Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 және 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1234 Қаулысы
(2008.06.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 412 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 6 ақпандағы № 108 қаулысымен күші жойылды, орыс тіліндегі қаулының мәтіні бойынша 1 тармақтың 2) тармақшаның күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) «Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде:
3-тармақ «шетелдік іссапарларға» деген сөздерден кейін», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге шыққан кездегі арнайы рейстердің шығыстарына ақы төлеуге» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Арнайы рейстерді орындау жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін ақы төлеуді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арнайы рейстерді орындайтын авиатасымалдаушы қол қойған орындалған жұмыстар актісі негізінде авиатасымалдаушының есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізеді.«;
8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер шақырушы тарап Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы лауазымды адамының қабылдаушы тарап аумағында болуына байланысты шығыстарды өзіне алған жағдайда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тәуліктік шығыстарға қаражат бөлмейді.»;
10-тармақ «шетелдік іссапарларға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге шыққан кездегі арнайы рейстердің шығыстарына ақы төлеуге» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақта:
«есепті бір ай» деген сөздер «үш жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша «тұрғын үй-жай« деген сөздерден кейін «, оның ішінде баратын жерге кірер алдында болатын пункттерде» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада «билеттері» деген сөзден кейін «(арнайы рейстерді пайдаланған жағдайда талап етілмейді)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |