Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 11 қазандағы № 1017 Қаулысы
(2007.06.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген бөлiмде:
«Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөніндегі комитетi» және «Әуе көлiгi» деген кiшi бөлiмдер мынадай редакцияда жазылсын:
| «Әуе көлiгi | |
60 | Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң «Қазаэронавигация» әуе жүрiсiн басқару және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудiң жер үстіндегі құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөніндегі шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны | |
Алматы қаласы; |
60 а | Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазаэрожобалау» республикалық мемлекеттік кәсiпорны | |
Алматы қаласы»; |
реттiк нөмiрi 60-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«60-2 | «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (жедел басқару құқығында) | |
Астана қаласы»; |
2) ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |