Бұл ретте "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның және франшиздерге ие өзге тасымалдаушылардың маршруттарын субсидиялау республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын болады.
5.4. Темір жол көлiгiн мемлекеттік реттеудi күшейту
5.4.1. Уәкiлеттi органның рөлiн күшейту
Көлiк саясаты саланың күрделенген iшкi ұйымдастырылуына және темір жол көлiгiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң және мемлекеттің функциялары мен жауапкершiлiктерiн айқын шектеуге барабар жаңа сапалы деңгейге көтерiлуi тиiс.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамына қатысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі болып табылады, бұдан басқа мемлекеттік басқарудың қолданыстағы жүйесiне орай уәкiлеттi орган функцияларының бір бөлiгiн тарифтiк реттеу саласында Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгі және мемлекеттік мүлiкке иелiк ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi атқарады.
Темір жол көлiгiнде тереңдетiлген реформаларды жүзеге асыру уәкiлеттi мемлекеттік органның саланы мемлекеттік реттеудi күшейтудi табанды түрде талап етедi. Тек сол орган темір жол көлiгi саласындағы мемлекетаралық келісімдер мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру, көлiк саясатын iске асыру және қауiпсiздiктi, лицензиялауды инспекциялау және бақылау, техникалық стандарттарды, нормативтер мен талаптарды әзiрлеу мен бекіту мәселелерiмен қоса, темір жол саласындағы мемлекеттің құзыреттi реттеушi органының функцияларын жүзеге асыру үшiн жауапты болуы тиiс.
Уәкiлеттi орган Темір жол көлiгiнiң орталық кеңесiнде (TКОК) және Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымында (ТЖЫҰ) Қазақстан Республикасының темір жол көлігін танытатын, лицензиялауды және қауiпсiздiктi бақылауды, локомотив пен вагон жасаудың жоғары технологиялық салаларындағы импорт алмастыруды дамытуды жүзеге асыратын болады.
5.4.2. Тарифтiк реттеудi өзгерту
Тасымалдауға арналған тарифтi мемлекеттік реттеудi өзгерту қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi.
Магистральдық темір жол желісінiң қызметтерiн пайдаланғаны үшiн тасымалдаушылар енгізетiн төлем бағалық мемлекеттік реттеуге жатады. Оны табиғи монополия аясында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган анықтайтын болады.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес локомотивтiк тартым мен темір жол тасымалдарын ұсыну жөнiндегі қызметтерi табиғи-монополиялық қызмет түрлерiне жатпайды. Локомотивтiк тартым мен темір жол тасымалдарын ұсыну жөнiндегі қызметтерiне арналған бағалар қажет болған жағдайда монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттелетiн болады.
Осылайша, темір жол көлігінде бірнеше тасымалдаушылардың тең құқықты қызмет етуiн қамтамасыз ету үшiн қолданыстағы жүрген 10-01 баға көрсеткiшiнiң орнына тәжiрибеге магистральдық темір жол желісінiң қызметiне ғана тариф белгiлейтiн жаңа тарифтiк басшылықты қабылдау және енгізу қажет етiледi.
5.5. Құқықтық қамтамасыз ету
5.5.1. Заңнамалық базаны реформалау қажеттiлiгi
1994-2003 жылдар аралығында темір жол саласының қызметiнде 50-ден астам нормативтiк құқықтық кесiм қабылданған.
Қолданыстағы заңнамада жүргiзiлiп жатқан темір жол саласын қайта құрылымдау, атап айтқанда темір жол көлiгi субъектiлерiн және табиғи монополия субъектiлерiн реттеу, ескерiлген.
Темір жол көлiгiн қайта құрылымдау процесiн көрсететiн мынадай нормативтiк құқықтық актiлердi атап өту қажет:
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексi (Жалпы бөлiм);
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегі Азаматтық кодексi (Айрықша бөлiм);
"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңы;
"Темір жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы;
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңы;
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы.
5.5.2. "Темір жол көлiгi туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
Бүгiнгi күнi темір жол көлiгi саласындағы қолданыстағы заңнамада кездесетiн елеулi кемшiлiктердi толтыруға арналған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне темір жол көлiгi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзiрленген. Заң жобасы темір жол көлiгiн қайта құрылымдауды ескеретiн қолданыстағы "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" және "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына өзгерістер енгізудi көздейдi.
