Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы
Мемлекеттік сыйлықтары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.04.00 ж. № 593; 11.03.01 ж. № 338;
17.07.01 ж. № 966; 16.08.01 ж. № 1069 03.04.02 ж. № 397;
28.02.03 ж. № 215; 30.07.03 ж. № 763; 2005.01.03. № 184;
2005.22.07. № 768 Қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 30 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы туралы ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
3. Мыналардың:
"Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлығы туралы ереже мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комитет туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 7 қазандағы № 834 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 38, 577-құжат);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 77 қазандағы № 834 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 31 қазандағы № 1412 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 33, 429-құжат);
"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетiнiң құрамы мен төралқасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 тамыздағы № 1003 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 33, 315-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының ғылым, техника
және білім беру саласындағы Мемлекеттік
сыйлықтары туралы ереже
ҚР Үкіметінің 17.07.01 ж. № 966 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы Мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттік сыйлық) Қазақстан Республикасының азаматтарына:
республиканың экономикалық және әлеуметтiк дамуын айтарлықтай жеделдетуге және қазақстандық ғылым мен техниканы әлемдегi озық жетiстiктердiң деңгейiне көтерiлуiне жеткiзетiн iргелi және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздiк нәтижелер үшiн;
қоғамға кеңiнен танылған ғылыми ашылымдар, монографиялар, сондай-ақ бір саладағы бірқатар ғылыми жұмыстар үшiн;
техниканың, материалдардың және технологиялардың жаңа түрлерiн әлемдiк үлгiлер деңгейiнде және одан жоғары өндiрудi әзiрлегенi және ұйымдастырғаны үшiн;
мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар экономиканың әр түрлі салаларында мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін;
республика үшiн жоғары біліктi мамандар мен ғылыми кадрлар даярлауға жәрдемдесетiн республиканың білім жүйесiнiң барлық сатыларына арналған оқулықтар үшiн берiледi.
ҚР Үкіметінің 17.07.01 ж. № 966; 30.07.03 ж. № 763 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік сыйлықтар Республика күнi қарсаңында екi жылда бір рет 6 сыйлық санында, оның ішінде біреуі мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыс үшін берiледi. Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай бөлiгiнiң мөлшерiн олар берiлетiн жылы және республикалық бюджетте ғылым үшiн көзделген сомалардың шегiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Бланктер, дипломдар, құрметтi белгiлер дайындауға, Мемлекеттік сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстар сараптама және рецензиялау жүргiзуге байланысты шығыстар, сондай-ақ Комиссия мүшелерi мен ол iске тартылған сарапшыларға iссапарлық шығыстар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаражатының есебiнен қаржыландырылады.
Бұрын Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтары мен Қазақстан Республикасының атаулы сыйлықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттік сыйлық алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi. Жұмыс Мемлекеттік сыйлық алуға екi реттен артық ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты жаңа жетiстiктерге қол жеткiзген кезде, бұл сыйлық, оның алдында көрсетiлген сыйлық берiлгеннен кейiн бес жылдан соң оған екiншi рет берiлуi мүмкiн.
3. Мемлекеттік сыйлық алу үшiн ұсынылған ғылыми еңбектер жариялануы, оқулықтар республиканың білім жүйесiнде кемiнде үш жыл бойы байқау-сынақтан өтуi, ал техникалардың, материалдардың жаңа технологиялардың жаңа түрлерi Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған сәтке дейiн кемiнде екi жыл бойы өндiрiсте игерiлуi тиiс.
4. Жұмыстарды мемлекеттік сыйлық алуға ұсынуды Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң алқалары, ғылыми және оқу орындарының және басқа да ұйымдардың, сондай-ақ кәсiпорындардың ғылыми, ғылыми-техникалық, ғалымдар кеңестерi жүргiзедi. Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлыққа ұсыну туралы шешiм бұл органдардың қызметiне арналған регламенттермен және басқа да актiлермен, белгiленген тәртiпте қабылданады.
5. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғандардың ұжымы әдетте 8 адамнан аспауы тиiс. Мемлекеттік сыйлықты алуға iзденушiлердiң көрсетiлген санын арттыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссияның ұсынымы бойынша рұқсат етiледi.
Iзденушiлердiң ұжымына кандидаттар iрiктеу ұсынылатын жұмыс орындалған министрлiктерде, ғылыми және басқа да ұйымдарда, сондай-ақ кәсiпорындарда белгiленген тәртiпте, объективтi түрде жүргiзiледi. Бір iзденушiлердiң кандидатурасы Мемлекеттік сыйлыққа екi және одан да көп жұмыстар бойынша ұсынылына алмайды. Iзденушiлердiң ұжымына адамдарды тек лауазымдық және басқа белгiсi бойынша кiргiзуге жол берiлмейдi.
6. Мемлекеттік сыйлықтар алуға сыйлықтар берiлетiн жылғы 1-ақпанға дейiн ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия қабылдайды.
Құжаттардың тiзбесi мен оларды ұсынылған жұмыстарға рәсiмдеудiң тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия қабылдайтын Ережемен айқындалады.
Мемлекеттік сыйлықтарды ұсынуға жұмыстарды қабылдау туралы және алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi жариялауды республикалық және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 17.07.01 ж. № 966; 30.07.03 ж. № 763 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Комиссия Мемлекеттік сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды екi кезеңде қарайды.
Бірiншi кезеңде (15 тамызға дейiн) жұмыстарды алдын ала iрiктеп алуды және iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтауды Комиссияның төралқасы жүзеге асырады. Комиссия мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа алдын ала iрiктеуден өткен жұмыстардың тiзiмiн қараудың екiншi кезеңiне дейiн кемiнде бір ай бұрын, авторлары мен осы жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, кеңiнен талқылау үшiн республикалық және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Қараудың екiншi кезеңiнiң қорытындылары бойынша Комиссия жұмыстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне Мемлекеттік сыйлықтар беруге ұсынады.
8. Комиссияның Мемлекеттік сыйлықтар беру туралы ұсыныстары Қазақстан Республикасының Үкіметіне сыйлықтар берiлетiн жылғы 15 қыркүйекке дейiн ұсынылады.
9. Мемлекеттік сыйлықтар беру туралы Комиссияның ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтедi және Республика күнiнде баспасөзде жарияланады.
10. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған адамдарға "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" атағы берiледi әрi лауреаттың дипломы, куәлiгi, құрметтi белгiсi және сыйлықтың ақшалай бөлiгi тапсырылады.
11. Авторлар ұжымына Мемлекеттік сыйлықтар берiлген кезде сыйлықтың ақшалай бөлiгi олардың арасында тең бөлiнедi.
12. Қайтыс болғаннан кейiн марапатталған, қайтыс болған Мемлекеттік сыйлықтың лауреатының дипломы, құрметтi белгiсi және ақшалай сыйақысы оның мұрагерлерiне берiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы
Қазақстан Республикасының ғылым, техника
және білім беру саласындағы мемлекеттік
сыйлықтары жөніндегі комиссиясы туралы ереже
ҚР Үкіметінің 30.07.03 ж. № 763 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және республика министрлiктерiнiң, ведомстволарының, ғылыми қоғамдарының, оқу орындарының, кәсiпорындарының және басқа да ұйымдарының көрнектi ғалымдары мен iрi мамандарынан құралады.
Комиссияның құрамы мен оның төралқасын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2. Комиссияға Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын (бұдан әрi - Мемлекеттік сыйлықтар) алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау мен қарауды ұйымдастыру және Мемлекеттік сыйлықтар беруге арналған ұсынымдар жүктеледi.
ҚР Үкіметінің 17.07.01 ж. № 966; 30.07.03 ж. № 763 (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссия өзiне жүктелген функцияларға сәйкес:
Мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдауды және қарауды жүргiзедi;
Ізденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтай отырып, Мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала iрiктеудi жүзеге асырады және мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа бұл жұмыстардың тiзiмiн кең қоғамдық талқылау үшiн республикалық және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
Мемлекеттік сыйлықтарға ұсынылған жұмыстарға түскен ұсыныстарға, ескертпелерге және пiкiрлерге талдау жүргiзедi;
Мемлекеттік сыйлықтар беру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне енгiзедi;
Мемлекеттік сыйлықтар лауреаттарының дипломдарын, куәлiктерiн және құрметтi белгiлерiн ресiмдейдi, лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықтардың ақшалай бөлiгiн төлеудi жүргiзедi;
бұқаралық ақпарат құралдарының Мемлекеттік сыйлықтар лауреаттарының шығармашылық тәжiрибесi мен жетiстiктерiн таратуына жәрдемдеседi.
ҚР Үкіметінің 30.07.03 ж. № 763 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Комиссияға:
Мемлекеттік сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн секциялар, тұрақты немесе уақытша сараптық комиссиялар құруға. Секциялар мен сараптық комиссияларының жұмыс тәртібі Комиссияның төралқасы бекiтетiн ережелермен белгiленедi;
Мемлекеттік сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды ғылыми және тиiстi бейіндегі басқа да ұйымдарға сараптық қарауға жолдауға;
Мемлекеттік сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға көрнектi ғалымдар мен халық шаруашылығының iрi мамандарын тартуға;
Мемлекеттік сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды ұсыну мен сараптық қараудың белгiленген тәртібінiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
қаралатын жұмыстардың нәтижелерiмен жергiлiктi жерде танысу үшiн Комиссия мүшелерiн, сарапшыларды жiберуге құқық берiледi.
Комиссия Мемлекеттік сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарға сараптау жүргiзу мен рецензиялауға байланысты құжаттарды, сондай-ақ Комиссия мүшелерi мен бұл iске тартылған сарапшыларға iссапарлық шығыстарды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жiбередi.
5. Комиссияның жұмысына Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен төраға басқаратын төралқа басшылық етедi.
6. Жұмыстарды алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi жұмыстарды қараудың және секциялардың ұсынымдарының негiзiнде қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы Комиссияның төралқасы қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болады.
ҚР Үкіметінің 17.07.01 ж. № 966 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Мемлекеттік сыйлықтар беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыспен қабылдайды. "Құпия" белгiсi бар жұмыстар бойынша жеке бір Мемлекеттік сыйлық беру туралы шешiмдi жасырын дауыспен құпия жұмыстар мен мәлiметтерге тиiстi нысандағы рұқсаты бар төралқа мүшелерi мен Комиссия мүшелерi қабылдайды.
Мемлекеттік сыйлық мәжіліске қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң дауысы санының кемiнде 3/4 алған жұмысқа берiледi.
Комиссия мүшелерiнiң алты жұмыс бойынша ғана Мемлекеттік сыйлық беру туралы оң шешiм шығаруға құқығы бар.
Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша алты жұмыстан артық жұмысқа Мемлекеттік сыйлықтар беруге шешiм қабылданса, онда Мемлекеттік сыйлықтар ең көп дауыс санын жинаған алты авторға (авторлар ұжымдарына) берiледi.
Егер, дауыс берудiң қорытындысы бойынша алтыдан аз жұмыс қажеттi дауыс санын алса, мәжіліске қатысқан Комиссия мүшелерiнiң дауысы санының 50% астамын алған жұмыстар үшiн қайталап дауыс берудi жүргiзуге рұқсат етiледi.
Комиссияның (төралқаның) мәжілісi оның құрамының кемiнде 2/3 болған кезде құқық күшi бар болып есептеледi.
Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
8. Комиссия мүшелерiнiң жұмыстары Мемлекеттік сыйлықтар алуға ұсынылған жағдайда олар комиссияның жұмыстарына қатыспайды.
9. Комиссия мен оның төралқасының қызметiн Комиссияның жауапты хатшысы басқаратын хатшылық қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 25 мамырдағы № 477 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 17.04.00 ж. № 593 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.03.01 ж. № 338; 16.08.01 ж. № 1069 03.04.02 ж. № 397 қаулыларымен Құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 28.02.03 ж. № 215 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 30.07.03 ж. № 763 қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.01.03. № 184 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.22.07. № 768 (бұр. ред. қара) қаулысымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Қазақстан Республикасының ғылым, техника және
білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтары
жөнiндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Комиссия төралқасы:
Әйтімова - Қазақстан Республикасының Білім және
Бірғаным Сарықызы ғылым министрi, төрайым
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович және сауда бірiншi вице-министрi,
төрайымның орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасы Білім және
Валерий Валентинович ғылым министрлігі Ғылым департаментінің
директоры, жауапты хатшы
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының
Азамат Құрманбекұлы Білім және ғылым вице-министрi
Ақанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Айқaн Ақанұлы сақтау бірiншi вице-министрi
Ерғожин - Қазақстан Республикасының Білім
Едiл Ерғожаұлы және ғылым министрлiгінің
Химия-технологиялық зерттеулер
орталығы А.Б.Бектұров атындағы Химия
ғылымдары институтының директоры
Жоламан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Рүстем Қабидоллаұлы ақпарат және спорт бірiншi
вице-министрi
Жұмағұлов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бақытжан Tұрсынұлы инженерлiк академиясы" республикалық
қоғамдық бірлестiгiнiң президентi
(келісім бойынша)
Жұрынов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы ғылым академиясы" республикалық
қоғамдық бірлестiгiнің президентi
(келісім бойынша)
Бекжанов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Жамбыл Лесбекұлы ортаны қорғау вице-министрi
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтік-
мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi
Сағадиев - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Кенжеғали Әбенұлы Мәжілісi Қаржы және бюджет комитетiнiң
төрағасы (келісім бойынша)
Комиссия мүшелерi:
Әбдiманапов - Қазақстан Республикасы Білім және
Сәрсенғали Әбдiғалиұлы ғылым министрлігi Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетiнің ректоры
Әбдiрәсiлов - Қазақстан Республикасы Білім және
Болатбек Серiкбайұлы ғылым министрлігі Білім және ғылым
саласындағы қадағалау және аттестаттау
комитетiнің төрағасы
Арын - Қазақстан Республикасы Білім және
Ерлан Мұхтарұлы ғылым министрлігі С.Торайғыров
атындағы Павлодар мемлекеттік
университетiнің ректоры
Арзықұлов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Жеткерген Әнесұлы сақтау министрлігі Қазақ онкология
және радиология ғылыми-зерттеу
институтының директоры
Батырғажин - Қазақстан Республикасы Премьер-
Азамат Байқуанышұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтік-мәдени
даму бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Білім және
Hұралы Сұлтанұлы ғылым министрлігі Химия-технологиялық
зерттеулер орталығының бас директоры
Березин - Қазақстан Республикасы Білім және
Владимир Элеазарович ғылым министрлігі Микробиология және
вирусология институтының директоры
Берсiмбаев - Қазақстан Республикасы Білім және
Рахметқажы Ескендiрұлы ғылым министрлігінің аппарат басшысы
Бишімбаев - Қазақстан Республикасы Білім және
Уәлихан Қозыкеұлы ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетiнiң ректоры
Жүсіпов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Әлихан Қазақбайұлы сақтау министрлігі Қазақ қардиология
және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу
институтының директоры
Дүйсенбеков - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Зайролла Дүйсенбекұлы басқару агенттiгi Жер ресурстары және
жерге орналастыру мемлекеттік
ғылыми-өндiрiстік орталығының бас
директоры
Есполов - Қазақстан Республикасы Білім және
Тiлектес Исабайұлы ғылым министрлігi Қазақ ұлттық
аграрлық университетiнің ректоры
Жантаев - Қазақстан Республикасы Білім және
Жұмабек Шәбденамұлы ғылым министрлігі Астрофизикалық
зерттеулер орталығының бас директоры