Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат
бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
23 қарашадағы № 1229 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2004.24.12. № 1375 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2004.24.12. № 1375 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын капиталдандыруға 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 2000000000 (екi миллиард) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |