3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдарда ақпараттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдарда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi техникалық қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; ақпаратты техникалық қорғау құралдарын сатып алу, сертификатталған зертхана құру; мемлекеттік органдарда ақпаратты техникалық қорғау құралдарын орнату. Ақпараттық қауiпсiздiк саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 002 Мемлекеттік
органдарда
ақпараттық
қауiпсiз-
дiктi
ұйымдас-
тыру және
қамтамасыз
ету
2 100 Мемлекеттік 1) 14 бiрлiк санын- Жыл "Ақпаратты
органдарда да бекітілген штат бойы техникалық
ақпаратты санының лимитi қорғау
техникалық шегiнде "Ақпаратты орталығы"
қорғауды техникалық қорғау мемлекеттік
ұйымдастыру орталығы" ММ ұстау. мекемесі
жөніндегі 2) Мыналарды сатып
орталық алу:
телефондық аналог
сүзгiсi - 70
бiрлiк;
телефондық сандық
сүзгi - 150 бiрлiк;
желiлiк сүзгi - 112
бiрлiк;
матрицалық генератор
- 100 бiрлiк;
шуыл генераторы -
30 бiрлiк;
ақпаратты кепiлдiк-
пен жою бағдарлама-
сы - 548 бiрлiк.
Мемлекеттік орган-
дарда ақпаратты
техникалық қорғау
құралдарын орнату.
3) Сертификатталған
зертхана құру.
3 101 Ақпарат 1) 8 бiрлiк санында Жыл "Ақпаратты
қауiпсiздi- бекітілген штат бойы қауіпсіздік
гi саласын- санының лимитi саласында
да мамандар- шегiнде "Ақпараттық мамандар
ды даярлау қауiпсiздiк сала- даярлау және
және білік- сында мамандар олардың
тілігiн даярлау және олар- біліктілігін
арттыру дың біліктілігiн арттыру
орталығы арттыру орталығы" орталығы"
ММ ұстау мемлекеттік
2) Мыналарды сатып мекемесі
алу:
қабырғаға iлiнген
экранымен LCD
проекторы - 1
бiрлiк;
ноутбук - 1 бiрлiк.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік органдарда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердiң жария болу техникалық арналарын уақтылы анықтау. Мемлекеттік құпияларды қорғау үшiн ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы мамандардың кәсiби деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылға 22 желтоқсандағы
№ 1354 қаулысына
9-қосымша
104 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған
"Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлiк
байланыспен қамтамасыз ету"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 251444 мың теңге (екі жүз елу бiр миллион төрт жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 12 тамыздағы № 668қ қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi № 993 қаулысы; Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлiк қызметi" республикалық мемлекеттік мекемесiнiң жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының 2002 жылғы 11 қазандағы № 25-1-94 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мекемелердi фельдъегерлiк байланыспен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік мекемелердiң аса маңызды, өте құпия, құпия, үкiметтiк, дипломатиялық хат-хабарларының, бағалы жөнелтiмдерi мен жүктерiнiң жедел жеткiзiлуi мен сақталуын қамтамасыз ету, арнайы автокөлiк, офистiк жабдықтар сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
____________________________________________________________________
N |Бағ.|Кiшi | Кіші | Бағдарламаны | Іске | Жауапты
Рет|дар.|бағ. |бағдарлама.| іске асыру | асыру | орындаушылар
са.|лама|дар. | лардың | жөніндегі |мерзімі|
ны |коды|лама | атауы | іс-шаралар | |
| |коды | | | |
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
____________________________________________________________________
1 003 Мемлекеттік 1) 307 бiрлiк Жыл "Қазақстан
мекемелердi санында бекітілген бойы Республикасы-
фельдъе- штат санының лимиті ның мемлекет-
герлiк шегiнде Мемлекеттік тік фельдъе-
байланыспен фельдъегерлiк герлiк
қамтамасыз қызметтi ұстау. қызметi"
ету 2) Мыналарды сатып республикалық
алу: мемлекеттік
арнайы автокөлiк - мекемесi
5 бiрлiк;
көшiру аппараты -
2 бiрлiк.
____________________________________________________________________
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: тасымалданатын құпия және үкiметтiк хат-хабарлардың уақтылы жөнелтiлуi және 100 % сақталуы, бұл мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.