халықаралық стандарттарға жақындату үшiн кеден iсi саласындағы нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру;
кедендік әкiмшілендiрудi жетiлдiру, кедендiк рәсімдердi оңайлата отырып, оларды сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшiн неғұрлым ашық әрi түсiнiкті ете отырып, кедендiк бақылау әдiстерi мен нысандарының тиiмдiлiгін арттыру, бұл өз кезегiнде олар үшiн қолайлы жағдайлар жасайды;
өңiрлiк бірлестiктер шеңберiнде шекаралас мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен өзара iс-қимылды жандандыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажет.
Әкiмшілiк заңнаманы және экономикалық қызметтi
жүзеге асыруды регламенттейтiн мемлекеттік
рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру
Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың нормаларын қолдану мазмұны жағынан неғұрлым көлемдi әкiмшілiк кедергілердiң бірi болып табылады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қабылдау әкiмшiлiк заңнаманы ырықтандыру фактiсi болған жоқ, керiсiнше, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде туындайтын қоғамдық-құқықтық қатынастар жағдайларының барынша қатаюына алып келдi және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жаңа нысандарын туындатты, бұл, сондай-ақ кәсiпкерлерге тәрбиелiк әсер етудiң төмендеуiне әкеп соқты.
Соңғы уақытта кәсiпкерлiкті бақылау-қадағалаулық реттеу жүйесiнде ведомстволық және өңiрлiк деңгейлерде Әкiмшілiк кодекс нормаларын өзгеше түсіндiру және негізсiз жоғарылатылған айыппұл санкцияларын қолдану жағдайлары орын алып отыр.
Республикадағы кәсiпкерлiктiң дамуына кедергi келтiретiн және сыбайлас жемқорлық деңгейiн жоғарылататын мұндай жағдаяттар "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттiгін негіздейдi.
Құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершiлiк шарасының тиiмділігі мен объективтiлiгін арттыру үшiн әкiмшiлiк басқаруды жетiлдiру жөніндегі жұмыс шеңберiнде әкiмшiлiк заңнаманы және кәсiпкерлiктi мемлекеттік реттеу жүйесiн қайта қарауды жүзеге асыру, бұзушылықтардың түрлерiне қарай айыппұл мөлшерiн бірдей мөлшерде бөлу қағидаты бойынша дәл ажырату және айқындау қажет.
2005 жылы "Жеке кәсiпкерлiк туралы" заң жобасын қабылдау және сонымен бір мезгiлде кәсiпкерлiк мәселелерi жөніндегі қолданыстағы заңнамалық актiлердi жаңа заңға сәйкес келтiру, сондай-ақ Әкiмшiлiк кодексiнде мынадай ережелердi бекіту және көздеу:
айыппұлдар мөлшерiн (жаза түрлерiн) кәсiпкерлiк субъектілерiнiң шағын, орта және iрi бизнес санатына жататынына, бизнес ауқымына, бұзушылықтардың сипатына және оны жасаған кездегі жағдаяттарға қарай белгілеу;
әкiмшілік айыппұлдар мөлшерiнiң диапазондарын қысқарту;
әрекеттердi (құқық бұзушылықтарды) бірiншi рет жасаған адамдар үшiн ең төменгі айыппұл мөлшерiн және алғашқы жазаны ескерту түрiнде белгілеу;
мемлекеттік органдардың шаруашылық субъектілерiн бақылау-қадағалау қызметi жөніндегі нормативтiк құқықтық базаны мемлекеттік бақылаушы органдардың кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi тек заңнамалық актiлерге сәйкес жүзеге асыруы қағидаты бойынша қайта қарау және жүйелендiру;
бақылау-қадағалау органдарының шаруашылық субъектiлерiне тексерiс белгiлеу негіздемелерiнiң толық тiзбесiн және превентивтiк жазалау шараларының дәйектiлiгін заңнамамен бекіту жоспарланып отыр.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодекске бақылау-қадағалау жүйесiн, сондай-ақ шағын, орта және iрi бизнес үшiн айыппұлдар салу және оның мөлшерiн айқындау тәртібiн қайта қарау мен жетiлдiруге қатысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу әкiмшiлiк кедергiлердi жоюға, жасалатын бұзушылықтар санын азайтуға және сыбайлас жемқорлықты қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Кәсiпкерлiк үшiн рұқсат беру рәсiмдерi жүйесiн жетiлдiру көлеңкелi экономиканың мөлшерiн азайтудағы маңызды фактор болып табылады.
Бұл ретте, рынок субъектiлерi экономикалық қызметтi жүзеге асыруы үшiн мемлекеттік реттеу түрлерiн - біржолғы лицензиялар берудi (рұқсат алудың оңайлатылған рәсiмi), лицензиялауды, мемлекеттік монополияны, сертификаттауды, стандарттауды, аккредиттеудi айрықша бөлiп көрсеткен жөн.
Мемлекеттік реттеудiң бұл секторында (рұқсат беру жүйесiнде) рұқсат беру рәсiмдерiнiң бұлыңғырлығы, заңнамалық және заңға тәуелдi актілердiң күрделi және кейде шатастырылған нормалары байқалады.
Мемлекеттік монополия
Мемлекеттік монополия саласы бүгiнгі таңда 7 заңмен реттеледi, бұл ретте заңнамада бекітілген "мемлекеттік монополия" ұғымын заңнамалық тұрғыдан бекіту болмай отыр. Осы заңнамалық актiлерге сәйкес, мысалы, ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау, жекелеген тауарларды әкету және (немесе) әкелу және т.б. сияқты 8 қызмет түрi ғана мемлекеттік монополияның айрықша саласына жатқызылған. Егер жекелеген түрлер бойынша мемлекеттік монополияның қажеттiгі айқын болса, мысалы, өнеркәсiптiк меншiк объектілерін күзету сияқты жекелеген түрлер бойынша ол күмән туғызады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар деңгейiндегі жекелеген қызмет түрлерi бойынша мемлекеттік монополизмнiң ұлғайып отырғанын және мемлекеттік тапсырысты ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсiпорындар ғана орындайтынын атап өту қажет.
Мемлекеттік монополия саласында қандай да бір қызмет түрiн мемлекеттік монополияға жатқызуды заңнамалық түрде айқындау қажет.
Лицензиялау
Лицензиялау жүйесіндегі негізгi проблемалар:
заңға тәуелдi актілер деңгейiнде жұмыстар мен қызметтердiң лицензияланатын түрлерiнiң көлемдi тiзбесi және олардың едәуiр кеңейтiлуi, ол iскерлiк белсендiлiк пен кәсiпкерлiк бастаманың өсуiне кедергi келтiредi;
лицензиялауға жататын жұмыстар мен қызметтердiң барлық дерлiк түрлерiн (89%) лицензиялауды орталық органдар жүзеге асырады;
заңға тәуелдi актілер деңгейiнде лицензиялар берудiң тәртібі мен рәсiмдерiн күрделендiру фактілерiнiң орын алуы, лицензиялаудан кейiнгi бақылаудың реттелмеуi;
лицензия берудi де, кейiнгi лицензиялық қызметтi де негіздейтiн қосымша рұқсат беру жүйесiнiң (рұқсаттар, қорытындылар және келiсулер) болуы.
Лицензиялау саласында тура әрекеттегі заңнамалық акт болатын "Лицензиялау туралы" сапалы жаңа Заң әзiрлеу қажет, оның шеңберiнде лицензияланатын қызмет түрлерiнiң салалық заңнамалық актілерде қамтылу және қайталану мүмкiндiгін болдырмайтын, лицензиялау саласындағы заңнаманы бірыңғай түсiндiрудi және бірiздендiрудi қамтамасыз ететiн толық тiзбесi беріледi.
Онда:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік функцияларды дәл регламенттеу;
2) "Шағын кәсiпкерлiкті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын ескере отырып, лицензиар органдардың лицензиаттарға тексеру жүргiзу мәселесi бойынша преференциялар құру;
3) "жалғыз терезе" қағидатын енгізу көзделедi.
Бұл ретте, қаржы рыногындағы қаржы ұйымдарының қызметiн лицензиялау тәртібi, банк, сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар рыногындағы қызмет және зейнетақы қызметтерi туралы заңнамалармен реттеледi.
Бейресми еңбекпен қамтылуды төмендету жөнiндегі бағыттар
Қазiргi уақытта экономиканың құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты кейбір салаларында тiркеу, тұру және азаматтық ережелерiн бұза отырып, шетелдiк жұмыс күшiн заңсыз пайдалану кең етек алып отырғандығын атап өткен жөн.
Бұл жұмыс берушілердi салық төлемеуге, көлеңкелi кiрiстер алуға, еңбек жағдайлары мен қауiпсiздігі туралы ереженi сақтамауға итермелейдi және отандық біліктi кадрлар даярлауға алғы шарттар жасалмайды.
Қазақстан Республикасы экономикасының салаларында пайда болған білiктi кадрлардың жетiспеушiлiгi елдiң индустриялық-инновациялық дамуына кедергі келтiретiн факторға айналуы мүмкiн.
Оның үстiне, ел экономикасының жоғары даму қарқыны жағдайында Қазақстандағы қазiргi демографиялық ахуал да салаларды еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейтiнiн ескеру қажет.
Осыған байланысты, сондай-ақ формальды емес жұмыспен қамтуды және заңсыз көшi-қонды анықтау үшін 2005-2006 жылдары осы Бағдарлама шеңберiнде:
Еңбек кодексiн қабылдау;
Қытаймен, сондай-ақ Тәуелсiз мемлекеттер достастығы шеңберiнде еңбек көшi-қонын реттеу жөнiндегі халықаралық шарттарға қол қою;
еңбекке сағат бойынша ақы төлеудi, жеке және сараланған жалақы мүмкiндiгін енгізу;
еңбек жағдайларының (жұмыс ұзақтығы мен уақытының, қоса атқаруға қосымша жұмыс алу мүмкiндiгінiң және т.б.) икемдi режимiн ұсыну ұсынылып отыр.
Сондай-ақ:
қолданыстағы мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын қайта қарау және оңтайландыру әрi заңды бизнес жүргiзудiң барынша оңайлатылған рәсiмдерiн жасау;
автомобиль тасымалдарын бақылау жөніндегі "бірыңғай аялдама" қағидатын iске асыру үшiн шекарадағы өткізу пункттеріндегі бақылаушы органдарды көшiру;
негiзгi көлiк бағыттарындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнiң оңтайлы санын айқындай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль тасымалдарын бақылау жүйесiн жетiлдiру.
Мемлекеттік басқару жүйесiн жетiлдiру жөніндегі бағыттар
Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызметтерге еркiн қол жеткізуiн қамтамасыз ету, халықтың шенеунiктермен байланысын азайту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу және мемлекеттік органдардың жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында "Электронды үкiмет" қалыптастыру жүзеге асырылады. Жүйенi енгізу ұйымдар мен халықтың шенеунiктермен байланыс жасауын оңайлатады және сыбайлас жемқорлық мөлшерiн азайтады.
Жақын арадағы перспективада мемлекеттік-әкiмшiлiк басқару жүйесiн жетiлдiруге және мемлекеттік органдардың жауапкершiлігін арттыруға, оның iшiнде:
мемлекеттік қызметшiлер мен бюджет саласының қызметкерлерi жалақысының басқа салалардағы жалақымен бәсекелесу қабiлетiн қамтамасыз етуге;
мемлекеттік қызметтердiң сапасын жақсарту үшiн орталық және жергілiктi билiк органдарының функциялары мен өкiлеттiктерiнiң аражiгiн нақты ажыратуға;
мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлігі мен сапасын бағалау жүйесiн әзiрлеуге;
экономика салалары мен ел кәсiпкерлерiнiң бірлескен пiкiрi мен ұстанымдарын бiлдiретiн үкiметтiк емес қоғамдық бірлестiктердiң құқықтылығын күшейтуге және арттыруға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырған орынды. Алайда, бұл ретте, қоғамдық бірлестiктер қандай да бір сала кәсiпорындарының мүдделерiн олармен нақты жұмыс iстеудiң айқын және негізделген схемасын иелене отырып бiлдiруi тиiс. Мұндай бірлестiктердiң бағдарламасы оған кiретiн кәсiпорындар өкiлдерiнiң арасынан құрылған қоғам мүшелерiнiң жалпы жиналысында мақұлданған ұсыныстарды бiлдiруге тиiс.
