Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 853 Қаулысы
(2007.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердiң аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы 20 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын:
«27-1 Облыстық (республикалық турагенттік туроператорлық
маңызы бар қаланың, қызметтi және туризм
астананың) атқарушы нұсқаушысының қызметтерiн
органдар жүзеге асыру»;
2) ҚР Үкіметінің 2007.11.06. № 481 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |