“2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы “(Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2004.22.12. № 1354 Қаулысына 166-192 қосымшалар)
(2005.25.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2005 ж. 11 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
166, 167, 168, 169, 171;172, 173, 173-1, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
166-қосымша
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуын және оның
атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету" деген
001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 23513814 мың теңге (жиырма үш миллиард бес жүз он үш миллион сегіз жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi (Салық Кодексi); Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексi, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексi, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 1-8, 12-26-баптары; "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының 29 және 30-баптары; "Этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндiру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі Заңының 8-бабы; "Трансферттiк бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңының 4, 9-баптары; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңының 6 , 11, 12-баптары; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 маусымдағы Заңы; 2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік ақпараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1282 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сметасының (бюджетiнiң) бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн қайта даярлау және олардың біліктілігiн арттыру ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргiзу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы; "Қазынашылықты Жаңарту жобасын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 16 қазандағы № 1059 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы, "Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң 1999-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 15 ақпандағы № 1180, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 ж. 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмi мен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге көлiктiк қызмет көрсетуге арналған арнайы автомобильдердi пайдалануды реттеу туралы" 2000 жылғы 12 тамыздағы № 288, "Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киiмi мен айырым белгiлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1247, "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бiрыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы" 2000 жылғы 8 қыркүйектегi № 1358, "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарлар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттiгiнiң "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" 2001 жылғы 15 ақпандағы № 230, "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы; "Қазақстан Республикасы салық төлеушілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi № 962 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 9 қазандағы № 1102 қаулысы; "Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 22 тамыздағы № 850 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы; "Қазақстан Республикасына кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 3 қазандағы № 1019 қаулысы; "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 495 қаулысы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулылары; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1114 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкермен жұмыс комитетiнiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1115 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1119 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетiнiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетiнiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысы; "Алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) өндiрушiлерге этил спиртiн сату ережелерi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі Акцизделетiн өнiмдердi өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетi төрағасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығы; "Мемлекеттік қызметшiлердi қайта даярлаудың және біліктілігiн арттырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң 2001 жылғы 23 ақпандағы бұйрығы; "Бюджет процестерiн басқару жүйесiн жетiлдiру бағдарламасын iске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жұмыстарын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 628 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн оларға жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, техникалық қолдау, ақпараттық жүйелердi техникалық қолдау, сүйемелдеу және ағымдағы пысықтау, компьютерлiк жабдықтар мен серверлiк үй-жайларды қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен қамтамасыз ету; қаржы органдарының кәсiби және құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру; мемлекеттік қызмет саласында білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындауы және кәсіби шеберлiгiн жетiлдiруi үшiн олардың кәсiби қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және тәжiрибелiк білімдерiн, дағдыларын, шеберлiгiн жаңарту мақсатында мемлекеттік қызметшiлердi қысқа мерзiмдi оқыту; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн көздейтiн салық заңнамасының сақталуы үшiн бақылау функцияларын жүзеге асыру; трансферттiк баға белгiлеу кезiнде мемлекеттік бақылаудың тиiмдiлiгiн жоғарылату, бюджетке түсетiн ақшалай қаражаттың көлемiн арттыру; этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымын қатаң мемлекеттік реттеу шарттарында акциздердiң барынша толық түсуiн қамтамасыз ету; алкоголь өнiмiн ресми емес айналымы көлемiн қысқарту, алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымынан мемлекеттік бюджетке салықтардың ең жоғарғы толық түсуiн қамтамасыз ету, тұтынушыларды сапасыз алкоголь өнiмiнен қорғау; Қазынашылық комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi республикалық бюджеттiң атқарылуын телекоммуникациялық және жергiлiктi бюджеттi есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетулермен қамтамасыз етуi, министрлiктiң және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң ақпараттық жүйелерiн телекоммуникациялық қамтамасыз ету, Қаржы министрлігінiң ақпараттық ресурстарына регламенттелген қашықтан және көпшiлiкпен қол жеткізудi ұйымдастыру. Қазақстан Республикасында Қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарын енгізу бойынша дайындық iс-шараларын жүзеге асыру; процестiң жариялылығын және бюджет қаражатын үнемдеудi қамтамасыз ету үшiн бюджеттік ұйымдар үшiн мемлекеттік сатып алу бойынша хабарландырулар мен ақпараттық материалдарды орталықтандырылған тегiн жариялау; мемлекеттік сатып алу бойынша ақпараттық жүйелерi байланыс арналарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, техникалық қолдау және сүйемелдеу, ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы кеден органдарының бақылаушылық және қазыналық функцияларын iске асыру, Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының теориялық және практикалық білімдерiн, өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігi мен дағдыларын жаңарту. Кеден органдарының қызметiн автоматтандыру, Қазақстан Республикасының кеден қызметi автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсету; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау; Министрлiк ведомстволарының қызметтерiн үйлестiру және мiндетiн орындауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерiнiң біліктілік деңгейiн көтеру және қайта даярлау; Мемлекеттік сатып алу процесiн үйлестiру және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге бақылауды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету; трансферттiк баға белгiлеу кезiнде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарды халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағаларды белгiлеу кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) жекелеген түрлерiне рыноктық баға бойынша ресми ақпарат көздерiмен қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту; трансферттiк бағаларды белгiлеу кезiнде бақылау; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы төленуiне бақылау; республикалық бюджетке акциздiк алым және төлемдерден түсетiн түсiмдердiң жоғарылауына, алкоголь өнiмiн өндiру мен сату аясында көлеңкелi айналымды секторын қысқартуға, қолдан жасалған алкоголь өнiмiн жасау мен сату мүмкiндiгiн қысқартуға мүмкiндiк беретiн жүйенi жасау; жұмыс iстейтiн және қолданысқа енгiзiлетiн ақпараттық жүйелердi сүйемелдеу, әкiмшiлендiру және қолдау; есептеу және ұйымдастыру техникасы; корпоративтiк телекоммуникациялық желісі, министрлiк жүйесiнiң жергiлiктi-есептеу желісі және Министрлер үйi құрылымдалған кабель жүйесi құралдарына жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру; есептеу желісінің ақпараттық қауiпсiздіктiң және ақпаратты, оның iшiнде жабық ақпаратты өңдеу кезiнде қорғауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Web-серверiн сүйемелдеу; Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң есептеу құралдары мен жабдықтарын қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету; министрлiктiң қызметкерлерiн жүйелiк және қолданбалы бағдарламалық оқыту; автоматтандырылған жүйелердi пайдалану бойынша пайдаланушыларға консультация беру; жүйелердi пайдалану кезiнде туындайтын апаттық және iстен шығу жағдайларын талдау; ақпараттық жүйелердiң жұмыс қабiлетiн, ақпараттық жүйелердi инсталляциялау және тарату жөніндегі қызметтердi тексерудi жүргiзу; серверлiк бөлмелердi сүйемелдеу және оларға қызмет көрсету, жабдықты монтаждау және баптау, жергiлiктi-есептеу желiлерiн тарту және жабдықтау жөніндегі қызметтер; ақпараттық жүйелердi пайдалану процесiнде анықталған болуы мүмкiн жете орындамауларды немесе бағдарламалық қамтамасыз ету қателiктерiн жою; банкаралық ақша аудару жүйесi және бөлшек төлемдер жүйесi бойынша төлем жүйелерінiң телекоммуникациялық қызметтерiн, деректер беру телекоммуникациялық қызметтерiн, электронды почтаны, Интернет желісін сапалы және уақытылы алу. Жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік мекемелердiң тiзiлiмiн (бұдан әрi - Тiзiлiм) жүргiзу, Тiзiлiмнiң дерекқорын басқару жүйелерiн жаңғырту, акциялардың мемлекеттік пакеттерiн есепке алу, жекешелендiру нәтижелерiн есепке алу, республикалық меншiктiң пайдаланылуын бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету; жұмыс iстейтiн ақпараттық жүйелердi сүйемелдеу, әкiмшiлiктендiру және қолдау; Қазынашылық комитетi мен оның аумақтық органдарында Қазынашылықтың ақпараттық жүйелерiн бағдарламалық, техникалық және жүйелiк қамтамасыз етудiң iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн Қазынашылықтың НР9000 және SuperDom серверлерiнде кластерлiк жүйесiн жүйелiк және техникалық қолдауды жүзеге асыру; қазынашылықтың орталық серверiн конфигурациялауды оңтайландыру; жүйенi оңтайландыру мақсатында жүйелiк және бағдарламалық өлшемдердi талдау және келтiру, яғни әсер ету уақытын азайту; Қазынашылықтың автоматтандырылған жүйелерiн пайдалану жөніндегі пайдаланушылардың консультациялары; жүйелердi пайдалану кезiнде туындаған апатты және бұзылу жағдайларын талдау; апатты және бұзылу жағдайлары нәтижесiнде немесе есептеу техникасы iстен шыққан кезде бұзылған бағдарламалық қамтамасыз ету мен дерекқорды қалпына келтiру жөніндегі консультациялық және практикалық көмектi алу; ақпараттық жүйелердi пайдалану процесiнде анықталған бағдарламалық қамтамасыз етудiң мүмкiн пысықталмаған немесе қателерiн жою; техникалық сүйемелдеу тобымен өзара iс-әрекет жасасу; ақпараттық жүйелердi, жалпы мақсаттағы коммуникацияларды және салықтық әкімшiлiктендіру жүйелерiн сүйемелдеу, оның iшiнде: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң ақпараттық жүйелерiн, телекоммуникацияларын, жергiлiктi-есептеуiш желiлерiн әкiмшiлiктендiру, салықтық әкiмшiлендiрудiң ақпараттық жүйелерiнiң бағдарламалық модульдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жобалық, техникалық және оқу құжаттамаларын жасау; ақпараттық жүйелердiң жұмыс қабiлеттерiне зерттеу жүргiзу, телекоммуникациялық байланыстарды, жергiлiктi-есептеуiш желiлерiн және ақпараттық жүйелердi қолдауды қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер деректерiнiң көшуiн қамтамасыз ету, компьютерлiк, желiлiк және коммуникациялық жабдықтардың техникалық сүйемелдемесi, оның iшiнде есептеуiш техника құралдарын жөндеу және қызмет көрсету; компьютерлiк жабдықтармен және ақпараттық жүйелермен жұмыс iстеуге үйрету бойынша қызмет көрсетулер, есептеуiш техникаға арналған шығыс материалдарымен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету; ақпараттық жүйелердi инсталляциялау және көбейту бойынша қызмет көрсетулер; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң салық органдарының және Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығына мүше-мемлекеттердiң салық ведомстваларының арасында бейнеконференцияларды қамтамасыз ету үшiн байланыс қызметтерiн көрсету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 13 шiлдедегi № 285 бұйрығымен бекітілген 2004-2005 жылдарға арналған қаржылық есептіліктiң халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң iс-шараларын ұйымдастыру жұмыстарының жоспарын орындау. Кедендiк сараптаманы жүргiзу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. Ғимаратқа қызмет көрсету және ұстау, жабдықтар сатып алу, бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi өткiзетiн мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулармен мемлекеттік сатып алу бюллетенiн (А3 пiшiмiнде газет түрiнде) шығару. Кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесiн алып жүрудi қамтамасыз ету, кеден алымдары мен бюджетке төлемдер аударымдарын көтеру мақсатында кедендiк ресiмдеу процестерiн автоматтандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жүктiк кедендiк декларациялардың электронды көшiрмелерiнiң дерекқорын орталықтандырып қалыптастыру, жасалған қорлардың негiзiнде Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының статистикасын жүргiзу, мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының кеден органдары негiзгi көрсеткiштерiнің мониторингi.
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
___________________________________________________________________
№ |Бағ.|Кiшi| Кiшi | Бағдарламаны іске | Іске | Жауапты
п/п|дар.|бағ.| бағдарлама. | асыру жөніндегі | асыру | орындау.
|лама|дар.| лардың | іс-шаралар |мерзімі| шылар
|коды|лама| атауы | | |
| |коды| | | |
___________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
___________________________________________________________________
1 001 Мемлекеттік
бюджеттiң
атқарылуын
және оның
атқарылуына
бақылауды
қамтамасыз
ету
2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жылдың Қазақстан
органның касы Қаржы министр- iшiнде Республи.
аппараты лiгiнiң орталық касының
аппаратын ұстауға Қаржы