«Республиканың медициналық мекемелерi мен халқын дәрi-дәрмекпен
қамтамасыз етудi жақсарту жөніндегі шұғыл шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 мамырдағы № 422 қаулысы
(1995.02.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Денсаулық сақтау iсiн шынайы қаржыландырудың кемуi республиканың медициналық мекемелерi мен халқын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудiң елеулi түрде нашарлауына әкеп соқтырды. Дәрi-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қажеттiлiгi 30 процент, соның iшiнде импорттық өнiмдер жөнiнде - 12 процент қанағаттандырылуда. Валюталық қаржы болмауы салдарынан 106 миллион АҚШ доллары мөлшерiнде импорттық дәрi-дәрмек берiп тұруға арналып 1992 жылы жасалған контракт төленген жоқ. Республиканың фармацевтика өнеркәсiбiн құрудың қаржымен және ресурстармен нақты қамтамасыз етiлген бағдарламасы жасалмаған. Дәрi-дәрмек шығаратын қолда бар кәсiпорындарды, цехтар мен жекелеген өндiрiстердi қайта құру үшiн қаржы, соның iшiнде валюталық қаржы бөлiнбеген.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ғылым және жаңа технология министрлігі, Өнеркәсiп министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, "Қазфармбиоөнеркәсiп" мемлекеттік концернi:
- Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту концепциясын әзiрлеудi 2 ай iшiнде аяқтап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына табыс етсiн;
- 1993 жылдың аяғына дейiн фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың республикалық бағдарламасын әзiрлеп, бекiтсiн;
- үстiмiздегi жылдың бiрiншi жартысы iшiнде дайын
дәрi-дәрмектiк нысандар, инфузиялық сұйықтар мен вакциналар өндiру
зауыттарын толық дайын етiп салу туралы мәселенi қарастырсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі өмiрлiк маңызы бар дәрi-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшiн қаржыны басымырақ бөлудi көздеп, осы мақсатқа бөлiнетiн валюта мөлшерiн 1993 жылы 100 млн. АҚШ долларына дейiн арттырсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі 1992 жылы дәрi-дәрмек сатып алу үшiн шетел фирмаларымен жасалған контракттың қалған бөлiгiн төлеу және 1993 жылы дәрi-дәрмек құралдарына деген қажеттi қамтамасыз ету үшiн Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 қаңтардағы № 66 және 1993 жылғы 16 ақпандағы № 118 (7-тармақ) қаулыларымен белгiленген 10 проценттiк резерв есебiне тауар-шикiзат ресурстарын бөлсiн.
4. ҚР Үкіметінің 1994.11.02. № 1219 қаулысымен күші жойылды
5. Дәрi-дәрмектiк өнiм сатып алу үшiн "Фармация" республикалық өндiрiс бiрлестiгiне 25 проценттiк жылдықпен 8 млрд. сом кредит бөлу мәселесiн қарау Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнен сұралсын.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі 1993 жылы Қазақстан Республикасының Экономиканы өзгерту қорынан медицина және фармацевтика өнеркәсiбiнiң жаңа кәсiпорындарын салып, жұмыс iстеп тұрғандарын қайта құру үшiн 2 млрд. сом бөлудi көздейтiн болсын.
ҚР Үкіметінің 1995.08.02. № 1069 қаулысымен 7 тармақ өзгертілді
7. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесе отырып, белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне:
"1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының дәрiлiк өнiмдер сатып алу үшiн бөлiнетiн қаражат мөлшерiн ұлғайтуға қатысты бөлiгiне өзгерiс енгізу туралы;
8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қаржы министрлігі медицина мекемелерi мен фармацевтика өнеркәсiбiнiң электр және жылу энергиясына, коммуналдық қызметке жұмсайтын шығынына дотация беру туралы мәселенi қарастырсын.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі құрамына Дәрi-дәрмек пен медицина техникасы бұйымдарының сапасын бақылау мен стандарттау жөніндегі бас басқарма құрылып, тиiстi еңбекақы қоры бар 14 адамдық қосымша штат берiлсiн.
10. Облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары республика халқын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудегi дағдарысты жағдайды ескерiп:
дәрi-дәрмек сатып алу үшiн қажеттi қаржы, оның iшiнде валюталық қаржы бөлiп отырсын;
денсаулық сақтау органдарымен бiрлесiп, халықты дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету iсiн қолдау қорын құру мүмкiндiгi туралы мәселенi қарастырсын.
11. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Республика халқын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 1992 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 11, 190-бап) 7-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi