"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі шұғыл шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 770 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 29 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шiлдедегi № 1605 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрi - "Оңтүстiк" АЭА) басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкіміне "Оңтүстiк" АЭА-ны құруға және Мекеменiң қызметiн қамтамасыз етуге, инфрақұрылым объектiлерiн салуға, сондай-ақ өзге де күтпеген шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен 821400000 (сегiз жүз жиырма бiр миллион төрт жүз мың) теңге бөлiнсiн.
4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Мекемеге жалпы алаңы 200 (екi жүз) гектар жер бөлудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын;
3) екi ай мерзiмде:
"Оңтүстiк" АЭА-ны дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасын;
ЕурАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес "Оңтүстік" АЭА-ны құру мақсатына жету үшiн қажеттi тауарлар номенклатураларын;
"Оңтүстiк" АЭА-ны құру мақсатына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
4) 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейiн "Оңтүстiк" АЭА-ның аумағы қоршауының құрылысын аяқтасын және Мекеменiң әкiмшiлiк ғимаратының құрылысына кiрiссiн;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |