81) қаржы құралы - қаржы рыногының Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздары (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтерi;
82) қаржы рыногы - қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
83) қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
84) фьючерс - бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналысқа түсетiн туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгiлi бір мерзiм өткеннен кейiн мәмiленiң талаптарына сәйкес базалық активтi сатуға (сатып алуға) өзiне мiндеттеме алады;
85) хеджирлеу - мүлiктiк мүдделердi жай-күйi қаржы құралдарымен мәмiле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң кiрiстерi мен шығындарының туындауына байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткiштердiң өзгеруi кезіндегі тәуекелдерден қорғау;
86) бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бір жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
87) орталық депозитарий - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеудi, депоненттердiң (олардың клиенттерiнiң) қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыру мен сақтауды, оның iшiнде депоненттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша клирингтi, сондай-ақ тиiстi лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
88) эмиссиялық бағалы қағаздар - бір шығарылым шегiнде біртектi белгiлер мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бірыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналысқа түсетiн бағалы қағаздар;
89) эмиссиялық консорциум - андеррайтерлердiң эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған бірлестiгi;
90) эмитент - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнен , осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу
1. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып, бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
2) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
3) өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
4) бағалы қағаздармен қаржы рыногының активтерiн таниды;
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 5-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылуы, айналысқа түсуi мен өтелуi және олардың мемлекеттік тiркелуi , мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру мен өтеу, сондай-ақ оларды жою қорытындылары туралы есептердi қарау, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылуға және орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын мемлекеттік тiркеу талаптары мен тәртібін белгiлейдi;
6) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиялар мен рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың орналастырылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды шығаруды жояды;
8) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет пен басқа да лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн, оның iшiнде бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу, осы мәмiлелердi есепке алу және олар бойынша есеп беру шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды айқындайды;
9) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi кәсiби қызмет ретiнде мойындайды;
10) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерi бойынша лицензиялар берудiң талаптары мен тәртібін айқындайды;
11) лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының пруденциалдық нормативтерiнiң түрлерi мен өзге де көрсеткiштерiн немесе өлшемдерiн (нормативтерiн), олардың есеп айырысуының және есеп айырысу әдiстемесiнiң тәртібін белгiлейдi;
12) бағалы қағаздар рыногында қызмет түрлерi бойынша лицензиялар бередi, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, сондай-ақ оларды қайтарып алады;
13) лицензиаттардың iшкi құжаттарын келiседi;
14) лицензиаттардың басшы қызметкерлерiнiң лауазымына кандидатураларды тағайындау үшiн келісім бередi;
15) лицензиаттардың есеп беру тәртібін және есептердiң нысандарын айқындайды;
16) бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға рұқсат бередi, осындай рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұрады, қайта жаңғыртады және мерзiмiн ұзартады, сондай-ақ оларды қайтарып алады;
17) бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау тәртібіне қойылатын талаптарды белгiлейдi және осы талаптардың сақталуын бақылайды;
18) жеке адамдарды бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына аттестаттауды, біліктілік куәлiктерiн иеленушiлердi қайта аттестаттауды жүргiзедi, аттестаттаудан өткен адамдарға біліктілік куәлiктерiн бередi және қайта аттестаттаудан өткен адамдардың біліктілік куәлiктерiнiң қолданылу мерзiмiн ұзартады, біліктілік куәлiктерiнiң қолданылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, біліктілік куәлiктерiн керi қайтарып алады;
19) эмитенттердiң, лицензиаттардың және бағалы қағаздар рыногында жұмыс icтeу үшiн мамандар даярлайтын ұйымдардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде олардың қызметiне тексеру жүргiзедi;
20) біліктілік куәлiктерiн иеленушiлердiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
21) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана отырып (бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ олардың бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
22) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiнде қолданылатын шараларды үйлестiру, бағалы қағаздар рыногындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен олардың жолын кесу мәселелерi және өзара мүдделiлiк туғызатын өзге де мәселелер бойынша бағалы қағаздар рыноктарын реттейтiн шетелдiк органдармен өзара iс-әрекет жасайды;
23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу жөніндегі өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
4-бап. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруын осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган тiркеген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
2) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдардың шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
3) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттің заңдарына сәйкес тiркелген және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жiберiлген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
4) халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген эмиссиялық бағалы қағаздары;
5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
6) туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектiлерi болып табылады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлерi Азаматтық кодекспен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалады.
