Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 109-III
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж. № 24 , 1068-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж. № 24 , 149-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
56-бапта:
1-тармақ «демалыс уақыты» деген сөздерден кейін «‚сондай - ақ осы Заңда көзделген өзге де уақыт» деген сөздермен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы 3-1- тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар- православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.» .
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев
Астана, 2005 жылғы желтоқсанның 30-ы, № 109-III ҚРЗ