“Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 734 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 6.5.13-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жыл сайын жылына екi рет 10 маусымға және 10 желтоқсанға Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын жылына екi рет 20 маусым мен 20 желтоқсаннан кешiктiрмей Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 18 шілдедегі
№ 734 қаулысымен
бекітілген
Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы
МАЗМҰНЫ
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
§ 1. Жастардың кешендi әлеуметтiк өзiн-өзi реттеу тетiгiнің жұмыс моделiн қалыптастыру
§ 2. Жастарды экономикалық дамыту мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау
§ 3. Жастар ортасында азаматтықты және қазақстандық патриотизмдi дамыту
§ 4. Жастар арасында салауатты өмiр салтын және олардың денсаулығын
нығайту мен сақтаудың тиiстi дағдыларын қалыптастыру
§ 5. Жастар саясатын өңiрлiк деңгейде iске асыруды қамтамасыз ету
§ 6. Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту
§ 7. Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету
§ 8. Жас таланттарды дамыту және қолдау
§ 9. Жастар саясатын iске асырған кезде жастардың коммерциялық
емес ұйымдарының мемлекеттік деңгейде шешiмдер қабылдаудағы азаматтық қатысу үлесiн ұлғайту
§ 10. Нормативтiк-құқықтық базаны жетілдiру
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған
атауы бағдарламасы
Әзiрлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 5
негiздеме қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы ?кіметінің 2003-2006 жылдарға
арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспарының 6.5.13-тармағы
Негiзгi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әзiрлеушi
Мақсаты Әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын жүргiзу,
жастардың рухани, мәдени, білімдi, кәсiби жағынан
қалыптасуына және дене дамуына, бүкiл қоғам
мүддесiне олардың шығармашылық әлеуетiн ашуға,
жастарды әлеуметтендiруге және республикадағы
жастар ұйымдарының жұмыс iстеуi үшiн қажетті
жағдайлар жасауға арналған әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен
кепiлдiктердi қамтамасыз етуге бағытталған кешендi
шараларды әзiрлеу және қабылдау.
Мiндеттерi Жастардың кешендi әлеуметтiк өзiн-өзi реттеу
тетігінiң жұмыс моделiн қалыптастыру;
жастарды экономикалық дамыту мен еңбек және
жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау;
жастар ортасында азаматтықты және қазақстандық
патриотизмдi дамыту;
жастар арасында салауатты өмiр салтын және олардың
денсаулығын нығайту мен сақтаудың тиiстi дағдыларын
қалыптастыру;
өңiрлiк деңгейде жастар саясатын iске асыруды
қамтамасыз ету;
жастардың халықаралық ынтымақтастығын дамыту;
жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету;
жас таланттарды дамыту және қолдау;
жастар саясатын iске асырған кезде жастардың
коммерциялық емес ұйымдарының мемлекеттік
деңгейде шешiмдер қабылдаудағы азаматтық қатысу
үлесiн ұлғайту;
нормативтік-құқықтық базаны жетілдiру.
Iске асыру 2005-2007 жылдар
мерзiмдерi
Қаржыландыру Жобаны iске асыру республикалық бюджеттен мынадай
көлемi мен қаржылық шығындарды көздейдi:
көздерi 2005 жылы - 147600 мың теңге;
2006 жылы - 154980 мың теңге;
2007 жылы - 162419 мың теңге;
Жалпы сомасы - 464999 мың теңге;
2006-2007 жылдарға арналған шығыстар тиiсті
қаржы жылына арналған бюджеттi қалыптастырған
кезде нақтыланады.
Күтiлетiн Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
нәтижелер 1) Қазақстан өңiрлерiнде 26 әлеуметтiк қызмет
құрылады.
Оның iшiнде 2005 жылы - 9, 2006 жылы - 9, 2007 жылы
- 8;
2) елдің 2 миллионнан астам жас азаматтарына
алдын-алу және консультациялық iс-шаралар түріндегі
әлеуметтік көмек көрсетіледi;
3) Қоғамдық-саяси процестерге кемiнде 45% жастар
белсендi қатысуға тартылады;
4) Қазақстан Республикасының жыл сайын халықаралық
Дельфиялық ойындарға қатысуы қамтамасыз етіледi;
5) 2005 жылы жастар мен студенттiк еңбек
жасақтарының 15 облыстық штабы құрылады;
6) 2006 жылы Қазақстан жастарының IV Конгресi
өткiзiледі;
7) 2005 жылы жастардың жалпы республикалық форумы
туралы ереже әзiрленедi және бекiтіледi;
8) патриоттық бағыттағы 9, оның iшiнде кемiнде жыл
сайын 30 мың жасты қамти отырып, 2005 жылы - 3,
2006 жылы - 3, 2007 жылы - 3 республикалық
iс-шаралар өткiзіледi.
2. Кiрiспе
Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 6.5.13-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
Осының алдындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 155 қаулысымен бекітілген Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында жастар саясаты елдiң әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмiріне жас азаматтарды белсендi тарту үшін қажеттi алғы шарттар жасауға бағдарланған болатын. Осы бағдарламаны iске асырудың нақты нәтижелерінің бірi жастардың 26 әлеуметтік қызметін құру болып табылады.
Жастар саясаты жастарды кепілдiктермен қамтамасыз ету тетіктерін кеңейтуге және қол жеткен нәтижелердi баянды етуге, жастардың белгiлi бір мақсаттағы топтары шеңберiнде атаулы көмектердi арттыруға, нақты проблемаларды шешуге әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған және соған бағытталған. Осы проблеманы шешу жөніндегі неғұрлым тиiмдi жол жастардың кәсіпкерлігі үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Президенттің Қазақстан халқына "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлетті халық үшін" деген 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауында, онда атап айтқанда: "Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешушi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады" деп айтылғаны - жастар қоғамды қалыптастырудағы неғұрлым қуатты факторға айналып отыр. Сонымен бірге жастар халықтың ең бір осал топтары болып табылады, ал олардың жағдайы iзгіліктi проблема ретінде қаралады.
Экономика дамуының қазiргi заманғы кезеңiнде жоғары білімдi және шығармашыл, бәсекеге қабiлетті жас адамдардың саны барған сайын көбірек болуы қажет. Мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейiн мемлекет пен жастар қатынастарын жетiлдiруде жаңа қарқынға ие болды. Жастар саясатын iске асыру жөніндегі уәкiлеттi органдар жас адамдардың қоғамға, экономикалық өзара қатынастар жүйесiне енуi жағдайларын жақсарту жөнiнде тұрақты жұмыстарды жүзеге асырады. Осы процесте экономиканың салаларын инновациялық дамытуға неғұрлым икемділер ретінде нақ жастарға басты рөл беру қажет, бұл осы проблеманы барынша тиiмдi тәсілдермен шешудi қамтамасыз етеді.
Нарықтық қатынастар жастар саясаты мәселелерін iс жүзінде шешуде елеулi өзгерістер енгiзедi. Бұл мыналарды көздейдi:
барлық меншiк нысандарындағы кәсіпорындарда жастардың еңбек ету құқықтарын әзiрлеу мен жүзеге асыру;
жастарды жұмыссыздықтан қорғау және оларды еңбек рыногының терiс әсерлерiне байланысты табыс табудан айырмау жөнiнде және жастардың экономика саласындағы құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі кепілдiктердiң тиiмдi жүйесiн құру;
еңбекке жарамсыз, еңбек қабiлетi шектеулi адамдарды және жас отбасыларының әлеуметтiк-экономикалық қорғалуын қамтамасыз ету;
жастардың психологиялық-педагогтік және заң көмегi жүйелерiн құру;
балалар үйлерiнiң бұрынғы тәрбиеленушiлерiне, қамауға алу орындарынан оралған және басқа да қайта әлеуметтендiрудiң ерекше жағдайларын талап ететiн адамдарға кәсiби бағдар беру және оларды еңбекке орналастыру, әлеуметтiк-еңбекке бейiмдеу жағдайларын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығының, жастардың инновациялық әлеуметтiк-экономикалық мiнез-құлықтарын қалыптастыруға ықпал ететiн басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметтерiн дамыту.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Жастар - жасына қарай сипаттамалары жиынтығының, әлеуметтiк жағдайлар ерекшелiктерiнің негiзiнде бөлiнетiн және қоғамдық құрылыспен, мәдениетпен, әлеуметтендiру заңдылықтарымен, осы қоғамды тәрбиелеумен айқындалатын, сол немесе басқа да әлеуметтiк-психологиялық қасиеттермен ескерiлген әлеуметтiк-демографиялық топ; қазiргi заманғы жастардың жасына қарай 14-тен 25 жасқа дейiнгiлердi қоса алғанда Қазақстанда 14-29 жастағы жастар үлесi 2004 жылғы 1 қаңтарда халықтың құрылымында 29,5% құрады, бұл 4405138 адамды құрайды, оның iшiнде экономикалық жағынан белсендi халық 2406775 адам болып табылады.
Республикада жастар өсiмiнiң демографиялық үрдiсi сақталуда: халықтың табиғи өсiмi - 6,3%. Жастар - бұл қашанда үлкен ерекше жасына қарай кiшi топ ретiнде білінетiн объективтiк қоғамдық құбылыс. Жастар - қоғамның бір бөлiгi. Бұл ретте, жастар саясаты жас ұрпақты қоғамдық өмiрге әлеуметтік ықпалдастырудың бірден-бір мүмкiн болатын тетiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасында жастар саясатын iске асыру Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 155 қаулысымен бекітілген 2003-2004 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасымен айқындалған негiзгi бағыттарға сәйкес жүзеге асырылды.
2003-2004 жылдары құрылған жастардың коммерциялық емес ұйымдар базасында жастардың әлеуметтiк қызмет желiлерi жастардың әлеуметтiк жағынан өз-өздерiн реттеп отыруына жәрдемдесудi өздерінің алдына негiзгi мiндет етiп қойып отыр. Осы жүйеде қолданылып жүрген "бір-бірiне тең санау", "жастардың КЕҰ - жастар" сияқты әр түрлi түзеу технологиялары да осы проблемаларды шешуге жәрдемдесуге тиiс. Осыған байланысты осы Бағдарламаның негiзгi мiндеттерінің бірi қазiргi бар жобаларды қолдау және пысықталған бағыттар бойынша мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыстар ұсыну практикасын кеңейту ғана емес, әлеуметтiк өзiн-өзi реттеудi қамтамасыз етуге бағытталған құрылымдарды құрудың жаңа жолдары мен нысандарын iздестiру және жас адамдар санасындағы мінез-құлық, әлеуметтiк-саяси және өзге де нормаларды қайта егу болып табылады.
Бұл кезең осы саланың неғұрлым өзектi проблемаларын шешудегi жүйелi көзқарасты қалыптастырумен және жастар саясатының әлеуметтік жағынан бағдарланған сектораралық моделiн жүзеге асырумен сипатталады.
Сонымен бірге, жастар саясатын iске асырудың қазiргi кезеңiнде жастардың одан әрi даму қарқынын және елiмiздiң әр түрлі өңiрлеріндегі жастар саясатын тиiмдi жүргiзудi тежейтін бірқатар проблемаларды бөліп алу қажет, олар:
жастардың қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келмейтiн қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның жетілдiрiлмеуi;
өңiрлік жастар саясатын iске асыру үшiн тиiстi қаржылық, ұйымдастырушылық және ақпараттық ресурстардың жеткілiксіздігі;
жастардың әлеуметтік проблемаларының шешiлмеуi, мұнда жастарға қатысты жүргізілетін мемлекеттік саясат еңбек ету, денсаулық, білім беру және тәрбие сияқты өмiрдің аса маңызды салаларына өзiнің назарын шоғырландыруы тиiс. Бұл ретте, жас ұрпақтың құндылықтарын, олардың құштарлықтарын, өз-өздерiн көрсетудiң әр түрлі нысандарын, бастамаларын, әлеуметтiк белсенділігiн, өмiр сүру салтын назарға алу қажет;
бүгiнгi күнi жастар iске қосылмаған еңбек ресурстары, осыдан туындайтын барлық салдарларымен бірге талап етілмеген әлеует болып отыр. Дәл осы, кеңiнен жайылған масылдықта жастар белсенділігінің басты тежеуiшi жасырын жатыр. Демек, жастардың әлеуметтік белсендiлiктерi мен өз болашағы және өз елiнiң болашағы үшiн жауапкершіліктерiн арттыру үшiн мүмкiндiктерін түбегейлi кеңейтуге арналған жағдайлар жасау қажет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Жастар саясаты департаментi 2004 жылы жүргiзген әлеуметтік сауалнама нәтижелерi бойынша жастар санасындағы оларды толғандыратын неғұрлым өзектi проблемалар: сыбайлас жемқорлық, билiк органдарындағы қызмет бабын терiс пайдаланушылық (44,3%), есiрткінің таралуы (31,6%), жастар арасында қылмыстың өсуi (29,8%) болып табылады.
Бұдан басқа, жастардың едәуiр бөлiгi үшін өмiрлiк маңыздысы сауал салынғандардың 45,6%-ында тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты проблемалар болып табылады. Осы проблеманы жою үшiн жастар жеке меншiк тұрғын үй сатып алуға жеткілiктi табыс табу мүмкiндiктерiн берудi ұсынады, бұл ретте сауал салынғандардың 31,5%-ы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануы қажет екенiн атап өтедi. 15,9%-ы үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету әдiстерінің бірi ипотекалық кредит беру жүйесiн дамыту болып табылады.
Әдеттегi нормалар, мораль мен адамгершілік туралы ұғымдар елеулi өзгерiске ұшырап отырған қоғамның түрленуi кезінде құралдық құндылықтар немесе өмiр сүруде табысқа жету әдiстерi деп аталып жүргендер туралы қоғамның түсiнiктерiн бiлу маңызды. Жастардың 48,3%-ының пiкiрi бойынша жақсы білімнің болуы өмiрде табысқа жетудiң қажетті алғы шарты болып табылады. Пайдалы байланыстар мен тамыр-таныстық өмiрде алға басуға ең жақсы түрде жәрдемдеседi - бұл табысқа жету әдiстерi рейтингiндегі екінші позиция (33,5 %). Табысқа жету үшін үшінші бір басым құрал деп респонденттердің 32,7%-ы ақшаның болуын атайды. 29,0%-ы қажырлы еңбек етудi атап өтедi, 17,0%-ы үшiн күшті ерiк жiгер, 10,5%-ы үшiн "жағдайлардың сәтті барысы" негiзгi құрал болып табылады. Қазiргi Қазақстан қоғамы құрылымының түрленуiндегі қиыншылықтар қандай да бір дәрежеде республика жастарының 5,1%-ында заң және адамгершiлiк туралы ұғымдардың өзгеруiне ықпал етiп отыр, олар өмiрде табысқа жетудегі мiндеттi жағдай деп қылмыс әлеміндегі байланыстардың болуын есептейдi. Сонымен бірге, жастардың үштен бір бөлiгiнен астамы жақсы білім мен мамандықтар ала алады, кейбіреулерi өздерiнiң саяси көзқарастары мен талаптарын еркiн және жария түрде бiлдiредi, кейбіреулерi білікті медициналық көмектер алады, кейбіреулерi өздерінiң шығармашылық қабiлеттерін iске асыра алады, кейбірi өз қаласы мен кентінің өмiріне қатысты шешiмдер қабылдауға ықпал ете алады. Жартысынан астамы (61,7%) өз халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін еркiн сақтай алады.
Жастардың дамуындағы неғұрлым өзектi мәселе жастар арасындағы әлеуметтік-экономикалық шиеленiстi көңіл күйдi көрсететiн жұмыспен қамту мен еңбекке орналастыру проблемасы болып табылады. Ресми статистикалық деректер бойынша республикада 2004 жылғы жағдай бойынша 15-тен 29 жасқа дейінгi жұмыссыздар 300 мыңға жуық, яғни жалпы санның 12,2%-ы.
Еңбек рыногын кеңейтудің, жастарға арналған жаңа және қосымша жұмыс орындарын құрудың нақты жолдарының бірi кәсiпкерлiк бастамаларды дамыту болып табылады. Жастар арасында, сауал салынғандардың 50, %-ы жастар кәсіпкерлiгiн дамытудағы елеулi проблемаларды көрсетедi, 25%-ы проблеманың болу мүмкiндiгiн ғана атап өтедi.
Көптеген жас адамдар (35%), егер мемлекет тарапынан жастардың кәсіпкерлігі үшін көтермелеу мен ынталандыру енгізілетiн жағдайда жеке меншiк бизнестерін ұйымдастырғылары келедi. Бұл ретте, барлық сауал салынғандардың iшiнен 35,5%-ы қазiргi жағдайларда жеке бизнестерiн ұйымдастыруға дайын екендiктерiн көрсетті және 9%-ы ғана "жоқ" деп жауап бердi.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректерi бойынша 2004 жылдың төртiншi тоқсанында ғана 63370 жас адамдар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшiн өтiнiш жасады, олардың iшiнде тек 37273 адам ғана жұмысқа орналасты. Қазiргi кезде жастардың экономикалық дамуын және оларды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзілiп келедi. Тұтастай алғанда осы бағыттағы жұмыс кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, жастар ұсынған бизнес-жобаларды сараптау және бағалау жөніндегі кешендi қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететін жастардың әлеуметтiк қызметтерiн ұйымдастыруға шоғырландырылады.
Республикада жер-жерде жұмыспен қамту қызметтерінің жанынан кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындары туралы деректер базасы үнемi жаңартылып отырады, еңбек рыногында сұранысқа ие болатын мамандықтар мен кәсiптер бойынша жас кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктiлігін арттыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Статистикалық деректер бойынша жас азаматтар үшін білімділік пен кәсіптiк білім алуға қол жеткізу деңгейi мынадай сандармен сипатталады: 2003-2004 оқу жылының басында негiзгi мектепті бiтiргендiгi туралы куәлiк алған, жалпы орта білім беретін мектептердi бiтiрушілердiң саны - 299248 адам, орта білімi туралы аттестатты алғандар саны - 244686 адам; колледждi бiтiрушілердің саны - 60406 адам, жоғары оқу орындарын бiтiрушілердiң саны - 102681 адам болды. Тұтастай алғанда, "Инноченти"/ЮНИСЕФ әлеуметтiк мониторингi деректерi бойынша Қазақстан Республикасында жалпы орта біліммен қамту коэффициентi 31,2%-ға жетедi; кәсіптiк-техникалық (орта арнаулы) біліммен қамту - 15-18 жастағы халықтың 23,3%-ы; жоғары біліммен қамту - 19-24 жастағы халықтың 33,4%-ы.
Әлеуметтік сауалнама деректерi бойынша, кәсіптік білім алуға қол жеткiзе алмаудың негiзгi себебi 26,4% болған жағдайда таңдап алынған мамандық бойынша ақылы білiм алу үшiн қаражаттың жоқтығы болып табылады. Бұдан басқа, жастардың 11,0%-ы үшін кәсіптік білім алуға қол жеткiзе алмаудың себебi жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған конкурстың жоғары болуы.
Жастар өз кәсіптерін таңдаған кезде ең алдымен оның болжамдалатын перспективасын басшылыққа алады. Қол жеткізу себептерiнің ішіндегi негiзгi өлшемi жақсы табыс табу - 41,0%, одан iс жүзінде екi есе азы сүйiктi iсiмен айналысу - 26,1%, тыныш және қамтамасыз етілген өмiр сүру - 26,0%, өзін-өзi үнемі жетілдiріп отыру мүмкiндiгi - 18,0%, өз еңбегiнің нәтижесiн көру -17,3 %, қоғамда жоғары орынға қол жеткізу - 17,1%, адамдарға пайда келтiру - 16,3% және 15,9%-ы ғана қызметте өсу мүмкiндiгін атайды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын жүргізу, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайларын және жастардың рухани, мәдени білімi, кәсiби қалыптасуы мен дене дамуы үшін кепілдiктерін қамтамасыз етуге бағытталған кешендi шараларды әзiрлеу және қабылдау, бүкіл қоғам мүддесiне оның шығармашылық әлеуетiн ашу, жастарды әлеуметтендiру мен республиканың жастар ұйымдарының жұмыс iстеуi үшін қажеттi жағдайлар жасау болып табылады.
Жастарды әлеуметтендiрудің өзектi проблемалары тұрғысында қойылған мақсаттардың орындалуы жас адамның жеке басының қалыптасуы үшін әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық, рухани-мәдени алғы шарттар, жағдайлар мен кепілдіктер жасауды, жас ұрпақты қоғамдық қатынастар жүйесіне кеңiнен қамтуды, олардың шығармашылық әлеуетiн жеке басының және тұтас алғанда қоғам дамуының мүддесіне, өз Отаны - Қазақстан Республикасының гүлденуi, қауіпсіздiгi мен әл-ауқатының жақсаруы үшiн iске асыруды көздейдi.