Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1260 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 44, 583-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы және 4-тармақтағы «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«А.С. Есімовке» деген сөздер «К.Қ. Мәсімовке» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Бағдарламаны әзірлеуші» деген жолдағы «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5. Негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі» деген бөлімде:
«5.2. Саланың инфрақұрылымын дамыту және басқару нысандарын жетілдіру» деген кіші бөлімнің алтыншы абзацы «беру» деген сөзден кейін «, сондай-ақ мәдениет саласында жеке меншік секторды дамыту» деген сөздермен толықтырылсын;
«5.4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамытуға жағдай жасау» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында шығармашылық қайраткерлерді, дарынды музыканттар мен орындаушыларды мемлекеттік қолдау жүйесі жетілдірілетін болады.»;
«8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:
бүкіл мәтін бойынша 4-бағандағы «МАСМ» деген аббревиатура «MAM» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«2. Сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектілерін басқару нысандарын жетілдіру» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 7-жолда:
2-бағандағы «Қазақстан бойынша» деген сөздерден кейін «және шет елдерде» деген сөздермен толықтырылсын;
6-бағандағы «Барлығы: 217,0», «2007 ж. - 73,5» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 287,6», «2007 ж. - 144,1» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолда:
6-бағандағы «Барлығы: 372,0», «2007 ж. - 126,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 392,1», «2007 ж. - 146,1» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9-жолда:
6-бағандағы «Барлығы: 42,1», «2007 ж. - 15,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 37,7», «2007 ж. - 10,6» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10-жолда:
6-бағандағы «Барлығы: 290,1», «2007 ж. - 96,7» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 324,0», «2007 ж. - 130,6» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 10-1, 10-2, 10-3-жолдармен толықтырылсын:
«
10-1. | Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Есік» тарихи-мәдени қорық-мұражайын ұйымдастыру (салу) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | 2007-2008 жылдар, IV тоқсан | Барлығы: 90,4, оның ішінде: 2007 ж. - 40,0 2008 ж. - 50,4 | Республикалық бюджет |
10-2. | Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайын ұйымдастыру (салу) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | 2007-2008 жылдар, IV тоқсан | Барлығы: 90,9, оның ішінде: 2007 ж. - 40,0 2008 ж. - 50,9 | Республикалық бюджет |
10-3. | Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Құжаттарды қалпына келтіру және жаңадан жасау орталығын құру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | 2007 жыл, II тоқсан | 2007 ж. - 2,5 | Республикалық бюджет |
»;
«3. Кадрмен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 11-жолда:
6-бағандағы «Барлығы: 40,0», «2007 ж. - 10,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 121,7», «2007 ж. - 91,7» деген сөздермен ауыстырылсын;
«4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамыту үшін жағдай жасау» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 15-жолда:
6-бағандағы «12,0» деген сандар «10,0» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 18-жолда:
6-бағандағы «2007 ж. - 25,8» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19-1, 19-2, 19-3, 19-4, 19-5, 9-6, 19-7, 19-8, 19-9, 19-10-жолдармен толықтырылсын:
«
19-1. | Алматы қаласында өнер туындыларының аукционын өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл, IV тоқсан | 2007 ж. - 23,1 | Республикалық бюджет |
19-2. | «Бүгінгі ауыл мәдениетінің жай-күйі мен перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция және «Үздік мәдениет қызметкері» атты мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі республикалық конкурсын өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл, ІІІ тоқсан | 2007 ж. - 6,0 | Республикалық бюджет |
19-3. | Қазақстанның драма театрларының ХV республикалық фестивалін өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 14,0 | Республикалық бюджет |
19-4. | Шетелдік шеберлердің қатысуымен Театр өнері қайраткерлерінің республикалық практикумын өткізу (Астана қаласы) | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 12,8 | Республикалық бюджет |
19-5. | «Опералия» халықаралық фестивалін өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 140,3 | Республикалық бюджет |
19-6. | Дәстүрлі орындаушылардың Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурсын өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 13,0 | Республикалық бюджет |
19-7. | Жас орындаушылардың «Жас қанат - 2007» XVI республикалық конкурсын өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 3,7 | Республикалық бюджет |
19-8. | Балалар шығармашылығының республикалық конкурстарын өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 6,5 | Республикалық бюджет |
19-9. | «Алматы - менің алғашқы махаббатым» фестивалін өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 34,3 | Республикалық бюджет |
19-10. | Қуыршақ театрларының халықаралық фестивалін өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 6,8 | Республикалық бюджет |
»;
«5. Халықаралық ынтымақтастық және қазақ өнерінің үздік жетістіктерінің шет елдердегі тұсаукесері» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 22-жолда:
6-бағандағы «74,7,», «2007 ж. - 25,3» деген сөздер тиісінше «71,3,», «2007 ж. - 21,9» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 32-жолда:
6-бағандағы «45,4,», «32,7» деген сандар тиісінше «32,7,», «20,0» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 33-жолда:
6-бағандағы «20,0» деген сандар «12,7» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 34-1, 34-2, 34-3, 34-4-жолдармен толықтырылсын:
«
34-1. | Қазақстанның Қытайдағы Мәдениет күндерін өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 10,7 | Республикалық бюджет |
34-2. | Қазақстанның Өзбекстандағы Мәдениет күндерін өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 14,2 | Республикалық бюджет |
34-3. | Тәжікстанның Қазақстандағы Мәдениет күндерін өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 10,8 | Республикалық бюджет |
34-4. | Қазақстанның Украинадағы Мәдениет күндерін өткізу | Бұйрық | МАМ | 2007 жыл | 2007 ж. - 56,8 | Республикалық бюджет |
»;
«6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 35-жолда:
6-бағандағы «Барлығы: 1822,7», «2007 ж. - 535,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 2387,7», «2007 ж. - 1100,0» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 36-жолда:
6-бағандағы «30,0», «20,0» деген сандар тиісінше «18,1», «8,1» деген сандармен ауыстырылсын;
«7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 37-жолда:
6-бағандағы «9,0» деген сандар «7,0» деген сандармен ауыстырылсын, «2007 ж. - 2,0» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 38-жолда:
6-бағандағы «Барлығы: 45,4, оның ішінде: 2007 ж. - 23,0» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
39. | Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған «РБНСГ-Вести» газетінің рельефтік-нүктелік және жалпақ баспа қаріптерімен шығарылуын жолға қою | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МАМ | 2007 жыл, II тоқсан | 2007 ж. - 1,5 | Республикалық бюджет |
»;
реттік нөмірі 40-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2008 ж. - 2,0; 2008 ж. - 5,0; 2008 ж. - 5,0»;
«Республикалық бюджеттен жиыны» деген жолдағы 6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Барлығы: 5597,8,
оның ішінде:
2006 ж. - 1503,0
2007 ж. - 2591,8
2008 ж. - 1604,3»;
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
«МАСМ - Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«MAM - Мәдениет және ақпарат министрлігі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |