"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі шұғыл шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 770 Қаулысы
(2005.29.11. берілген өзгерістермен)
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шiлдедегi № 1605 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрi - "Оңтүстiк" АЭА) басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1171 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкіміне "Оңтүстiк" АЭА-ны құруға және Мекеменiң қызметiн қамтамасыз етуге, инфрақұрылым объектілерін салуға, сондай-ақ өзге де күтпеген шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен 300000000 (үш жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Мекемеге жалпы алаңы 200 (екi жүз) гектар жер бөлудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын;
3) екi ай мерзiмде:
"Оңтүстiк" АЭА-ны дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасын;
ЕурАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес "Оңтүстік" АЭА-ны құру мақсатына жету үшiн қажеттi тауарлар номенклатураларын;
"Оңтүстiк" АЭА-ны құру мақсатына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
4) 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейiн "Оңтүстiк" АЭА-ның аумағы қоршауының құрылысын аяқтасын және Мекеменiң әкiмшiлiк ғимаратының құрылысына кiрiссiн;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |