«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 906 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) «2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 214-1-қосымшада:
6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
«9 халыққа қызмет көрсету орталықтарын» деген сөздер «4 халыққа қызмет көрсету орталықтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жөндеу» деген сөзден кейін «және қайта жаңарту» деген сөздермен толықтырылсын;
«(Компьютерлер - 270 бiрлiк, принтерлер - 243 бiрлiк, үздiксіз қуаттандыру көздерi - 9 бiрлiк), серверлiк және желiлiк жабдықтар - 20 бiрлiк, ауа баптағыштар - 36 бiрлiк, көшiрме аппараттары - 36 бiрлiк, 9 шағын ATC, бағдарламалық өнiмдер» деген сөздер «(компьютерлер - 180 бiрлiк, принтерлер - 186 бiрлiк, үздiксiз қоректендіру көздерi - 6 бiрлiк), серверлiк және желілік жабдықтар - 26 бiрлiк, кондиционерлер - 16 бiрлiк, көшiру аппараттары - 16 бiрлiк, 4 шағын АТС, бағдарламалық өнiмдер, халыққа қызмет көрсетудi оңтайландыру және есепке алу цифрлық жүйесi - 2 бiрлiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнде:
реттiк нөмiрi 57-жолдың 2-бағанында «О.И. Жұмабеков» деген сөздер «З.Я. Балиева» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағанда:
реттiк нөмiрлерi 57.2, 57.8, 57.12-жолдардағы «3» және «6» деген сандар «2» деген санмен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрлерi 57.9, 57.10, 57.11-жолдардағы «И.Д. Меркель» деген сөздер «Р.Ж. Мұқашев» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 57.12-жолдағы «О.И. Жұмабеков» деген сөздер «З.Я. Балиева» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) «Астана және Алматы қалаларында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысында:
Астана және Алматы қалаларындағы «жалғыз терезе» қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесiнде:
2-тармақтың 2), 3), 4), 5) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |