2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік
жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы
06.03.02 ж. № 298-II ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді; 16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгізу және қолданысқа енгізу уақыты
1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
Осы Заңның 38-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:
1) Қазақстан Республикасының заң актілері, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгізу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашқы ресми жарияланған күннен бастап;
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары оларды қабылдаған күннен бастап;
4) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе олар қабылданған күннен бастап, ал әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге тиiстiлерi - мемлекеттік тiркеуден кейiн;
5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгізу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, тарауларын, баптарын, бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және баптарының абзацтарын қолданысқа енгізудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.
4. Бұрын жауапкершiлiкке әкеп соқпаған iс-әрекеттер үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгіленетiн нормативтiк құқықтық актiнi, бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгізуге болмайды.
5. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң едәуiр көлемдi болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күн болып есептеледi.
Нормативтiк құқықтық актiлер мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде бiр мезгiлде жариялануға тиiс.
6. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгізудiң мiндеттi шарты болып табылады.
7. Республиканың мемлекеттік құпияларын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.
37-бап. Нормативтік құқықтық актінің кері күші
1. Нормативтік құқықтық актінің күші оны күшіне енгізгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылмайды.
2. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның бір бөлігінің кері күші оның өзінде немесе нормативтік құқықтық актіні күшіне енгізу туралы актіде көзделген, сондай-ақ кейінгісі бұрын көзделген құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын немесе жұмсартатын жағдайлар осы баптың 1-тармағының ережелеріне кірмейді.
3. Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтік құқықтық актілердің кері күші болмайды.
06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енгізілу шарты ретінде мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған, жалпыға міндетті маңызы бар, ведомстволық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс. Мұндай тіркеу оларды күшіне енгізудің қажетті шарты болып табылады. Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заң күші болмайды.
2. Егер мемлекеттік тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық акт:
1) азаматтардың заңда белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;
2) жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе;
3) нормативтік құқықтық актіні шығарған органның құзыретіне шегінен шығып кетсе;
4) егер келісу қажет болып, келісілмесе;
5) мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
3. Мүдделі мемлекеттік орган мемлекеттік тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық актіні тіркеуден бас тартылуына сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
39-бап. Нормативтік құқықтық актінің қолданылу мерзімі
1. Егер актінің өзінде немесе оны күшіне енгізу туралы актіде өзгеше көзделмесе, нормативтік құқықтық акт мерзімсіз қолданылады.
2. Бүкіл нормативтік құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлігі (жекелеген бөліктері) үшін уақытша қолданылу мерзімі белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайда нормативтік құқықтық акт немесе оның бөлігі қандай мерзімде күшін сақтайтыны көрсетілуге тиіс. Актіні шығарған орган бұл мерзім өткенге дейін актінің қолданылуын жаңа мерзімге ұзарта алады немесе оған мерзімсіз сипат бере алады.
06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
1. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.
2. Нормативтік құқықтық акт (оның бөлігі немесе бөліктері) мынадай жағдайларда:
1) акт немесе оның бөлігі (бөліктері) қабылданған мерзім біткенде;
2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актінің, оның бөліктерінің (бөлігінің) ережелері қайшы келетін немесе бұрын шығарылған актіні немесе оның бөлігін (бөліктерін) қамтитын жаңа нормативтік құқықтық акт қабылдағанда;
3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген тәртіппен конституциялық емес деп танылғанда;
4) сол актіні қабылдаған орган немесе оны қабылдауға уәкілдік берілген өзге де орган актінің немесе оның бөлігінің (бөліктерінің) күші жойылды деп танығанда өзінің қолданылуын тоқтатады.
3. Басқа нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу және (немесе) жариялау осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
41-бап. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістік жағынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкілетті органдар қабылдаған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің қолданылу күші, егер нормативтік құқықтық актілердің өздерінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады.
2. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер тиісті аумақтарда қолданылады.
42-бап. Нормативтік құқықтық актілердің тұлғалар бойынша қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актілерінде және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкілдері мен мемлекеттік органдарының басқа да кейбір қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).
43-бап. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ету шаралары
1. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығы мынадай шаралар арқылы:
1) нормативтік құқықтық актіні Конституция мен заңға сәйкес келтіру;
2) нормативтік құқықтық актінің қолданылуын белгіленген тәртіппен тоқтата тұру;
3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде заңдарға сәйкестігін тексеру арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актілерінде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі;
2) соттар;
3) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары;
5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілер жөнінен - мемлекеттік органдар.
8-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру
44-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру реттері мен жағдайлары
1. Нормативтік құқықтық актілерде көмескіліктер мен әркелкі түсінушілік оларды қолдану тәжірибесінде қайшылықтар анықталған реттерде нормативтік актіде қамтылған құқықтар нормаларға ресми түсіндіру берілуі мүмкін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру процесінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
3. Заң актілерінің нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестікте түсіндірілуге тиіс.
4. Заңға тәуелді нормативтік актілердің мағынасы оларды түсіндірген кезде заң актілеріне толық сәйкестікте ашылуға тиіс.
5. Нормативтік құқтық актілердегі құқықтық нормалар іске асырылғанда, соның ішінде оларды қолданғанда, оларды ресми түсіндірудің міндетті сипаты болады.
45-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді.
2. Заңға тәуелді актілердің ресми түсіндірмесін оларды қабылдаған (шығарған) органдар немесе лауазымды адамдар береді.
9-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге
келтіру мен есепке алу
46-бап. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру
1. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдайтын мемлекеттік органдар осы актілердің есебін жүргізеді және оларды жүйеге келтіреді, өздері қабылдаған актілердің бақылау даналарына жүргізіп, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтырулардың бәрін уақтылы енгізіп отырады.
2. Мемлекеттік органдар өздері қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жинағын мезгіл-мезгіл шығарып отырады не мұндай жинақтарды шығару туралы өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырма береді.
16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
47-бап. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебі
1. Орталық мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады. Мемлекеттік есеп мұндай актілерді орталықтандыра жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құқықтық ақпараттық бірыңғай жүйесін жасайды, министрліктерге және басқа да орталық мемлекеттік органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетеді.
48-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жариялылығы
Барлық уәкілетті органдар мүдделі адамдарға мемлекеттік құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпиясы барларын қоспағанда, қабылданған нормативтік актілермен танысуға рұқсат беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының