қоғамдық органдарға шағыну правосы
Өз праволары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтар өз инициативасы бойынша сапасыз не көтеріңкі бағамен өткізілген өнім (жұмыс және қызмет) өндірушіге немесе сатушыға кінә қойып арыз айтуға праволы. Қемшілікті өз еркімен түзеуден және келген знянды әтеуден бас тартылған жағдайда тұтынушы сотқа талап қоюға праволы. Бұл орайда талаптың құнының мән-маңызы ескерілмейді.
Тұтынушының сапалы өнімге, жұмыс пен қызметке және олар туралы хабарламаның дұрыстығына правосын қамтамасыз ету үшін сапаға бақылауды арнаулы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар (Мемлекеттік стандарттың, территориялық органдары) және басқалар жүзеге асырады.
Тұтынушылар қоғамдары (одақтары) өз функцияларын "ССРО Мемлекеттік стандарт органдарымен тығыз байланыс жасай отырып жүргізеді.
Тұтынушыларды қорғау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
— осы праволарды тану; .
— право бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру және право бұзатын әрекеттерді тыйып тастау;
— міндетін заттай орындауға мәжбүрлеу;
— право қатынастарын тоқтату немесе өзгерту;
— право бұзған адамнан келген зиянды өндіріп алу, ал Заңда немесе шартта көзделген реттерде айып (штраф, өсім) алу, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де әдістермен өтем алу.
14-статья. Сапасыз товарлар өткізгені ушін жауаптылық
1. Егер кепілдік берілген мерзім немесе жарамдылық мерзімі ішінде, ал олар болмаған ретте республиканың зан, актілерімен немесе шартпен белгіленген мерзім ішінде тұтынушы товардың сапасыз екенін байқап қалса, ол өз қалауы бойынша товардың сатып алу бағасын соған сәйкес кемітуді, не оның кемшіліктерін тегін түзеп беруді немесе сапалы товарға айырбастап беруді, не келген зиянды өтей отырып шартты бұзуды талап етуге праволы.
Кепілдік берілген мерзімдер нормативтік-техникалық құжаттамалар немесе шарт арқылы белгіленеді және товарлар сатылған күннен бастап, ал жарамдылық мерзімдері дайындалған кезінен бастап есептеледі.
2. Тұтынушының осы статьяның 1-тармағынан туындайтын талаптары товар үшін белгіленген кепілдік берілген мерзім ішінде товар сатып алынған жердегі сауда ұйымына, сатушыға немесе тұтылушының тұрған жеріндегі оның өкіліне қойылады. Кепілдік берілген мерзім белгіленбеген товарлардың кемшіліктері байқалған жағдайда сатып алған күнді санамағанда 14 күндік мерзім ішінде немесе лабораториялық талдау арқылы, не сауда сарабынаи өткізу нәтижесінде расталған жасырын ақаулар болған жағдайда және одақтық республикалық органдар бекіткен жекелеген ережелерде айырбастау тәртібі айтылмаған жағдайда 6 ай ішінде талап қойылады. Одақтық товарлар (киім, теріден жасалған жәке басқа бұйымдар) үшін кінә қою мерзімі тиісгі маусым келген кезден бастап есептеледі.
3. Өткізілетін товарлардың профиліне сәйкес мемлекеттік сауда ұйымдары мен товардың сатушысы емес Тұтынушылар кооперациясының сауда ұйымдары тиісті сауда жүйелерінің сатушысы — сауда ұйымдарының өкілдері функцияларын атқарады.
Меншіктің өзге формаларына негізделген сатушы—сауда ұйымдарының өкілдері олар құрған, тиісті профильдегі товарларды өткізетін сауда ұйымдары болады.
Тұтынушы дайындаушыға, не өзінің товарларын жөндеу және оған кызмет көрсету үшін құрған ұйымдарға немесе дайындаушымен шарт жасасу негізінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп қызмет көрсетушіге де товарды айырбастау, оның кемшіліктерін тегін түзеп беру немесе оны түзеу жөніндегі шығынның орнын толтыру туралы талап қоюға праволы.
4. Сатушы, дайындаушы (олардың өкілдері) тұтынушыдан товарды қабылдап алуға міндетті. Товар болған жағдайда тұтынушының оны айырбастау талабы дереу қанағаттандырылуы керек, ал сапасын тексеру қажеттігі пайда болған кезде республиканың заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен белгіленген мерзім ішінде (бірақ 14 күннен асырмай) қанағаттандырылуы керек.
Товар болмаған жағдайда тұтынушының айырбастау талабы тиісті өтініш жасалған кезден бастап 2 ай мерзім ішінде қанағаттандырылуы керек.
Осы тармақта аталған мерзімдерді бұзған әрбір күні үшін сатушы (оның өкілі, дайындаушы) тұтынушыға айырбасталған товарды берумен бірге товар құнының бір проценті мөлшерінде айып төлейді.
Товар айырбасталған жағдайда кепілдік берілген мерзім айырбасталған күннен бастап қайтадан есептеледі.
5. Өндіруші кепілдік берілген пайдалану мерзімін белгілейтін товарлар бойынша тұтынушыға кепілдік берілген мерзім ішінде көзделген барлық қызметтердің көрсетілуі қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл тиісті сауда жүйелері арқылы сатылған отандық товарларға да, шетелдік товарларға да қатысты.
6. Қепілдік берілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметтер жөнінде тұтынушы:
— кепілдік берілген шеберханада жөнделуге немесе магазинге қайтаруға жататын көлемді (келемі 100X50X30) және ауыр (10 килограмнан асатын) заттар, мүліктер апаратын жеріне және кері қарай тұтынушыға шеберхананың немесе магазиннің күшімен және солардың есебінен жеткізілуін, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда берілген есепке немесе қолданылып жүрген тарифке сәйкес тұтынушыға транспорт шығындары өтелуін;
— кепілдік беретін шеберхана техникалық жағынан күрделі заттар жөндеуде тұрған кезінде өзіне сондай затты жөндеу мерзіміне тегін пайдалануға беруін, жеткізіп беруін;
— кепілдік берілген жөндеу мерзімі сатып алушы бірінші рет өтініш жасаған кезден бастап 10 күннен аспауын;
— кепілдік берілген мерзім сол заттын, кепілдік беретін жөндеуде болған уақытына ұзартылуын талап етуге праволы.
7. Тұтынушының товар жөнделіп жатқан кезде сондай үлгідегі (маркадағы, түрдегі) товар беру туралы талабынын, орындалмаған әр күні үшін, сондай-ақ кемшіліктерді түзеудің сатып алу-сату шартынан туындайтын мерзімін кешіктірген әр күні үшін сатушы, дайындаушы (олардың өкілдері) тұтынушыға товардың бөлшек сауда бағасының бір проценті мөлшерінде айып төлейді.
8. Тұтынушы тұрған жерде сауда ұйымының өкілі болмаған жағдайда ол товарды сатып алған жердегі сауда ұйымының атына немесе сатып алынған товардағы ақау туралы актімен қосып оның өкіліне жіберуге праволы. Бұл жағдайда сатушы тұтынушыға өнімдегі ақауды анықтауға және товарды жөнелтуге байланысты шығындарды түгел өтеуге міндетті.
9. Егер сатушы товардың кемшілігі тұтынушының товарды пайдалану немесе оны сақтау ережелерін бұзуы салдарынан болғанын дәлелдесе, тұтынушының осы статьяда көзделген талаптары қанағаттандырылмайды.
10. Тұтынушының осы статьяның 4, 6, 8-тармақтарында көзделген талаптары орындалмаған жағдайда тұтынушы өз қалауы бойынша осы статьяның 1-тармағынан туындайтын өзге талаптарды қоюға праволы. Бұл ретте кешіктірілген әрбір күн үшін төленген айып (штраф, өсім) тұтынушыға осы статьяға сәйкес өтеуге жататың шығындардың және езге де төлемдердің есебіне қосылмайды.
11. Сапасыз товарды сол маркадағы (артикулдағы) товарға ауыстырған кезде баға өзгерген жағдайда құны қайта есептелмейді.
Сапасыз товарды сондай сабақтас белгілері бар, бірақ басқа маркадағы (артикулдағы) товарға ауыстырған ретте баға өзгерген жағдайда ауыстырған кезде қолданылып, товарларда көрсетілген бағалар басшылыққа алына отырып, құны кайта есептеледі.
Шартты токтатқан кезде тұтынушымен есеп айырысу товар бағасы қымбаттаған жағдайда тиісті талапты қойған кездегі оның бағасы, ал баға арзандаған жағдайда — сатып алу кезіндегі товар бағасы басшылыққа алына отырып жүргізіледі.
