Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Заңы
Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы
ҚР 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңымен күші жойылды
Бұл Заң тұтынушылар праволарын қорғаудың праволық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ кепілдіктерін баянды етеді.
Мемлекеттік өкімет пен басқару органдары тұтынушылардын. өздерін сапалы товарлармен, жұмыстармен және кызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жеке праволарын қорғауға байланысты тиімді шараларды жүзеге асыруға міндетті.
I Бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-статья. «Тұтынушылардың праволарын қорғау» туралы Қазақ ССР Заңының мақсаттары мен негізгі мін-деттері
«Тұтынушушылардың праволарын қорғау туралы» Қазак ССР Заңы тұтынушы мен сатушының немесе жұмыс атқарушының, қызмет көрсетушінің арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, олардың праволары мен міндеттерін белгілеуді, тұтынушушылардың праволарын қорғау мәселелерін шешуді мақсат етеді және мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
1. Азаматтардың заңды мүдделерінің дайындаушылар мен сатушылардың мүдделерінен басымдығын мойындау.
2. Тұтынушылардын, ақпар алу, сапалы өнім алу, сапалы товар айырбастап алу праволарын, сондай-ақ Тұтынушыларға сапасыз товар сатқан жағдайда өз праволарын жүзеге асыру.
3. Тұтынушыны оның емірі мен денсаулығына төнетін хауіпқатерден қорғау.
4. Тұтынушылардың мүдделерін қорғау саласында халықаралық және республикааралық ынтымақтастықты кеңейту.
5. Тәуелсіз топтардың (тұтынушылар қоғамдарының) құрылуына және қызметіне көмектесу.
2 -статья. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар қолданылады:
1. Тұтынушы — жеке езі тұтыну немесе жеке меншік шаруашылықта пайдалану мақсатында товар сатып алатын және жұмыстар мен қызметтерді пайдаланатын азамат.
2. Сатушы — товарларды сатып алу-сату шарты бойынша өткізетін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.
3. Дайындаушы — товарды өткізу үшін өндіретін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.
4. Орындаушы — жұмыс атқаратын немесе қызмет көрсететін кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе азамат.
5. Шарт — сапа, мерзім, баға және сатып алу, сату, жұмыс пен қызмет жүзеге асырылатын басқа да жағдайлар туралы тұтынушы мен сатушының (орындаушының) арасындағы ауызша немесе жазбаша келісім.
6. Өнім — товарлар, жұмыстар, қызметтер.
7. Нормативтік-техникалық құжат — ССР Одағы мен одақтас республикалардың мемлекеттік стандарттары, шарттар, құрылыс нормалары мен ережелері, мемлекеттік фармакопея және дәрі-дәрмектердің уақытша фармакопеялық жазбалары, техникалық шарттар, техникалық сипаттамалар, рецептура және өткізуге жататын өнімге, жұмыссқа, кызметтерге қойылатын талаптарды бекітетін басқа да кұжаттамалар.
3-статья. Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы заңдар
1. Тұтынушылардың праволары мен оларды жүзеге асыру механизмі ССР Одағының заңдарымен, осы Заңмен және Қазак ССР-інің осы заңға сәйкес шығарылатын баска да Заң актілерімен реттеледі.
2. Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің, республикалық министрліктер мен ведомстволардың, халық депутаттары жергілікті Советтерінің нормативтік актілері тұтынушылардың праволарын шектей алмайды және оларды қорғаудың кепілдіктерін Заңда белгіленгендегіден темендете алмайды.
4-статья. Бір одақтас республиканың тұтынушылар праволарын қорғау туралы заңдарын екінші одақтас республикада қолдану
1. Бір одақтас республиканың тұтынушылар праволарын қорғау туралы заңдары екінші одақтас республикада мынадай ережелерге сәйкес қолданылады:
— тұтынушылардың ақпар, сапалы товар алу, сапалы товар айырбастау праволарын, сондай-ақ тұтынушының өзіне сапасыз өнім сатқан жағдайдағы праволарын жүзеге асырудан туындай-тын қатынастарға және жұмыс орындау мен қызмет көрсету туралы шарттың жағдайлары бұзылған ретте заңдарда немесе тараптардын, келісімінде басқа нәрсе кезделмеген болса, өнімді сатып алған жердің Заңы қолданылады;
— тұтынушылардың өмірі мен денсаулығын хауіпсіздендіру правосын жүзеге асырудан туындайтын қатынастарға, сондай-ақ сапасыз өнімімен зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерге дау қаралған жердін, Заңы, ал тұтынушының етініші бойынша зиян келтірген жердің Заңы қолданылады.
2. Егер республикааралық келісімде (шартта) бір одақтас республиканың заңын екінші одақтас республикада қолданудын, өзгеше ережелері көзделген болса, республикааралық келісімнін, (шарттын.) ережелері қолданылады.
5-статья. Халықаралық шарттар
Қазак ССР-і қатысатын халықаралық шартта тұтынушылардың праволарын қорғау туралы республикалық заңдардағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттын. ережелері колданылады.
II бөлім. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ПРАВОЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ
6-статья. Өнім тұтынушылардың праволары
Кез-келген тұтынушы:
‑ тұтынудың кепілдік берілген деңгейіне;
‑ товарларды еркін сатып алуға, жұмыстар мен қызметтерді пайдалануға;
‑ сапалы өнімге;
‑ өнім туралы толық та шынайы хабарламаға;
‑ хауіпсіз өнімге;
‑ сотқа және мемлекет уәкілдік берген басқа да органдарға етініш жасауға;
‑ тұтынушылардын, қоғамдық ұйымдарына бірігуге праволы.
7-статья. Тұтынушының тұтынудың кепілдік берілген деңгейіне және мемлекеттің өз экономикалық мүдделерін қорғауына правосы
1. Қазақ ССР-інін, барлық азаматтары кепілдік берілген тұтыну деңгейіне сәйкес келетін түрлер мен көлемде товарлар, қызметтер және басқа игіліктер алуға праволы.
2. Кепілдік берілген тұтыну деңгейі және соған сәйкес жан басына шаққандағы ең төменгі табыс деңгейі, оларды қараудың тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету шаралары Қазақ ССР заң актілерімен, сондай-ақ халық депутаттары жергілікті Советтерінін, шешімдерімен тиісті бюджеттерді бекіткен кезде жыл сайын белгіленіп отырады.
3. Қазақ ССР Министрлер Кабинеті, халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері:
— барлық азаматтарға товарлар мен қызметтерді кепілдік берілген тұтыну деңгейіне сәйкес түрлер мен көлемде, жан басына шаққандағы ең төмен табыс деңгейін белгілеген кезде есепке алынған баға бойынша сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті;
— аталған товарлар мен қызметтерді еркін сатып алуға мүмкіндік жоқ жекелеген облыстар мен қалаларда оларды нормалап бөлуді енгізуге тиіс.
4. Осы статьяның 3-тармағында көзделген азаматтардың праволарын қорғау азаматтың немесе тұтынушылардың қоғамдық ұйымының аудандық немесе қалалық атқару органдарының өз міндеттерін орындамағаны туралы талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Талапты қанағаттандырған жағдайда сот осы статьяның 3-тармағында көзделген міндеттерді заттай орындау туралы, ал товарлар мен кызметтерді кепілдік берілген тұтыну көлемінде сатып алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік болмаған жағдайда ‑товарлар мен қызметтің белгіленген мөлшерін аймақта қалыптасқан баға бойынша еркін сатып алуды қамтамасыз ететін келемде ақшалай өтем төлеу туралы шешім шығарады.
8-статья. Тұтынушының сауда қызметін және өзге де қызмет көрсету саласындағы правосы
1. Тұтынушы белшек сауда сатып алу-сату шартын жасау жолымен халық тұтынатын товарларды еркін сатып алуға праволы, ол шарт бойынша сатушы (бөлшек сауда кәсіпорны, бірлестігі) басқа жақтың — тұтынушының меншігіне сапалы халық тұтынатын товарлар беруге міндеттенеді, оған шартта келісілген қызметтерді көрсетеді, сауда қызметін көрсетудің сапасы мен мәдениетін қамтамасыз етеді, ал тұтынушы белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндеттенеді.
2. Тараптардың арасында шарттын, аясы, баға туралы және тараптардын, біреуі болса да келісуді талап ететін жағдайлар бойынша келісімге қол жеткен кезде бөлшек сауда сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады.
З. Сауда орындарының ішкі және сыртқы витриналарына бағасы көрсетілген товарлар қою, қоғамдық тамақтандыру орындарының келушілерге ас мәзірін ұсынуы бөлшек сауда сатып алу-сату шартын жасауға ұсыңыс деп танылады.
4. Жасалғаннан ,кейін жүзеге асырылатын белшек сауда сатып алу-сату шарттары товардың құнына қарамастан ауызша формада болады. Жүзеге асырылуы шарттың жасалу мерзіміне тәуелсіз бөлшек сауда сатып алу-сату шарттары (алдын ала берілетін тапсырыстар бойынша, посылкамен сауда жасау кезінде, жеңіл автомобильдер сату кезінде және басқа жағдайларда) осындай шарттар үшін белгіленген жазбаша формада жасалады.
Тұтынушылардын, праволарына Заңда немесе үлгі шартта белгіленген праволармен салыстырғанда қысым жасайтын шарттың ережелері жарамсыз деп танылады. Егер шарттың ережелерін қолдану нәтижесінде тұтынушыға зиян келген болса, онда өндіруші (сатушы) бұл зиянды толық өтеуге тиіс.
Өндіруші (сатушы) өндірістік, не сауда қызметіндегі өз жағдайының артықшылықтарын пайдалануға байланысты келтірген зиянды тұтынушының өндіріп алуға правосы бар.
5. Бөлшек сауда кәсіпорны, бірлеетігі халық депутаттары жергілікті Советінің атқару комитеті бекітетін товарлардың міндетті түр‑түрінін, минимумын сақтауға тиіс.
6. Сауда орны товарлардың түр-түрінің минимумында көзделген товардың болмауынан шарт жасасудан бас тартқан жағдайда сауда орнына сатып алушыға товарды басқа магазиндерден сатып алу мүмкіндігі, товардың түсуі мүмкін уақыт туралы хабар беру міндеті жүктеледі.
7. Сауда қызметін керсету процесінде тұтынушы мен сауда орнының қызметкері бір-бірінің ар-намысына, қадір-қасиетіне тимеуде, адамгершілік және этика нормаларьін сақтауда бірдей праволы.
Адамгершілік және этикалық нормаларды сақтамаған, тұтынушы немесе сауда орнының қызметкерін қорлаған, не олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне өзғедей тіл тигізген жағдайда кінәлі адамдар жұрт алдында кешірім сұрауға міндетті. Зардап шегуші бұл талабы орындалмаған жағдайда өз правосын қорғау үшін сотқа немесе әкімшілік комиссиясына шағынуға праволы.
Тұтынушының жеке мүліктік емес праволарын бұзу сауда орнының қызметкеріне тәртіптік, әкімшілік, материалдық шаралар қолдануға, ал заңдарда көзделген жағдайда қылмыстық жауаптылыққа апарып соғады.
Тұтынушы аталған нормаларды бұзған кезде сатушы ол туралы материалды тиісті шара қолдану үшін милиция органдарына немесе жұмыс істейтін жеріне беруге праволы.
8. Сатушы (орындаушы) тұтынушыға өз кәсіпорнының аты мен қайда қарайтыны туралы толық және көрнекі хабарлама беруге міндетті.
9-статья. Тұтынушының сапалы өнімге, жұмысқа және қызметке правосы
1. Тұтынушы өзіне сатушы немесе өндіруші кемшіліктер туралы алдын ала хабарлаған және олармен келіскен кезден баска жағдайда сапалы товар алуға, сапалы жұмыс, қызмет орындатуға праволы.
Тұтынушылардың праволарын қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеуге жол берілмейді.
2. Қолданылып жүрген нормативтік-техникалық құжаттар товарлардың, жұмыстар мен қызметтердін. сапасын анықтайтын негіз болып табылады, ал құжаттық негіз болмаған жағдайда өнім үлгілері немесе осындай товарлармен қызметтер үшін заңдар арқылы сапаға қойылатын талаптар болып табылады.
3. Тұтынушылардын, өнім сапасына қойылатын талаптарды нормалауға деген мүдделерін жүзеге асыру тұтынушылар қоғамдарының, одактарының (федерацияларының) мемлекеттік стандарттарды немесе басқа нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге қатысу правосымен қамтамасыз етіледі.
4. Тұтынушы сатып алған товарларының сапасын, ондағы бөлшектердің түгелдігін, өлшемдерін, салмағын және бағасын тексеруге, олардың ыңғайлылығын қарап көруге, сондай-ақ оларды хауіпсіз де дұрыс пайдалануды үйренуге праволы.
Сатушы мұндай жағдайда оған бақылау-өлшеу приборларын, товарлардың бағасы туралы құжаттарды беруге, ал қажет болған жағдайда товарды сараптамаға жіберуге көмектесуге міндетті.
5. Тұтынушы товарлар мен қызметтерді еркін таңдап алуға праволы. Сатушы тұтынушының товарлар мен қызметтерді еркін таңдап алуына барынша көмектесуге міндетті. Тұтынушыны сапасыз товарлар мен қызметтерге, өнімнің өзіне керегі жоқ түрлеріне келісім беруге немесе тұтынушылық праволарын пайдаланудан бас тартуға мәжбүр ету максатымен өндірушінің, сатушының өндірістік, не коммерциялық қызметте өз жағдайының артықшылықтарың пайдалануына тыйым салынады.
6. Отандық, сондай-ақ шетелдік товарларды сатқаннан кейін тұтынушыға товар үшін көзделген қызмет көрсетуге кепілдік берілуге тиіс.
7. Бұл правоны қамтамасыз етпегені үшін кәсіпорын немесе товарды сатқан азамат, не тиісті қызметтерді (жөндеу жұмыстары және т. б.) көрсету тапсырылған адам тұтынушының алдында жауапты болады. Товарды сатқаннан кейінгі қызмет көрсету және онын жағдайлары туралы тұтынушыға қажетті хабарламаны товарды сатушы, сондай-ақ тиісті қызметті көрсеткен адам беруге тиіс.
8. Өндіруші өнімнің, соның ішінде жабдыктаушы бұйымдардың Қазақ ССР және ССРО заңдарында, стандарттармен және өзге нормативтік-техникалык құжаттарда белгіленген кепілдік берілген мерзім ішінде дұрыс жұмыс істеуін (қолданылуын, пайдаланылуын) қамтамасыз етуге міндетті.
9. Жабдықтаушы бұйымдардың кепілдік берілген мерзімі, егер Қазақ ССР және ССРО заңдарында нормативтік-техникалық құжаттарда өзге жағдай белгіленбеген болса, негізгі бұйымның кепілдік берілген мерзімінен кем болмауға тиіс.
10. Өндіруші пайдаланудың кепілдік берілген мерзімін белгілейтін товарлар мен қызметтер бойынша тұтынушыға кепілдік берілген мерзім ішінде көзделген қызметтердің бәрін тегін көрсету қамтамасыз етілуге тиіс.
11. Өндіруші өнімнің қосалқы бөлшектерін шығарып, оны қажетті мелшерде сауда желісіне беруді, оған техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді бүкіл өндіру мерзімі ішінде, ал өндірістен алып тасталған соң өнімнің қызмет ету мерзімі ішінде, ал мұндай мерзім болмаған ретте 10 жыл бойы қамтамасыз етуге міндетті.
Аталған мерзім ішінде сатушы тұтынушыға қажетті қосалқы бөлшектердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
12. Дайындаушы, не сауда ұйымы өз міндеттерін орындамауы салдарынан тұтынушыға келген зиян толық өтелуге тиіс.
10-статья. Тұтынушының сапалы товар айырбастап алу правосы
Егер белгілі бір себептермен өзінің қажеттерін қанағаттандырмайтын болса немесе қажетті касиеттері болмаса, тұтынушы өзі сатып алған сапалы азық-түлік емес товарды айырбастауға праволы.
Тұтынушы сапалы өнім айырбастап алуға праволы мерзім Қазақ ССР заң актілерімен белгіленеді.
Товардың түр-түсінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбыларының немесе жазбаларыңың, товарлық немесе кассалық чегінің немесе сатушы тұтынушыға сатылған товармен бірге берген басқа да құжаттардың сақталуы товар айырбастаудың міндетті шарты болып табылады.
Осы статьяда аталған негіздер бойынша айырбастауға жатпайтын товарлардың тізбесін Қазақ ССР Министрлер Кабинеті бекітеді.
Айырбастау кезінде ондай товар сатуда болмаған жағдайда тұтынушы товардың құнын қайта есептетіп, сол жерде бар товарлардың кез келген түрін сатып алуына болады, не товардың құны мөлшеріндегі ақшаны қайтарып алуына яки тиісті товар сатуға түсісімен сондай товарға айырбастап алуына болады. Сатушы товар айырбастап беруді талап еткен сатып алушыға оның сатуға түскені туралы хабарлауға міндетті.
11-статья. Тұтынушының өнім туралы хабарлама алу правосы
1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға оның назарын аударған өнімнің бағасы, тұтыну қасиеттері, сатып алудың заңды әдістері немесе оны бөлудің жергілікті жерлерде қабылданған формалары, кепілдік міндеттемелері мен кінә тағу тәртібі, сондай-ақ өнімді пайдаланудың, оны сақтаудың және хауіпсіз кәдеге жаратудың әдістері мен ережелері туралы қажетті және нақты хабарлама беруге міндетті.
Тамақ өнімдері жөнінде құрамы, кенеулілігі, денсаулыққа зиянды заттардың бар-жоғы туралы хабарлама берілуге тиіс.
Қызметтер жөнінде де тұтынушыға орындаушының жұмыстарды атқаруы мен қызмет көрсету ережелері туралы хабарлама берілуге тиіс.
2. Осы статьяның 1-тармағында көзделген хабарлама өнімге қоса берілетін құжаттама, сондай-ақ маркалау, дайындалған және сатылған уақытын көрсету немесе жекелеген қызмет көрсету салаларында қабылданған өзге де әдістер арқылы тұтынушыларға жеткізіледі.
Азық-түлік товарларының, дәрі-дәрмектің, косметикалық заттардың және уақыт өте келе тұтынушылық қасиеттері нашарлай беруі мүмкін басқа да өнімнің маркасында (этикеткасында) сатылған уақыты және белгіленген талаптарға сәйкес мұндай өнімнің жарамдылық мерзімі керсетілуге тиіс.
Өнімді сатып алу әдістері мен бөлу формалары туралы хабарламаны тұтынушыларға олардың өтініштері бойынша халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері, сауда ұйымдарының өкілдері — тиісті сауда жүйесінің сатушылары береді.
3. Қәсіпорын шығарған өнімнің, заңдарда көзделген реттерден басқа кезде, өндірістік маркасы болуға тиіс. Өндірістік марка дайындаушының атын, оның тұрған жерін, дайындалған өнім сай келуге тиіс нормативтік-техникалық кұжаттаманың белгісін қамтиды.
4. Жеке еңбек қызметінде азаматтың езі немесе кооперативтер дайындаған өнімнің патент (дайындауға рұқсат) номері және оны берген органның аты, сондай-ақ міндетті талаптары осы өнімге қолданылатын мемлекеттік стандарт көрсетілген этикеткасы болуға тиіс.
Аталған талаптар көрсетілген (заңдарда көзделген реттерден басқа кезде) товар белгісі жоқ не бөтен товар белгісі пайдаланылған азық-түлік және азық-түлік емес товарларды өткізуге тыйым салынады және әкімшілік тәртіппен жергілікті бюджеттің табысына аударылатын 200 сомнан 1000 сомға дейін штраф төлеттіре отырып товар алып қойылады.
5. Егер өткізілетін өнім туралы дұрыс емес немесе жеткілікті дәрежеде толық емес хабарлама мынаған әкеліп соқса:
— қажетті тұтыну қасиеттері жоқ өнім сатып алынса — тұтынушы шартты бұзуға және өзіне келтірілген шығынның орнын толтыруды талап етуге праволы;
— сатып алынған өнімді мақсатына қарай пайдалану мүмкін болмаса — тұтынушы ақылға сыйымды қысқа мерзім ішінде аталған хабарламаны беруді талап етуге праволы. Егер хабарлама айтылған мерзімде табыс етілмесе — тұтынушы шартты бұзуға және шеккен зиянның орнын толтыруды талап етуге праволы;
— тұтынушынын, денсаулығына, емірі мен мүлкіне зиян келтірілсе — ол сатушыға (дайындаушыға) осы Заңның статьяларында көзделген талаптарды қоюға праволы.
6. Құйтұрқы жарнама беру нәтижесінде сатып алынған өнімнен тұтынушыға келтірілген зиян жарнама берушінің толық көлемде өтеуіне жатады.
7. Өнім туралы дұрыс емес немесе жеткілікті дәрежеде толық емес хабарламадан не құйтұрқы жарнамадан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы тұтынушының талаптарын қараған кезде тұтынушының сатып алынған өнімнін. қасиеттері мен сипаттамалары туралы арнаулы таным-білімі жоқтығы туралы болжамды басшылыққа алу қажет.
8. Халық депутаттары жергілікті Советі атқару комитеті жауапты қызметкерінің немесе сауда ұйымы өкілінің — тиісті сауда жүйесі сатушысының өнімді сатып алу әдістері немесе бөлу формалары туралы хабарлама беруден бас тартуы, не қасақана жалған хабарлама беруі әкімшілік жауаптылыққа немесе сот арқылы салынып, жергілікті бюджеттің табысына аударылатын 200 сом мөлшеріндегі штрафқа әкеліп соғады.
12-статья. Тұтынушының өз өмірі мен денсаулығының хауіпсіздігін қамтамасыз ету правосы
1. Тұтынушы сатып алынған өнімді пайдалануы немесе оны сақтауы белгіленген қызмет ету мерзімі мен жарамдылық мерзімі ішінде өзінің өмірі, денсаулығы мен мүлкі үшін хауіпсіз болуына праволы.
2. Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен мүлкі, сондай-ақ айналадағы орта үшін өнімнің хауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар міндетті болып табылады және мемлекеттік стандарттарда белгіленуге тиіс.
Егер өнімді хауіпсіз пайдалану немесе оны тасымалдау мен сақтау үшін арнаулы ережелерді сақтау қажет болса, дайындаушы (орындаушы) мұндай ережелерді әзірлеуге, ал сатушы (орындаушы) оларды тұтынушының назарына жеткізуге тиіс.
3. Өнім өндіру және еткізу кезінде хауіпсіздік жөніндегі талаптардың сақталуына бакылауды арнаулы мемлекеттік және қоғамдық органдар (мемлекеттік стандарт, Мемлекеттік сауда инспекциясының, санитариялык-эпидемиологиялық станцияның, социалистік меншікті талан-таражға салуға қарсы күрес бөлімінің территориялық органдары, тұтынушылар қоғамы) жасауға тиіс.
4. Мемлекеттік стандарттарда азаматтардың өмірінің, денсаулығы мен мүлкінің хауіпсіздігін, айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптар белгіленген өнімдер, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығының хауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар белгіленген тәртіппен міндетті түрде сертификатталуға жатады. Аталған талаптарға өнімнің сай келетіндігін қуаттайтын белгісі жоқ мұндай өнімді Қазақ ССР-інде өткізуге және пайдалануға тыйым салынады.
5. Егер пайдаланылуы азаматтардың өміріне, денсаулығы мен мүлкіне, сондай-ақ айналадағы ортаға зиян келтіруі мүмкін өнімде хауіпсіздік жөніндегі міндетті талаптардан тұратын мемлекеттік стандарттар жоқ болса, компетентті мемлекеттік басқару органдары мұндай стандарттардың әзірленуін және күшіне енгізілуін дереу қамтамасыз етуге міндетті.
6. Егер өнімнің пайдаланылуы немесе сақталуы азаматтардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіретіні немесе зиян келтіруі мүмкін екені белгілі болса, дайындаушы (сатушы) зиянды тудыратын себептер анықталғанға дейін оны ендіруді (өткізуді) дереу тоқтата тұруға, ал кажет болған реттерде оны айналымнан алу және тұтынушыдан қайтарып алу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
7. Егер өнімнің хауіпті қасиеттері туралы оны өткізу және тұтынушының пайдалануы процесінде белгілі болса, онда осы статьяның 6-тармағында көзделген шаралардан басқа, дайындаушы (сатушы) ықтимал қатер, өнімнін, хауіпті қасиеттерінің сипаты, азаматтардың еміріне, денсаулығына, мүлкіне немесе айналадағы ортаға зиян келтірудің алдын алу шаралары, ықтимал зардаптар және оларды болдырмау үшін қажетті іс-әрекеттер туралы тұтынушыны хабардар етуге міндетті.
8. Егер өнімнің хауіпті қасиеттерін жою мүмкін болмаса, дайындаушы мұндай өнімді ендірістен дереу алып тастауға міндеттіі. Дайындаушы бұл міндеттерді орындамаған кезде компетентті республикалық органдар, Қазақ ССР Министрлер Қабинеті (республикалық кәсіпорындар дайындайтын өнім бойынша және республика территориясында өткізілетін өнім бойынша) мұндай өнімді өндірістен дереу алу, оны айналымнан алып тастау туралы шешім қабылдайды. Жергілікті рынок үшін шығарылатын өнім бойынша халық депутаттары жергілікті Советінің атқару комитеті шешім қабылдайды.
9. Өнімді қайтарып алуға байланысты тұтынушыға келтірілген зиян дайындаушының (сатушының) толық көлемде өтеуіне жатады.
Егер дайындаушы (сатушы) хауіпті қасиеттері бар өнімді қайтарып алу жөнінде барлық шараларды қолданса, ол аталған өнімді тұтынушының пайдалана беруіне байланысты келтірілген зиян үшін жауапкершіліктен босатылады.
10. 6, 7, 8-тармақтарда баяндалған талаптар бұзылған ретте, егер заңдарда жауапкершіліктің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленбеген болса, дайындаушы (сатушы) өнімнің сапасына бақылауды жүзеге асыратын органдардын, шешімі бойынша мемлекеттік бюджет кірісіне өткізілген өнімнің құны мөлшерінде штраф төлейді.
11. Белгілі бір мерзімнен артық пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығы немесе айналадағы орта үшін хауіп туғызатын өнімге қызмет ету мерзімі белгіленуге тиіс, ол өнімдерді одан артық пайдалануға тыйым салынады. Бұл талап тұтас өнімге де, оның жекелеген бөліктеріне де қолданылады.
12. Тұтынушыға бұйымның немесе оның бөліктерінің тағайындалған қызмет ету мерзімі жол беруге болатын шекті қызмет ету мерзімі келген кездегі іс-қимыл, ұсынылған іс-қимыл орындалмаған жағдайда болуы мүмкін зардаптар туралы ескертілуге тиіс.
13. Өмір мен денсаулық үшін хауіп туғызатын өнім шығарғаны үшін:
— өнімді талдап-зерттеуші;
— өнімді дайындаушы;
— өмір мен денсаулыққа хауіпті стандартты бекіткен орган;
— өнімді өткізуге рұқсат берген немесе оның сапасына сертификат берген ұйымдар;
— хауіпті өнімді шығаруға немесе өткізуге рұқсат еткен денсаулық сақтау органдары заңдарда белгіленген жауаптылыққа тартылады.
14. Хауіпсіздік және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық кұжаттаманың міндетті талаптарына сай келмейтін өнім қайта жасауға жіберіледі, ал ол мүмкін болмаған жағдайда белгіленген ережелерге сәйкес жойып жіберіледі.
13-статья. Сотқа және уәкілдік берілген басқа да мемлекеттік және