"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысы
(2005.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2005 ж. 21 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2005.20.05. № 484 (бұр. ред. қара); 2005.12.08. № 833 (бұр.ред.қара); қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. 2005 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мыналар бойынша атқарылуға қабылдансын:
кiрiстер бойынша - 1241736393 мың теңге, оның iшiнде;
салықтық түсiмдер - 1101574114 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 36 624 437 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 8 529 327 мың теңге;
ресми трансферттердiң түсiмдерi - 95 008 515 мың теңге;
шығындар бойынша - 1208793150 мың теңге;
операциялық сальдо бойынша - 32943243 мың теңге;
таза бюджеттік кредиттеу бойынша - 48 002 548 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттік кредиттер - 60 459 925 мың теңге;
бюджеттік кредиттердi өтеу - 12 457 377 мың теңге;
қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо бойынша - 98704919 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 102 228 111 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 3523192 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығы бойынша - 113 764 224 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiне 1,7 пайыз;
бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша - 101 411 540 мың теңге, оның iшiнде:
қарыздар түсiмдерi - 216 512 640 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 115 101 099 мың теңге;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 12 352 683 мың теңге.
2. 2-қосымшаға сәйкес қоса берiлiп отырған инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысының 4 және 5-бөлiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) мыналарға:
су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектілерін пайдалануға;
шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың апатты учаскелерiн күрделi жөндеуге және қалпына келтiруге бағытталған қаражатты бөлу туралы шешiмдi әзiрлесiн және бекiтсiн;
ҚР Үкіметінің 2005.01.03. № 179 қаулысымен 2) -тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу;
өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға қаражат төлеу;
ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге қаражат төлеу;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыруға ақшалай қаражат беру;
екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау;
өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң өндiрiсiн қолдау және рыногын дамыту шеңберiнде көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға ақшалай қаражат беру ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлiктерi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген ауыз сумен жабдықтау, гидротехникалық құрылыстар, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды бекітіп беру туралы шешiмдердi бекiтсiн.
6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына біржолғы материалдық көмек көрсету үшiн;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының темір жол көлiгiмен жылына бір рет ТМД елдерi бойынша жол жүруiн қамтамасыз етуге көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртібі туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
1) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесiп, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрғын үй салу үшiн облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнiң тұрғын үй құрылысына бюджеттік кредиттердi сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша бөлуi және оларды пайдалану тәртібі туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
2) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 008 "Мемлекеттік органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту" бюджеттік бағдарламасын iске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың тiзбесi мен сатып алынатын техника саны жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзсiн;
3) 2005 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес ұйымдардың тiзбесiн және берешектер көлемiн айқындау туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
4) ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат ұсынсын.
8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте:
1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге;
2) жаңадан iске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға;
3) арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге;
4) жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердi Интернетке қосуға және олардың трафигiн төлеуге;
5) жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуға және жеткiзуге;
6) жалпы орта білім беретiн мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға;
7) кәсiптiк бастауыш білім беретiн мемлекеттік мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
8) облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігiн арттыру институттарында педагогикалық қызметкерлердi қайта даярлауға және олардың біліктілігiн арттыруға;
9) облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртібі туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.20.05. № 484 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесiп, 2005 жылғы 23 мамырға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:
1) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсiптiк орта оқу орындарында оқитын студенттер стипендияларының мөлшерiн ұлғайтуға;
2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде кәсiптiк орта оқу орындарында оқитындарға жол жүруге өтемақыларды төлеуге көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және пайдалану тәртібі туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте:
1) жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға;
2) дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа иммунды биологиялық препараттарды сатып алуға;
3) жергiлiктi деңгейдегi қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
4) мемлекеттік тапсырыс шеңберiнде кәсiптiк орта білім беру бойынша оқыту құнын ұлғайту жөніндегі шығыстарды өтеуге;
5) медициналық кадрлардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң біліктілігiн арттыруға және оларды қайта даярлауға;
6) 5-жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
7) жүктi әйелдердi құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге;
8) азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала медициналық тексерулерiн жүзеге асыруға;
9) жергiлiктi деңгейдегi медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртібі туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
10. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде электр энергиясы тапшылығын жабу және Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия беретiн ұйымдар өндiрген электр энергиясы үшiн тарифтердiң көтерiлуiн өтеу тәртібін бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
11. Жергiлiктi атқарушы органдар 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшада көзделген білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған конкурстық рәсiмдердi заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн.
12. Қоса берiлiп отырған:
3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың бірiншi және екiншi разрядтағы жұмысшыларының айлықақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн коэффициенттердiң мөлшерлерiн ұлғайтуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер;
4-қосымшаға сәйкес ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер;
5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалалардың тiршiлiк ету объектілерін күрделi жөндеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер;
5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалаларды дамытуға берiлетiн нысаналы даму трансферттер;
6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына арнап облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн нысаналы даму трансферттерi;
7-қосымшаға сәйкес қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшiн абоненттiк төлем тарифiнiң көтерiлуiн өтеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларының бөлiнуi бекітілсiн.
13. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрлiктерiмен келісім бойынша 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде республикалық бюджеттен Алматы қаласының денсаулық сақтау және білім беру объектілерінiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн көзделген қаражаттың бөлiнуi туралы шешiмдердi бекiтсiн.
14. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
15. Құпия.
16. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1289 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.20.05. № 484 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.12.08. № 833 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2005.24.08. № 863 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 1-қосымша өзгертілді
2005 жылға арналған республикалық бюджет
___________________________________________________________________
Санаты Атауы Сомасы,
Сыныбы мың теңге
Ішкi сыныбы
Ерекшелiгi
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
І. Кірістер 1241736393
1 Салықтық түсiмдер 1101574114
01 Табыс салығы 524393349
1 Корпорациялық табыс салығы 524393349
01 Резидент заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтiк табыс салығы 328726549
02 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 43888400
корпоративтiк табыс салығы
03 Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем 5038800
көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы
04 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, 30158100
төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген 79827320
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
06 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген 3686310
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
07 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген 3306787
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер 513158005
көрсетуге салынатын iшкi салықтар
1 Қосылған құн салығы 292831666
01 Қазақстан Республикасының аумағында 54965168
өндiрiлген тауарларға, орындалған
жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге
салынатын қосылған құн салығы
02 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 137778141
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын
тауарларға салынатын қосылған құн салығы
04 Резидент емес үшiн қосылған құн салығы 20329583
05 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 78514074
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығы
06 Ресей Федерациясы аумағынан шығарылатын және 1203625
импортталатын тауарларға салынатын қосылған
құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасы
аумағына импортталатын тауарлардың кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесінде
жете есептелген қосылған құн салығы
07 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 41075
және импортталатын тауарлардың кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы
2 Акциздер 9260692
14 Қазақстан Республикасының аймағына импортта- 51
латын этил спиртінің көлемдік үлесі 12
процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
ішімдіктер
15 Қазақстан Республикасының аймағына импортта- 6
латын шарап ішімдіктер
29 Қазақстан Республикасының аумағына өндірілген
шикі мұнай, газ конденсаты 401065
41 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 60199
латын спирттiң барлық түрi
42 Қазақстан Республикасының аумағына 400000
импортталатын арақ
43 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 80000
латын күшті ликер-арақ өнімдері және басқа да
күштi алкогольді сусындар
44 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 86816
латын шараптар
45 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 50000
латын коньяк
46 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 3990
латын шампан шараптары
47 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 1713064
латын сыра
48 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 5067
латын, градусы аз ликер-арақ бұйымдары және
этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30
процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
ішімдіктер
50 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 275316
латын темекi бұйымдары
55 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 2720899
латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа)
60 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 3447030
латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
70 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 17189
латын тауарлардың кедендік құнына тәуелсіз
сараптама жүргізу нәтижесінде жете есептелген
акциздер
3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 210530038
үшін түсетiн түсiмдер
01 Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон 3683913
байланысын көрсеткені үшін төлем
02 Үстеме пайда салығы 34234629
05 Бонустар 15168877
06 Роялти 122268191
07 Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына 1774800
салынатын рента салығы
08 Жасалған келісім-шарттар бойынша өнiмді 1448305
бөлгендегі Қазақстан Республикасының үлесi
09 Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем 700000
10 Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны 9906
үшiн төлем
11 Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем 304082
13 Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын 31541
табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
26 Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан 17514624
Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн роялти
28 Шикiзат секторы ұйымдарының (Қазақстан 13391170
Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардың) жасалған
келісімшарттар бойынша өнiмді бөлгендегі
Қазақстан Республикасының үлесі
4 Кәсiпкерлік және кәсiби қызметтi жүргiзгенi 535609
үшiн алынатын алымдар
06 Жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік 364907
автомобиль жолдары автокөлік құралдарының
өтуіне алымнан басқа автокөлік құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
өткені үшін алым
12 Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары 80851
жиiлiктi қондырғыларды мемлекеттік тіркеу
үшiн алым
13 Телевизиялық және радио хабарын тарататын 22300
ұйымдарға радиожиiлiк өрісін пайдалануға
рұқсат бергені үшін алым
15 Теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi 9369
мемлекеттік тiркегені үшiн алым
16 Дәрi-дәрмектердi мемлекеттік тiркеу үшiн 20144
алым
19 Республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы 38038
автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде
сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны
үшiн төлем
06 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 58121025
салынатын салықтар
1 Кеден төлемдерi 49933038
01 Кеден бажының бірыңғай ставкасын қолданумен 42774946
жеке тұлғалардан өндіріп алынатын әкелінетін
тауарларға салынатын кеден баждарын қоспағанда,
әкелiнетiн тауарларға салынатын кеден баждары
02 Әкетiлетiн тауарларға салынатын кеден баждары 6080438
03 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына 717600
тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген кедендiк баждар
04 Кеден бажының бірыңғай ставкасын енгізу 60054
нәтижесінде жеке тұлғалардан өндіріп алынатын
әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждары
05 Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден 300000
аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелінетін
тауарларға жиынтық кедендік төлем
2 Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын 8187987
басқа да салықтар
01 Кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді 8187987
жүзеге асырудан түсетін түсімдер
07 Басқа да салықтар 96513
1 Басқа да салықтар 96513
09 Республикалық бюджетке түсетiн басқа да 96513
салық түсiмдері
08 Заңдық мәндi іс-әрекеттердi жасағаны 5805222
және (немесе) құжаттар бергенi үшiн
оған уәкiлеттiгi бар мемлекеттік
органдар немесе лауазымды адамдар алатын
мiндеттi төлемдер
1 Мемлекеттік баж 5805222
01 Консулдық алым 1577947
03 Мемлекеттік нотариалдық кеңселер нотариуста- 36526
рының нотариалдық іс-әрекет жасағаны үшін
алынатын мемлекеттік баж
11 Қазақстан Республикасының азаматтарының 1754693
паспорттары мен және куәліктерін бергені үшін
алынатын мемлекеттік баж
13 Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық 6396
шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында
жасалған ресми құжаттарда мемлекеттік органдар-
дың апостиль қойғаны үшiн алынатын мемлекеттік баж
14 Жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинисттің 397146
куәлігін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
15 Механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу 679623
туралы куәлік берген үшін алынатын мемлекеттік
баж
16 Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені 1352891
үшін алынатын мемлекеттік баж
2 Салықтық емес түсiмдер 36624437
01 Мемлекеттік меншiгінен түсетiн түсімдер 28168438
1 Мемлекеттік кәсiпорынның таза кірісі 628000
бөлігіндегі түсімдер
01 Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың 628000
таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері
3 Мемлекет меншiгіндегі акциялардың мемлекет- 4775500
тiк пакетiне дивидендтер
01 Республика меншігіндегі акциялардың мемлекет- 4775500
тік пакетiне дивидендтер
5 Мемлекет меншiгіндегі мүлiктi жалға беруден 18795000
түсетiн кiрiстер
01 Республика меншігіндегі мүлікті жалға алудан 270000
түсетін кiрiстер
02 Әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3575000
жалгерлік төлемнен түсетін түсімдер
03 "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшiн жалгер- 14950000
лік төлемнен түсетiн түсiмдер
6 Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны 801615
үшiн сыйақылар (мүдделер)
01 Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Қазақстан 800000
Республикасы Ұлттық банкіндегі депозиттерi
бойынша сыйақылар (мүдделер)
03 Екiнші деңгейдегі банктер шоттарында мемлекет- 1615
тiк сыртқы қарыздар қаражатын орналастырғаны
үшiн сыйақылар (мүдделер)
7 Мемлекеттік бюджеттен берiлген кредиттер 1549417
бойынша сыйақылар (мүдделер)
01 Облыстардың, республикалық маңызы бар қала- 149663
лардың, астананың жергілiктi атқарушы орган-
дарына iшкi көздер есебiнен республикалық
бюджеттен берiлетін бюджеттік кредиттер
бойынша сыйақылар (мүдделер)
02 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар- 186783
дың, астананың жергіліктi атқарушы органдарына
үкіметтiк сыртқы қағаздар қаражаты есебiнен
республикалық бюджеттен берiлген бюджеттік
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
04 Қарыз алушы банктерге ішкi көздер есебiнен 489941
республикалық бюджеттен берiлген бюджеттік
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
05 Қарыз алушы банктерге үкiметтiк сыртқы 243563
қарыздар қаражаты есебiнен республикалық
бюджеттен берiлген бюджеттік кредиттер
бойынша сыйақылар (мүдделep)
10 Заңды тұлғаларға үкiметтiк сыртқы қарыздар 146590
қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен
2005 жылға дейiн берiлген бюджеттік
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
12 Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен 8445
берiлген бюджеттік кредиттер бойынша
сыйақылар (мүдделер)
14 Шетелдiк мемлекеттерге берiлген бюджеттік 180169
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
15 Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша Қазақстан 144263
Республикасының Үкiметі төлеген талаптар
бойынша сыйақылар (мүдделер)
9 Мемлекеттік меншiктен түсетiн өзге де кiрiстер 1618906
01 Ауыл шаруашылық және орман алқаптарын ауыл 552852
және орман шаруашылықтарын жүргізуге
байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн
алған кезде ауыл шаруашылығы және орман
шаруашылығы өндiрiстерiнiң зияндарын өтеуден
түсетiн түсiмдер
03 Жер қойнауы туралы ақпараттың пайдалануға 186595
берiлгенi үшiн ақы
05 Қару-жарақты және әскери техниканы сатудан 700000
түсетін кiрiстер
06 Тәркiленген мүлiкті, белгіленген тәртiппен 179459
республикалық меншiкке өтеусiз өткен мүлiктi,
оның iшiнде кедендiк бас тарту режимiнде
мемлекеттің пайдасына ресiмделген тауарлар
мен көлiк құралдарын сатудан түсетiн түсiмдер
02 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 3886828
мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтер көрсетудi)
өткiзуiнен түсетiн түсiмдер
1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 3886828
мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстар-
ды, қызметтер көрсетудi) өткiзуiнен
түсетiн түсiмдер
01 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 3886828
мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды,
қызметтерді) сатудан түсетiн түсiмдер
03 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 87536
мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемле-
кеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша
түсiмдерi
1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемле- 87536
кеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік
сатып алу өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi
01 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 87536
мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекет-
тiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақшаның түсiмi
04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, 1773513
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан)
ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекет-
тiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұл-
дар, санкциялар, өндiрiп алулар
1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, 1773513
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi-
нiң бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын
және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар,
өндiрiп алулар
01 Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық 1213394
бөлiмшелерi салатын әкiмшiлiк айыппұлдар,
өсімпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар
02 Казино, тотализаторлар және ойын бизнесі 16000
қызметiнен алынған кiрiстердi қоспағанда,
оған қатысты лицензиялық тарап белгіленген
лицензиясыз қызметтен түскен кірiстердi
алудан түсiм
03 Атқарушылық санкция 117866
07 Жеке кәсiпкерлердiң мемлекеттік тіркеусіз 120
қызметінен алынған кiрістердің түсуi
08 Монополияға қарсы заңдарды бұзу нәтижесiнде 66517
алынған кiрiстер
09 Заңсыз алынған мүлiктi еркімен тапсырудан 220
немесе өндiрiп алудан немесе мемлекеттік
функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген
тұлғаларға немесе оларға теңестірiлген
тұлғаларға заңсыз көрсетiлген қызметтердiң
құнынан алынатын сомалардың түсiмi
10 Табиғатты пайдаланушылардан келтірілген зиянның 203862
орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған
қаражат, аңшылықты және балық аулаудың
тәркіленген құралдарын, заңсыз олжаланған
өнімдерді сатудан түскен қаражат
11 Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың 131320
тамақтың, заттай мүлiктiң және коммуналдық-
тұрмыстық, емдеу-алдын алу қызметтерiнiң құнын,
мемлекетке, түзеу мекемесiне келтiрiлген
залалды, қашып кетуге жол бермеуге байланысты
қосымша шығындарды өтеуi
13 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 24214
мемлекеттік мекемелер салатын басқа да айыппұл-
дар, өсімпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар
05 Гранттар 787172
2 Қаржылық көмек 787172
01 Орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттар 787172
06 Басқа да салықтық емес түсiмдер 1920950
1 Басқа да салықтық емес түсiмдер 1920950
02 Қосымша және үстеме баждарды бөлу кезіндегі 31258
Қазақстан Республикасының үлесi
04 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 164602
мемлекеттік мекемелердiң дебиторлық, депоненттiк
берешегiнiң түсуi
06 Бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдала- 132436
нылмаған қаражаттардың қайтарылуы
08 Республикалық бюджетке түсетiн салыққа жатпай- 1592654
тын басқа да түсiмдер
3 Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер 8529327
01 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген 55222
мемлекеттік мүлiктi сату
1 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекет- 55222
тiк мүлiктi сату
01 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 55222
мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлiктi
сатудан түсетiн түсiмдер
02 Мемлекеттік материалдық резервтегi тауар- 8474073
ларды сату
1 Мемлекеттік материалдық резервтегi тауарларды 8474073
сату
03 Мемлекеттік ресурстардан астық сатудан түсетiн 6208382
түсiмдер
04 Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын 2265691
сатудан түсетiн түсiмдер
03 Жердi және материалдық емес активтерді сату 32
2 Материалдық емес активтердi сату 32
01 Материалдық емес активтердi сату 32
4 Ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер 95008515
01 Төмен тұрған мемлекеттік басқару органда- 95008515
рынан алынатын трансферттер
1 Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы 95008515
қалаларының бюджеттерiнен алынатын трансферттер
03 Ақтөбе облысының облыстық бюджетінен алынатын 1371334
бюджеттік алу
04 Атырау облысының облыстық бюджетінен алынатын 28989102
бюджеттік алу
05 Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен 15989138
алынатын бюджеттік алу
06 Алматы қаласының бюджетінен алынатын 45357967
бюджеттік алу
07 Астана қаласының бюджетінен алынатын 3300974
бюджеттік алу
____________________________________________________________________