және жiктеу, кендi (шикізатты) байыту, гравитациялау, жуу;
2) майдалау (суспензия, эмульсия), сүзу, айыру (магниттік, электр магниттiк), флотациялау, сiлтiден айыру, химиялық бұзылу, экстракция (диэкстракция), қойылту, кептiру;
3) пирометаллургия, күйдiру, гидрометаллургия, шаншу, брикеттеу, түйiршiктеу;
4) көмiрсутегі шикiзатын өңдеу (мұнай-газ өңдеуден басқа);
5) тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өндiрiс қалдықтарын (күкiрт, шлактар, үйiндiлер, қалдықтар және басқалар), құрамында пайдалы қазбалары бар қалдықтарды өңдеу.
12. Мұнай өнiмдерiн өндiру
18. Мұнай өңдеу:
1) мұнайды қабылдау, сақтау, мұнайды өңдеуге даярлау;
2) бензин, дизель отынын, мазут өндiру;
3) октандық санды арттыру мақсатында тауарлық бензиндерге компаундтау, тұнбалар, қоспалар мен құрауыштар енгізу;
4) берiлген қасиеттері бар бензин алу мақсатында кондициялық емес мұнай өнiмдерiн компаундтау, тұнбалар, қоспалар мен компоненттер енгізу;
5) дизель отынына, мазутқа тұнбалар мен қоспалар енгізу.
13. Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi
газдандыру жөнiндегі өндіріс, жөндеу жұмыстары
19. Газбен жабдықтау жүйелерiн (жоғары, орташа және төмен қысымды газ таратушы пункттер, газ таратушы қондырғылар, таратушы газ тораптары және үйiшілiк газ тораптары мен жабдықтарды пайдалану мен жөндеу), пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу:
1) жаңадан салынған газ құбыры учаскелерiн жұмыс iстеп тұрған желiлерге жалғау (ойып қосу);
2) газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерiне және олардың құрылыстарына, сондай-ақ үйiшілік газ желiлерi мен құралдарға бастапқы және қайталама газ беру;
3) газ құбыры жолдары мен олардың құрылыстарын қарау және ұстау;
4) тораптардың (пiсiрiлген тiгiстерiн, қосылыстарын, бекiтпелерiн) және олардың құрылыстарының, жабдықтар мен агрегаттардың жай-күйi диагностикасы, тораптар мен құралдарды бақылау мақсатында престеу;
5) жер асты газ құбырларын және олардың құрылыстарын электр механикалық тоттанудан қорғау;
6) газ желiлерi мен олардың құрылыстарындағы авариялық жағдайларды оқшаулау және жою;
7) газ құбырларын және олардың құрылыстарын күрделi жөндеу және сенiмсiз учаскелерді алмастыру;
8) желiлер мен олардың құрылыстарын жоспарлы-алдын ала және ағымдағы жөндеу;
9) тұтынушылардың газ жұмсауын жедел есепке алу;
10) авариялық өтiнiмдердi орындау;
11) газ есептеуiштерiн монтаждау және бөлшектеу;
12) тұрмыстық газ құралдарын монтаждау және бөлшектеу.