12. Товарды дайындаушы товарды сатушы емес сауда ұйымына тұтынушының осы статьяда көзделген талаптарын қанағаттандыруға байланысты шеккен шығынын толық көлемде өтеуге, сондай-ақ сауда ұйымына оның жұмсаған шығынының 10 процентін қосымша төлеуге міндетті.
15-статья. Сапасыз өніммен келтірілген залал үшін мүліктік жауаптылық
1. Өнімде конструкторлық өндірістік, рецептік және өзге де кемшіліктердің болуы себепті азаматтың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген залал, егер ССР Одағы мен Қазақ ССР заңдарында жауаптылықтың әлдекайда жоғары мөлшері көзделмеген болса, толық көлемінде өтеуге жатады.
2. Атқарушымен немесе сатушымен шарттық қатынаста болған-болмағанына қарамастан кез-келген залал шеккен тұтынушының сапасыз өніммен келтірілген залалды өтеуді талап ету правосы танылады.
Егер нормативтік-техникалық құжаттамада көзделген қызмет мерзімі ішінде, ал ондай жоқ болған ретте — өнім дайындаған кезден бастап 10 жыл ішінде тұтынушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне залал келтірілсе, ол өтеуге жатады.
3. Товардың кепілді мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде, ал ол жоқ болған ретте, осы Заңның 14-статьясынын, 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде анықталған кемшіліктері салдарынан келтірілген залал осы товарды сатушының немесе оны дайындаушының өтеуіне жатады.
Товардың кепілді мерзімі біткеннен кейін анықталған кемшіліктер салдарынан келтірілген залал осы товарды дайындаушының өтеуіне жатады.
Жұмыстың және қызметтің кемшіліктері салдарынан келтірілген залал атқарушының өтеуіне жатады.
Егер сатушы, дайындаушы, атқарушы залал тұтынушының өнімді пайдалану немесе сақтау ережелерін бұзуы салдарынан болғанын дәлелдесе, жауаптылықтан босатылады.
4. Осы статьянын, 1-тармағында көрсетілген товармен келтірген залалды өтеу туралы сот шешім шығарған ретте, залал келтірген товардың бүкіл партиясын айналымнан алу, ал қажет болған жағдайларда — тұтынушылардан кері қайтарып алу мәселесі де қаралады.
16-статья. Жұмыстар орындау және қызметтер көрсету туралы шарттардың жағдайларын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Егер өндіруші шартты орындауға дер кезінде кіріспесе немесе жұмысты белгіленген мерзімге қарай бітіру мүмкін болмайтындай өте баяу жүргізетін болса, тұтынушы (тапсырыс беруші) жұмыстарды орындау және қызметтерді керсету туралы шартты бұзып, шығынның орнын толтыруды талап етуге праволы (Арнаулы шартта ескертілген жағдайдан баска кезде).
2. Егер жұмысты орындау немесе қызмет көрсету кезінде ол шарттың жағдайларына сәйкес орындалмайтыны белгілі болса, тапсырыс беруші орындаушыға кемшіліктерді түзеу үшін тиісті мерзім тағайындауға, ал бұл талап тағайындалған мерзімде орындалмаған ретте шартты бұзуға, не шығыннын орнын толтыруды талап етуге немесе үшінші адамға өндірушінің есебінен кемшіліктерді түзеуді тапсыруға праволы.
3. Егер өндіруші орындалған жұмыстың сапасын нашарлата отырып шарттың жағдайларынан шегінетін болса, не өзге кемшілікке жол берсе, тапсырыс беруші өз таңдауы бойынша аталған кемшіліктерді өз қаржысымен тегін түзетуді немесе жұмыс (қызмет) үшін төленетін ақыны соған сәйкес азайтуға праволы.
4. Осы статьяның 2, 3-тармақтарына сәйкес белгіленген кемшіліктерді жою мерзімі шарт жасасқан кезде, сондай-ақ кемшіліктер анықталған кезде қосымша көрсетілуі мүмкін.
Белгіленген мерзімде кемшіліктерді жоймаған, сондай-ақ жұмысты (қызметті) бастау және аяқтау мерзімін өткізіп алған жағдайда атқарушы жұмысты (қызметті) қабылдап алумен катар тұтынушыға Қазақ ССР заңдарында немесе шартта кезделген кешіктірілген әрбір күн үшін айып (штраф, өсім) төлейді.
Орындалған жұмыстағы кемшіліктерді жою мерзімін өткізіп алған жағдайға белгіленген кешіктірілген әрбір күн үшін айып (штраф, өсім) өтелуге жататын шығынның есебіне қосылмайды.
Егер атқарушы мерзімді еткізіп алу тұтынушы кінәсінің салдарынан болғанын дәлелдесе жұмысты (қызмет көрсетуді) орындауды және кемшіліктерді жоюды бастау және аяқтау мерзімін өткізіп алғаны үшін жауапты болмайды.
5. Жұмыстарда (қызметтерде) шарттан елеулі шегініс жасалған болса немесе өзге не елеулі кемшіліктер болса, тапсырыс беруші шартты бұзуды және шығынның орнын толтыруды талап етуге праволы
6. Тұрмыстық тапсырыс шарты бойынша тапсырыс берушінің материалынан дайындалған өнімнен шарттан елеулі шегініс немесе басқа да елеулі кемшіліктер байқалған болса, тапсырыс беруші ез таңдауы бойынша сапасы тап сондай бірдей материалдан басқа өнім дайындауды, не шартты бұзып, шығынының орнын толтыруды талап етуге праволы.
7. Егер кемшілік тапсырыс берушінің кінәсінен болғанын дәлелдеп шықса, өндіруші орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердегі кемшіліктерге жауапты болмайды.
8. Шарттың жағдайларынан шегіну және өнімді қабылдаудың кәдімгі әдісі кезінде байқалмайтын жұмыстың басқа да кемшіліктері туралы тапсырыс беруші орындаушыға олар байқалғаннаң кейін дереу хабарлауға міндетті.
9. Тапсырыс берушінің осы статьяда көзделген талаптары кемшіліктердің кепілдік берілген мерзім немесе тараптар үшін міндетті ережелермен немесе шартпен белгіленген өзге мерзімдер ішінде байқалған жағдайда қанағаттандырылуы керек.
10. Егер орындаушы шартқа сәйкес міндеттемелерін орындамаса, не дұрыс орындамаса, онда ол тапсырыс берушіге шартта белгіленген айып (штраф, өсім) төлейді және айып (штраф, өсім) жаппаған шығынның орнын толтырады.
11. Орындаушының мерзімді кейінге қалдырғаны немесе міндеттемені өзгедей жолмен дұрыс орындамағаны үшін белгіленетін айыпты штрафты, өсімді) төлеуі оны міндеттемені заттай орындаудан босатпайды.
12. Егер жағдай заттың тапсырыс беруші ескертпеген ерекше қасиеттерінен пайда болғанын дәлелдей алмайтын болса, орындаушы жұмыс орындау немесе қызмет көрсету үшін өзі тапсырыс берушіден қабылдаған заттын, жоғалуына, бұзылуына немесе зақымдануына байланысты пайда болған шығынды рыноктық құны бойынша өтеуге міндетті. Жұмыс орындау және қызмет көрсету үшін өзі тапсырыс берушіден қабылдаған заттың ерекше қасиеттерін анықтауға ғылыми және техникалық ғылым-білім деңгейі мүмкіндік бермеген болса, орындаушы жауаптылықтан босатылмайды.
13. Орындаушы қасиеттерін білетін-білмейтініне қарамастан материалдар, жабдықтар, приборлар, құрал-сайман, тетіктер пайдалануға немесе қызмет керсетуге байланысты тапсырыс берушінің өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келген зиян үшін орындаушы жауапты болады.
14. Егер тұтынушы қызмет көрсетушіні үйге шақырған кезде алдын ала ескертпестен қызметтен бас тартса, тұтынушы шақырғаны үшін ақы төлейді.
Егер қызмет керсетуші тұтынушыға ескертпеген және тағайындалған уақытта үйге, келмеген болса, қызмет көрсетуші тұтынушыға келген зиянды өтейді.
15. Жұмысты орындау және қызмет керсету туралы шарттың талаптары бұзылуынын осы статьяны колдануға жатпайтын салдары ССР Одағы мен Қазақ ССР заң актілері бойынша белгіленеді.
17-статья. Шарттың тұтынушының праволарына қысым жасайтын жағдайларының жарамсыздығы
Шарттың тұтынушылардың праволарын қорғау туралы заңдармен белгіленген праволармен салыстырғанда тұтынушының праволарына қысым жасайтың жағдайлары жарамсыз деп танылады. Егер шарттың тұтынушының праволарына қысым жасайтын жағдайларын қолдану нәтижесінде оған зиян келген болса, онда бұл зиянды дайындаушы (орындаушы, сатушы) толық өтеуге тиіс.
18-статья. Моральдық залалды өтеу
Азаматтың тұтынушылардың праволарын қорғау туралы заңда көзделген праволарын бұзу салдарынан келтірілген моральдық залал кінәсі болған ретте, егер ССР Одағы мен Қазақ ССР заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, сот белгілеген мөлшерде залал келтірушінің өтеуіне жатады.
19-статья. Өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын
мемлекеттің қамтамасыз етуі мен бақылауы
1. Министрлер Кабинеті, министрліктер мен ведомствалар, халық депутаттарының жергілікті Советтері өз компетенциясы шегінде тұтынушылардың праволары мен заңды мудделерін қорғау саясатын әзірлеуге және белсенді түрде жүргізуге міндетті.
2. Тұтынушылардың праволарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында осы статьяның 1-тармағында аталған басқару органдары мынадай функцияларды жүзеге асыруға міндетті:
— рынокты товарлармен, жұмыстармен және қызметтермен молықтыруға экономикалық және әкімшілік шаралармен ыкпал ету, өндірушілердің арасында, сондай-ақ товарлармен қызметтер өткізетін ұйымдар мен адамдардың арасында кінәратсыз бәсекелестікті кеңінен дамыту;
— тұтынушыларға өзінің экономикалық құралдарын барынша тиімді пайдалану мүмкіндігін жасау жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асыру;
— дайындаушы-кәсіпорындар мен сауда ұйымдарының товарлар сатылғаннан кейін өндірілген товарлардың дұрыс қызмет көрсетуіне және қосалқы бөлшектердің болуына бақылауды қамтамасыз ету;
— тұтынушыларға арналған товарлар мен қызметтерді тиімді бөлу жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, азаматтардың жекелеген категорияларына Қазақ ССР-і мен ССРО-ның зан актілерінде белгіленген тәртіппен сауда қызметін немесе өзге қызмет көрсетуде жеңілдіктер мен артыкшылықтар беру;
— товарлар мен қызметтердің хауіпсіздігі мен сапасы туралы нормалар мен ережелерді мезгіл-мезгіл қайта қарап, олардың жалпы жұрт таныған халықаралық нормаларға сай келуін қамтамасыз ету үшін шаралар қолдану;
— негізгі тұтыну товарлары мен қызметтерінің хауіпсіздігі, сапасы және техникалық сипаттамалары туралы куәліктер беру тәртібін белгілеу;
— пестицидтер мен химикалийлердің дұрыс сақталуы мен пайдаланылуына бақылау жасау, олардың бар екендігі туралы ақпарды товарлардың маркаларына енгізу тәртібін белгілеу;
— халықты тұтыну товарлары мен қызметтерінің барлық қырлары бойынша жан-жакты хабарламамен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану, халықтың мәдени дәстүрлерін ескере отырып,тұтынушыларды ағарту мен хабардар етудің жалпы бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз ету;
— тұтынушылардың мүдделерін қорғау жөніндегі саясатты жүзеге асыруда басқа одақтас рспубликалармен және шет елдермен ынтымақтастықты дамыту және нығайту;
— қоғамдық ұйымдардың тұтынушылардың праволарын қорғау жөніндегі қызметіне көмек көрсетіп, жәрдем беру.
20-статья. Соттың тұтынушылар праволарын қорғауы
1. Азаматтаірдың осы Заңның 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 15, 16-статьяларында көзделген талаптарын қанағаттандырудан бас тартылған кезде дауды заңдарда белгіленген тәртіппен сот шешеді.
Сот талаптары тұтынушының қалауы бойынша не талап етушінің, не жауап берушінің тұрған жері бойынша немесе зиян келген жерде қаралады.
2. Тұтынушылардың праволарын қорғайтын 500 сомға дейінгі сот талаптары талап етушінің келісімі бойынша Қазақ ССР Азаматтық істер жүргізу кодексінде белгіленген жеңіл процедура бойынша қаралуы мүмкін.
3. Азаматтың талабын қанағаттандырған кезде сот сонымен қатар оның талабын өз еркімен қанағаттандырудан бас тартқаны үшін сатушыдан, дайындаушыдан (олардың өкілдерінен), атқарушыдан тиісті бюджеттің кірісіне талаптың құны мөлшерінде штраф өндіріп алу мәселесін шешеді.
III Бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРЫ
21-статья. Тұтынушылар қоғамдарына (одақтарына) бірігу правосы
Қазақ ССР, ССРО азаматтары ерікті негізде тұтынушылар қоғамдарына (одақтарына) бірігуге праволы.
Тұтынушылар қоғамдары аудандарда, қалаларда, облыстарда және тұтас республикада одақтарға (федерацияларға) біріге алады.
22-статья. Тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының праволары
Тұтынушылардың қоғамдары мен одақтары қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы немесе тұтынушылар қоғамдары уәкілдерінің жиналысы қабылдайтын жарғыларға сәйкес жұмыс істейді және заңды ұйымдар болып табылады.
Тұтынушылар қоғамдары мен одақтар өз қызметін ССРОда-ғы мен Қазақ ССР заңдарына сәйкес жүргізетін коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар болып табылады.
Тұтынушылар қоғамдары тұтынушылар праволарының бұзылуын жою үшін мынадай шаралар қолданады:
— товарларға, жұмыстар мен қызметтерге, олардың бағалары мен тарифтеріне тәуелсіз сараптама жүргізеді;
— қызмет көрсетудің әр түрлі салаларында тұтынушылар праволарының сақталуын тексереді;
— право қорғау және бақылау органдарына көтеріңкі бағалар бойынша немесе сапа жөніндегі белгіленген талаптарға сай келмейтін өнім шығару мен өткізуге, сауда және халыққа қызмет көрсету ережелерін бұзуға кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы материалдар береді;
— ССРО Мемлекеттік стандартының территориялық органдарына, халық депутаттары Советтеріне, Қазақ ССР Министрлер Кабинетіне өнімнің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы, сапа жөніндегі белгіленген талаптарға сай келмейтін өнім шығару мен еткізуге тыйым салу туралы, оны өндіруді тоқтату туралы, азаматтардың өміріне, денсаулығы мен мүлкіне хауіпті айналадағы ортаға зиян келтіретін өнімді еткізу мен сатудан алып тастау туралы, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарды бұзып белгіленген бағалардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;
— өнімге, бағалар мен тарифтерге тәуелсіз сараптама жүргізеді;
— тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп бір орталықтан белгіленетін және реттелетін бағаларды қолдануға бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
— тұтынушылар қоғамдары одағының мүшесі емес тұтынушылардың мүддесі үшін олардың ССР Одағы мен Қазақ ССР тұтынушылардың праволарын қорғау туралы заңдарында көзделген праволары бұзылған жағдайда талап қояды.
23-статья. Тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының азаматтардың праволарын қорғауы
Тұтынушылар қоғамдары, одақтары азаматтардың тапсыруы бойынша, не өз инициативасы бойынша сапасы дұрыс емес өнім сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) не көтеріңкі бағалар бойынша өткізушіге тәртіп бұзуларды жою және осы тәртіп бұзулар келтірген зиянды азаматтарға өз еркімен өтеу туралы кінә қоюға праволы.
Егер дайындаушы (атқарушы, сатушы) он күн ішінде қойылған кінәға жауап қайтармаса немесе тәртіп бұзушылықты жойып, келген зиянды өз еркімен өтеуден бас тартса, тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары сотқа талап қоюға праволы.
Қойылған талапты қанағаттандырған жағдайда сот дайындаушыдан (атқарушыдан, сатушыдан) тиісті бюджеттің кірісіне талаптың құны мөлшерінде штраф өндіріп алу туралы және тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары шеккен шығынды өтеу туралы шешім шығарады.
Тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары сатушының, дайындаушының (олардың өкілдерінің), атқарушының, сондай-ақ басқару органының тұтынушылардың белгісіз бір тобы жөніндегі әрекетін заңға қайшы деп тану және бұл әрекеттерді тоқтату туралы талап (коллективтік талап) қоюға праволы.
Коллективтік талапты қанағаттандырған кезде сот право бұзушыны белгіленген мерзім ішінде бұқаралық хабарлама құралдары арқылы немесе өзге де тәсілмен тұтынушыларға сот шешімін хабарлауға міндеттейді.
Коллективтік талап бойынша заңды күшіне енген сот шешімі аталған адамдардың әрекетінің азаматтық-праволық салдары туралы тұтынушы талабын қарайтын сот үшін міндетті.
Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ.
Алматы, 1991 жылғы 5 маусым. № 640—XII