Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 Қаулысы
(2008.11.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауын icкe асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 1260 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жыл сайын жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 1 шілдеге және 1 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бip ай мерзімде мәдениет саласын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды бекіту және жергілікті бюджеттерде оларды іске асыру үшін қажетті қаражат көздеу ұсынылсын.
ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 1260 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 желтоқсанға Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 1260 (бұр.ред.қара); 2008.11.03. № 234 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 24 қарашадағы
№ 1161 қаулысымен
бекітілген
Мәдениет саласын дамытудың
2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны:
1. Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты
2. Кіріспе
3. Мәдениет пен өнердің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
5. Негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
5.1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
5.2.Сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектілерін басқару нысандарын жетілдіру
5.3. Кадрлармен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру
5.4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметтерін дамыту үшін жағдай жасау
5.5. Халықаралық ынтымақтастық және қазақстан өнеріндегі үздік
жетістіктердің шет елдердегі тұcaукеcepi
5.6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
5.7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 1260 (бұр.ред.қара); 2008.11.03. № 234 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-бөлім өзгертілді
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008
жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005
жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен
бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында" атты Қазақстан халқына
2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске
асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың
ic-шараларын орындаудың желілік
кестесінің 20.1-тармағы; Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5
қыркүйектегі № 903 Қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі ic-шаралар
жоспарының 6.5.14-тармағы
Бағдарламаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Қазіргі уақыттағы мәдениетті дамыту және
классикалық және халықтық өнердің озық
дәстүрлерін сақтау үшін жағдай жасау,
әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасу
Міндеттері Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет
объектілерін басқару нысандарын жетілдіру;
кадрлармен қамтамасыз ету және
біліктілікті арттыру;
өнерді және дарынды тұлғалардың
қызметтерін дамыту үшін жағдай жасау;
халықаралық ынтымақтастық және қазақстан
өнерінің үздік жетістіктерінің шет
елдердегі тұсаукесері;
материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
ақпараттық қамтамасыз ету
Іске асыру мерзімі 2006-2008 жылдар
Қажетті ресурстар 2006-2008 жылдарда Бағдарламаны іске
және қаржыландыру асыруға республикалық бюджет қаражаты
көздері бағытталған. Республикалық бюджеттен
жалпы шығындар 6 954,5 млн. теңгені, оның
ішінде 2006 жылы - 2 831,8 млн. теңгені,
2007 жылы - 1 503,0 млн.теңгені, 2008
жылы - 2 619,7 млн. теңгені құрайды.
2007-2008 жылдарға арналған шығыстар
көлемі тиісті қаржы жылына арналған
"Республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес анықталатын
(нақтыланатын) болады.
Бағдарламаны іске асыру- Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
дан күтілетін нәтиже мәдениет саласында халықты қызметтермен
қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін
және үнемі дамып отыратын жүйе
қалыптасады;
саланы басқару жөніндегі мемлекеттік
тетік қазіргі заманғы, бүгінгі күн
мәдениетінің серпінді процестерін
дамытуға қабілетті етіп өзгертіледі;
2006-2008 жылдары:
драма театрларында 110 жаңа қойылым және концерттік
ұйымдарда концерттік бағдарламалар жүзеге асырылады
жүзеге асырылады;
ұлттық және әлемдік классиканың және
Қазақстан композиторлары туындыларының 6
операсы, 7 балеті қойылады;
республикалық концерттік ұйымдардың
Қазақстанның қалалары мен аудандарына 68
гастрольдық сапарлары өткізіледі;
мыналар өткізіледі:
3 халықаралық театр және 3 кинофестиваль,
халықаралық балет әртістері, вокалистер,
пианистер конкурстары;
патриоттық ән конкурстары;
республикалық дәстүрлі орындаушылар
конкурстары (2006, 2008 жылдар);
Бұдан басқа Қытайдың Ұлттық
кітапханасында Қазақстанның Мәдениет
орталығы ұйымдастырылады (2006 жыл);
2007 жылы мыналар құрылады:
Қазақстан Республикасы Президентінің
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде
нормативтік құқықтық кесімдер
әзірленеді, мәдениет объектілері
жөндеуден өткізіледі, 157 мұражайдың
200-ден астам экспонаттары қайта
жаңартылады, мемлекеттік мұражайлар өнер
туындыларының 700 бірлігін сатып алады
және республикалық мұражайлар қорлары
50%-ға қайта жарақтандырылады.
2. Кіріспе
Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әpi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың ic-шараларын орындаудың желілік кестесінің 20.1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарының 6.5.14-тармағына сәйкес әзірленді.
Рухани және материалдық мәдениетті сақтау және қалпына келтіру жөніндегі жұмыс бағдарламалық құралдар мен әдістерді, пәрменді ұйымдастыру және қаржылық қолдауды талап етеді. Қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін арнайы ұйымдастырылған және мақсатқа бағытталған процеске біріктіру мәдени күйзелістің қауіпті аймағын бейтараптандыруға, әлеуметтік-мәдени кеңістіктің тұтастығын қалпына келтіруге, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың шынайы өнімді түрлері мен нысандарын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Осы Бағдарлама мемлекет пен қоғам өміріндегі мәдениеттің түпкілікті маңыздылығынан туындап отыр. Бұл ретте мәдениет зайырлы демократиялық мемлекеттің тыныс-тіршілігі жағдайында халықтың адамгершілік бағдарларын сақтау міндетін мойнына алып, ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық салаларына әсер ететін рухани құндылықтардың тұтас жүйесі ретінде қарастырылады.
Бағдарламаны іске асыру халықтың барлық жіктерінің отандық және әлемдік мәдениет туындыларына қол жетімділігін қамтамасыз етуге жәрдем етеді, Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтауға, шет елдерде Қазақстан мәдениетінің жоғары беделін қолдауға ықпал етеді.
3. Мәдениет пен өнердің қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени қайта құрулар кезеңінде мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты қалыптасқан мәдени кеңістік құрылымын сақтау және жаңа экономикалық қарым-қатынастарға кешу жағдайында оны оңтайландыру болды.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша бүгінгі күні елде 48 театр, 62 концерттік ұйым, 3539 кітапхана, 154 мемлекеттік мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 2259 клуб түріндегі мекеме, 42 луна-парк пен демалыс саябақтары, 4 хайуанаттар паркі жұмыс істейді.
1996-1998 жылдардағы саланың құлдырауынан кейін Қазақстанда Мәдениет жылы болып жарияланған 2000 жылдан бастап саладағы ахуал елеулі жақсарғанын айта кету керек. Соңғы 5 жылда мәдениет мекемелерінің жұмысында оң үрдістер байқалды.
Театрлар саны 4 бірлікке өсті. Театрлардың жалпы санының 47-і (97,9%) мемлекеттік, 1-eуі жеке меншік нысанында. Театр өнері әр түрлі бейіндерінде жұмыс істейтін ұжымдар болып табылады, олар: 2 опера және балет, 33 драма, 4 музыкалық комедия, 4 жасөспірімдер, 5 қуыршақ театрлары.
Қазақстанда 73 тұрақты кинотеатр және 266 жылжымалы әpi стационарлық кино қондырғылары бар. 2003 жылмен салыстырғанда олардың санының өcуі тиісінше 49,3%-ды және 81,2%-ды құрады. Кино көрсетілімдерінің санын салыстыру 2001 жылдан бастап сеанстар орта есеппен 32,8%-ға өскендігін көрсетеді. Балалар сеанстарында кино көpceтілімдepi үздіксіз өсуде.
Соңғы жылдары концерттік залдардың инфрақұрылымы айтарлықтай өзгерді, олардың сыйымдылығы артты, яғни 2005 жылдың басында 18477 орынды құрап отыр, ол 2003 жылмен салыстырғанда 21,9%-ға артық. Қазақстанның концерттік ұйымдары сондай-ақ мемлекеттік (79%) және жеке меншік (21%) нысанында. Жыл сайын орта есеппен филармония концерттерінің саны 56%-ға, олардағы тыңдаушылардың саны 10%-ға өсіп отыр.
2001 жылдан бастап жұмыс icтеп тұрған мұражайлар саны жылына орта есеппен 17,3%-ға өсті. Елдегі мұражайлардың, жалпы санының көп бөлігі (89,8%) мемлекеттік, қалғаны - жеке меншік нысанда. Ауылдық жерде 67 (40,4%) мұражай жұмыс істейді. Соңғы 2 жылда мұражайлар қорлары құнды экспонаттардың үштен бip бөлігіне толықты.
Халықтың білім деңгейінің артуымен біргe библиографиялық ақпаратқа деген сұраныс өciп отыр, бұл кітапхана пайдаланушылары санының (2002 жылдан бастап орта есеппен жыл сайын 2,3%-ға) үздіксіз өсуіне, сондай-ақ оларды техникалық қамтамасыз етуге
(46,4%-ы дербес компьютерлермен жарақталды) әкеліп отыр. Соңғы жыл ішінде кітапханалар саны 77 бірлікке өcті. Кітапханалардың жалпы санының 2900-і (81,9%) - ауылдық жерлерде орналасқан. Елдің кітапхана қоры 115,4 млн. бірлікті құрайды.
Жыл сайын клуб тектес мекемелердің желісі (орта есеппен 9,1%) кеңейе түсуде. 2002 жылмен салыстырғанда клуб тектес мекемелердің саны 20%-ға өсті және 2004 жылы 2259 бірлікке жетті, олардың неғұрлым көп бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан. 2001 жылдан бастап клубтардың белсенділігі үздіксіз өсуде, 2003 жылмен салыстырғанда клуб ұжымдары өткізген ic-шаралар саны 5,3%-ға артты, ic-шаралардың жалпы санының үштен бipi балаларға арналған ic-шаралардың үлесіне келеді.
2004 жылы Қазақстанда 9420 көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс істеді, олардың 7053 (74,9%) - ауылдық жерлерде. Көркемөнерпаздар ұжымдары негізінен хор, вокал (26,6%) және хореографиялық (23,5%) болып табылады. Ұжымдық көркемөнерпаздар шығармашылығының жұмысына 125,2 мың адам қатысты.
2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекеттің Ұлттық тарихы үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер қайта жаңартылуда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы № 171 қаулысымен бекітілген ic-шаралар жоспары іске асырылып жатыр. Облыс әкімдіктері тарихи-мәдени мұраны сақтаудың өңірлік бағдарламаларын іске асыруда. Қазақстан тарихының атаулы оқиғаларына арналған тарихи және этнографиялық бейіндегі мемлекеттік мұражайлардың, мемориалдардың тарамдалған желісі құрылды.
Өткен уақыт аралығында жұмыс істеп тұрған ғылыми-зерттеу және қалпына келтіру базаларын, тарихи-мәдени қорық-мұражайларын сақтау және мәдени мұра ескерткіштерін насихаттау, оларды туризм инфрақұрылымы жүйесіне енгізу жөнінде белгілі бip шаралар қабылданған.
Ежелгі қолжазбаларды, кітаптар мен басқа да деректерді сақтауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанынан Ұлттық кітап раритеттерін анықтау және сатып алу, сондай-ақ кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылды.
Президенттің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 Жарлығымен бекітілген Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспарының шеңберінде ауылдық елді мекендерді мәдениет объектілерімен қамтамасыз ету нормативтерін бекітетін нормативтік құқықтық кeciмнің жобасы әзірленді.
Саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы", "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" заңдары қолданылып жүр. Қазіргі уақытта мұражай құндылықтарын есепке алу және сақтау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдер дайындалуда.
Ұлттық кинематографияны дамытуға назар аударылып, қазақ халқының тарихына арналған ipi киножобалар жүзеге асырылуда. Фильмдерді жасауға AҚШ-тың, Қытайдың, Францияның, Ресейдің және басқа да елдердің кинематографистері қатысады. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясының киностудиясында кино өндірісінің әлемдік стандарттарына сәйкес жаңа цехтар мен бөлімдер құрылды, жаңа кино жабдықтары сатып алынды. 420-дан астам жұмыс орындары ұйымдастырылды, жаңа кәсіптер игерілді.
Астана қаласы мәдениетінің инфрақұрылымы кеңейтілуде. Бұрын ашылған екі театрға қосымша К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры жұмыс icтейді, Президенттің мәдениет орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы салынды және іске қосылды. Қазіргі уақытта Мемлекеттік циркті ашу және Бейбітшілік және келісім сарайын салу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Отандық авторларды көркемдігі жоғары туындылар жасауға тарту, сондай-ақ өнерді дамыту процесін қолдау мақсатында жыл сайын "Астана-Бәйтерек" ұлттық конкурсы өткізіледі.