Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 6 ақпандағы № 149 және 2004
жылғы 23 қарашадағы № 1229 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1375 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 5 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiкті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 6 ақпандағы № 149 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 6, 88-құжат):
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
реттік нөмiрi 7-жолда:
2-бағандағы "қоғамын капиталдандыру жөнiнде" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражаты есебiнен 2004 жылы 2000000000 теңге мөлшерiнде "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамын капиталдандыру жөнiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
5-бағандағы "3-тоқсан" деген сөздер "4-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 23 қарашадағы № 1229 қаулысында:
1-тармақтағы "1000000000 (бip миллиард)" деген сөздер "2000000000 (екi миллиард)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |