43. Кеменi меншiк құқығында сатып алған кез келген тұлға отыз күннiң iшiнде Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне кеменің өзiн және оған меншiк құқығын тiркеуге мiндеттi.
Шетелдiк мемлекеттің кемелерi тiзілімінде тiркелген кеменi жалға алу шартында (кеменi экипажсыз жалға алу шарты) пайдаланатын кез келген тұлға жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзiлiмiне тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды отыз күннiң iшiнде беруi тиiс
Кемелердi мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш мынадай құжаттар қоса берiлген кеме тiзiлiмiнiң сауалнамасын (10-қосымша) қамтуы тиіс:
кемеге меншік құқығын растайтын құжатты;
жүзуге жарамдылық туралы куәлiктi;
өлшем куәлiгiн (аралас (теңiз-өзен) жүзген кемелер үшiн);
бiліктілік куәлiгiн;
жолаушылар куәлiгiн (жолаушылар кемесi үшін);
теңiз, өзен кемелерi мен шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік тiркеу үшiн бюджетке алым сомасының төленгендігін растайтын құжатты.
Жалға алу шартында кеменi (кеменi экипажсыз жалға алу шарты) жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзілiмiне тiркеу кезiнде осы тармақтың 4-8-абзацтарында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
уәкілеттi органның шетелдiк кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменің атын анықтау туралы шешiмi;
жалға алу шарты;
туы ауысқанға дейін кеме тiкелей тiркелген шетелдік мемлекеттің құзыреттi билiк орындары берген және сол мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзiмi тоқтатылғанын растайтын құжат;
кеме иесінің және кеменiң тiркелген ипотекасын немесе сол сипаттағы кеменің ауыртпалығын кепілге ұстаушының кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге көшiруге жазбаша рұқсаты;
қазақстандық жалдаушының аты-жөнi мен мекен-жайын растайтын құжат.
Кемелердi Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне және жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне тiркеу кезiнде оларға тиiстi тiркеу нөмiрлерiн бере отырып, осы Ереженiң 41-тармағында көрсетiлген кеме құжаттары табыс етіледi.
44. Кемелердi мемлекеттік тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерiнде жасалған болуы тиiс;
2) ресми шетелдiк құжаттар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнде немесе консулдық мекемелерiнде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, жария етiлуi тиiс. Қажет болған жағдайларда қарауға соларға қатысты көрсетiлген талаптар орындалған құжаттардың расталған көшiрмелерi қабылдануы мүмкiн. Ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі расталған аудармасы қоса берiледi;
3) құжаттардың мәтiндерi анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылған болуы тиiс;
4) тазаланған немесе үстiнен жазылған, сызылған сөздер мен оларда айтылмаған өзге де түзетулерi бар құжаттар, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бірыңғай түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар мемлекеттік тiркеуге қабылдауға жатпайды;
5) тiркеуге қажеттi барлық құжаттар екi данада берiледi, олардың бipeуi түпнұсқа, ал екiншiсi нотариалды расталған көшiрмесi болуы тиiс. Тiркелгеннен кейiн түпнұсқа құқық иесiне қайтарылуы тиiс.
45. Кемелердi мемлекеттік тiркеу барлық қажеттi құжаттар тапсырылған сәттен бастап отыз күннің iшiнде жүргiзiледi.
Егер кеме мемлекеттік тiркеуге жатпаса, бұл туралы мемлекеттік тiркеуге құжаттар берiлген сәттен бастап жетi күннен кешіктiрiлмей кеменi ұсынған тұлғаға жазбаша хабар берiледi.
Кеменi мемлекеттік тiркеу орнын өзгерту қажет болған кезде 43-тармақтың 4-8-абзацтарында көрсетiлген құжаттардан басқа, кеменің жаңа мемлекеттік тiркеу орны бойынша аумақтық уәкiлеттi органға кеме куәлiгi беріледi (кеменің бұрынғы мемлекеттік тiркеу орны бойынша есептен шыққан белгiсi бар).
46. Кеменi қайта тiркеу туралы белгiнi алған, сондай-ақ кеменiң негiзгi техникалық сипаттары өзгерген кезде (жолаушы сыйымдылығы, жүк көтергіштiгi, қуаттылығы, жүзу санаты) кеме куәлiгiнде және Мемлекеттік кеме тiзiмiнде тиiстi жазбалар он күн мерзiмде кеменің мемлекеттік тiркеу орны бойынша жүргiзіледi.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 46-1 тармақпен толықтырылды
46-1. Кеменің иесi кеме куәлігін жоғалтқан жағдайда аумақтық уәкілетті орган кеме иесiнiң өтiнiшi бойынша оған көрсетiлген куәлiктің телнұсқасын бередi.
Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру мынадай тәртiппен жүргізіледi:
1) осы Ережеге сәйкес кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру үшін қажетті құжаттарды қабылдау, оларды алған кезде аумақтық уәкiлетті органның лауазымды тұлғасы кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Ұсынылатын құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген кезде өтiнiш берушiге құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтінiш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартудың жазбаша дәлелденген растамасы беріледi;
2) осы кемеге мәлiмделіп отырған құқықтар мен тiркелiп қойған құқықтар арасында қайшылықтардың, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшiн негiздеменің жоқтығын анықтау;
3) көрсетiлген қайшылықтар және кеме куәлiгінің телнұсқасын беру үшiн басқа да негiздемелер болмаған кезде кеме куәлiгінің телнұсқасын беруден бас тарту туралы Мемлекеттік кеме тiзілiмiне жазбалар енгізу.
Кеме куәлігінің телнұсқасын беру туралы өтінiш 43-тармақтың төртiншi-сегiзiншi абзацтарында көрсетiлген құжаттар қоса берiлген кеме тiзілiмiнiң сауалнамасын қамтуы тиiс
47. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеменi жалға алу шарты бойынша шетелдiк жалдаушының иелiгiне және пайдалануына беру кезiнде мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде шетел мемлекетiнiң туын көтеруге уақытша көшiрілуi мүмкiн.
48. Кеменi шетел мемлекетiнiң туын көтеруге көшiру туралы шешiмдi кеме иесiнiң немесе ол соған уәкiлеттiк берген тұлғаның мынадай құжаттарды қоса бере отырып, кеменi мемлекеттік тiркеу орны бойынша аумақтық уәкiлеттi органның атына жiберiлген өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi орган қабылдайды:
1) ипотеканы кепiлдiкке ұстаушының кеменi шетел мемлекетінің туын көтеруге көшiруге жазбаша келiciмi (белгiленген тәртiппен белгiленген және тiркелген кеме ипотекасын ұстаушылар алдын ала қанағаттандырылмаған кезде);
2) жалдаушы мемлекеттің құзыреттi органдарының немесе кеме туын көтеруге көшірілетін өзге де шетел мемлекеттің белгіленген тәртіппен куәландырылған, сол мемлекеттің заңнамасында Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелген кемеге осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығын беруге тыйым салатын ережелердің жоқтығын және кемеге осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығының берiлу мерзiмi бiтiсiмен кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге қайтарылатынын растайтын құжат;
3) шетел мемлекетiнің туын көтеріп жүзу құқығының берiлуiн немесе бұл құқықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығының тоқтаған сәтiнде берілетiндiгiн растайтын құжат;
4) жалға алу шарты.
49. Бас тартуға негiздер жоқ болған жағдайда осы Ереженің 15-тармағына сәйкес Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде "Өзгертулер туралы белгiлері" бағанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығының тоқтаған күнi, кеменi шетел мемлекетiнің туын көтеруге көшiруге рұқсат етілген мерзiм, өз туын көтеріп кеменің жүзуiне рұқсат етiлген мемлекеттің аты, жалға алу шарты бойынша шетелдiк кеме жалдаушының аты-жөнi мен мекен-жайы көрсетіледi.
50. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тиiстi белгi енгiзiлген күн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын тоқтата тұру күнi болып есептеледi. Кеме куәлiгiне белгi енгізу өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшінде жүргiзiледi.
51. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатылған мерзiм iшiнде оның бортында осы құқықтың тоқтағандығы туралы белгi қойылған кеме куәлiгi болуы тиiс.
52. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатылған мерзiм ішінде кемеге құқықтарды, шектеулердi (ауыртпалықтарды) осы Ережеге сәйкес Мемлекеттік кеме тiзiлімiне тiркеудi жүргiзу жалғастырылады.
53. Кеменi жалға алу шартының күшi тоқтаған немесе уәкілеттi органның рұқсатында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне "Өзгертулер туралы белгiлер" бағанына кеме иесiнiң өтiнiшi негiзiнде тиiстi жазба енгiзiледi және осы Ережеде белгiленген тәртіппен жаңа кеме куәлiгi беріледi.
54. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi осындай құқықты растайтын және кеме Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркелгенге дейiн, бірақ бір жылдан аспайтын уақытқа жарамды кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлiк (бұдан әрi уақытша куәлiк) (11-қосымша) берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының консулдық қызметiнiң лауазымды тұлғасы қажеттi құжаттарды алған кезде есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Уақытша куәлiк бергенi туралы әрбір жазба тiркеу нөмiрiмен сәйкестендiріледi. Мұндай нөмiр құжаттарды қабылдаған кезде берiледi және қабылдаған құжаттардың кiрiс нөмiрiне сәйкес келедi. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейiн уақытша куәлiк бередi. Қазақстан Республикасының консулдық қызметi берiлген уақытша куәлiк туралы он күн ішінде уәкiлеттi органға уақытша куәлiктiң көшiрмесiн қоса бере отырып, хабар жібередi.
55. Қазақстан Республикасынан тыс жерден сатып алынған кеменi Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне тiркеу болжанып отырған тiркеу орны бойынша Қазақстан Республикасының аумақтық уәкiлеттi органына кеменi мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш ұсыну бойынша осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 56 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
56. Мемлекеттік кеме тiзiлiмiн және жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзілiмiн жүргiзудi аумақтық уәкiлеттi органдар қағаз және электронды тасымалдаушылармен жүзеге асырады.
Мемлекеттік кеме тiзiлiмiн жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган белгілейдi.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 57 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
57. Кемелерге тiркеу нөмiрлерiн беру төменде санамаланған литерлермен жүзеге асырылады:
1) Жоғары Ертіс бассейнiне - "ВИ";
2) Орал бассейнiне - "У";
3) Iле бассейнiне - "И";
4) Балқаш бассейнiне - "Б";
5) Есіл бассейнiне - "Иш";
6) Сырдария бассейнiне - "С";
7) Орталық бассейнге (Қазақстан Республикасының басқа су қоймалары) - "Ц".
Жалға алынған шетелдiк кемелердің тiзiлiмiне енгiзiлген кеменiң тiркеу нөмiрiне "А" әрпi қосылады.
58. Кеменiң тiркеу орнын белгiлеу мақсатында нақты бассейн үшiн белгiленген әрiптiк литерiне, сондай-ақ сандық литер қосылады:
1) Өскемен учаскесi - "ВИ-1";
2) Семей учаскесi - "ВИ-2";
3) Павлодар учаскесi - "BИ-3";
4) Орал учаскесi - "У-1";
5) Атырау учаскесi - "У-2";
6) Астана қаласы учаскесi - "Иш-1";
7) Петропавл учаскесi - "Иш-2";
8) Қарағанды учаскесi - "Ц-1";
9) Қостанай учаскесi - "Ц-2".
59. Кемелерге берiлген тiркеу нөмiрлерi мен олардың литерлiк белгiлеуi (әріптiк және сандық) кеменің алдыңғы жағының екi бортына оның атауынан (нөмiрiнен) жоғары жазылады. Бұл ретте кеменің атауын (нөмiрiн) жазу өз өлшемдерi бойынша оның тiркеу нөмiрi мен литерлiк белгiлеуiнен iрілеу болуға тиiс.
Кеменің алдыңғы жағында басқа жазуларға рұқсат етiлмейдi.
4. Шағын өлшемді кемелер мен оларға құқықтарды
мемлекеттік тiркеудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 60 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
60. Шағын өлшемдi кеме оған тіркеу нөмiрi берiле отырып, кеме кiтабында мемлекеттік тiркеуге жатады.
Кеме кiтабын жүргiзудi аумақтық уәкiлеттi органдар қағаз және электронды тасымалдаушылармен жүзеге асырады.
Кеме кiтабын жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
61. Тiркелген әрбір шағын өлшемдi кемеге тiркеу карточкасы ашылады.
62. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен алып тасталды (бұр . ред. қара)
63. Заңды тұлғалар меншiк түрiне қарамастан, аумақтық уәкiлеттi органда өздерiне тиесілi шағын өлшемдi кемелердi, олардың техникалық жай-күйiне, жыл мезгілiне және кеменiң тұрақтану орнына қарамастан, сатып алу (алу), жасау немесе оларды қайта тiркеуге әкеп соқтыратын жағдайлардың туындау сәтiнен бастап 10 тәулiк iшiнде тiркеуге (қайта тiркеу) тиiс.
64. Кемелер заңды тұлғаларға олардың тұрақты болу орны бойынша тiркеледi. Азаматтардың жеке меншiгіндегi кемелер иесiнiң атына оның тұрақты тiркелiм орны бойынша тiркеледi.
65. Шағын өлшемдi кемелердi тiркеу және есепке қою кезiнде оның иесi немесе оған сенiмхаты бар тұлға төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат көрсетуге мiндеттi.
66. Шағын өлшемдi кемелердi тiркеу мыналарды ұсыну бойынша жүргiзiледi:
кеменiң негiзгi техникалық деректерi, оның тұрағының орны, атауы және заңды мекен-жайы, тегi, аты, әкесінiң аты, туған жылы, тұрғылықты жерi, иесiнiң жұмыс орны көрсетілетiн иесiнiң жазбаша өтiнiшiн;
кемелердің не, егер кеме өз күшiмен жасалған болса, материалдардың алынғанын немесе сатып алынғанын растайтын құжаттарды (шоттар, дүкендердің тауарлық чектерi, материалдарға анықтамалар, сатып алу-сату шарттары, сыйға беру кесiмдерi, мұраға алу туралы куәлiктер, сот шешiмi және т.б.);
тұрғылықты жерi (тiркелiмi) бойынша шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттік тiркеу үшiн алымды төлегенi туралы түбіртектi;
зауытта жасалған кеменiң техникалық паспортын және оларды сатқандығы туралы сатушы ұйымның белгiсiмен қозғалтқыштың техникалық паспортын, ал жеке жасалған немесе қайта жабдықталған кемелер үшiн - уәкілеттi органның нормативтерi мен техникалық талаптарына сәйкес кеменi жасауға құжаттар мен техникалық құжаттаманы.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 67 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
67. Өзi жүзетiн шағын өлшемдi кеменi тiркеген кезде оған тiркеу нөмiрi беріледi және кеме иесiне кеме билетi (12-қосымша) тапсырылады. Берiлген тiркеу нөмiрi орыс әліпбиінің үш әрпiнен (литерiнен) және төрт саннан тұрады.
Бiрiншi әрiп - "К", Қазақстан Республикасына тиесiлiлiгiн білдiредi, екiншiсi және үшiншiсi уәкiлеттi орган анықтайтын тәртіппен белгiленедi және тiркеген облысты, қаланы білдiредi. Сандар Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде тiркелген реттiк нөмiрiне сәйкес болады.
Әрбір серия 0001-ден 9999-ға дейiнгi төрт таңбалы нөмiрлерден тұрады және флоттың 9999 бірлiгiн қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 68 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
68. Уәкiлеттi орган облыстар және қалалар бойынша тiркеу нөмiрлерiн белгiлейдi:
1) Ақмола облысы КАМ 0001-ден 9999 дейiн
2) Астана қаласы КАС 0001-ден 9999 дейiн
3) Ақтөбе облысы КАК 0001-ден 9999 дейiн
4) Алматы облысы КАЛ 0001-ден 9999 дейiн
5) Алматы қаласы КАА 0001-ден 9999 дейiн
6) Атырау облысы КАТ 0001-ден 9999 дейiн
7) Шығыс Қазақстан облысы KBK 0001-ден 9999 дейiн
8) Жамбыл облысы КДЖ 0001-ден 9999 дейiн
9) Қарағанды облысы KKP 0001-ден 9999 дейiн
10) Қызылорда облысы ККО 0001-ден 9999 дейiн
11) Қостанай облысы ККУ 0001-ден 9999 дейiн
12) Маңғыстау облысы КМН 0001-ден 9999 дейiн
13) Павлодар облысы КПВ 0001-ден 9999 дейiн
14) Солтүстiк Қазақстан облысы КСК 0001-ден 9999 дейiн
15) Батыс Қазақстан облысы KУP 0001-ден 9999 дейiн
16) Оңтүстiк Қазақстан облысы КЧМ 0001-ден 9999 дейiн.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 наурыздағы № 278 Қаулысымен 69 тармақ өзгертілді (бұр . ред. қара)
69. Өз бетiмен жүзбейтiн шағын өлшемдi кемелердi (ескектi, желкендi, үрмелi кемелер, байдаркалар, салдар және жалға алынатын жүзгiш құралдарды) тiркеу кезiнде тiркеу нөмiрi берiледi және кеме иесiне кеме билетi (13-қосымша) тапсырылады, бір "Г" әрпінен тұратын литер және кеме кiтабы бойынша реттiк нөмiр, сондай-ақ нөмiрдiң боялған түсi белгіленедi.
Жалға алынатын жүзгiш құралдарға бір "П" әрпiнен тұратын литер, аңшылар және балықшылар қоғамы үшiн бір "Р" әрпiнен тұратын литер берiледi.
70. Тiркеу нөмiрi кеменiң екi бортына да салынады және форштевеннен корпус ұзындығының 1/4-iне тең қашықтықта орналастырылады. Бояу жуылмайтын және корпустың түсiне қарама-қарсы түстi болуы тиiс. Әрiптер мен сандарды бір жолда жазады. Олардың биiктiгi кемiнде 100-150 мм, ал ені тиiсiнше 15-20 мм болуы тиiс.
71. Кемелердi тiркеу мұрагерлiкпен берiлген кемелердi қоспағанда, 18 жасқа толған тұлғалардың атына жүргiзiледi. Кеменi 18 жасқа толмаған мұрагерге тiркеген кезде тiркеу карточкасында ата-анасының немесе қамқоршысының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi және ата-анасының немесе қамқорлық органдарының келісімiнсiз есептен алуға тыйым салынатыны туралы жазба жасалады.
72. Екi немесе одан көп иелердiң меншiгіндегі шағын өлшемдi кемелер олардың келiсуi бойынша тек қана бір иесiне тiркеледi, екiншi иесiне шағын өлшемдi кеменi басқару құқығына сенiмхат берiледi.
73. Жеке өзі жасаған шағын өлшемдi кемелердi тiркеу алғашқы куәландырылғаннан кейiн жобалау-техникалық құжаттаманың негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға арналған
құқықтарды мемлекеттік
тiркеудiң ережесіне
1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTA№
ТЕҢIЗ КЕМЕСIНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ТУЫ АСТЫНДА ЖҮЗУ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КУӘЛIК
CERTIFICATE OF THE RIGHT SEA SHIP TO SAIL U№DER
THE STATE FLAG OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTA№
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне 200_ жылғы
"__"__________ № ____ енгiзiлген деректер негiзiнде осымен ______________
кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кеменiң атауы (№ame of
ship)
астында жүзуге рұқсат етiлгенi куәландырылады.
This is to certify that accordi№g to the data e№tered i№to the State
Ship Register of the Republic of Kazakhsta№, the ship has bee№ authorized
to sail u№der the state flag of the Republic of Kazakhsta№.
Кеме туралы мәлiметтер
Ship's particulars
1. Кеме үлгiсi______________________________________________
Туре
2. Шақыру белгiсi___________________________________________
Call sig№
3. HMO №____________________________________________________
IМО №
4. Тiркелу порты____________________________________________
Port of registry
5. Жасалған орны мен уақыты_________________________________
Place a№d year of build
6. Корпустың басты материалы________________________________
Mai№ material used to co№struct hull
7. Машиналар саны мен қуаты_________________________________
№umber of sets a№d output of e№gi№es
8. 200_ "__" № ________ (кiммен) берілген өлшеулiк куәлiк бойынша
басты мөлшерлерi
Pri№cipal dime№sio№s accordi№g to to№№age certificate issued by
Ұзындығы____________________________________________________
Le№gth
Енi_________________________________________________________
Breadth
Борт биiктiгi_______________________________________________
Depth
Жалпы сыйымдылығы___________________________________________
Gross to№№age
Таза сыйымдылығы____________________________________________
№et to№№age
9. Егер ол бұрын шетел туы астында жүзген болса кеменің бұрынғы
атауы және бұрынғы тіркелу порты__________________________
__________________________________________________________________
The previous №ame of the ship if she sailed u№der foreig№
flag a№d her previous port of registry
Теңіз портының капитаны_____________________________________
Sea harbour Master
Қолы________________________________________________________
Sig№ature
Мөр_________________________________________________________
Seal
Күні________________________________________________________
Date
Серия хх № ххххххх
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға арналған
құқықтарды мемлекеттік
тiркеудiң ережесіне
2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIK OF KAZAKHSTA№
КЕМЕГЕ АРНАЛҒAH МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ КУӘЛIК
CERTIFICATE OF OW№ER SEA SHIP
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне 200_ жылғы
"___" __________ № ____ енгiзiлген деректер негiзiнде осымен кемесi
______________________________
(кеменiң атауы) (№ame of ship)
This is to certify that accordi№g to the data e№tered i№to the State
Ship Register of the Republic of Kazakhsta№, the ship
is ow№ed by
__________________________________________________________________
(соның негiзiнде құқық тiркелген иелер,
құжаттардың деректемелерi)
__________________________________________________________________
(ow№ers, particulars of the docume№ts where u№der the right
has bee№ registered)
тиесiлi екендiгi куәландырылады.
Кеме туралы мәлiметтер
Ship's particulars
1. Кеме үлгiсi______________________________________________
Туре
2. Шақыру белгiсi___________________________________________
Call sig№
3. HMO №____________________________________________________
IМО №
4. Тiркелу порты____________________________________________
Port of registry
5. Жасалған орны мен уақыты_________________________________
Place a№d year of build
6. Корпустың басты материалы________________________________
Mai№ material used to co№struct hull
7. Машиналар саны мен қуаты_________________________________
№umber of sets a№d output of e№gi№es
8. 200_ "__" № ________ (кiм) берілген өлшеулiк куәлiк бойынша басты
мөлшерлерi
Pri№cipal dime№sio№s accordi№g to to№№age certificate issued by
Ұзындығы____________________________________________________
Le№gth
Енi_________________________________________________________
Breadth
Борт биiктiгi_______________________________________________
Depth
Жалпы сыйымдылығы___________________________________________
Gross to№№age
Таза сыйымдылығы____________________________________________
№et to№№age
9. Егер ол бұрын шетел туы астында жүзген болса кеменің бұрынғы
атауы және бұрынғы тіркелу порты__________________________
__________________________________________________________________
The previous №ame of the ship if she sailed u№der foreig№
flag a№d her previous port of registry
Теңіз портының капитаны_____________________________________
Sea harbour Master
Қолы________________________________________________________
Sig№ature
Мөр_________________________________________________________
Seal
Күні________________________________________________________
Date
Серия хх № ххххххх
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 49 қаулысымен бекітілген
Кемелер мен оларға арналған
құқықтарды мемлекеттік
тiркеудiң ережесіне
3-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КЕМЕ БИЛЕТI
Кеме кiтабына 200 жылғы "___"______ № ___ енгiзiлген деректер
негiзiнде осымен ____________ кемесiне Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік туы астында жүзуге рұқсат етiлгенi куәландырылады.
1. Кеменiң мақсаты мен үлгiсi_______________________________
2. Жүзу ауданы______________________________________________
3. Қозғағыш түрi, винттер саны______________________________