«Мұнайды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары
шығару үшiн Ақтау теңiз портындағы арналы мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi
құбырлары жүйелерi мен терминалды пайдаланудың тәртібін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 шiлдедегi № 1177 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Мұнайды және мұнай өнiмдерiн өндiрушiлердiң құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 1997.09.21. № 1357 қаулысымен 1-тармақ өзгертiлдi
1. Қоса берiлiп отырған Мұнайды (газ конденсатын қоса алғанда) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары шығару үшiн Ақтау теңiз портындағы арналы мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi жүйелерi мен терминалды пайдаланудың тәртібі (бұдан әрi - Тәртiп) бекітілсiн және ол 1997 жылдың 1 тамызынан бастап қолдануға енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінiң Мұнай және газ департаментi "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясымен өндiрiстiк келісім-шарттар жасасқан кезде Тәртiпте көзделген талаптардың сақталуын, сондай-ақ мұнайды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары шығару үшiн Ақтау теңiз портындағы арналы мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi жүйелерi мен терминалға рұқсат ету құқығын жүзеге асыруға бақылау жасауды қамтамасыз етсiн
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі ұсынатын мұнайды арналы мұнай құбырларының жүйесi бойынша Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары тасымалдаудың көлемдерi мен кестелерiн келiседi және оларды бекіту үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары жолдайды деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Экономика және сауда министрлігімен бiрлесiп отын-энергетикалық ресурстардың негiзгi түрлерiнiң тасымалдануына бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын мұнай бойынша сұраныс пен ұсыныстардың болжамды және есептi балансын жасасын.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Ұлттық Банктiң (келісім бойынша), Қаржы министрлігінiң, Экономика және сауда министрлігінiң және басқа да мүдделi талаптардың қатысуымен бiр айлық мерзiмде шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң мұнайды, мұнай өнiмдерiн, табиғи және сұйытылған газды шығару (оның iшiнде Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары) туралы, сондай-ақ отын-энергетикалық ресурстармен сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырудың нәтижесiнде алынған валюталық қаражаттар туралы есеп берушiлiктi әзiрлесiн және белгiлесiн.
5. "Құбырлы көлiкпен мұнай экспорттауды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi № 1182 қаулысының 2-тармағының үшiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 24 шiлдедегi
№ 1177 қаулысымен
Бекiтiлген
Мұнайды (газ конденсатын қоса алғанда) Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағынан тысқары шығару
үшiн Ақтау теңiз портындағы арналы мұнай құбырлары,
мұнай өнiмдерi құбырлары жүйелерi мен
терминалды пайдаланудың
ТӘРТIБI
(ҚР Үкіметінің 1997.09.21. № 1357 қаулысымен кіріспе өзгертілді
Осы Тәртiп "Құбырлы көлiкпен мұнай экспорттауды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 қыркүйектегi № 1182 қаулысын дамыту үшiн жасалды және Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Мұнай және газ департаментiнiң (бұдан әрi - Департамент) "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы" (бұдан әрi - Компания) жабық акционерлік қоғамымен келісім-шарттарында көзделген мұнай (газ конденсатын қоса алғанда) мен мұнай өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары шығару үшiн Ақтау теңiз портындағы арналы мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын және терминалды пайдалану жөніндегі талаптарды айқындайды.<*>
1. Мұнайды және мұнай өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары шығару мақсатында Ақтау теңiз портындағы арналы мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары жүйелерi мен терминалды пайдалану олардың өткізу қабiлетi мен мұнайды өндiрудiң (өңдеудiң) көлемiне сайма-сай бiрдей қол жеткізу принципiн негiзге алу арқылы iшкi рынокқа шығаруды қамтамасыз ету ескерiле отырып жүзеге асырылады.
2. Мұнайды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары шығару үшiн Ақтау теңiз портындағы арналы мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары жүйелерi мен терминалға рұқсат етiлуi құқығының iске асырылуына бақылау жасауды Департамент жүзеге асырады.
3. Арналы мұнай құбырлары жүйесi бойынша мұнай тасымалдаудың көлемi (кестелерi) әрбiр өндiрушi үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған өнiмдердi бөлу туралы келісім-шарттар бойынша мiндеттемелер ескерiле отырып, ай сайын олар өндiрген мұнайдың көлемiне сайма-сай айқындалады.
Департамент көрсетiлген кестелердi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігімен келiседi және оларды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары бекiткеннен кейiн олар келесi тоқсанның басталуына дейiн 15 тәулiктен кешiктiрiлмей өндiрушiлер мен Компанияға жеткiзiледi.
4. Тоқсандық кестелердi жасауды қамтамасыз ету мақсатында мұнай өндiрушiлер Компанияға жылдың келесi тоқсаны басталғанға дейiн 45 тәулiктен кешiктiрмей алдағы кезеңдегi мұнай өндiрудiң көлемдерi туралы анықтамалармен қоса тұтынушыларға мұнай беру туралы ұсынысты табыс етедi.
Компания мұнай өндiрушiлерден ұсыныстарды алғаннан кейiнгi 5 тәулiктiң iшiнде Департаментке аталған жүйелердiң өткізу қабiлетiн ескере отырып, сондай-ақ мұнай берушiлердi көрсету арқылы алдағы тоқсанға арналған Ақтау теңiз портындағы арналы мұнай құбырлары жүйелерi мен терминалды пайдалану туралы ұсынысты табыс етедi.
Департамент он күндiк мерзiм iшiнде Ресей Федерациясының транзиттiк квоталарын ескере отырып Ақтау теңiз портындағы арналы мұнай құбырлары жүйесi мен терминал бойынша мұнай тасымалдаудың тоқсандық кестесiн қарайды және бекiтедi, оларды Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне келiсуге ұсынады.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі келесi тоқсан басталғанға дейiнгi 20 тәулiктен кешiктiрмей барлық мұнай өндiрушiлердiң көлемi бойынша да, бағыты бойынша да тең қол жеткізуi принципiн негiзге ала отырып Департаментпен мұнайды тасымалдаудың тоқсандық кестесiн келiседi.
6. Арналы мұнай құбырлары жүйесi бойынша мұнай тасымалдау бекітілген кестелерге және Компаниямен не оның филиалдарымен жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Мұнайдың Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары экспортын мұнай өндiру кәсiпорындарды дербес, сондай-ақ Компания жүзеге асырады.
8. Ақтау теңiз портындағы арналы мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары жүйесi мен терминалға рұқсат етiлу құқығы бар мұнай өндiрушiлер мұнай мен мұнай өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары шығару кезiнде мұндай құқықты Компаниямен шартта көзделген кезеңге және талаптарда олардың арасында жасалған шарттың негiзiнде, мұнай мен мұнай өнiмдерiн тасымалдаудың тоқсандық кестелерiмен белгiленген көлемдердiң шегiнде көрсетiлген жүйеге рұқсат етiлуi құқығын беру туралы шарт жасалған күннен бастап 3 тәулiктiң iшiнде ол туралы Департаментке хабарлау арқылы беруге (сатуға) құқылы.