«Халықты және өрт қауiпсiздiгі саласындағы мамандарды хабарландыру,
білімдi насихаттау, оқыту ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, білімдi насихаттау, оқыту ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысымен бекiтілген
Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды
хабарландыру, білімдi насихаттау, оқыту
ЕРЕЖЕСI
1. Осы Ереже Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, білімдi насихаттау, оқыту тәртібін белгiлейдi.
2. Ұйымдар қызметiнiң өрттердiң алдын алу және оларды жою жөніндегі қауiпсiздiкке, салдарларға, шараларға қажеттi өрт қаупiнiң дәрежесi мен ықтимал дәрежесi туралы ақпарат ашық, жариялық болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
3. Халыққа қауiп төндiретiн өрт туындаған кезде Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары 24 сағаттың iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын хабардар етедi, соңғысы болған оқиға туралы ресми хабарды жариялайды не эфирге шығарады.
4. Өрт ошағына жақын аудандарға қауiп төнген жағдайда, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, өрт туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады және бұл туралы 10 сағаттан кешiктiрмей халыққа хабардар етедi.
5. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдар қызметкерлердi өрттiң туындау қаупi немесе туындағаны туралы хабарландырады, сондай-ақ өрттiң туындау қаупі немесе туындау сәтiнен бастап тез арада Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң аумақтық бөлiмшелерiне фактi туралы белгiленген тәртiппен хабарлайды.
6. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы білімдi насихаттауды Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi, қоғамдық өрт бiрлестiктерi жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың келісімi бойынша жыл сайын өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөнінде жоспарлар әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi.
8. Өрт қауiпсiздiгі ережелерiн насихаттау жөніндегі материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға байланысты шығыстарды қаржыландыру тиiсті жергiлiктi бюджеттерде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде жүргiзiледi.
9. Жергiлiктi атқарушы органдар меншiк нысанына қарамастан, шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң және елдi мекендердiң өрт қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдаған кезде Мемлекеттік өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерi бұқаралық ақпарат құралдары, кәсiпорындардағы, оқу орындарындағы, МПК және басқа да ұйымдардағы өрт қауiпсiздiгi бұрыштары арқылы халықты хабардар ету жөніндегі тиiстi жұмысты жүргізедi.
10. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жыл сайын жылыту маусымы басталар алдында аймақтар халқымен өрт қауiпсiздiгi жөнiнде айлық өткізедi.
11. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес өрт-техникалық орталықтардың базасында өрт саласындағы білімдi және өртке қарсы қызметтiң жетiстiктерiн насихаттау үшiн экскурсиялар, конкурстар өткiзедi, мектепке дейiнгi, жалпы орта, бастауыш, орта және кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарын, халықты, журналистерді, жазушыларды, суретшiлердi тарта отырып, көпшiлiк іс-шараларын ұйымдастырады.
12. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қызмет көрсетулер, оның iшiнде халықты оқыту мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда, шарттық негiзiнде орындалады және көрсетіледi.
13. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қоғамдық өрт бiрлестiктерiне өртке қарсы плакаттар, альбомдар, открыткалар, буклеттер әзiрлеуде және шығаруда, өртке қарсы экспозицияларды, стендтерді, витриналарды, және кабинеттердi (бұрыштарды) жабдықтауда әдiстемелiк көмек көрсетедi, қаржыландыру сол бiрлестiктердiң есебiнен жүргiзiледi.
14. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары, орта, бастауыш кәсiптiк, жалпы орта және мектепке дейiнгi білім беру ұйымдарында өрт қауiпсiздiгi шараларына мiндеттi оқыту арнайы бағдарламалар бойынша оқу жоспарында сағаттардың сараланған санымен жүзеге асырылады.
15. Ұйымдардың қызметкерлерiн өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту және өртке қарсы насихат жүргiзу заңнамамен меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың бiрiншi басшыларына жүктелген.
16. Объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiне жауап беретiн мамандарды (инженерлік-техникалық қызметкердi), кәсіпкерлер мен азаматтарды өрт қауiпсiздiгi саласында оқыту:
кәсiптiк даярлау мектептерi мен Мемлекеттік өртке қарсы қызмет аумақтық органдарының оқу орталықтарында;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi жанындағы біліктiлiктi арттыру курстарында жүргiзiледi.
17. Халықты тұрғылықты жерi бойынша өрт қауiпсiздiгi ережелерiне оқытуды қажеттілiгiне қарай және жедел жағдайды ескере отырып, Мемлекеттік өртті қадағалау органдары жиналыстарда, тұрғындардың жиындарында жүргiзедi. Мемлекеттік инспекторлар қызмет көрсетiлетiн аумақта халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына өтеусіз негiзде оқытуға (лекциялар, семинарлар, сұхбаттар, викториналар, тақырыптық кештер және т.б. өткiзуге) қатысады.