«Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту
жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға
арналған негізгi бағыттары» бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 Қаулысы
(2009.10.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Елдегi экономиканың көлеңкелi секторының көлемiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттары» бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Бағдарламамен көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен (келісім бойынша) бірлесiп, жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Yкіметін Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы хабардар етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 969 қаулысымен
Бекітілген
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ МӨЛШЕРІН ҚЫСҚАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ПЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ 2005-2010 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ»
БАҒДАРЛАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
1.Бағдарламаның паспорты
2.Кiріспе
3.Көлеңкелi экономиканың негізгі ұғымдары
4.Көлеңкелі экономиканың әлемдік ауқымы, оны қысқарту жөнiндегі жұмыс тәжiрибесi және оның туындау себептерi
§ 1. Көлеңкелі бизнестің әлемдiк ауқымы және оны қысқарту жөнiндегі тәжiрибе
§ 2. Бизнесті көлеңкеге кетуге мәжбүр ететін себептер
5. Қазақстандағы көлеңкелі экономиканы талдау және оның туындау себептерi
§ 1. Көлеңкелі экономиканың ауқымы
§ 2. Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың даму себептерiн талдау
Экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының деңгейі
Әкiмшiлiк кедергілер және олардың экономиканың көлеңкеге кетуiне әсері
Көлеңкелі экономиканың мөлшерiн есепке алу мен бағалау жүйесінің жетілмеуі
Салық салу жүйесі
Қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы және төлем
карточкаларын қабылдау желілерi дамуының әлсiз деңгейi
§ 3. Қорытындылар
6. Көлеңкелі экономика мөлшерiн қысқартудың мақсаты мен мiндеттері
7. Мемлекеттік саясаттың көлеңкелі экономика мөлшерін қысқартуды қамтамасыз ететiн мiндеттердi шешу жөніндегі негізгі бағыттары
§ 1. Экономиканың даму деңгейiн және халықтың әл-ауқатын арттыру
§ 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесiн және басқарудың әкiмшiлiк жүйесін жетілдiру
Салықтық әкімшілендіруді жетілдiру
Әкiмшiлік заңнаманы және экономикалық қызметті жүзеге асыруды
регламенттейтін мемлекеттік рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдipy жөніндегі бағыттар
§ 3. Көлеңкелі қолма қол ақша қаражаты айналымының мөлшерiн азайту жөніндегі бағыттар
§ 4. Көлеңкелі экономика мөлшерін бағалау әдістерiн жетілдiру
§ 5. Салық пен бюджетке төленетін төлемдерді жинаумен, экономикалық қылмыстарды ашумен айналысатын органдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыру және жұмысын жетілдiру
Экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды ашу
жөніндегі жұмыс әдiстерiн жетiлдiру
Материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыру
6. Салық салу жүйесiн жетiлдiру
8. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
9. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
10. Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттарының бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы | "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөнiндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру араларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгi бағыттары" бағдарламасы |
Әзiрлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 9.1.6-тармағы |
Негізгi әзiрлеушi | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі |
Мақсаты | Экономикалық, заңнамалық және әкiмшілiк тұрғыда ықпал ету шараларын жетiлдiру жолымен көлеңкелi экономика мөлшерін азайту |
Мiндеттерi | Заңды және жеке тұлғаларды өндiрiстiк-қаржылық қызметтiң ашық нысанына ынталандыратын экономикалық және ұйымдық жағдайларды жасау. Экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оларға қарсы күрес әдiстерiн жетiлдiру |
Қаржыландыру көздерi мен көлемi | Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру тиiстi (жыл сайын) қолданыстағы және әзiрленетін мемлекеттік және салалық даму бағдарламалары мен бюджеттік бағдарламалар шеңберiнде көзделедi |
Күтілетiн нәтижелер | Экономиканың өсуi, адал кәсiпкерлiктi дамыту, салықтық, кедендiк төлемдердi жинауды, сондай-ақ ел экономикасына инвестицияларды ұлғайту үшiн қолайлы алғышарттар жасау; бәсекелi ортаны ақсарту; экономиканы мемлекеттік реттеу, салықтық және кедендiк әкiмшiлендiру саласындағы нормативтiк- құқықтық, әдістемелік және ақпараттық базаны жетiлдiру; экономикалық құқық бұзушылықтарға, көлеңкелi экономикаға, сыбайлас жемқорлыққа және экономика саласындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің тиiмдiлігін арттыру; халықтың экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзетiн мемлекеттік органдармен өзара түсiнiстігін арттыру; |
Іске асыру | 2005-2010 жылдар мерзімдері |
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 9.1.6-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негізгi бағыттары" бағдарламасы әзiрлендi. Құжаттың құрамына министрлiктердiң, қаржылық, ғылыми-зерттеу және мемлекет пен ел экономикасы салаларының мүдделерiн қорғайтын қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары енгізiлдi.
Осы тақырып бойынша әлемдiк практиканы зерделеу экономиканың көлеңкеге кетуiне ықпал ететiн проблемалардың кешендiлiгiне байланысты көптеген елдердiң мемлекеттік органдары жұмысының практикасында көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі бірыңғай шаралардың пайдаланылмағанын көрсеттi. Қабылданып жатқан шаралар көлеңкелi экономиканың қандай да бір себептерiн жоюға, мысалы, салық салуды жетілдiруге, бизнес үшін рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға, есiрткi айналымына қарсы күрестi күшейтуге және т.б. бағытталды.
Қазақстанда қазiрдiң өзiнде көлеңкелi экономика көрiнiстерiнiң барлық дерлік бағыттары бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданды, ал жекелеген проблемалар заңнамалық тұрғыда айқындалған. Осыған байланысты бұл құжаттың ерекшелiгi қазірдің өзiнде қабылданған мемлекеттік және салалық даму бағдарламаларын iске асыруға сүйенетiндiгi болып табылады. Бұл көлеңкелі экономиканың барлық дерлiк қызмет салалары мен түрлерiне қатысты, сондай-ақ аумақтық өзгешелiктерi бар ерекшелiгiне байланысты.
Осыған байланысты, бұл Бағдарламада жасырын экономиканың кейбір бөлiгiн заңдастыру проблемасын кешендi қарауға және шешуге, сондай-ақ әртүрлi мемлекеттік органдардың салық салудан жасырылатын кiрістi бағалау әдiстерiн жетiлдiру, олардың қызметiн кейiннен заңдастыра отырып, тауарлар мен қызметтердi астыртын өндiру фактiлерiн анықтау жөніндегі өзара iс-қимылын тереңдетуге мүмкiндiк беретiн экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары айқындалады.
Бағдарламаны iске асыру экономикалық өсудiң жоғары қарқындары, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде экономиканы дамытудың сапалы жаңа кезеңiне көшу, сондай-ақ әлеуметтiк мұқтаждарға арналған мемлекеттік шығыстардың өсуi мен халықтың өмiр сүру деңгейiнiң артуы, Қазақстанның әлемдiк экономикалық қоғамдастыққа одан әрi ықпалдасуы жағдайларында жүргізілетiн болады.
Бұл жұмыссыздықты қысқарту, шағын кәсiпкерлiктi дамыту бөлігінде елдiң экономикалық әлеуетiнiң деңгейiмен және халықтың әл-ауқатымен байланысты және басқа факторлардың әрекетiне жұмсартушы әсер етедi. Сонымен қатар экономикалық қылмыс құрылымының сапалық жағынан өзгеруiн, қылмыстық мiнез-құлықтың жаңа әрi неғұрлым күрделенген нысандарының пайда болуын күту қажет. Мұның бәрi мемлекеттік органдардың көлеңкелi экономика мөлшерiн қысқарту саласындағы экономикалық, заңнамалық және тергеу шараларын жасауда үйлескен жұмыс жүргiзуiн талап етедi.
Iске асырылуы қажет шаралар экономикалық қылмыс көрiнiстерiнiң аталған нысандарынан бұрын әрекет етуге тиiс. Бұған әлемдiк тәжiрибенi зерделеу және осы құбылысқа қарсы күрестiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгізу ықпал ететiн болады.
Ел экономикасының неғұрлым сапалы даму деңгейiне көшуi ұзақ мерзімдi кезең iшiнде жүргізілуiне байланысты бұл проблеманы шешудi кейiннен Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарының құрамына енгізу жолымен бұл Бағдарлама 2010 жылға дейiнгi кезеңге бағдарланған.
3. Көлеңкелi экономиканың негiзгi ұғымдары
Халықаралық практикада көлеңкелi экономиканың мынадай анықтамалары бар:
1) экономикалық қызметтiң жария етілмеген және жасырын түрлерi;
2) экономикалық қызметтiң қандай да бір себептер бойынша ресми статистикада есепке алынбайтын және салық салынбайтын барлық түрлерi;
3) қоғам бақылау жасамайтын тауарлар мен қызметтерді өндiру, тарату, айырбастау және тұтыну.
Бірiккен ұлттар ұйымының ұлттық шоттар жүйесi (бұдан әрi - ҰШЖ) негізiнде әзiрленген қадағаланбайтын экономика мөлшерiн бағалаудың есептiк-статистикалық әдiсi неғұрлым көп таралған болып табылады.
ҰШЖ-да экономикалық қызметтiң салықты, кедендiк төлемдердi, әлеуметтiк жарналарды төлеуден жалтару, заңсыз кiрiстер, материалдық пайда алу мақсатында жасалатын жария етiлмеген және жасырын әр қилы түрлерiнiң (бақылау жасалмайтын тауарлар мен қызметтердi өндiру, тарату, айырбастау және тұтыну) жиынтығы қадағаланбайтын экономика ретiнде айқындалады.
Қадағаланбайтын экономика көрiнiс беретiн негiзгi сегменттер:
1) формальды емес қызмет - әдетте, статистика және салық салу органдарында тіркелмеген жеке тұлғалар өндiретiн тауарлар мен қызметтер;
2) жасырын қызмет - ресми тiркелген, салық төлеуден жалтару мақсатында өз кiрiстерiн статистикалық есептен жасыратын кәсiпорындардың тауарлар мен қызметтердi өндiруi;
3) заңсыз (заңға қайшы) қызмет - заңнамада тыйым салынған тауарлар мен қызметтердi (есiрткi, қару-жарақ, жезөкшелiк, адамдарды сату және т.б.) өндiру және әдетте заңды қызметке жататын, алайда рұқсаты жоқ өндiрушiлер айналысқан жағдайларда заңсыз сипатқа ие болатын өндiрiстiк қызмет.
Көптеген елдерде заңсыз қызметтен алынатын кiрiстер, iзгілік көзқарас тұрғысынан, экономикалық даму жетiстiктерi ретiнде қаралмайды. Бұл кiрiстер жалпы iшкi өнiм (бұдан әрi - ЖIӨ) құрамына қосылмайды және мемлекет кiрiстерiн ұлғайту резервi болып есептелмейдi. Қазақстанда заңсыз қызмет мөлшерiнiң бағасы ЖIӨ-нiң құрамына қосылмайды.
Ұрлық, алаяқтық, бопсалау және басқалары сияқты заңға қайшы iс-әрекеттер өз мәнiнде экономикалық болып табылмайды және көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалаған кезде оларды статистикалық органдар есепке алмайды, өйткенi:
мұндай iс-әрекеттер барысында жаңа өнiмдер мен қызметтер жасалмайды, тек экономикалық активтердi қызметтiң бір түрiнен екiншi түрiне қайта бөлу жүргiзiледi;
бұл iс-әрекеттер контрагенттер арасындағы еркiн уағдаластық нәтижесi болып табылмайды, керiсiнше, мәжбүрлеуге немесе алдауға негізделедi.
4. Көлеңкелi экономиканың әлемдiк ауқымы, оны қысқарту
жөніндегі жұмыс тәжiрибесі және оның туындау себептерi
§ 1. Көлеңкелi бизнестiң әлемдiк ауқымы және оны қысқарту жөніндегі тәжiрибе
Қадағаланбайтын экономика - жалпы әлемдiк құбылыс. Ол дамыған және дамушы елдерде, сондай-ақ өтпелi экономикалы елдерде барлық көрiнiс нысандарында кездеседi. Көлеңкелi экономиканың түрлi елдердегi ауқымы әр қилы. Бұл ретте нақты ел халқының тұрмыс деңгейi қаншалықты төмен болса, ЖIӨ құрамында ескерілмейтiн кiрiстiң үлесi соншалықты жоғары.
Дамыған елдер | Шығыс Еуропа | Тәуелсiз мемлекеттер достастығы (ТМД) және Балтық елдері |
Швейцария - 8,1 | Ирландия - 16,2 | Словакия - 10,2 | Грузия - 63,0 |
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) - 8,9 | Канада - 16,2 | Польша - 13,9 | Азербайджан - 59,3 |
Австрия - 9,0 | Дания - 18,3 | Чехия - 14,5 | Молдавия - 37,7 |
Жапония - 11,1 | Финляндия - 18,9 | Румыния - 18,3 | Латвия - 34,8 |
Жаңа Зеландия - 11,9 | Швеция - 19,9 | Венгрия - 28,4 | Литва - 24,2 |
Норвегия - 12,6 | Бельгия - 22,5 | Хорватия - 28,5 | Белоруссия - 19,1 |
Ұлыбритания - 13,0 | Испания - 23,1 | Болгария - 32,7 | Қазақстан - 21,3 |
Нидерланды - 13,5 | Португалия - 23,1 | | |
Австралия - 14,0 | Италия - 27,3 | | |
Германия - 14,9 | Греция - 29,0 | | |
Франция - 14,9 | | | |
Көзi: Еуростаттың ақпараты
Сарапшылардың бағалауы бойынша ЖIӨ-дегі көлеңкелi экономика үлесі дамыған елдерде орта есеппен 12%-ды, дамушы елдерде 39,6%-ды, ал өтпелi экономикалы елдерде 23%-ды құрайды.
Көлеңкелi экономиканың 50-ден 70%-ғa дейiнгі неғұрлым жоғары деңгейi Африка мен Латын Америкасының дамушы елдерiнде орын алып отыр.
Шетелдiк ақпарат қызметтерiнiң деректерi бойынша халықтың көлеңкелі экономикада жұмыспен қамтылуы жыл сайын өсуде. Еуропалық одақ елдерінде бұл цифр кемiнде 10 млн. адам, ал тұтастай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) бойынша шамамен 17 млн. адам деп бағаланып отыр.
Сатып алу қабiлетiнiң шамасы бойынша есептелген жалпы әлемдiк ресми ЖIӨ 1999 жылы 39 трлн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте қадағаланбайтын экономикада өндірілген кiрiстің үлесi 8 трлн. АҚШ долларына немесе ЖIӨ-нiң 20%-ына бағаланып отыр. Өзiнiң көлемi жағынан жаhандық көлеңкелi экономика әлемдегi ең көлемдi ЖIӨ-сi бар AҚШ экономикасымен салыстырылады.
Әлемнiң түрлі елдеріндегі көлеңкелі экономиканы азайту жөніндегі бірқатар шаралар мен құралдар
Шаралар | Елдер | Құралдар |
Жұмыссыздықты және экономиканың формальды емес секторын қысқарту | АҚШ Жапония | Шағын және орта бизнеске (бұдан әрi - ШОБ) қаржылық, техникалық және консультативтiк көмек көрсету, кадрлар даярлау мен білiктілiк беру үшiн орталық және жергілiктi деңгейлерде арнайы құрылымдар құру; бизнестi тіркеу және лицензиялау жүйесін оңайлату (Телефон байланысын, почтаны немесе Интернеттi пайдалана отырып, қысқа мерзiм iшiнде жергілiктi билiктен тiркеудi және лицензияларды алу); барлық елдi мекендерде бизнес қауымдастықтарын құруды ынталандыру. |
Әкiмшілiк рәсiмдердi жетілдіру | Канада | Өзара қатынастар және бизнес пен әрiптестiктi жақсарту үшін бірыңғай органды қамтамасыз ету үшiн Бизнес Терезесін (Business Window) құру; тіркеу нөмiрiн алу үшін кәсiпкерлер Интернеттегi сайтта арнайы нысанды толтыруы не толтырылған нысанды почта арқылы жiберуi немесе телефонға хабарласа отырып, тіркеу нөмiрiн алуы тиiс; лицензиялау процесiн штаттар мен қалалардың уәкілетті органдары жүзеге асырады. Қару-жарақ сату, алкоголь өнiмдерi мен дәрілік заттарды өндiру сияқты жекелеген қызмет түрлерi бойынша ғана федералдық үкiметтің лицензиясы талап етіледi. |
Кiрiстi мемлекет пен қалған экономика арасында бөлу тетiктерін жетілдіру | АҚШ Жапония Канада Ұлыбритания Франция Германия | Салыстырмалы түрде жоғары емес салық салу ставкаларын белгілеу (Жапонияда - 37 %, АҚШ-та - 41 %, бұл ретте ШОБ салық салу ставкалары iрi фирмаларға қарағанда айтарлықтай төмен); экспорттық қызмет, жаңа өнеркәсiптiк қуаттарға инвестициялар үшiн салықтық жеңілдiктер беру, жаңа жұмыс орындарын құру, неғұрлым нашар дамыған аудандарда өндiрiстер ашу және т.б.; алшақтықтарды анықтау және түзетулер енгізу үшiн салықтық түсiмдердi бақылау жүйесiн пайдалану; Салық салудан жалтарғаны, деректердi толық табыс етпегенi, салық есептілiгiн бұрмалағаны үшiн жауапкершілiктi қатаңдату. (Бұл қылмыстар үшiн жауапкершілiк - iрi көлемдегi айыппұл немесе 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру); компаниялардың шетелде алған кiрiстерi елге қайтарылғанға дейiн, оларға салық салу мерзiмiн ұзартуды ұсыну. Мұндай ұзартудың мерзiмсiз сипаты болуы мүмкiн; сыртқы рыноктарда әрекет ететiн компаниялар үшiн қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімдерде көзделген шаралар. |
Материалдық базаны нығайту және экономикалық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдiстерiн жетілдіру | АҚШ Жапония Франция | 1989 жылы ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі арнайы халықаралық құрылымның (FATF) құру; қаржы және кредит институттарының iрi қаржы операцияларын және мұндай операцияларды жүзеге асырған тұлғаларды есепке алу; күмәндi мәмілелер мен салымдарды бақылап отыру үшiн қаржылық арнайы қызметтердi құру; банктердiң арнайы қызметтердi күмәндi мәмілелер туралы хабардар ету мiндетi және мұндай қызметтердiң клиенттер шотына қол жеткізуiн қамтамасыз ету; әкімшілендiрудi орталықсыздандыру процесi; ауқымы министрлiкке және секторға байланысты өзгерiп тұрған, жергілiктi билiк органдарының әкiмшiлiк мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатына бағытталған жауапкершiлiктi беру; жұмысқа қабылдау білiм деңгейi арқылы айқындалады; неғұрлым жоғары қызмет деңгейiне түсу білім даярлығына тәуелдi және көбiнесе емтихандарды тапсырумен байланысты. |
§ 2. Бизнестi көлеңкеге кетуге мәжбүр ететiн себептер
Көлеңкелi экономиканы азайту жөніндегі жұмысты тиiмдi ұйымдастыру үшiн, ең алдымен, экономиканың көлеңкеге кетуiне ынталандырушы әсер ететін себептердi бiлу қажет.
Жаhандық экономикадағы кiрiстердi жасыруды көтермелейтiн себептер iс жүзiнде бірдей, алайда нақты елдiң даму деңгейiне қарай олар жалпы процеске әртүрлi әсер етедi. Бұл себептердi мынадай блоктарға бірiктiруге болады:
1) экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейi;
2) кiрiстi мемлекет пен қалған экономика арасында бөлудi регламенттейтiн заңнаманың жетiлмеуi;
3) бизнесті ашу және жүргiзу рәсiмдерiнiң реттелуi, бұл сыбайлас жемқорлық қызметті туындатады;
4) жасырын экономиканы бағалау әдiстерiнiң және осы проблема бойынша мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың жетiлмеуi;
5) әкімшілендiру және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткілiктi дамытылмауы;
6) қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы және төлем карточкаларын қабылдау жүйесi дамуының әлсiз деңгейi.
Барлық елдер үшiн қандай да бір блокты құрайтын себептердiң неғұрлым егжей-тегжейлi сипаттамасы мынадай:
1. Экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейi
Ел экономикасының даму деңгейiн мынадай макроэкономикалық көрсеткiштермен сипаттауға болады: жан басына шаққандағы ЖIӨ, адами даму индексi, жұмыссыздық деңгейi, тұрмыс деңгейi кедейшілiк шегiнен төмен халық үлесi және т.б.
Мыналар:
халықтың жоғары деңгейдегi жұмыссыздық және еңбекке ақы төлеудiң төмен деңгейi жағдайларында өмiр сүру қажеттігі;
сыртқы бәсекелестiк жағдайларында салық төлегеннен кейiн кәсiпорындардың тауарлар мен қызметтердiң рентабельдi өндiрiсiн қамтамасыз етуiне мүмкiндiк бермейтiн өндiрiстің техникалық және ұйымдық төмен деңгейi;
қолдан жасалған және контрафактілiк өнiмге сұраныстың жоғары болуы;
қаражатты қайтару бойынша тәуекел дәрежесiнiң жоғары болуы, экономиканың бәсекеге қабiлетiнiң төмен болуы мен қаржы және кредит рыногының даму проблемалары салдарынан кредит ресурстарының қол жетiмсiздiгi (әсiресе шағын бизнес үшiн) төмен әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi жағдайларында көлеңкелi экономиканың орын алуының негiзгi себептерi болып табылады.
2. Кiрiсті мемлекет пен қалған экономика арасында бөлудi регламенттейтін заңнаманың жетiлмеуi
Мемлекет пен қалған экономика кiрiстерiнiң арасындағы теңгерiмділiкті мынадай: кәсiпорындарға және халыққа салынатын салықтық жүктеменiң жалпы деңгейi, тұтастай экономика бойынша және жекелеген салалар мен қызмет түрлерi бойынша тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң рентабельдiлiк деңгейi, сондай-ақ еңбекақыларды еңбек өнiмділігінiң өсу көрсеткiштерiмен, ең төменгі күнкөрiс деңгейiмен немесе ең төменгі еңбекақымен салыстыру көрсеткiштерiмен сипаттауға болады.
Қазақстандық салық төлеушiлердiң көп бөлiгi көлеңкеге салық салу ставкаларының жоғары болғандығынан кетпейтiнiн, өздерi өндiретін өнiмнiң бәсеке қабiлетiнiң төмен болуы салдарынан кететiнiн атап өту қажет. Дегенмен бірқатар басқа елдерде себептердiң бұл блогы экономиканың көлеңкеге кетуiне едәуiр әсер етедi.
