“Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі
жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 450 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 17 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, басқа мүдделi министрлiктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Бағдарламаны iске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен мүдделi ұйымдар жыл сайын 5 қаңтарға және 5 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Бағдарламаның орындалуы туралы есептердi ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25 күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
?кіметінiң
2005 жылғы 12 мамырдағы
№ 450 қаулысымен
бекітiлген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА
КӘСIПКЕРЛIКТI ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛДЕТIЛГЕН
ШАРАЛАРДЫҢ 2005-2007 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасында шағын және орта
кәсіпкерлiкті дамыту жөніндегі жеделдетілген
шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентінің
әзірлеу үшiн "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және
негіздемелер саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы
18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы,
"Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен
қолдау мәселелерi жөніндегi жұмыс топтарын
құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 358-ө өкімі
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлігі
Бағдарламаның Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлер
мақсаты қызметi саласын барынша кеңейтуге және
оларды жандандыруға бағытталған
институционалдық жағдайларды жетiлдiру
есебiнен Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгін
арттыру
Бағдарламаның Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту үшiн
мiндеттерi барынша ашық заңнамалық негіз құру;
экономиканы бюрократиясыздандыру және
әкiмшілiк кедергiлердi жою;
шағын және орта кәсiпкерлiктe көлеңкелi
айналымды қысқарту;
мемлекетке бейiндi емес функцияларды
рыноктік ортаға, бірiншi кезекте, шағын және
орта кәсiпкерлiкке беру;
кластерлік-желілiк ұстаным негiзiнде өмiр
сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйе құру
және қамтамасыз ету;
инновациялық экономикада кәсiпкерлiктің
қатысуы.
Iске асыру мерзiмдерi 2005-2007 жылдар
Қаржыландыру көлемi 2005 жыл - 11 181,12;
мен көздерi 2006 жыл - 10 215,12;
2007 жыл - 10 000.
Көрсетілген мақсатқа жыл сайын бөлiнетiн
қаражат шегінде республикалық бюджет
қаражаты және Қазақстан Республикасының
заңнамасы тыйым салмайтын басқа да көздер
есебiнен.
Бұл ретте, қаржыландыру көлемi белгiленген
тәртiппен тиiстi жыл бюджетiн қалыптастыру
мен нақтылау кезiнде нақтыланады. Шағын және
орта бизнес субъектiлерiн қаржыландыруға
ұлттық компаниялардың қаражаты тартылады.
Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде:
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының
бірқатар заңнамалық кесiмдерi әзiрленедi
және қабылданады;
2005 жылы шағын және орта кәсiпкерлiк
саласында мемлекеттік органдардың бақылау
және қадағалау функцияларын қысқарту мен
жүйелендiру жөнiнде шаралар қабылданады;
2005 жылы кластерлiк-желілiк ұстаным
негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi
дамытудың экономикалық моделi әзiрленедi;
2005 жылы Үлкен қаржылық маркет құрылады;
бастапқы кезеңде 2005 жылы негізiнен аудан
орталықтар мен шағын қалаларда 160
микрокредиттiк ұйымдар құрылады;
2005-2006 жылдары кезеңiмен мемлекеттің
бейiндi емес функцияларын шағын және орта
кәсіпкерлiкке беру жүргiзiледi;
үш жыл iшiнде шағын және орта бизнес
субъектілерiне кредит беру 95 млрд. теңгеге
дейiн ұлғаяды;
мемлекеттің жеке сектормен өзара
iс-әрекетiнің жаңа идеологиясы жасалады.
2. Кiрiспе
Осы Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөніндегі жеделдетiлген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Д.К.Ахметовтың жетекшiлiгімен өткен кеңестiң 2005 жылғы 19 ақпандағы № 007-222 хаттамасының 11-тармағына сәйкес әзiрлендi.
"Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау мәселелерi жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 358-ө өкімімен төрт жұмыс тобы құрылды, олардың жұмыстарының мақсаты шағын және орта кәсiпкерлiкте жұмыстардың жаңа нысандарын айқындауға, оның жедел дамуы, кәсiпкерлiк пен мемлекет арасындағы өзара iс-әрекет тиiмдiлiгi үшiн жағдайлар жасауға, сондай-aқ кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыруға жаңа ұстанымдар әзiрлеуге бағытталған.
Осы уақытқа дейiн Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау белгiлi бір қысқа мерзiмдi тиiмдiлiк берген салық жеңiлдiктерiн беруге және мемлекеттік қаржы есебiнен жеңiлдiкпен қаржыландыруға назар аударылды, бірақ жүйесiз жүргізiлдi. Бұл, шағын кәсiпкерлiктi дамытудың перспективалары мен мiндеттерi ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған мемлекеттің экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарының жалпы жүйесiмен өзара байланыссыз оның өз проблемалары тұрғысында қаралуымен түсiндiрiледi.
Негiзгi мақсаты елдiң бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылатын 2015 жылға дейiнгi индустриялық-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы мен iске асырылуын ескере отырып, шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын қайта қарау және мемлекет пен жеке сектордың өзара iс-әрекетiнiң жаңа идеологиясын жолға қою қажет.
Бүгінде шағын және орта кәсiпкерлiк инновациялық экономикада өз орнын жедел iздеу үшiн өзiнiң икемдiлiгiн, ұтқырлығын, рыноктiк объективтiлігін пайдалануы қажет жағдай пiсiп жетiлдi. Мемлекет, өз кезегiнде кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай жасауы және өз көмегiн шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан едәуiр әлеуетi бар кәсiпорындарға және елдiң ғылыми-технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттауы тиiс.
Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың жедел шараларын қабылдауда. Осы бағдарлама кластерлiк-желілік ұстаным негiзінде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың жаңа мемлекеттік саясатына және мемлекет пен бизнестiң өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшудiң өтпелi кезеңi ретiнде қаралады.
3. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы
мен дамуын талдау
§ 1. Жалпы ережелер
Елдегi әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуына оң ықпал еттi.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2005 жылғы 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген, оның 195,7 мың шағын кәсiпорындар құрайды, орта кәсiпорындар - 10,67 мың. Бұл ретте, шағын кәсiпкерлiк субъектілерi жалпы санының 93,9%-ын құрайды.
Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2003 жылғы тиiстi күнiне 8,7%-ды құрады.
Шағын кәсiпкерлiктiң ЖIӨ-ге қосқан үлесi 2003 жылы 16,2%-ды құрады, яғни салыстырмалы түрде шағын және орта кәсiпкерлiк шамамен 25%-ды бередi.
Заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң тауарлар мен қызметтердi сатудан түскен кiрiстерiнiң артуы 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 8,7 %-ды құрады.
Шағын кәсiпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем дерлік өзгерген жоқ. Белсендi заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалпы санынан сауда, автомобиль жөндеу және үйде қолданатын бұйымдар саласы - 40,5%-ы басым жағдайды иеленген, шағын кәсiпкерлiк саласында белсендi халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсiпкерлiкте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31 %-ы).
2003 жылы көлеңкелi экономиканың үлесi ЖIӨ-ден 22,6%-ды құрады, әйтседе 1992 жылдан 1998 жылдар кезеңiнде аталған көрсеткiш орташа 30-38%-ға дейiнгi аралықта бағаланды.
Бүгiнгi күнде кәсiпкерлер қос бухгалтерлiк жүргiзе отырып, астыртын өндiрiспен және жалған мәмiлелермен айналысып не басқа да көлеңкелі операцияларға қатысып өз қызметтерiн салықтардан жасыруға тырысады.
§ 2. Шағын және орта кәсiпкерлiк саласындағы
заңнамаға талдау
Бүгiнде Қазақстандағы экономикалық өзгерістер құқық саласындағы қайта құрылымдауды басып озуда. Мұндай жағдай шағын және орта кәсiпкерлiк саласында да қалыптасқан.
Мысалы, қолданыстағы құқық жүйесiнде "де юре" әрекет етуiн жалғастырып жатыр, кейiн қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерге қайшы келетiн, қайшылықтар туғызатын не құқықтық мәнiн жоғалтып, ескiрген кiшi заңи кесiмдер бар.
Жоғарыда аталғандар, уәкiлеттi органдар тарапынан өздерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және басқа да мемлекеттік органдардың олардың бастамасы бойынша қабылданған кесiмдерiне тұрақты мониторинг жүргiзбегендiктен.
2004 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша 10 195 ?кімет қаулылары, оның iшiнде жою және өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қолданыста деп есептеледi. ?кіметтiң қолданыстағы қаулыларының 420-сы дербес нормативтiк құқық кесiмдер тiкелей кәсiпкерлiк қызметтi реттейдi.
Оларды қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 қаулысымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 357 қаулысының күші жойылды деп танылды.
Бір жағынан қолданыстағы заңнаманың қолданыстағы заңнама жүйесiнен заңсыз кесiмдердi "болдырмауды" қамтамасыз ететiн тетiктерi жоқ.
Шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау қажеттiгiн негіздеу кезiнде орындылығын жан-жақты талдау және шағын және орта кәсiпкерлiктiң жекелеген проблемаларын мемлекеттік реттеудiң одан әрі тиiмдiлігі жүзеге асырылмайды.
Бұдан басқа, қазiргi уақытта нормативтiк құқықтық кесiмдер әрекетiнiң одан әрi нәтижелiлiгiн қадағалап отыру тетiгi мүлдем дерлiк жоқ, мұндай нәтижелiлiктiң көрсеткiштерi мен өлшемдерi айқындалмаған.
Әкiмшiлiк кедергiлер жеткiлiктi кездесетiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тыныс тiршiлiгiн үш кезеңге бөлуге болады;
тiркеу және қайта тiркеу;
әрекет етуi және дамуы;
тарату.
Жоғарыда аталған әрбір кезеңде шағын және орта кәсiпкерлiктiң икемдiлiгiне, белсендiлiгiне және ұтқырлығына әсер ететiн көптеген проблемалар кездеседi, нәтижесiнде олардың дамуын тежейдi.
Тiркеу, қайта тiркеу және тарату кезеңдерiнде.
216 заңнамалық кесiмдердi қамтитын рұқсат ету жүйесiнiң қолданыстағы заңнамалық базаны ерекше айта кету керек және бизнес жүргiзу жөніндегі жоғары шегерiмдердiң себебi болып табылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тiркеу және қайта тiркеу рәсiмдерi әр жерде орналасқан, түрлi ұйымдар беретiн көптеген құжаттарды қажет етедi. Рыноктiң конъюнктурасына байланыстығын ескере отырып, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерi қызмет түрлерiн үнемi өзгертiп отырады. Бұл, құрылтай құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және тiркеушi органға хабарлауға, сондай-ақ рұқсаттардың көптеген түрлерiн алуға әкелiп соғады.
Көптеген елдерде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілері қызметiн қолдау үшiн "бip терезе" қағидаты бойынша тiркеу мен қайта тiркеуге жағдай жасалған. Мысалы, 2,4 млн. шағын және орта бизнес субъектілері бар Францияда тiркеу процесі 24 сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар "бip терезе" қағидаты бойынша 10 күн iшiнде тiркеледi. Бүгінде Қазақстанда бизнес - қоғамдастық құптаған осындай жүйе енгiзiлдi.
Әрекет етуi мен даму кезеңiнде.
Кәсiпкерлердiң қызметiнде көпшiлiк жағдайларда негізiнен әкiмшілiк бұзушылықтар орасан көп бақылау-қадағалау функцияларға ие мемлекеттік органдар жүргiзетiн тексерулердiң нәтижесiнде анықталады.
Мұнда:
тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерiн реттейтiн құқықтық нормалар әртүрлi нормативтік құқықтық кесiмдерде және бұл мәселе бойынша бірыңғай заңнамалық кесiм жоқ;
заңнамалық кесiмдерде (Салық, Әкiмшiлiк кодекстерде, кейбір мемлекеттік органдардың мәртебесiн айқындайтын заңдарда және т.б) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін тексеруге ерекше ұстанымдар көзделмеген және сондықтан да мемлекеттік органдардың кәсiпкерлерге қатынасы олардың қызметiнiң ауқымына қарамастан бірдей;
тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерi бойынша рәсiмдердiң нақты бірыңғай сипаты мен бірыңғай глоссарилерi жоқ. Әртүрлi мемлекеттік органдар тексерулердiң түрлi сыныптамасын (рейдтiк, кешендi, қарама-қарсы, жоспарлы, жоспардан тыс, хронометражды, ағымдағы және т.б) қолданады;
бақылау-қадағалау органдары жұмысының тиiмдiлігін бағалаудың қазiргі практикасы анықталған бұзушылықтар мен салынған айыппұлдардың санына байланысты;
кәсiпкерлiк субъектiлердiң қызметiнде төтенше жағдай туындағанда (ғимараттың құлауы, жаппай улану, кiсi өлiмi және т.б) аталған объектiге тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бір мезетте қаралмайды.
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң жекелеген ережелерi шағын және орта кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуына кедергi келтiредi.
Атап айтқанда, салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұлдарды қоспағанда, әкiмшiлiк айыппұлдардың еселенген мөлшерi шағын кәсiпкерлiк үшiн де және iрi бизнес үшiн де бірдей белгіленген.
Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде (5-тен 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн) белгіленген айыппұлдың сомасын өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігі әрбір құқық бұзушыға қатысты жемқорлықтың туындауына әкеліп соғады.
Сонымен қатар, айыппұлдардың жоғары ставкасы кәсiпкерлердiң өзiн заңға сәйкес айыппұл төлеу не "аз" пара берiп құтылуды таңдауға итермелейдi.
Лицензиялауға, акредаттауға, стандарттауға, сертификаттауға жататын жұмыстардың, тауарлар мен қызмет түрлерiнiң қазiргi кең көлемдi тiзбесi iскерлiк белсендiлiктiң, кәсiпкерлiк бастаманың өсуiне кедергі келтiредi. Бұдан басқа, лицензияны беру ретiнде, және одан әрi лицензиялық қызметтi негiздейтiн қосымша рұқсат беру жүйесi (рұқсат беру, қорытындылау, келiсу) бар. Бұл iс жүзiнде елде кәсiпкерлiктiң және әсiресе шағын және орта кәсiпкерлiктiң қызмет етуi мен дамуын тежейдi.
Осылайша, әкiмшiлiк кедергiлердiң ауыртпалығы негiзгi кемшiлiк болып табылады:
тiкелей әрекет етпейтiн кесiмдер, көптеген кiшi заңи кесiмдер бар;
мәнi бойынша мемлекеттік функциялар берiлген, мемлекеттік органдар уәкiлеттiк еткен көптеген мемлекеттік кәсiпорындар, акционерлік қоғамдар қызмет етедi;
шектен тыс статистикалық және салықтық есептiлiк бар;
жекелеген мемлекеттік органдар өздерiнiң бақылау-қадағалау, рұқсат беру және келiсу функциялары мен өкiлеттiктерiн қысқартуға дайын емес.
Мемлекеттік мұқтаждықтар үшiн тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) жеткiзiп беруде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ашықтығын және олардың барынша көп қатысуын қамтамасыз етуi тиiс "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының аясында мемлекет пен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өзара қатынасын жеке атап өту керек. Алайда, практикада мемлекеттік тапсырыс берушiлер шағын және орта кәсiпкерлiк үшiн заңда көзделген жеңiлдiктердi мүлдем дерлiк қолданбайды.
§ 3. Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдары
Экономикалық дамудың осы кезеңiнде мемлекеттің негiзгi рөлi кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиiс.
Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымы - бұл субъектiлердiң дамуына жәрдемдесетiн және оларға кәсiпкерліктің дамуы үшiн қажеттi қызмет көрсететiн және кәсiпкерлiк ортаның тыныс тiршiлiгiне орта мен жағдайды қамтамасыз ететiн ұйымдар мен бірлестiктердiң жиынтығы.
Қазiргi уақытта кәсiпкерлiктi қолдау саласында көптеген түрлi институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетiктерi қалыптасқан.
Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:
қаржы институттары;
қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;
бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;
ақпараттық-талдамалық маркетингтiк, консалтингтік, оқыту орталықтары;
халықаралық институттар.
Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрiнедi:
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлік қоғамы және оның өңiрлiк бөлiмшелерi;
лизингтiк компаниялар;
микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.
"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" (бұдан әрi - Қор).
Қор қызметiнiң негiзгi мақсаты - өз қаржы қаражатын және мемлекеттің шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бөлген қаражатты тиiмдi пайдалану.
Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлiмшелерi бар. Қордың несие портфелi өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi және Азия Даму Банкi қарыздары есебiнен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚКДМ-мен қарыз туралы келісімге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуi күтiлуде.