4-тармақтың бесінші - жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің көрсетілген төменгі мәндерге сәйкес келетін және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін айқындау үшін қажетті проценттік мәні өнімді бөлу туралы келісім-шартта мынадай шектерде белгіленеді:
R-фактордың (кірістілік көрсеткішінің) мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің проценттік мәнi |
1,2-ден аз немесе соған тең | 70 проценттен 90 процентке дейін |
1,5-тен көп немесе соған тең | 10 процент |
Егер R-фактордың (кірістілік көрсеткішінің) алынған мәні 1,2-ден көп және 1,5-тен аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі мына формула бойынша есептеледі:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (A% - (A% - 10%)/0,3*(Х - 1,2)* 100%), мұнда:
А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің өнімді бөлу туралы келісім-шартта көрсетілген R-фактордың (кірістілік көрсеткішінің) мәніне сәйкес келетін, 1,2-ден аз немесе соған тең проценттік мәні;
X - жобаның іске асырылуы кезеңіндегі R-фактордың (кірістілік көрсеткішінің) іс жүзінде алынған мәні.
R-фактордың (кірістілік көрсеткішінің) мәні үтірден кейінгі екінші белгіге дейін дәлдікпен айқындалады.";
5-тармақтың төртінші - алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің көрсетілген төменгі мәндерге сәйкес келетін және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін айқындау үшін қажетті проценттік мәні өнімді бөлу туралы келісім-шартта мынадай шектерде белгіленеді:
Рентабельділіктің ішкi нормасының (РІН) мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегi үлесінің проценттік мәнi |
12 проценттен кем немесе соған тең | 70 проценттен 90 процентке дейін |
20 проценттен көп немесе соған тең | 10 процент |
Егер рентабельділіктің ішкі нормасының (РІН) алынған мәні он екі проценттен астам және жиырма проценттен кем болған жағдайда, онда жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі мына формула бойынша есептеледі:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (А% - (А% - 10%)/8% * (Х - 12%)), мұнда:
А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің өнімді бөлу туралы келісім-шартта көрсетілген рентабельділіктің ішкі нормасының (РІН) мәніне сәйкес келетін, 12 проценттен аз немесе соған тең проценттік мәні;
X - жобаның іске асырылуы кезеңіндегі рентабелділіктің ішкі нормасының (РІН) іс жүзінде алынған мәні.
Рентабельділіктің ішкі нормасының (РІН) мәні үтірден кейінгі екінші белгіге дейін дәлдікпен айқындалады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Р-фактор (баға коэффициенті) есептілік кезеңіндегі өтемдік өнімнің нақты құны мен жер қойнауын пайдаланушының есептілік кезеңіндегі пайда түсіретін өнімдегі үлесінің нақты құны сомасының есептілік кезеңіндегі мұнай өндіру көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің көрсетілген төменгі мәндерге сәйкес келетін және жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесін айқындау үшін қажетті проценттік мәні өнімді бөлу туралы келісім-шартта мынадай шектерде белгіленеді:
Р-фактордың (баға коэффициентінің) мәнi | Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегi үлесінің проценттік мәнi |
1 баррель үшін 12 АҚШ долларынан кем немесе соған тең | 70 проценттен 90 процентке дейін |
1 баррель үшін 27 АҚШ долларынан астам немесе соған тең | 10 процент |
Егер Р-факторының (баға коэффициентінің) алынған мәні 1 баррель үшін 12 АҚШ долларынан астам және 27 АҚШ долларынан кем болған жағдайда, онда жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі мына формула бойынша есептеледі:
жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (А% - (А% - 10%)/15 * (X - 12) * 100%), мұнда:
А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесінің өнімді бөлу туралы келісім-шартта көрсетілген Р-фактордың (баға коэффициентінің) 1 баррель үшін 12 АҚШ долларынан кем немесе соған тең мәніне сәйкес келетін проценттік мәні;
X - жобаның іске асырылуы кезеңіндегі Р-фактордың (баға коэффициентінің) іс жүзінде алынған мәні.
Р-фактордың (баға коэффициентінің) мәні үтірден кейінгі екінші белгіге дейін дәлдікпен айқындалады.";
30) 314-5-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өнімді бөлу туралы келісім-шартты орындау кезінде мемлекет түсімдерінің үлесі әрбір салық кезеңінде өндіру басталған кезден салынған инвестициялар қайтарылған кезге дейін өнімді бөлу туралы келісім-шартта белгіленген мәннің бес процентінен он процентіне дейінгіден кем болмауға және жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде, келесі кезеңдерде алған өнім көлемінің қырық процентінен кем болмауға тиіс.