5-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
1. Жеке және институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi болып табылады.
2. Жеке инвесторлар эмиссиялық бағалы қағаздарға инвестицияны дербес немесе брокерлiк-дилерлiк қызметтi немесе инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
3. Институционалдық инвесторлар инвестицияны, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының резидентi, егер оның бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздары қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген жағдайда, шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыруды жүзеге асыруға құқылы.
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды
мемлекеттік тіркеу
6-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмi
1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудiң талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2. Шығарылымы жойылған немесе Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлмеген эмиссиялық бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердiң объeктici бола алмайды.
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Тiркелген эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне уәкiлеттi органның тиiстi шешiм қабылдаған күнiнен бастап бір күн iшiнде енгiзедi.
7-бап. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару
1. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың, оларды тiркеудiң, орналастырудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендiру нөмiрлерiн беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
8-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу
1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаппен және тәртiппен жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу:
1) табыс етiлген құжаттардың және олардың сараптамасының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн қарауды;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендiру нөмiрлерiн берудi және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне олар және эмитент туралы мәлiметтер енгізудi;
3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiн мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктер берудi қамтиды.
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттік тiркеудiң шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жеке заң актiсiмен айқындалады.
3. Уәкiлеттi орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы құжаттарды олар мемлекеттік тiркеуге табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге қосымша құжаттар табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi орган құжаттарды қарау мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
4. Эмитент пен оның лауазымды адамдары уәкiлеттi органға мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз мәлiметтер бергенi үшiн, сондай-ақ құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Уәкiлеттi органның мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа сай еместiк желеуiмен мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ.
9-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде:
1) эмитент пен оның қызмет түрлерi туралы;
2) эмитенттiң орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң) он және одан да көп (халықтық акционерлік қоғамда - бес және одан да көп) процентiн иеленушi акционерлер (қатысушылар) туралы;
3) басшы қызметкерлер, олардың лауазымдары туралы соңғы үш жылдағы мәлiметтер, сондай-ақ эмитенттiң орналастырылған акцияларының оларға тиесiлi саны (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң мөлшерi) туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, эмитент органдарының құрылымы туралы;
4) баланстық құны көрсетiле отырып, эмитенттiң активтерi туралы, эмитенттiң өзi өндiретiн немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) жалпы құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын көлемдегi тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтердi) тұтынушылары және жеткiзiп берушiлерi туралы;
5) эмитенттiң мүлкiн бағалау туралы (қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);
6) кредиторлардың (дебиторлардың) тiзбесi көрсетiле отырып, эмитент активтерiнiң баланстық құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын кредиторлық және дебиторлық берешектер, оларды өтеу мерзiмдерi туралы;
7) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары туралы;
8) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi (санаты), төлеу тәсiлдерi, бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу, оның iшiнде облигациялардың нақтылы құны, олардың айналыс мерзiмi және өтелу тәртібі туралы;
9) бағалы қағаздарды (айырбасталатын бағалы қағаздар шығарған кезде) айырбастау тәртібі туралы;
2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен 10) тармақша толықтырылды
10) облигация ұстаушылардың өкiлi туралы (инфракұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);
11) төлем агентi туралы;
12) эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
2. Эмитенттiң (жаңадан құрылған эмитенттердi қоспағанда) соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есептілік және эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы айдың аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң құрылымы және оны жасау мен ресiмдеу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
4. Осы баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көзделген мәлiметтердi қоспағанда, эмитент уәкiлеттi органға акциялар шығару проспектiсiнде бар мәлiметтердiң өзгергенi туралы ақпаратты аталған жағдай басталған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде табыс етуге мiндеттi.
Облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасалатын жағдайларда эмитенттiң шығару проспектiсiнде белгiленген облигациялар бойынша шығару, орналастыру, айналысқа жiберу, сыйақы төлеу және оларды өтеу талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне қойылатын талаптар агенттiк облигацияларын, айналым мерзiмi үш айдан аспайтын облигациялар, облигациялық бағдарламалар және облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар шығару проспектiсiне қолданылмайды.
6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi уәкiлеттi органға мемлекеттік тiлде және орыс тілінде табыс етiледi.
10-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тарту және олардың шығарылуын мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұру
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Эмитент шығару құжаттарын мемлекеттік тiркеуге табыс ету талаптары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.
2. Егер табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде эмитент пен оның қызметi туралы қосымша мәлiметтер алу қажеттiгi туындаса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұруға құқылы.
Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi эмитент қосымша мәлiметтердi табыс еткен күннен бастап қайта жаңғыртады.
3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тарту туралы шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
11-бап. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу
1. Акционерлік қоғам жарғысында белгiленген мөлшердегi жарияланған акцияларды шығару уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркелуге тиiс. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы шешiмдi акционерлік қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлерiнiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер) қабылдайды. Акционерлік қоғам өзiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап жарияланған акциялар шығару құжаттарын немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер) жарияланған акциялар санының көбейтiлуi туралы шешiм қабылдаған күннен бастап, жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістер енгiзiлген жағдайда, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде табыс етуге мiндеттi.
2. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционердiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы шешiмiнде:
1) эмитенттiң атауы және оның орналасқан жерi көрсетiле отырып, құрылтай жиналысының (акционерлердiң жалпы жиналысының) өткiзiлетiн орны мен күні;
2) құрылтай жиналысына қатысқан құрылтайшылардың тiзiмi немесе акционерлік қоғамның акционерлердiң жалпы жиналысына табыс етiлген дауыс берушi акцияларының саны туралы мәлiметтер;
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 3-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) акциялардың түрлерi және олардың жалпы саны;
4) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың саны және олардың акцияларды төлеу тәртібі;
5) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың нақтылы құны қамтылуға тиiс.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелерi жалғыз құрылтайшы құрған акционерлік қоғамға және дауыс беретiн барлық акциялары бip акционерге тиесiлi акционерлік қоғамға қатысты қолданылмайды.
3. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу акционерлік қоғам табыс еткен мынадай құжаттар:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;
2) құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер шешiмiнiң) жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістердi тiркеу туралы хаттамасының көшiрмесi;
3) акционерлік қоғам жарғысының көшiрмесi;
4) акционерлік қоғамды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
5) акционерлік қоғамның статистикалық карточкасының көшiрмесi;
6) акциялар шығару проспектiсiнiң екi данасы;
7) акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акциялар төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.
4. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеудi акцияларға ұлттық бірдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бірдейлендiру нөмiрлерiн) беру және акционерлік қоғамға жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк пен жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы уәкiлеттi орган белгi соққан акциялар шығару проспектiсiнiң бір данасын беру (жiберу) арқылы жүзеге асырады.
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Жарияланған акцияларға ұлттық бірдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бірдейлендiру нөмiрлерiн) беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Барлық жарияланған бір түрдегі акциялардың бірыңғай ұлттық бірдейлендiру нөмiрi болады.
6. Тiркеушi акционерлік қоғам құрылтайшыларының (жалғыз құрылтайшысының) акциялар жөніндегі құқықтарын тiркеудi жарияланған акциялар шығару мемлекеттік тiркелгеннен кейiн жүзеге асырады.
7. Уәкiлеттi орган барлық жарияланған акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi (есептердi) бекiткеннен кейiн акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер) акционерлік қоғам жарғысына және акцияларды шығару проспектiсiне тиiстi өзгерістер енгiзе отырып, жарияланған акциялардың жарғыда көрсетiлген санын көбейту туралы шешiм қабылдауға құқылы. Жарияланған акцияларды шығару проспектісіне мұндай өзгерістердi тіркеуді және жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi ауыстыруды уәкiлеттi орган акционерлік қоғам табыс еткен осындай өзгерістердi растайтын құжаттар негiзiнде күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде жүзеге асырады.
12-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу
1. Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
2) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
3) облигациялар шығару проспектiсiнiң (облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң) екi данасын;