«Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы
мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген
және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдары
қызметкерлерi үшiн белгіленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiне
зейнетақы төлемдерiн тағайындау ережесін бекіту туралы »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 шілдедегі № 634 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн тағайындау ережесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметiнің
2003 жылғы 1 шiлдедегi № 634 қаулысымен
бекітілген
Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi
комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдарының арнаулы атақтар берiлген және оларға Қазақстан
Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдары
қызметкерлерi үшін белгiленген тәртіп қолданылатын
қызметкерлерiне зейнетақы төлемдерiн тағайындау
ережесi
Осы әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерiн тағайындау ережесi (бұдан әрi Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
1. Қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындауды мынадай тиiстi мемлекеттік органдар:
1) Қарулы Күштерде, әскери прокуратура, төтенше жағдайлар жөніндегі органдарда және олардың бөлiмшелерiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
2) iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында және олардың бөлiмшелерiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі;
3) ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткерген әскери қызметшiлерге - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;
4) Президенттің Күзет қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге - Қазақстан Республикасы Президентiнің Күзет қызметi;
5) Республикалық ұланда қызмет өткерген әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы;
6) Арнаулы атақтары бар, қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнде қызмет өткерген тұлғаларға - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi жүзеге асырады.
2. Ереженiң 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдар әскери қызметшiнiң, органдар қызметкерiнiң жұмыстан босатылған күніндегі қызмет өткергендiгiн және ақшалай үлесiнiң мөлшерiн растайтын құжаттардың тiзбесiн, сондай-ақ Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тиiстi құрылымдық бөлiмшелердi, оның iшiнде ведомстваларды немесе аумақтық органдарды (бұдан әрi - бөлiмшелер) анықтайды.
3. Қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрген тұлға тұрғылықты жерi бойынша бөлiмшеге мынадай құжаттарды бередi:
1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш (қосымшаға сәйкес);
2) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгендiгi туралы құжат;
4) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгендiгi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
5) берiлген салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН) туралы құжаттың көшiрмесi;
6) банк мекемесiнде зейнетақы шотының (карт шотының) ашылғандығы туралы құжаттың көшiрмесi;
7) 3,5 x 4,5 фотосурет - 2 дана.
4. Бөлiмше Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдап және Ереженiң 2-тармағына сәйкес анықталатын тiзбеге сәйкес құжаттарды талап етiп, олар түскен күннен бастап он күн мерзiмде зейнетақы төлемдерiн тағайындауды жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттік органдарға жiбередi.
5. Бөлiмше Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген құжаттар берілмеген не толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтердi қамтитын құжаттар берiлген жағдайда зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi қабылдамайды.
6. Мемлекеттік орган барлық қажеттi материалдарды алған күннен бастап он күн мерзiмде қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындауды жүргiзедi, заңнамада белгiленген тәртiппен қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушының мәртебесiн растайтын ресми құжат болып табылатын куәлiктi бередi.
7. Қызмет өткерген жылдары үшiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiн төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер
органдарының, Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару
жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы
мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет
органдарының арнаулы атақтар берiлген
және оларға Қазақстан Республикасының
заңнамасында ішкi iстер органдары
қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп
қолданылатын қызметкерлерiне зейнетақы
төлемдерiн тағайындау ережесіне қосымша
______________________________________
(қызмет өткерген жылдары үшiн
______________________________________
зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын
______________________________________
орган атауы)
Зейнетақы тағайындау (жаңарту) туралы
ӨТІНІШ
индексi______________________________________________облысы/қаласы
_______________қаласы (ауданы)_______________________ ауылы (селосы)
_________________________________________________ көшесі, (ш/ауданы)
__________үй__________пәтер тел._________________мекен-жайы бойынша
тұратын___________________________________________________________
(өтiнiш берушінің әскери (арнайы) атағы, Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
Банктiң №____ филиалы Зейнетақы есеп шоты №_________
Байланыс бөлiмшесi__________________________________
СТН ______________________________________________________________
ӘЖК ______________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат: сериясы ___________ № ____________
Қашан және кiм бердi_______ж. "_______"___________________________
Маған қызмет өткерген жылдарым үшiн зейнетақы төлемдерiн
тағайындауыңызды (жаңартуыңызды) сұраймын.
Бұрын ______________ алдым (қазiргi кезде аламын немесе жаңадан
(иә, жоқ)
тағайындалды)_____________________________________________________
(қай органнан және қандай, зейнетақының мөлшерi, ал
__________________________________________________________________
егер төлеу тоқтатылса, онда қай уақыттан )
Өтiнiшке:_________________________________________________________
________________________________________________қоса берiп отырмын.
Өтiнiш берушiнiң қолы_______200____ж. "_____"_______________
Өтiнiш 200____ж. "____"_________________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы:__________________
__________________________________________________________________
Мемлекеттік қызметке әскери (арнайы) атақ, сыныптық шен берiле
отырып алынған кезде, сондай-ақ тiркелiм мекен-жайы өзгерген кезде
зейнетақы төлемдерiн тағайындаған органға бес күндiк мерзімде, ал
Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен кезде дереу
хабарлауға міндеттi екендiгiм туралы хабардармын.
Өтiніш берушiнiң қолы__________ 200____ж. "_____"___________