2. Осы баптың мақсаттары үшін мемлекет түсімдерінің үлесі жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңі ішіндегі өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылатын, орындалған салықтық міндеттемелерін білдіреді.
Мемлекет түсімдерінің үлесі қосылған құн салығын және жер қойнауын пайдаланушы оларға қатысты салық агенті ретінде әрекет ететін салықтарды қамтымайды.";
31) 316-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацында:
"1) тармақшасында" деген сөздер "3) және 4) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өтемді қызмет көрсету шарттары бойынша" деген сөздер "қызмет көрсетудің өтемді шарттары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "2) және 3) тармақшаларында" деген сөздер "1) және 2) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 318-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтік салықты есептеу осы Кодекстің 317-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында белгіленген ставкаларды осы Кодекстің 316-бабына сәйкес айқындалған салық жылы ішіндегі әлеуметтік салық салу объектісіне және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін әлеуметтік аударымдар сомасына кеміту арқылы жүргізіледі.";
33) 355-бапта:
1-тармақта:
"2-тармағында" деген сөздер "2 және 2-1-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мен жеке кәсіпкерлер" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жеке кәсіпкерлер мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді.";
34) 365-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"365-бап. Салық ставкалары
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
1) 1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,05 проценті; |
2) 1 000 000 теңгеден жоғары - 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 проценті; |
3) 2 000 000-нан теңгеден жоғары - 3 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 проценті; |
4) 3 000 000 теңгеден жоғары - 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 проценті; |
5) 4 000 000 теңгеден жоғары - 5 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 проценті; |
6) 5 000 000 теңгеден жоғары - 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 5 800 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 проценті; |
7) 6 000 000 теңгеден жоғары - 7 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 проценті; |
8) 7 000 000 теңгеден жоғары - 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 проценті; |
9) 8 000 000 теңгеден жоғары - 9 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 проценті; |
10) 9 000 000 теңгеден жоғары - 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 проценті; |
11) 10 000 000 теңгеден жоғары | 23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 проценті; |
35) 376-баптың 2-тармағында:
1) тармақшада:
екінші абзацтағы "он бес" деген сөздер "жиырма бec" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «4500,0» деген цифрлар «10000,0» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
екінші абзацтағы "жиырма бес" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "9000,0" деген цифрлар "25000,0" деген цифрлармен ауыстырылсын;
36) 377-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке кәсіпкердің табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
Тоқсандық табысы | Ставкасы |
3000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда | табыс сомасының 3 проценті |
3000,0 мың теңгеден жоғары - 6000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда | 90,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 4 процент |
6000,0 теңгеден жоғары | 210,0 мың теңге + 6000,0 теңгеден асатын табыс сомасынан 5 процент |
3. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
Тоқсандық табысы | Ставкасы |
3000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда | табыс сомасынан 3 проценті |
3000,0 мың теңгеден жоғары - 10000,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда | 90,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 4 процент |
10000,0 теңгеден жоғары - 18000,0 мың теңгені қоса алғанда | 370,0 мың теңге + 10000,0 теңгеден асатын табыс сомасынан 5 процент |
18000,0 теңгеден жоғары | 770,0 мың теңге + 18000,0 теңгеден асатын табыс сомасынан 7 процент |
37) 516-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына еркін айналым үшін шығарған кезде кеден бажы мен акциз жиынтық төлем түрінде төленуі мүмкін.";
38) 518-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"518-бап. Салық құпиясы
1. Мына мәліметтерді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы;
2) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салық кезеңінде бюджетке төлеген салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы;
3) салық төлеушіге салық жылында бюджеттен нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының қайтарылатын сомалары туралы;
4) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғаларды заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына; салық төлеушінің салық міндеттемелерін айқындау туралы істерді және салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілікті қарау барысында соттарға; мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткішін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға берілетін;
5) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық және құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға берілетін мәліметтерді қоспағанда, салық қызметі органы салық төлеуші туралы алған кез келген мәліметтер салық құпиясы болып табылады.
2. Салық төлеушіге қатысты ақпаратты салық төлеушінің жазбаша рұқсатынсыз басқа тұлғаға беруге болмайды.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдары, олардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары салық құпиясын жария етпеуге тиіс. Мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді.
4. Салық қызметінің және мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де салық құпиясы болып табылатын деректерді жария етуге құқылы емес.
5. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.".
3. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат):
290-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының кедендік аумағына еркін айналыс үшін шығарған кезде кеден бажы мен акциз Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жиынтық төлем түрінде төленуі мүмкін.".
2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2005 жылғы қарашаның 22-сі. № 89-III ҚРЗ