Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" 2002 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) кiріспедегі "қаржы полициясының" деген сөздер "қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап "қаржы қызметi" деген сөздерден кейін ", сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 2-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) экономикалық қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау жолын кесу, ашу және тергеу;";
4) 4-бап "жүйесiнiң" деген сөздің алдынан "органдары" деген сөзбен толықтырылсын;
5) 2-тараудың тақырыбындағы "Қаржы полициясының" деген сөздер "Қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 5-бапта:
тақырыптағы "Қаржы полициясының" деген сөздер "Қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
екiншi бөлiктегi "Қаржы полициясының" деген сөздер "Қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшаның екiншi абзацындағы "атқарушы" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы ", астананың, республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздер "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар "Қаржы полициясы" деген сөздерден кейiн "органдарының" деген сөзбен толықтырылсын;
7) 6-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкiлеттi орган экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асырады.";
2-тармақта:
3) тармақшадағы "экономикалық және қаржылық қылмыстарға" деген сөздер "экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "экономикалық және қаржылық" деген сөздер "экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 7-баптың 3-тармағының 6) тармақшасында:
"уәкiлеттi органының," деген сөздер алып тасталсын;
"Үкіметі" деген сөз "Президентi" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы "сыбайлас жемқорлық" деген сөздердiң алдынан "экономикалық, қаржылық және" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 10-баптың 4) тармақшасында және 11-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында:
"тiзбесiн" деген сөз "тiзбесi мен нормаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы баптардың тиiстi тармақшаларындағы "анықтайтын" және "белгiлейтiн" деген сөздер "айқындайтын" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 13-бапта:
1-тармақта "Үкіметі" деген сөз "Президентi" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қаржы полициясы органдарының қызметкерi өзiне азаматтар немесе лауазымды тұлғалар қылмыс немесе құқық бұзушылық туралы мәлімдеме немесе хабарлама жасаған не сондай жағдай тiкелей анықталған ретте, экономикалық, қаржылық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiнде өзiне берілген құқықтарды толығымен пайдалануға және жақын маңайдағы қаржы полициясы органдарының бөлiмшесiне хабарлауға мiндеттi.";
12) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл орайда қаржы полициясы органдарының оқу орындарына оқуға түскен адамдармен келісім-шарттар жасалады, оларда оқу орнын бiтiргеннен кейiн қаржы полициясы органдарында одан әрi қызмет өткерудiң шарттары мен мерзiмдерi көзделедi.";
13) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
"16-1-бап. Қызмет өткеруден бас тартуға байланысты
шығындарды өтеу
1. Қаржы полициясы органдары оқу орындарының күндiзгі бөлiмдерiн бiтiрген қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаржы полициясы органдарында кем дегенде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.
Қаржы полициясы органдарының қызметкерi қаржы полициясы органдарының оқу орнын бiтiргеннен кейiн қаржы полициясы органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келісім-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, ол өзiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүліктік ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома келісім-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға барабар есептеледi.
2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгермеуi, тәртiпсiздiгі бойынша, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған қаржы полициясы органдарының оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшiн тұрғылықты жеріндегі әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар өздерiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома оқу орнында болудың әрбiр толық айына барабар есептеледi.";
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі
14) 18-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Қаржы полициясы органдары оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) медициналық қызмет көрсету iшкi iстер органдарының тиiстi медициналық мекемелерiнде жүргiзiледi.".
2-бап. Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн осы Заңның 1-бабының 14) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілденің 8-і
№ 76-III ҚРЗ