"Мемлекеттік сектордан - қоғамдық, жеке меншiк секторға" қағидатын iске асыру мемлекет пен Қазақстанның қоғамдық бірлестiктерi арасындағы әрiптестiк байланыстарды дамытудың және нығайтудың бастамасы болады.
§ 3. Көлеңкелi қолма-қол ақша қаражаты айналымының
мөлшерiн қысқарту жөніндегі бағыттар
Төлемдердi бөлшек сауданың кез келген саласында жүзеге асыруға мүмкiндiк беретін төлем карточкасы тұтынушылардың түрлi бөлшек рыноктарында айналыстағы қолма қол ақша массасының елеулi көлемiн қолма-қол емес нысанға ауыстыру үшiн барынша шынайы төлем құралы болып табылады. Қолма-қол ақшамен операция жасауды бақылаудың тиiмділiгі аз болса, төлем карточкаларымен жасалатын барлық операциялар тiркеледi және банк жүйесiндегі карт-шоттарда көрсетiледi.
Қазiргi уақытта қолма-қол ақша айналысының ауқымды көлемi және қолма-қол ақшамен жасалатын ұсақ төлемдердiң негізгi ағыны сауда мен қызметтер саласына келедi. Сауда мен қызметтер саласында төлем карточкалары кеңiнен пайдаланыла бастауы үшiн оларды қабылдаудың сауда мен сервистiң әр қилы пункттерiн қамтитын әр жердегi және қол жетiмдi желісін құру қажет. Алайда, практика көрсеткендей, барлық сауда және сервис (әсiресе шағын) кәсiпорындарында карточкаларды қабылдауды ынталандыру - бірнеше банктiң өзi шеше алмайтын мiндет. Оны тиiмдi шешу үшiн ынталандыру шараларының кешендi бағдарламасын жүзеге асыру жолымен қолма-қол емес төлемдер жүйесiн төлем карточкаларын пайдалана отырып дамытудың алғышарттарын мемлекет қана қамтамасыз ете алады.
Қазақстандағы сауда, көлiк, қызметтер саласының төлем карточкалары жүйесiнiң негізгі қатысушылары бола алатын ұйымдары шағын және орта бизнестiң айналасына шоғырланған. Бұл ұйымдардың тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) төлем карточкалары арқылы қолма-қол емес есеп айырысу жолымен сатуға көшуi үшiн жеңiлдiктер беру, көтермелеу шаралары және қолайлы жағдайлар жасау түріндегі мемлекеттің белгілі бір ынталандыру шаралары қажет. Сауда мен сервис кәсiпорындарын төлем карточкаларын қабылдауға тарту және оларға қызмет көрсетудiң тармақталған инфрақұрылымын құру халық үшiн төлем карточкаларының тартымдылығын қамтамасыз етедi және оларды күнделiктi тұрмыста кеңiнен пайдалануға қажеттi жағдайлар жасайды.
Көрсетілетiн қызметтердiң сапасын арттыру, автоматтандырылған қолма-қол емес есеп айырысу жүйелерiн - электронды төлемдердiң "бөлшек" жүйелерiн одан әрi дамыту мақсатында:
төлем карточкаларын қабылдау желiлерiн (банкоматтар мен РОS-терминалдарды) кеңейту;
ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын сауда және сервис кәсiпорындары желісін елдiң барлық өңiрлерiнде қатар дамыту;
төлем карточкалары бойынша дәстүрлi банктiк, сондай-ақ қосымша қызметтердiң барынша көп санын көрсету;
төлем құралдарының жаңа тиiмдi түрлерiн енгізу және дамыту;
банктердiң электронды банктiк қызметтердiң жаңа түрлерiн көрсетуiн одан әрi дамытуға жәрдемдесу;
телекоммуникациялық қызметтердi дамыту: байланыс желісінiң тұрақтылығы мен сенiмдiлiгін арттыру, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтердiң құнын төмендету қажет.
Қолма-қол емес айналым жүйесiн дамыта отырып, бiз жаңа тұтыну мәдениетін және экономикалық өмiрдiң жаңа стандарттарын қалыптастыруға ықпал етiп қана қоймай, елдiң қаржы жүйесiн жетiлдiруге белсендi түрде көмектесемiз, оны әлемдiк жеделдiк пен ашықтық стандарттарына сәйкес келтiруге жәрдемдесемiз.
§ 4. Көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру
Экономикалық саясаттың көлеңкелi экономиканы есепке алу әдiстерiн жетiлдiру саласындағы басты бағыттары:
экономикалық процестердi есепке алу мен бағалаудың тiкелей және жанама әдiстерiн жетiлдiру;
барлық макроэкономикалық көрсеткiштердiң өндiрiс және тауарлар мен қызметтердi тұтыну көрсеткiштерiмен қисынды байланысуына талдау жүргiзу;
көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалаған кезде салықтар мен төлемдердi жинаумен, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылыққа қарсы күреспен айналысатын ведомстволардың ақпаратын ескере отырып, кешендi тәсiлдi пайдалану;
көлеңкелi экономиканың ауқымын есепке алудың және бағалаудың халықаралық практикада қолданылатын қазiргі заманғы техникалық құралдары мен әдiстерiн пайдалану;
құқық белгілейтiн және құқық растайтын құжаттарға сәйкес жерлердiң мәртебесiн белгiлеу мақсатында оларға түгендеу жүргiзу және заңсыз пайдаланылатын жерлердi алып қою жөнiнде ұсыныстар енгізу;
рыноктық айналымға тартылған жердi бағалаудың бірыңғай стандарттарын әзiрлеу;
өнiмнiң ұтымды пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында көмiрсутек шикiзатын өндiру және қайта өңдеу саласында минералдық ресурстарды бастапқы кезеңнен тұтынушыға дейiн есепке алу және мониторингтеу жөніндегі ұйымдастыру шараларын жетiлдiру;
орман және балық ресурстарын пайдалануды есепке алуды жетiлдiру;
мал шаруашылығы саласындағы және ауыл шаруашылығы шикiзатын өңдеу саласындағы есепке алуды жетiлдiру;
экономиканың қолма-қол есеп айырысу басым салаларындағы есепке алуды жетiлдiру;
ауылдық статистиктер институтын күшейту және оларды техникалық қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және жүргiзу болып табылады.
Жұмыстың осы бағыттарының бәрi Мемлекеттік статистиканы жетiлдiру бағдарламасында көрiнiс табуға тиiс.
§ 5. Салық пен бюджетке төленетiн төлемдердi жинаумен,
экономикалық қылмыстарды ашумен айналысатын органдардың
материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейiн арттыру
және жұмысын жетілдiру
Экономика саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы тиiмдi әрекет ету шараларының жүйесiн одан әрi қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен Қазақстан Республикасында экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және
оларды ашу жөніндегі жұмыс әдiстерiн жетiлдiру
2005-2007 жылдары экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды ашу жөніндегі жұмыс әдiстерiн жетiлдiру жөніндегі, сондай-ақ елдегі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған шаралар мен iс-шараларды, сондай-ақ көрсетілген бағыттағы практикалық қызметтi iске асыру қабылданған Қазақстан Республикасында экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Бұл Бағдарлама экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тиiмдi күрес жүргізуге арналған нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк және ақпараттық базаны жетiлдiруге, экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жүргiзетiн органдар қызметiнiң тиiмдiлігін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көрiнiстерi мен өзге де бұзушылық түрлерiн азайту жөніндегі жұмысты одан әрi жалғастыруға және осы бағытта бірлескен iс-шаралар жүргiзуге бағытталған.
Қазақстанның қаржы жүйесiн қылмыстан түсетiн кiрiстердi жылыстататын тұлғалардың пайдалануын болдырмау, сондай-ақ көрсетiлген бағыттағы оқиғалар мен олардан туындайтын салдарлардың алдын алу мақсатында 2005-2006 жылдары ақшаны жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы әрекет ету жүйесiн құру көзделiп отыр.
Алға қойылған мiндеттi iске асыру үшiн:
заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы әрекет ету туралы заң жобасын әзiрлеу және қабылдау;
қаржы мониторингiн жүргізуге уәкiлеттi мемлекеттік орган құру жоспарланып отыр.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыру
Әлемдiк тәжiрибе салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердi жинаумен, экономикалық қылмыстарды ашумен айналысатын органдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн нығайту ?кіметтiң басым мiндеттерiнiң бірi болып табылатынын көрсетедi. Аумақтары ауқымды, халық тығыздығы төмен, кейбір өңiрлерiнде қатты жабын төселген жолдары жоқ Қазақстанда бұл проблема аталған органдардың өз қызметтiк функцияларын қамтамасыз етуiндегі басты проблемалардың бірi болып табылады.
Қазiргі уақытта салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердi жинаумен, экономикалық қылмыстарды ашумен айналысатын әрбір орган өзiнiң материалдық-техникалық базасын салалық және бюджеттік бағдарламаларға сәйкес нығайту үстiнде. Бюджеттік өтiнiмдердi ұсыну процесiнде осындай мемлекеттік мекемелердiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейi егжейлi-тегжейлi зерделенедi. Әдетте, кеден бекеттерiн дамыту, шекараны жайластыру, компьютерлендiру мәселелерi басымдылық тәртібімен шешiледi.
Су, орман ресурстарын қорғаумен айналысатын табиғат қорғау бөлiмшелерiн, сондай-ақ мемлекеттік шекараның жайластырылмаған учаскелерiнен тауарлар контрабандасының және заңмен тыйым салынған есiрткi мен қару-жарақтың өткiзiлуi нысанасына бақылау жасайтын бөлiмшелердi материалдық-техникалық қамтамасыз етудi күшейту қажет екендiгi даусыз.
§ 6. Салық салу жүйесiн жетiлдiру
Салықтық режимдi жетiлдiрудiң негiзгі бағыттары мыналар:
амортизациялық саясатты жетiлдiру;
шағын бизнес субъектiлерi үшiн оңайлатылған декларация негізiнде арнайы салықтық режимдi қолдану аясын кеңейту;
сату жөніндегі ең төменгi айналым мөлшерiн ұлғайту, одан асып кеткен жағдайда салық төлеушi қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға мiндеттi.
Елдегi ескiрген негізгi қорларды жаңартуды ынталандыру қажеттігін ескере отырып, 2006 жылдан бастап амортизациялық аударымдарды есептеудiң және жөндеуге арналған шығыстарды шегерiмдерге жатқызудың жаңа әдiсiне көшу ұсынылып отыр.
Ұсынылып отырған тәртiп тiркелген активтердi жiктеудi оңайлатады, соның нәтижесiнде амортизациялық аударымдарды есептеу және есепке алу тетiгi жеңiлдейдi. Сондай-ақ, амортизацияның шектi нормалары мен жөндеуге арналған нормалар ұлғаяды, бұл амортизациялық аударымдар мен жөндеуге арналған шегерiмдердi ұлғайтуға алып келедi.
Тiркелген активтер амортизациясы тетігiндегі бұл өзгерістер оларды жаңғыртуды жеделдетуге мүмкiндiк бередi және өз кезегiнде корпорациялық табыс салығы бойынша мiндеттемелердi азайтуға ықпал етедi.
Шағын бизнес субъектiлерi үшiн оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салықтық режимдi қолдану аясын кеңейту мақсатында:
жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн мүмкiн болатын жалдамалы жұмыскерлердiң санын ұлғайту;
жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн шектi кiрiс сомасын ұлғайту көзделедi.
Бұдан басқа, сату жөніндегі ең төменгi айналым мөлшерiн 12000 есе айлық есептiк көрсеткiштен 15000 есеге дейiн ұлғайту да көзделедi, одан асып кеткен жағдайда салық төлеушi қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға мiндетті.
Көлеңкелi экономиканы қысқарту процесi мемлекет пен бизнестiң бірлескен iс-қимылын талап етедi. Салықтық жүктеменi азайтуға жауап ретiнде "көлеңкеден" едәуiр шығу ғана салық салу деңгейiн азайту жөнiнде келесi қадамдар жасауға мүмкiндiк бередi. Салықтық жүктеменi бизнестің реакциясынсыз біржақты тәртiппен азайту бюджет тапшылығының ұлғаюына әкеп соғады.
Соңғы жылдары Қазақстанда салық ставкаларын азайтудың мақсатты саясаты жүргізiлуде, дегенмен, көлеңкелi өндiрiсті қоса алғанда, салықтарды төлемегенi үшiн жауапкершілiк жеткілiктi түрде қатаң емес, ең қатаң шара айыппұл төлеу болып табылады. Осыған байланысты, жақын арада кiрiстердi салық салудан жасыруға қарсы шараларды қатаңдату қажет.
Салықтық жүктеменi азайту, салықтық әкiмшiлендiрудiң рөлiн күшейту саясатын жүргiзумен бір мезгілде үкiметтiк емес ұйымдар жүйесi арқылы салық төлеушiлердiң мемлекеттік шығыстарды қалыптастыруға белсендi түрде қатысу үшiн кеңiнен тартылуын қамтамасыз ету қажет. Сол арқылы, қоғамдық ұйымдар өздерiнiң мемлекеттің фискалдық шығыстарын қалыптастыруға қатысуымен, өздерi төлеп отырған салықтардың ел пайдасына, оның iшiнде инфрақұрылым объектілерi, олардың рентабельдi қызметі үшiн тарифтерді қолдау арқылы өздерiнiң негізгі қызметінiң жұмыс iстеу жағдайларын жақсарту үшiн қалай жұмыс iстеп жатқанын сезiне алады.
8. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бұл Бағдарлама iске асыру үшiн қаржы ресурстарын көздемейдi, өйткенi олар қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалар шеңберiнде қалыптастырылатын болады.
9. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаның негiзгі бағыты экономиканың бір бөлiгін заңдастыру мен заңды және жеке тұлғалардың "көлеңкеге" кету дәлелдерiн азайту үшiн жағдайлар жасау мақсатында барлық бағыттар бойынша жұмыстарды үйлестiрудi қамтамасыз етуден тұрады.
Көлеңкелi экономиканы қысқарту жөніндегі көптеген мiндеттердi шешу Қазақстан Республикасының Президентi мен ел Үкіметі қабылдап қойған мемлекеттік және салалық бағдарламаларда белгiленген iс-шаралардың пәрмендiлігімен айқындалатын болады. Бір мезгілде салааралық және өңiраралық сипаты бар осы Бағдарламаның айрықша ерекшелiгі нақ осыда.
Бағдарламаны iске асыру:
қазақстандық экономиканың даму деңгейiн және халықтың әл-ауқатын арттыруға;
экономиканың өсуi үшiн, көлеңкелi экономиканың мөлшерiн азайтуға, адал кәсiпкерлiкті дамытуға, салықтық, кедендiк төлемдердi жинаудың ұлғаюына, сондай-ақ ел экономикасына инвестициялардың ағылуына алғышарттар жасауға қолайлы үшiн;
бәсекелi ортаны жақсартуға;
экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тиiмдi күресу үшiн нормативтiк-құқықтық, әдiстемелiк және ақпараттық базаны жетiлдiруге;