“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1289 қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 179 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
4-тармақтың 2) тармақшасының жетiншi және сегiзiншi абзацтары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |