Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 212 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қазандағы № 1011 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды
«Өрт қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкері қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 212 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 12, 118-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтік міндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертiккен жағдайда оған, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу ережесiнде:
2-тармақтағы», сондай-ақ оны аударуды алушының есебінен почта арқылы» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |