38-бап. Ескертпе таңбалау
Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тауар шығарылған жер атауымен қатар тұстан латынның (R) әрпi түріндегі ескертпе таңбалауды, "тiркелген тауар шығарылған жердiң атауы", "зарегистрированное наименование места происхождения товара" немесе "ТШЖА тiрк." деген сөз белгiлерiн соға алады.
11-тарау. Тауар шығарылған жер атауын құқықтық
қорғаудың қолданылуын тоқтату
39-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының берiлуiне дау айту
1. Егер тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған болса, оған дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкін.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Кез келген мүдделi тұлға тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының берiлуiне қарсы уәкiлеттi органға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiз бойынша қарсылық бере алады.
Наразылық осы Заңның 23-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қаралуға тиiс.
40-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiн және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуын тоқтату және оларды жарамсыз деп тану
1. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу:
1) осы географиялық объектiге тән жағдайлардың жойылуына және Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмiнде осы тауар шығарылған жер атауы жөнiнде көрсетiлген қасиеттерi бар тауар өндiрудiң мүмкiн болмауына байланысты;
2) тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың шығарылатын елде тоқтатылуына байланысты доғарылады.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуы:
1) осы Заңның 34-бабында белгiленген оның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты;
2) осы тауар шығарылған жер атауына қатысты Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмiнде көрсетiлген айырықша қасиеттердi тауардың жоғалтуына байланысты;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнің уәкiлеттi органға берген өтiнiшi негізiнде;
4) заңды тұлға таратылған немесе жеке тұлға - тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң кәсіпкерлiк қызметi тоқтатылған кезде доғарылады.
3. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша апелляциялық кеңестiң немесе соттың шешiмi бойынша жарамсыз деп танылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы қолданылуын тоқтатқан немесе олар жарамсыз деп танылған кезде сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне оларды жою туралы жазба енгiзедi.
12-тарау. Тауар таңбаларын иелерінің құқықтарын
және тауарлар шығарылатын жерлердің
атауларын пайдалану құқықтарын қорғау
41-бап. Апелляциялық кеңес
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Апелляциялық кеңес осы Заңның 12-бабының 5-тармағына, 19-бабының 4-тармағына, 23-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөніндегі уәкiлеттi органның бөлiмшесi болып табылады. Апелляциялық кеңес туралы ереженi, Апелляциялық кеңеске қарсылықтар беру және қарау ережелерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Берiлген қарсылық апелляциялық кеңестiң алқа мәжілісiнде осы Заңмен белгiленген мерзiмде қаралуға тиiс. Қарсылықты қарау мерзiмi қарсылық берушi тұлғаның, тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесінің арызы бойынша ұзартылуы мүмкiн, бірақ ол қарсылықты қарау үшін белгiленген мерзiм өткен күннен бастап алты айдан аспауға тиiс.
3. Қарсылық берушi тұлға, тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауының иесi шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде апелляциялық кеңестiң шешіміне сотқа шағымдануға құқылы.
42-бап. Дауларды қарау
1. Сот тәртібімен қарауға:
1) куәлiк берудiң заңдылығы туралы;
2) тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу туралы;
3) тауар таңбасын пайдалануға лицензиялық шарттар жасасу және оларды орындау туралы;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) тауар таңбасын жалпы жұртқа белгiлi деп танудың заңдылығы туралы;
4) куәлiктен туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар жатады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сараптама жасау ұйымы сот шешiмi негiзiнде тiркеуге қатысты өзгерістер туралы мәлiметтердi жариялайды.
43-бап. Заңды және жеке тұлғалардың тауар таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын немесе араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi біртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты, ал жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасы болғанда - кез келген тауарлар мен қызметтерге қатысты азаматтық айналымға рұқсатсыз енгізу тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылады.
Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын жалпыға бірдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерде (Интернетте және басқаларда) рұқсатсыз пайдалану да тауар таңбасы иесiнiң айрықша құқығын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын бұзу болып табылады.
2. Қорғалатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi осы Заңның талаптарын бұза отырып біртектес тауарларға пайдаланғаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
44-бап. Тауар таңбасы иелерiнiң құқығын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын бұзған тұлғалардың мiндеттерi
Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын не араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi заңсыз пайдаланған тұлға:
1) жолсыздықты тоқтатуға және тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiне ол шеккен залалдың орнын толтыруға;
2) дайындалған тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауының кескiнiн жоюға, тауардан, оның бумасынан, бланкілерден немесе басқа құжаттамадан заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiнi алып тастауға мiндеттi. Осы талапты орындау мүмкiн болмаған кезде тиiстi тауар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жойып жiберiлуге тиiс.
13-тарау. Қорытынды ережелер
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
45-бап. Сараптама жасау ұйымының iс-әрекетiне ақы төлеу
Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдер, тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тiркеуге және беруге өтiнiмдер қабылдауды, сараптама жүргiзудi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттер жүктейтiн өзге де iс-әрекеттердi қамтитын осы Заңда көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны үшiн сараптама жасау ұйымы заңдарға сәйкес ақы алады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
46-бап. Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, біліктілік деңгейi қойылатын талаптарға сай келетiн Республика азаматы патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл болуға құқылы. Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау және тiркеу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтiнiш берушi, патент иеленушi дербес немесе уәкiлеттi орган тiркеген патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл арқылы жүзеге асыра алады.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар өтiнiш берушi, тауар таңбасы және тауар шығарылған жер атауын иеленушi ретіндегі өз құқықтарын, сондай-ақ ақ мүдделi тұлға құқықтарын уәкiлеттi орган мен оның ұйымдарында патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдер арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар өтiнiш берушi, тауар таңбасы мен тауар шығарылған жер атауын иеленушi ретіндегі өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлға құқықтарын Қазақстан Республикасы шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлсiз жүзеге асыра алады.
4. Құпия ақпараттарға немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға Қазақстан Республикасының заң актілерінде берiлген талаптарды сақтау кезiнде сенім бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл алатын ақпарат құпия болып танылады.
Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiл осы iс бойынша iс жүргiзуге мүдделерi өтiнiш бiлдiрген тұлғаның мүдделерiне көрiнеу қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе консультация берсе, немесе оны қарауға өзгедей қатысса, сондай-ақ iстi қарауға патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлмен туыстық немесе жекжаттық қатынастардағы лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдауға құқылы емес.
5. Патенттiк сенім бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi сенімхатпен куәландырылады.
47-бап. Шет елдерде тіркеу
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары тауар таңбасын шет елдерде тіркеуге немесе оны халықаралық тіркеуден өткізуге құқылы.
Тауар таңбасын халықаралық тіркеуден өткізуге өтінім сараптама жасау ұйымы арқылы беріледі.
2. Тауар шығарылған жер атауын шет елдерде тіркеу ол Қазақстан Республикасында тіркеліп, осы тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы алынғаннан кейін жүргізіледі.
48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда көзделген құқықтар мен міндеттерді Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларымен бірдей пайдаланады және атқарады.
Қазақстан Республикасының