«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 және
2005 жылғы 3 маусымдағы № 558 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 989 Қаулысы
(2009.19.09. берілген өзгерістермен)
«2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) «Маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы № 558 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«1. «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы орындайтын жұмыстар тiзбесi» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-жолмен толықтырылсын:
«9. «МИГ-31Д» ұшағының базасында «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құру».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |