«Өрт сөндiру жөнiндегі жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын
өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшін
ұйымдардың аумақтарында өрт cөндіpy кезiнде қажеттi күштер мен
құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн
және демалыс орындарын ұсыну ережесін бекіту туралы »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 18 шілдедегі № 801 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Өрт сөндiру жөніндегі жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт сөндiру кезiнде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс орындарын ұсыну ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 18 шілдедегі
№ 801 қаулысымен
бекітілген
Өрт сөндiру жөніндегі жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға
қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге
тартылған күштер үшiн ұйымдардың аумақтарында өрт сөндіру
кезінде қажеттi күштер мен құралдарды, жанар-жағар май
материалдарын, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн және демалыс
орындарын ұсыну ережесi
1. Ұйымдардың, оның iшiнде филиалдардың, өкiлдiктердiң (бұдан әрi ұйымдардың) басшылары олардың аумақтарында iрi, күрделi және ұзаққа созылған өрттердi сөндiру, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын орындау кезiнде өрт сөндiру жөніндегі жауынгерлiк іс-қимылдарды орындауға қатысатын өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн өрт сөндiру жедел штабының талабы бойынша: инженерлiк техника мен өртке қарсы жабдықтарды; жанар-жағар май материалдарын; тамақ өнiмдерiн; жылытылатын үй-жайларды; ҚТБ-ның телефон байланысын; инженерлiк-техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi персоналды ұсынады.
Жылытылатын үй-жайлар (төмен температура жағдайында) өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң бос ауысымдағы жеке құрамын жылытуға, құрғақ жауынгерлiк киiмдi ауыстырып киюiне және тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына қосуға бөлiнедi.
Ұйымдардың инженерлiк-техникалық қызметкерлерi өрт сөндiру басшысының өрттердi сөндiрудi және авариялық-құтқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдауы үшiн, ал қызмет көрсетушi персонал материалдық құндылықтарды көшiруi үшiн тартылады.
Ұйымдардың қалалық телефон байланысы жергiлiктi атқарушы органдардың өкілдерiн жедел хабардар ету және өзара iс-қимыл жасайтын қызметтермен үздiксiз байланысты ұстап тұру үшiн тегiн пайдаланылады.
Аумағына өрт сөндiру жөніндегі жауынгерлiк іс-қимылдарды орындау үшiн өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi тартылған ұйымдардың бiрiншi басшылары немесе оларды ауыстыратын тұлғалар күштер мен құралдарды бередi.
Атқарушы органдар, сондай-ақ ұйымдардың басшылары бекiткен тиiстi қызметтермен өзара іс-қимыл жоспарына және ұйымдардың өрт сөндiру жоспарына сәйкес өрттердi сөндiру әрi авариялық-құтқару жұмыстарын орындау, адамдар мен материалдық құндылықтарды көшiру үшiн инженерлiк техника мен өртке қарсы жабдықтар тартылады.
Оларды жою 3 сағаттан астам уақыт жүзеге асырылатын iрi және күрделi өрттердi сөндiру кезiнде ұйымдардың басшылары өрт бөлiмшелерiнiң жеке құрамын тамақпен және өрт сөндiру техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарының жұмысы үшiн жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етедi.
2. Аумағында өрт шыққан ұйымдардың басшылары Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органымен бiрлесiп, 3 күн iшiнде келтiрiлген шығындарды анықтау үшiн өрт сөндiру жөніндегі жауынгерлiк iс-қимылдарды орындауға қатысқан өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi әрi өрт сөндiруге тартылған күштер үшiн ұсынылған күштер мен құралдар, жанар-жағар май материалдары, сондай-ақ тамақ өнiмдерi туралы акт жасайды.