Осы Заң жобасын қабылдау:
бәсекелестiктiң дамуын, көлiк нарығының барлық субъектiлерiнiң темір жол көлiгiнiң қызметтерiн алуға еркiн және ұтымды қол жеткiзудi;
магистральдық темір жол желісінiң бірыңғай мүлiктiк кешенiн сақтауды;
ұлттық нарық субъектiлерiнiң экономикалық мүдделерiн қорғауды;
Ұлттық темір жол компаниясы мен Ұлттық темір жол тасымалдаушысының мәртебесiн анықтауды қамтамасыз етедi.
Қолданыстағы Заңда жолаушы тасымалдарын республикалық бюджеттен субсидиялау тетiгi көзделмеген. Осыған орай Заңға заң жобасымен тиiстi толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлiп отыр.
Сонымен қатар, "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізумен қатар темір жол көлiгіндегі нарықтық қатынастардың дамуын қамтамасыз ететiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленуi және қабылдануы тиiс.
5.5.3. Халықаралық темір жол жүк (ХТЖҚ) және жолаушылар (ХТЖТ)
қатынастары туралы келісімдер және ТЖЫҚ TКOК шеңберіндегі басқа
келісімдер
Қазiргi уақытта Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымына (ТЖЫҰ) қатысушы мемлекеттер қол қойған ХТЖҚ және ХТЖТ-ға және ТМД-ға қатысушы елдер темір жолдарының ынтымақтастығы ТЖЫҰ шеңберiнде қол қойылған вагон паркi, поездарды құрастыру жоспары, өзара есеп айырысулар тәртібі және т.б. жөніндегі бірқатар келісімдерге өзгерістер енгізу қажет етiледi.
ХТЖҚ және ХТЖТ-ға негiзгi өзгерістер:
келісімдерде тасымалдауды жүзеге асыратын және тiкелей халықаралық қатынаста басқа елдер аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын темір жол көлiгiнiң клиенттерiмен және темір жол көлiгi субъектiлерiмен құқықтық қатынасқа түсетiн темір жол көлігінің субъектiсiнiң анықтамасы ретiнде қолданылатын "темір жол" терминiн қайта қарау;
тасымалдауды жүзеге асыратын темір жол көлiгі субъектiлерiнiң жауапкершiлiгі тiкелей халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асырушы клиентпен және темір жол көлiгiнiң басқа субъектiлерiмен есеп айырысу;
қазақстандық жүк және жолаушы тасымалдаушылардың тiкелей халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегі есеп айырысу мәселелерiн қамтиды.
ТЖЫҰ шеңберiндегі келісімдер бойынша жалпы вагондар паркiн, Поездарды құрастыру жоспарының негіздерiн, тасымалдаушылардың магистральдық темір жол желісін пайдаланғаны үшiн төлемдерiн, вагондарды жөндеудi сертификаттауды, темір жол көлiгі субъектiлерi арасындағы есеп айырысуларды және т.б. пайдалану қағидаттары қайта қаралатын болады.
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген iс-шаралар "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың өз қаражаты және мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен iске асырылады. Бұл ретте мемлекеттік бюджет қаражаттары жолаушы тасымалдарын субсидиялауға бағытталатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Темір жол көлiгiн қайта құрылымдау мынадай оңтайлы қорытындыларға жеткізеді:
қамтамасыз етушi сектор кәсiпорындарының, вагон және локоматив шаруашылықтарының инвестициялық тартымдылығын арттыру;
жүк, контейнерлiк және жолаушылар тасымалдарының тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
қамтамасыз етушi қызметте бәсекелестiк ортаны қалыптастыру;
темір жол көлiгі қызметтері рыногын қалыптастыру;
темір жол көлігіндегі тарифтiк саясатты жетілдiру;
жеке кәсiпкерлiк қызмет пен капиталдың аясын кеңейту;
тасымалдау қызметімен байланысты емес объектілерді жекешелендіруді және коммуналдық меншікке беруді аяқтау;
тасымалдау қызметіндегі бәсекелестiктi дамыту;
тасымалдаушылар қызметiнiң бағасын нарықтық негiзде қалыптастыру;
жеке вагон паркiнiң магистральдық темір жол желісіне қол жеткiзуiн кеңейту және вагон паркiнiң жаңа меншiк иелерiнiң пайда болуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
Еуропа мен Азия арасындағы транзиттiк әлеуеттi барынша пайдалану.
Бағдарламаны енгізуден бағалау бойынша бәсекелес секторға бөлiп шығарылған вагон және локомотив паркiне 10 жыл бойы 200-300 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде жеке инвестициялар ағыны, сондай-ақ шығындарды қысқарту және жолаушылар тасымалдарына демеу қаржыны азайту есебiнен экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзiледi, бұл "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың қаржылық нәтижелерiн жыл сайын 100 млн. АҚШ долларына жақсартады. Бұл жүк тасымалдарына тариф белгiлеудi жақсартуға айтарлықтай әсер етедi және республикалық бюджетке темір жол көлiгi қызметтерiн пайдаланушылардан қаржылай қаражаттың түсуiн арттырады.
Бұдан басқа, темір жол көлiгiнiң барлық субъектiлерi қызмет қаржылық тұрғыдан айқын болуына қол жеткiзiледi.
Қайта құрылымдаудың ұсынылып отырған жолы темір жол көлiгi кәсiпорындарына табыстарын молайтуға және сонымен Қазақстанның дамуы мен гүлденуiне лайықты үлес қосуына мүмкiндiк бередi.
"ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ бойынша 2004-2006 жылға болжанып отырған негiзгi көрсеткiштер:
Көрсеткiштер | Өлшем бірлiгi | 2004 жылға | 2005 жылға | 2006 жылға |
Жүк айналымы Экспорт Импорт Жолаушы айналымы Табыстар Шығыстар, оның iшiнде: "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың шығыстары "Қазтеміржолкөлiк" АҚ-тың шығыстары "Локомотив" АҚ-тың шығыстары Сатылған өнiмнiң тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өзiндiк құны | млн. Т-км млн. Т-км млн. Т-км млн. жолаушы-км млн. теңге млн. теңге млн. теңге млн. теңге млн. теңге млн. теңге | 152 754 61 620 9 570 10 384 208 361 195 346 106 659 23 637 65 050 177 010 | 156 075 62 138 10 126 11 380 234 270 214 625 117 185 25 970 71 470 196 373 | 160 300 62 660 10 715 14 400 259 442 238 026 129 962 28 801 79 263 217 907 |
8. Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiн қайта
құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Р/с N | Iс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындауға (iске асыруға) жауаптылар | Орындалу мерзiмi (iске асыру) | Болжанып отырған шығыстар | Қаржы- ландыру көзi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | "Теміржолмашжөндеу" акционерлік қоғамын оны қоғамның Шалқар, Орал, Жамбыл, Ақадыр, Құсмұрын, Павлодар, Шу, Қазалы, Атбасар станцияларында орналасқан локомотив жөндеу деполарының негізiнде заңды тұлғаларға бөлу жолымен қайта ұйымдастыру | Тiркеу туралы куәлiк | "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ, "Те- мiржолмаш- жөндеу" АҚ | 2004 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
2 | "Локомотивжөндеу" акционерлік қоғамын оны қоғамның Мақат, Защита, Жамбыл, Қостанай, Сексеуiл, Арыс, Астана, Аягөз, Ақтөбе мен Қарағанды станцияларында орналасқан локомотив жөндеу деполарының негізiнде заңды тұлғаларға бөлу жолымен қайта ұйымдастыру | Тiркеу туралы куәлiк | "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ, "Ло- комотив- жөндеу" АҚ | 2004 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
3 | "Вагонжөндеу" акционерлік қоғамын оны қоғамның Ақжайық, Защита, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шымкент пен Екiбастұз станцияларында орналасқан вагон жөндеу деполарының негізiнде заңды тұлғаларға бөлу жолымен қайта ұйымдастыру | Тiркеу туралы куәлiк | "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ, "Ва- гонжөн- деу" АҚ | 2004 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
4 | Локомотив және вагон жөндеу деполарының негізінде құрылған заңды тұлғалардың қатысу үлестерiн және акциялар пакеттерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сату | Сатып алу- сату шарт- тары | "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ | 2004 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Талап етiл- мейдi |