«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 5 маусымдағы
№ 841 қаулысына өзгерiс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 қыркүйектегі № 898 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған шығарушылық кеден баждарының ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 5 маусымдағы № 841 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 25, 292-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
мына:
«76 Алюминий және одан жасалған бұйымдар | 15, бiрақ 1 тонна үшiн 100 ЕВРО-дан кем емес» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«76 Алюминий және одан жасалған бұйымдар мынадан басқа: 7601 20 100 0-ден Алюмо-бериллий лигатурасы | 15, бiрақ 1 тонна үшiн 100 ЕВРО-дан кем емес» 0». |
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiн Қазақстан Республикасының Үкiметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметiн реттеу шаралары туралы белгiленген тәртіппен хабардар етсiн.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап отыз күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |