«Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылардың
инвестициялық қызметiн реттеудi жетiлдiру мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 қыркүйектегі № 1333 қаулысы
(1998.06.22. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Елдiң табиғи ресурстарын мейлiнше тиiмдi және ұтымды пайдалану, өндiргiш күштерiн кешендi және теңдестiрiлген түрде дамыту, жер қойнауын пайдалануға шетелдiк және отандық капиталды, жаңа технологиялар мен ноу-хауды барынша тарту, менеджмент пен маркетингтiң алдыңғы қатарлы жетiстiктерiн пайдалану, инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара iс-қимылы мәселелеріндегі айқындық пен жариялылықты қамтамасыз ету, олардың арасындағы функцияларды басы артық қайталауды жою және жер қойнауын пайдаланудағы инвестициялық қызметтi реттеудi жетiлдiру, жер қойнауын пайдалануға лицензиялар беру мен келісім-шарттар әзiрлеу жөніндегі жұмыстарды жеделдету, олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 1998.06.22. № 578 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп жыл сайын жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге лицензиялар беру үшiн Қазақстан Республикасының аумақтары учаскелерiнiң тiзбесiн белгiлесiн.<*>
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетiне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Жер қойнауын пайдалануды лицензиялау жөніндегі жұмыс органының функциялары жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жалпы таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға құқық алған жер қойнауын пайдаланушылармен (мердiгерлермен) келісім-шарттарды әзiрлеу мен жасасу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бiрден-бiр Құзыреттi органы болып табылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 1998.06.22. № 578 қаулысымен 4-тармақ өзгертiлдi
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетiне:
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiмен және Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бiрлесе отырып минералдық шикiзат кешенiн дамыту үшiн тiкелей инвестицияларды тарту мен пайдаланудың стратегиясын әзiрлеу;<*>
жер қойнауын пайдалануға лицензиялар алу және (немесе) келісім-шарттар жасасу жөніндегі өтiнiмдердi қарау мен қабылдау;
пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге лицензиялар алу құқығына инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткізу, инвестициялық тендерлер мен аукциондар ұйымдастыру;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасасу жөніндегі консультанттарды таңдап алу бойынша тендерлердi ұйымдастыру мен өткізу;
тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда тәуелсiз сарапшылар мен консультанттарды тарта отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі әзiрленiп отырған келісім-шарттардың өндiрiстiк-техникалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық, салықтық және өзге де шарттарына талдауды ұйымдастыру мен жүргiзу;
жер қойнауын пайдаланудағы инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн қажеттi келiссөз және рұқсат беру құжаттарын алуды ұйымдастыру;
жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісім-шарттардың қағидаларын орындауына бақылауды ұйымдастыру және мониторингтi жүзеге асыру;
жер қойнауын пайдалануға берiлген лицензиялар мен келісім-шарттарды тiркеу мен сақтаудың мемлекеттік функцияларын жүзеге асыру жөніндегі өкiлеттiктер жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігімен, Қаржы министрлігімен және Әдiлет министрлігімен бірлесе отырып 1997 жылдың 1 қарашасына дейiн жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар мен жасалған келісім-шарттарға тексеріс жүргізсін.
6. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі, Экономика және сауда министрлігі 1997 жылдың 1 қазанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi