Осымен қатар қайта құрылымдаудың негiзгi қағидаттарының бірi темір жол желісін мемлекеттің меншігінде сақтап қалу және оны Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттiлiгiн барынша қанағаттандыру және транзиттiк әлеуетiн кеңейту мақсатында дамыту болып табылады.
Сонымен бірге одан әрi қайта құрылымдау қажеттiлiгі Магистральдық желi операторының Ұлттық тасымалдаушыдан қаржылық бөлу және магистральдық желiге барлық тасымалдаушылардың бірдей қол жеткiзуiн қамтамасыз ету бөлiгіндегі оның iс-шараларын "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ темір жолдың әлеуетті-бәсекелестiк тасымалдау қызметiн табиғи-монополиялық қызметтен бөлу бөлiгiнде "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiрумен байланысты.
Әлемнiң дамыған елдерiнде бірнеше тасымалдаушылардың магистральдық желiге қол жеткiзу модельдерi қызмет ететiндігін айта кету керек, олардың пайдалану көрсеткiштерi ТМД елдеріндегіден айтарлықтай жоғары, ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген реформалаудың негiзгi бағыттарының дұрыстығын куәландырады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Темір жол көлiгiнiң мемлекет пен қоғам үшiн оңтайлы қызмет ету жүйесiне қол жеткiзу қайта құрылымдаудың мақсаты болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткiзу үшiн осы Бағдарлама мына мiндеттердi шешудi көздейдi:
темір жол көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
қамтамасыз ету қызметiн негізгі қызметтен бөлу;
магистральдық темір жол желісін тең пайдалану құқығын беру арқылы тасымалдаушылардың бәсекелес рыногын құру;
өндiрiстiк қуаттарды оңтайландыру, темір жол көлігінiң тиiмдiлiгiн арттыру;
жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелерiн шешу.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен
тетiгі
5.1. Қамтамасыз ету қызметiн қайта құрылымдау
Жылжымалы құрамды жөндеудегі бәсекелестiктi одан әрi дамыту үшiн жөндеу ұйымдарының мамандануы талданған соң мыналар бойынша iс-шаралар жүргізiледi:
"Теміржолмашжөндеу" акционерлік қоғамын оны қоғамның Шалқар, Орал, Жамбыл, Ағадыр, Құсмұрын, Павлодар, Шу, Қазалы, Атбасар станцияларында орналасқан локомотив жөндеу деполарының негізiнде заңды тұлғаларға бөлу жолымен қайта құрылымдау;
"Локомотивжөндеу" акционерлік қоғамын оны қоғамның Мақат, Защита, Жамбыл, Қостанай, Сексеуiл, Арыс, Астана, Аягөз, Ақтөбе және Қарағанды станцияларында орналасқан локомотив жөндеу деполарының негiзiнде заңды тұлғаларға бөлу жолымен қайта құрылымдау;
"Вагонжөндеу" акционерлік қоғамын оны қоғамның Ақжайық, 3ащита, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шымкент және Екiбастұз станцияларында орналасқан вагон жөндеу деполарының негiзiнде заңды тұлғаларға бөлу жолымен қайта құрылымдау;
локомотив жөндеу және вагон жөндеу деполарының негiзiнде құрылған заңды тұлғалардың қатысу үлестерi мен акциялар пакеттерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттық арқылы сату, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" iске асырады;
жол жөндеуге мамандандырылған "Жолжөндеу" акционерлік қоғамының, "Жол жөндеушi" акционерлік қоғамы мен "Теміржолжөндеу" акционерлік қоғамының акциялар пакеттерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттық арқылы сату, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" iске асырады;
бұрын шағын бизнес субъектiлерiне жалға берiлген мүлiктiк кешендердi қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттық арқылы сату, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" iске асырады.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi қызметке байланысты емес қызмет түрлерiн жүзеге асыруына жол бермейтiн талаптарына сәйкес "Теміржолсужылужабдықтау" ашық акционерлік қоғамы бөлу арқылы қайта құрылып, сумен жабдықтау қызметiне маманданатын "Теміржолсу" және жылумен жабдықтау қызметтерiн көрсететiн "Теміржолжылу" жаңа акционерлік қоғамдар құрылады. "Теміржолсужылужабдықтау" АҚ меншiгiнде кiшi станцияларда, жол айрықтарында орналасқан және негiзiнен темір жол көлiгi кәсiпорындарына қызмет көрсететiн су және жылумен жабдықтау объектiлерi қалады.
Жылу және сумен жабдықтаудың жекелеген объектілерін жергiлiктi атқарушы билiк органдарына кейiнгi беру жүзеге асырылады.
Поездардың электр тартымына байланысты емес, "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ меншігінде тұрған энергиямен жабдықтау объектiлерi жаңадан құрылатын "Теміржолэнерго" акционерлік қоғамына берiледi.
"Теміржолсу", "Теміржолжылу" және "Теміржолэнерго" акционерлік қоғамдарының бірден бір акционерi "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ болады.
2004 жылы бойына жергілiктi бюджеттерден субсидиялау мәселелерiнiң шешiлуiне қарай "Теміржолсу", "Теміржолжылу" және "Теміржолэнерго" акционерлік қоғамдарының сумен, жылумен және энергиямен жабдықтау объектiлерi ағымдық жылға арналған айналым қаражатымен бірге жергілiктi билiк органдарына берiледi.
Теміржол байланысы жабдықтары базасының негізiнде толыққанды байланыс операторын құру үшiн "Көлiктелеком" акционерлік қоғамы құрылды. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ оның меншігіне (жарғылық қорына) технологиялық емес байланыс беруде қолданылатын барлық жабдықты бередi. Бұдан басқа, "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ "Көлiктелеком" АҚ-қа технологиялық емес байланыс көрсету үшiн бөлiнген магистральдық байланыс кабелiнiң жекелеген талсымдарын ұзақ мерзiмдi жалға (10-15 жыл) бередi. Аталған талсымдарды "Көлiктелеком" АҚ меншігіне беру мүмкiн емес, себебi олар технологиялық талсымдармен бірге магистральдық байланыс кабелiнiң iшiнде орналасқан және сатуға жатпайтын магистральдық желiнiң бөлiгi болып табылады. "Көлiктелеком" АҚ технологиялық емес байланысты беруде ғана қолданылатын жабдықтың меншiк иесi болып табылады.
"Көлiктелеком" АҚ-ның акциялар пакетiнiң 100%-ы "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ жарғылық капиталында сақталады және 2004-2006 жылдар аралығында сатуға жатпайды.
"Әскерилендiрiлген темір жол күзетi" акционерлік қоғамының акциялар пакетi қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттық арқылы сатылады, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" iске асырады.
Негізгі қызмет кәсiпорындарының қамтамасыз ету секторымен қарым-қатынасында дәстүрлi нарықтық тетiк қолданылады, бұл қамтамасыз ету секторының өнiмдiлігін арттыру көрсететiн қызметтерiнiң өзiндiк құнын төмендету үшiн қосымша ынтаны туғызады. Басы артық қуаттылықтар біртiндеп экономиканың басқа секторларына қайта бағдарланады.
5.2. Негізгі қызметтi қайта құрылымдау
"Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық темір жол компаниясы (Магистральдық желi операторы) барлық тасымалдаушылардың магистральдық темір жол желісін пайдаланудың тең құқығын қамтамасыз етедi. Тасымалдау қызметiнде бәсекелестiктi дамыту өз (жалданған) жылжымалы құрамы бар жаңа тасымалдаушылардың пайда болуы есебiнен қамтамасыз етiледi.
Тасымалдаушыларды қалыптастыру процесi Қазақстан Республикасы темір жол көлiгiнiң қызмет ету ерекшелiктерiн, жүк айналымының барынша жоғары болатын кезеңдерде тасымалдарды үздiксiз қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жүргізiледi.
"ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Ұлттық темір жол компаниясының қызметтерiн жүзеге асырады.
Бұдан басқа, темір жол жүйесiн пайдаланудың тең жағдайын қамтамасыз ету мақсатында "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ бірнеше жүк жөнелтушiлер пайдаланатын кiрме жолдарды беру жөніндегі қызметтердi қоса магистральдық желiнiң қызметтерiн көрсетуге технологиялық байланысты табиғи монополиялық қызметтердi көрсетумен айналысады. Ол үшiн "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың меншiгiне бірнеше жүк жөнелтушiлер пайдаланатын және "Көлiктiк сервис орталығы" акционерлік қоғамының меншiгіндегі барлық кiрме жолдар оңтайлы паркке кiрмеген "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың вагон және локомотивтер паркiне айырбастау арқылы берiледi. Осы паркке техникалық қызмет көрсету үшiн бір пайдалану вагон депосын "Көлiктiк сервис орталығы" АҚ-ның меншігіне беру көзделiп отыр. Бұл ретте "Көлiктiк сервис орталығы" АҚ-тың функциялары вагон паркiн қалпына келтiру, сату және жалға беру болып табылады.
"Көлiктiк сервис орталығы" АҚ-на тиесiлi және бір жүк жөнелтушiмен пайдаланылатын кiрме жолдар заңнамада белгiленген тәртiп бойынша осы тұтынушыға сатылады.
Әрi қарай тасымалдаушылар рыногындағы бәсекелестiктi дамыту мақсатында "Көлiктiк сервис орталығы" АҚ жүк тасымалдау жөніндегі қызметтердi көрсетедi.
2003 жылы Компанияның құрамында құрылған қызметi магистральдық темір жол желісін пайдалану және күтiп-ұстау болып табылатын Магистральдық желi дирекциясы және поездар қозғалысын басқару мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету функцияларын орындайтын Тасымалдау дирекциясы "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың құрылымдық бөлiмшелерi болып қалады.
Сонымен бірге 2003 жылғы қазанда пайдалану локомотив деполары мен пайдаланылатын локомотив паркi негiзiнде "Локомотив" акционерлік қоғамы құрылды, оның бірден бір құрылтайшысы "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ болып табылады.
"Локомотив" акционерлік қоғамының негiзгi қызметi тасымалдаушылар мен магистральдық темір жол желісінiң операторына тең құқықты жағдайда локомотив тартымы қызметiн көрсету және тартымдық жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету болып табылады.
2005 жылғы 1 қаңтарға қарай барлық локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерi, локомотивтiк бригадалардың демалыс үйлерiмен қоса, дербес "Локомотивтiк сервис орталығы" акционерлік қоғамы болып бөлiнедi, оның бірден бір акционерi "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ болып табылады. 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап акциялар пакетiнiң 100%-ы кейiннен акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне беру арқылы мемлекеттік меншiкке берiледi.
"Локомотив" акционерлік қоғамы магистральдық және маневрлiк локомотивтер паркiн күтiп-ұстайды. Маневрлiк локомотивтер паркi Магистральдық желi операторына ("ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ) станциялық жұмысты жүргiзу үшiн жалға берiледi. Магистральдық желi операторына шаруашылық тасымалдарын жүзеге асыру үшiн сондай-ақ магистральдық локомотивтер паркi жалға берiледi.
Мемлекетаралық және арнайы тасымалдарды қамтамасыз ету үшiн "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың мүкәммал вагондар паркi негізiнде жүк тасымалдары бойынша қызмет көрсететiн Ұлттық тасымалдаушы болып табылатын "Қазтеміржолкөлiк" акционерлік қоғамы құрылды. Бұл ретте, "Қазтеміржолкөлiк" акционерлік қоғамы өзiнiң басы артық вагондар парын басқа тасымалдаушыларға жалға бере алады немесе сата алады. Жылжымалы құрамға ағымдық қызмет көрсетуге және тоқтатып қоюға арналған жөндеу базасымен қамтамасыз ету мақсатында оған Арыс, Балқаш, Кұсмұрын, Орал станцияларындағы жөндеу деполары берiледi.
Оңтайлы паркке кiрмеген вагондар және локомотивтер паркi "Көлiктiк сервис орталығы" АҚ-та берiледi, оның акциялар пакетi 2005 жылдың басында қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сатылады, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" iске асырады.
Контейнерлiк парк "Қазкөлiксервис" АҚ-та сақталады, оның акциялары қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сатылады оны ұйымдастыруды Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ iске асырады. Бұл ретте, "Қазкөлiксервис" АҚ-тың акциялар пакетiнiң 26%-ы "Қазкөлiксервис" АҚ-ның негiзгi мiндеттерi - темір жол көлігінiң контейнерлiк тасымалдарын, iшкi және транзиттiк қатынастардағы мультимодальдық тасымалдарды дамытуды қамтамасыз ету үшiн "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың жарғылық капиталында сақталады.
"Қазкөлiксервис" АҚ акцияларының 74%-ын сату "Каскоркөлiксервис" АҚ акцияларының 25,5%-ын "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-ның меншiгiне берiлген соң жүзеге асырылады.
"ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-қа тиесiлi "Кеденкөлiксервис" АҚ акциялары (33%), контейнерлiк аулалардың және терминалдық шаруашылықтың жұмысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету үшiн 2005 жылға дейiн "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың жарғылық капиталында сақталады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап акциялардың 33% кейiннен акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне беру арқылы мемлекеттік меншiкке берiледi.
2006 жылдың соңында темір жол көлiгiнiң құрылымы мынадай болады:
Қайта құрылымдаудан кейiнгi темір жол
көлiгiнiң құрылымы
"ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ ұсынатын магистральдық темір жол желісінiң қызметтерiне ақыны табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтедi. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ барлық тасымалдаушылардың магистральдық темір жол желісіне бірдей және тең құқықты қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Клиенттер үшiн тасымалдарға ақы төлеу магистральдық темір жол желісінiң қызметтерi үшiн ақыдан және темір жол көлігінiң өзге де қызмет түрлерiне арналған бағадан тұратын болады.
Тәуелсiз тасымалдаушылар "ҚТЖ" ҰҚ" ЖАҚ-мен келісілген тасымалдау жоспарлары бойынша жұмыс iстейдi.
Қайта құрылымдаудың аталған iс-шараларын iске асырудың нәтижесiнде тасымалдау рыногында жеке тасымалдаушылар қызмет ететiн болады. Темір жол көлiгiнiң мемлекеттік реттеу жүйесiнде 5.4. "Темір жол көлiгiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi күшейту" iшкi бөлiмiнде жан-жақты баяндалған өзгерістер болады.
5.3. Жолаушылар тасымалын қайта құрылымдау
Жалпы экономикалық тиiмдiлiктi арттыруға бағдарланған жолаушылар тасымалын реформалаудың мiндеттерi:
жолаушылар тасымалын жүк тасымалынан қаржылық және ұйымдық бөлу;
қаржы ағындарының толық айқындылығына қол жеткiзу, шығындарды қысқарту және демеуқаржыны азайту, жеке меншiк сектордың рөлiн күшейту;
жолаушылар тасымалында бәсекелестiктi енгізуден тұрады.
Жолаушылар тасымалы қызметiн функционалдық белгілерi бойынша екi блокка бөлуге болады:
негізгі қызмет - жолаушылар тасымалы, багаж тасымалы;
қамтамасыз ету және сервистiк қызметi - жолаушылар вагондарын жөндеу (Алматы вагон жөндеу зауыты - ABЗ), пайдалану жолаушылар вагоны деполары (ЛВЧД) жүзеге асыратын жолаушы вагондарға техникалық қызмет көрсету, ЛВЧД теңгерiмiндегі кiр жуу комбинаттарының көрсететiн қызметтерi және жолаушыларға вагон-мейрамханаларда қызмет көрсету, вокзалдар.
5.3.1. Жолаушылар тасымалдарының қамтамасыз ету және сервистiк
қызметiн қайта құрылымдау
Қамтамасыз ету және сервистiк қызметтi қайта құрылымдау жолаушылар тасымалындағы шығыстардың айқындылығын және республикалық және жергілiктi бюджеттерден мақсатты субсидиялануын қамтамасыз ету үшiн оны негізгіден бөлуге бағытталған және мынадай iс-шаралардан тұрады:
Алматы вагон жөндеу зауыты жолаушылар вагондарына күрделi жөндеудi орындай отырып, қамтамасыз ету қызметiнiң субъектiсi болып табылады және қайта құрылымдау қағидаттарына сәйкес бөлiнiп шығарылуға жатады. Жеке "Алматы вагон жөндау зауыты" АҚ құру көзделiп отыр, оның акциялар пакетi кейiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сатылады, оны ұйымдастыруды Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ iске асырады.
Әлеуеттi сатып алушылар тарапынан қызығушылық болмаған жағдайда кредиттiк мiндеттемелер сомасы "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-та сақталып, онымен магистральдық желi қызметтерiнiң төлемiне (тарифке) енгізу есебiнен өтелуi тиiс.
Кiр жуу комбинаттарының қызмет көрсету рыногы "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың ЛВЧД-лары орналасқан барлық қалаларда дамыған, бұл рынокқа кіру айтарлықтай инвестицияларды талап етпейдi.
"Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың кiр жуу комбинаттарын жеке меншiк компанияларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттық арқылы сату ұсынылады.
Негiзгі қызметке бәсекелестiктi енгiзгенге дейiн жолаушыларға вагон-мейрамханаларда қызмет көрсету жөніндегі құқықтарды конкурстық негiзде жеке меншiк кәсiпкерлерге сату немесе жалға беру көзделедi. Бұл жағдайда оларды азық-түлiкпен орталықтандырылған қамтамасыз етуден босату және ассортименттi кеңейтумен баға белгiлеуде еркiндiк беру қажет.
Вокзалдардың негiзгi функциялары билеттердi сату және брондау үшiн алаңдар беру, жолаушыларды анықтамалық-ақпараттық қызметтермен қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну болып табылады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың вокзал шаруашылығы базасында "Вокзалсервис" АҚ құру ұсынылады, оның бірден-бір акционерi алғашында "Жолаушылар тасымалы" АҚ болады.
"Вокзалсервис" АҚ 2004 жылдың iшiнде 1, 2, 3, 4, және 5 класты вокзалдарды жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау мәселелерiнiң шешiлуiне орай жергiлiктi атқарушы органдарға берудi жүзеге асыратын болады. "Вокзалсервис" АҚ-тың теңгерiмiнде кластан тыс Астана, Алматы - I, Алматы - II, Ақтөбе және Қарағанды вокзалдары қалады, содан кейiн оның акциялар пакетiнiң иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне беру арқылы мемлекеттік меншiкке берiледi.
Вокзалдарды "Вокзалсервис" АҚ-қа және жергiлiктi атқарушы органдарға беру сауда алаңын жалға берудi ғана емес, жолаушылар мен жергiлiктi тұрғындарға қосымша сервис ұйымдастыруға, атап айтқанда, авиа және авто көлiкке билет сату үшiн алаңды жалға беруге, сұранысы бар өзге де қызметтер көрсетуге мүмкiндiк бередi, бұл олардың күтiп ұстауға жұмсалатын шығындарын өтейдi.
Жолаушылар вагондарын жөндеу қызметiнде бәсекелестiктi енгізу мақсатында "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың барлық филиалдары - жолаушылар вагон деполарын (ЛВЧД) бірден бір акционерi "Жолаушылар тасымалы" АҚ болып табылатын дербес "Вагонсервис" АҚ-қа бөлу көзделедi.
Құрылған "Вагонсервис" АҚ-қа барлық жөндеу базалары берiледi және тиiсiнше ол шарттық негiзде барлық жолаушылар тасымалдаушыларға вагондарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жөнiнде қызмет көрсететiн болады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап "Вагонсервис" АҚ акциялар пакетiнiң 100%-ын иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне беру арқылы мемлекеттік меншiкке берiледi.
5.3.2. Жолаушылар тасымалдарының негiзгi қызметiн қайта
құрылымдау
Негiзгi қызметтi қайта құрылымдау мына iс-шаралардан тұрады:
"Қала маңындағы тасымалдар" филиалы мүлкiнiң базасында, оларға филиалдың өзiнiң және "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың активтерiн (электр- және дизель поездар) берiп, өңiрлiк деңгейде бірқатар акционерлік қоғамдар құру ұсынылады.
Қала маңындағы тасымалдар "Темір жол көлігінiң мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" (бұдан әрi - Заң жобасы) - Заң жобасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен субсидиялануы тиiс, сондықтан құрылған АҚ-тардың әрқайсысы субсидия беру мәселесi бойынша өз өңiрiнде жергiлiктi органдармен өзара iс-қимыл жасайтын болады.
Бұл қадам қала маңындағы тасымалдар жөніндегі бір жалпыреспубликалық компания құруға қарағанда, екi жақты қатынастарды неғұрлым тиiмдi түрде құруға мүмкiндiк бередi.
Қала маңындағы жолаушылар тасымалдарын жергілiктi бюджеттерден субсидиялау мәселелерiн шешкен соң, қала маңындық тасымалдар жөніндегі акционерлік қоғамдардың тиiстi мүлiктiк кешендерi жергілiктi билiк органдары жанынан құрылған мемлекеттік коммуналдық кәсiпорындарға берiлетiн болады.
Халыққа багажды қабылдау және жөнелту жөніндегі қызметтер кешенiн көрсету үшiн багажды қабылдау және жөнелту жөнiндегі агенттiк пункттер желісінiң базасында, бірден бір акционерi "Жолаушылар тасымалы" АҚ болып табылатын, дербес "Багаж тасымалдары" АҚ құру ұсынылады.
Аталған шара сервистiң сапасын көтеруге және клиенттер көбірек талап ететiн, мысалы "есiктен есiкке дейiн" сияқты қызмет көрсету нысанын енгізудi қоса алғанда, қызметтер кешенiн кеңейтудi енгізуге мүмкiндiк бередi. "Багаж тасымалдары" АҚ құрғаннан кейiн оның акциялар пакетiнiң 100%-ы кейiннен акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне тапсырылатын болып, мемлекеттік меншiкке берілетiн болады.
Халықаралық тасымалдарға қатысатын және бұрын тартылған кредиттiк қаражат есебiнен сатып алынғандардан басқа, барлық жолаушылар вагондарының базасында жолаушылар және багаждық вагондарды барлық жолаушылар тасымалдаушыларға жалға (лизингке) беру үшiн дербес "Жолаушылар лизингтiк вагон компаниясы" АҚ-ын құру ұсынылады. "Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы" АҚ-тың жаңа жылжымалы құрамды сатып алуы коммерциялық негiзде жүзеге асырылатын болады. "Жолаушылар лизингтiк вагон компаниясы" АҚ-тың мүлiктiк кешенiн толық қалыптастырғаннан кейiн, оның акциялар пакетiнiң 100%-ы кейiннен акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне беру арқылы мемлекеттік меншiкке берiледi.
Халықаралық тасымалдар қатысатын және бұрын тартылған кредиттiк қаражат есебiнен сатып алынған вагондар паркi "Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың құрамында қалады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ сервистiк деңгейi жоғарылатылған халықаралық және фирмалық республикаiшiлiк тасымалды жүзеге асыратын болады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау басталған сәттен соң басқа маршруттар мен жолаушылар вагондары конкурстық негiзде жеке меншiк тасымалдаушыларға берiлетiн болады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кепiлдiгiмен жолаушылар вагондарын сатып алуға бөлiнген германдық және испандық кредиттiк желiлерi бойынша "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың кредиттiк мiндеттемелерiн тасымалдаушыларға конкурстық негiзде берiлетiн франшиз құнына енгізу ұсынылып отыр.
Тиiстi маршруттарға франшиз тендерiнiң жеңiмпаздары мемлекеттік субсидиялардың ең аз көлемiн ұсынатын біліктi тасымалдаушы компаниялар болып танылады.
Жолаушылар тасымалдарының негiзгi қызметiне бәсекелестiктi енгізу оларды республикалық бюджеттен субсидиялау мәселесiн шешкеннен кейiн ғана мүмкiн болады. Субсидиялау тетiгiн әзiрлегенде мына принциптердi басшылыққа алу ұсынылады:
халықтың әл-аухаты деңгейiнiң төмендігін және темір жол көлігінiң көптеген бағыттар бойынша баламасыздығын ескере отырып, темір жол желісі бойында орналасқан республиканың барлық елдi мекендерін (қалаларын) бір-бірiмен және көршiлес мемлекеттердiң негізгі iрi қалаларымен қосатын нақты маршруттардың тiзiмiн белгілеу керек;
әр маршруттағы қызметтiң сапалық және сандық стандартын белгілеу керек (багаждық вагондардың және вагон-мейрамханалардың болуы, сервиске талап, сондай-ақ маршруттағы жолаушылар вагондарының саны);
"франшизды" кезеңдегi плацкарт пен жалпы вагондарда жол жүрудiң шектi құнын уәкiлетті мемлекеттік орган реттеуi тиiс, мұның өзiнде жайлы вагондарда жол жүрудiң құны мемлекет тарапынан реттеуге жатпайды;
жолаушылар тасымалдарына қызмет көрсетумен және жолаушы тасымалдарының тиiмдi қызмет етуiне қажеттi кiрiстер деңгейiн қамтамасыз етпейтiн шығыстар заң жобасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен аталған қызметтердi көрсететiн жолаушылар тасымалдаушысына тiкелей субсидияланады.
Барлық қатысты министрлiктермен және ведомстволармен жолаушылар тасымалдарын субсидиялау тетігін әзiрлеудi ұйымдастыру керек.
Оң шешiлген жағдайда жолаушылар тасымалдарына бәсекелестiктi енгізудiң мынадай тетiгі ұсынылады:
Жолаушылар поездарының маршруттары базасында жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету жөнiндегі конкурстың лоттары қалыптастырылады. Конкурсты ұйымдастырушы уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады.
Конкурсқа лицензиялау рәсiмiнен өткен жеке компаниялар тасымалдаушылар жiберiледi.
Компаниялар арасындағы бәсекелестiк маршруттарда жолаушылар тасымалдары бойынша қызметтер көрсету құқығын иелену үшiн жүзеге асырылады.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн "Жолаушылар тасымалы" АҚ, "Багаж тасымалдары" АҚ, "Вокзалсервис" АҚ және "Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы" АҚ акцияларының 100%-ы, кейiнен акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне беру арқылы, мемлекеттік меншiкке беру жүзеге асырылатын болады.