Бұл блок бойынша мыналар:
салық салудың тауарлар мен қызметтердi кеңiнен өндiрудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiн негiзсiз жоғары ставкалары (өндiрiлетiн өнiм бәсекеге қабiлеттi болған жағдайдың өзiнде);
өндiрiстi iрiлендiру, оны ұйымдастырудың неғұрлым жоғары нысандарына көшу үшiн жеке тұлғалар мен шағын кәсiпорындардағы салықтық және кредиттiк ынталандырулардың жеткiлiксiздігі;
негізсiз жоғары кедендiк тарифтер мен басқа да алымдар көлеңкелi экономиканың өсуiн ынталандыратын негiзгi себептер болып табылады.
3. Бизнестi ашу және жүргізу рәсiмдерiнiң реттелуi, бұл сыбайлас жемқорлық қызметтi туындатады
Келiсу сатыларының саны, лицензияланатын қызмет түрлерi тiзбесiнiң мөлшерi, қызметтерге тарифтердiң деңгейi, жарналар мен басқа да алымдарды тiркеу және төлеу жөніндегі рәсiмдердi компьютерлендiрудiң жай-күйi, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер мен функцияларды ресiмдеу рәсiмдерiн жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкiмшiлендiрудiң жай-күйi осы себептер блогы бойынша iстер жай-күйiнiң көрсеткiштерi болып табылады.
Мыналар:
заңды және жеке тұлғалардың қысқа мерзiмдерде және неғұрлым аз төлемақыға дамудың рәсiмдiк мәселелерiн реттеуге ұмтылуы;
тексерушi ұйымдар (стандарттау, сертификаттау, өрт және басқа да инспекциялар) тарапынан анықталған бұзушылықтардың салдарынан кәсiпорынды тоқтатуды болдырмауға ұмтылу;
тауарлар мен қызметтердi өндiруге мемлекеттік тапсырысты заңнаманы бұза отырып алуға (немесе беруге) ұмтылу осы блоктағы көлеңкелi экономиканың дамуын ынталандыратын себептер болып табылады.
4. Жасырын экономиканы бағалау әдiстерiнiң және осы проблема бойынша мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың жетiлмеуі
Мыналар: өндiрiске жұмсалған негізгi материалдар шығындарын бекiтілген тұтыну нормаларымен салыстыра отырып талдау; электр энергиясын өндiру және тұтыну серпiнiн зерттеу; басқа өңiрлермен және елдермен салыстырғанда жергілікті органдардың жасырын өндiрiстi ашу жөніндегі белсендiлігінiң жай-күйi;
экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреспен айналысатын органдар арасындағы, сондай-ақ есепке алу органдарымен ақпарат алмасу осы себептер блогындағы көлеңкелi экономиканың жай-күйiн бағалау көрсеткiштерi болып табылады.
Мыналар:
өнiмдi жасырын өндiрудi ұйымдастыру есебiнен баюға ұмтылу;
әлуеттi органдардың жасырын цехтар мен мемлекеттен жасырылған кiрісті анықтау жөніндегі жеткіліксiз жұмысы;
мемлекеттік қызметшiлердiң өнiмдi астыртын өндiрушiлермен бірiгуi осы блоктағы көлеңкелi экономиканы ынталандыратын себептер болып табылады.
5. Әкiмшiлендiру және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткiлiктi дамытылмауы
Салықты және төлемдердi жинауды жүзеге асыратын органдардың техникалық жарақталуының жай-күйi, олардың еңбегiне ақы төлеудiң, салық пен басқа төлемдердi жинау жөніндегі мамандардың жұмысын iшкi және сыртқы бақылаудың деңгейi бұл блоктағы iстердiң жай-күйiнiң көрсеткiштерi болып табылады.
Мыналар:
жеке және заңды тұлғалар тарапынан табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың (бeкipe аулау, ағаш шабу, астық сату және т.б.) жолын кесудiң мүмкiн еместiгi;