«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 13 тамыздағы
№ 226-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 2 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары және өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша) екi ай мерзiмде тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi, бекітудi және қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеуге жiберудi қамтамасыз етсiн және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрдің
мiндетiн атқарушы | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 13 тамыздағы
№ 223-ө өкімімен
бекiтілген
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі
Р/с N | Нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауы | Кесiмнің нысаны | Жауапты орындау- шылар | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң паспортын ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметінiң қаулысы | ККМ, СІМ, ІІМ, ҰҚК (келi- сiм бойы- нша) | 2005 жылғы қазан |
2. | Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқ- саттар беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметінiң қаулысы | ККМ | 2005 жылғы қазан |
3. | Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республи- касы Үкіметінiң қаулысы | ККМ | 2005 жылғы қазан |
4. | Қазақстан Республика- сының теңiз портта- рында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұру ережесін бекіту туралы | Уәкілетті органның бұйрығы | ККМ | 2005 жылғы қазан |
* Шартты белгiлер мен қысқартулар:
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі
СIМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетi